Ќазаќстан республикасы


Жарғылық капитал есебі: шығарылған акционерлік капитал; салымдар мен пайлар



бет112/154
Дата06.02.2022
өлшемі1,31 Mb.
#60409
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   154
Байланысты:
есеп для экон.

1. Жарғылық капитал есебі: шығарылған акционерлік капитал; салымдар мен пайлар.
Капитал – бұл дара кәсіпкер тұлғаның немесе ұйымның активтеріндегі барлық міндеттемелер шегеріліп тасталғаннан кейінгі қалған үлес.
Меншікті капиталдың қаржылық есебінің негізгі мақсаты ресурстарды дұрыс қолдану мен сақтауда бақылаудың болуы. Бұл мақсатқа жету үшін қаржылық есеп мыналарды бақылауға қамтамасыз етуі тиіс:
- жарғылық капиталға қатысушылардың үлестерін уақытында және толық қабылдап алу;
- мерзімінде, толық және дәл көрсетілген жарғылық капиталдың немесе оның әр түрлерінің жалпы сомаларының өсуі немесе кемуі жайлы өзгерістерді айқындап отыру;
- меншіктік акцияларды сатудан (эмиссиялық кіріс) түскен табыстарды алу;
- инфляцияға байланысты негізгі құралдарды, инвестицияларды және басқа да активтерді қайта бағалаудан кейін капиталдың сомасын уақытында және дәл анықтау;
- резервтік капиталдың уақытында және дұрыс құрылуы мен оны дұрыс қолдану;
- алдыңғы есеп беру жылы мен есеп беру жылында пайда болған бөлінбеген кіріс (жабылмаған залал) сомаларын дұрыс анықтау және көрсету.
Меншікті капитал есебіне Халықаралық қаржылық есеп стандартының бухгалтерлік есеп шоттарының жұмыс жоспарына сәйкес V бөлім арналған.
«Капитал және резервтер» бөлімінің шоттары капитал мен резервтерді есепке алуға арналған. Капитал - бұл ұйымның активтерінде оның барлық міндеттемелерін шегергеннен кейін қалған үлес.
Аталған бөлім мынадай кіші бөлімдерді қамтиды:
5000 «Жарғылық капитал»
5100 «Төленбеген капитал»
5200 «Сатып алынған жеке меншік үлестік аспаптар»
5300 «Эмиссиялық кіріс»
5400 «Резервтер»
5500 «Бөлінбеген кіріс (жабылмаған залал)»
5600 Қорытынды пайда (қорытынды залал)»
Кәсіпорынның жарғылық капиталы қызметті бастауды қамтамасыз ету үшін жаңадан құрылған кәсіпорынның жасаған қаражаттарының сомасы болып саналады.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес, шаруашылық жүргізуші ұйымдардың алуан түрлері құрылады.
Ол акцияларды орналастырудың немесе сатудың, жеке капиталын салудың, мемлекеттiң қаражаттарының, материалдық емес активтердiң және басқа да мүлiктердiң немесе мүлiктiк құқықтарының есебiнен құрылады. Сонымен қоса, жарғылық капитал жаңадан құрылған заңды тұлғалар өз қызметiн бастау үшiн бастапқы материалдық базасы болып та табылады, ол құрылтайшылардың (акционерлердiң, қатысушылардың) қатысу үлесiн және кепiлдiк сипатын анықтайды.
Шаруашылық серiктестiктердiң жарғылық капиталына салынатын салымдары, ақша да, бағалы қағаздар да, мүлiк те, мүлiктiк құқық та және басқа да мүлiктер (интеллектуалдық қызметтiң нәтижесiнде берiлген құқын да қоса алғанда) болуы мүмкiн.
Құрылтайшылардың (қатысушылардың) жарғылық капиталына натуралды нысанда салынатын салымдары немесе барлық құрылтайшылардың келiсiмi бойынша немесе барлық құрылтайшылардың жалпы жиналысының шешiмi бойынша мүлiктiк құқығы ақшалай нысанда бағаланады.
Акционерлік қоғам мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталы үш негізгі функцияны атқарады:
- ол бастапқы капитал болып саналады, яғни қоғам қызметі үшін мүліктік негіз;
- ол барлық құрылтайшылардың (акционерлер, қатысушылар) салымдарының үлесін анықтауға мүмкіндік береді, себебі жиналыста қатысушының дауыс беру саны мен оның табысының мөлшері осыған сәйкес;
- жарғылық капиталдың көлемі қоғамның үшінші тұлғалар алдындағы міндеттемелерін орындауға кепіл береді, сондықтан оның минималды көлемі заңмен бекітіледі.
Акционерлік қоғамның жарияланған жарғылық капиталының ең аз деңгейдегі көлемі – бір айлық есеп айырысу көрсеткішінің 50 000 есе мөлшерін құрайды және мемлекеттік тіркеуден өткен күннен кейін 30 күннің ішінде төленуі керек. Артықшылықты акцияны шығару барлық жарияланған акциялардың жалпы санының 25% көп болмауы керек.
Акционерлік қоғам - жарғылық капитал барлық жарияланған акциялар шығарылымының жиынтық атаулы (номинальдық) құнына тең.
Акцияның номиналдық құны- акционерлік қоғамның құрылтай құжаттарында анықталған құрылтайшылармен төленген жарғылық капиталдың қалыптасуына қатысатын акция құнының ақшалай көрінісі.
Орналастыру бағасы - алғашқы бағалы қағаздар нарығына акцияны орналастыруда анықталатын акция бағасы.
Акциялар қарапайым және артықшылығы бар болып бөлінеді.
Қарапайым акция акционерге акционерлердің жалпы жиналысына қатысуы кезінде барлық сұрақтарды шешуге, ұйым таза табыс алған кезде дивиденд алуға, сонымен қатар қоғам жабылған кезде заңмен бекітілген негізде қоғамның мүлігінің бір бөлігін алуға құқық береді.
Артықшылығы бар акция акционерлерге қарапайым акцияны иеленетін акционерлерден бұрын қоғамның жарғысында көрсетілген алдын-ала анықталған міндетті түрде алатын дивидендтерді алуға құқық береді.
Акционерлік қоғамның артықшылығы бар акцияларының саны оның жарияланған акцияларының жалпы санынан 25 пайыздан аспауы керек.
Қоғамның жарияланған жарғылық капиталы түгелдей төленіп және орналастырылып біткен соң ғана ұлғайтуға рұқсат беріледі. Жарияланған капитал мен шығарылған капиталдың арасында айырмасы болса, онда сол сомаға жарғылық капитал азайтылады.
Жарияланған жарғылық капиталын ұлғайту және азайту туралы шешім акционерлердің жалпы жиналысында қабылданады, бірақ оларды минималды деңгейден төмендетуге рұқсат етілмейді.
Кәсіпорын мемлекеттік тіркеуден өткен кезде оның қатысушылардың салымының сомасына немесе акцияға жазылудан түскен сомаға тең жарғылық қоры құрылтай құжаттарында көрсетіледі. Жарғылық капиталдың мөлшері, бір акцияның тұрақты құны, жай және артықшылықты акциялардың ара қатынасы, «Алтын акцияның»1 болуы акционерлер жиналысында белгіленеді және тиісті мемлекеттік органдарда тіркеледі.
Егер бұрын жарияланған көлемін қатысушылар толығымен төлемеген болса, жарғылық капиталды ұлғайту туралы шешім тіркеуге ңабылданбауға тиісті. Жарғылық капиталды азайту туралы шешімге несие берушілер наразылық білдіре алады. Жарғылық капиталға салымдарды төлеу үшін ақша қаражаттары, интеллектуалдық меншікті қоса алғанда материалдық емес активтер, «Ноу-хау», негізгі құралдар, жер иелену қүқығы және басқа активтер қабылданады.
Жарғылық капиталдың нақты барын және оның қозғалысы туралы ақпараттарды жалпы қорытындылау үшін бухгалтерлік есеп шоттарының 5000 «Жарғылық капитал» бөлімшесінің шоттарында жүргізіледі:
5010 «Артықшылығы бар акциялар» - мұнда акционерлік қоғамның төленген эмиссияланған артықшылығы бар акцияларының жиынтық атаулы құны көрініс табады;
5020 «Қарапайым акциялар» - мұнда акционерлік қоғамның төленген эмиссияланған қарапайым жиынтық атаулы құны көрініс табады;
5030 «Салымдар мен пайлар» - мұнда серіктестіктің жарғылық капиталына салымдар мен жарналар көрініс табады.
Акционерлік қоғамның жарғылық капиталына салынатын салымдар бойынша құрылтайшылармен есеп айырысуларды есепке алу 5110 «Төленбеген капитал» шотында жүргізіледі. Бұл шоттың дебеті бойынша жарғылық капиталға салынатын салымдар жөніндегі құрылтайшылардың салымдарының нақты түскен сомалары көрсетіледі. 5110 «Төленбеген капитал» шотының дебетттік қалдығы жарғылық капиталға жарияланған, бірақ төленбеген салымдар бойынша құрылтайшылардың берешек сомасы көрсетіледі. Ұйым өзінің жарғылық капиталын құрылтайшы құжаттарда белгіленген тиісті мөлшерде толық қалыптастырғанда, 5110 «Төленбеген капитал» шоты толық жабылады және онда дебеттік қалдық онда болмайды.
Акционерлік қоғамның жарғылық капиталына салынатын жарияланған және тіркелген салымдардың нақтылы құны бойынша құрылтайшылардың берешек сомасына бухгалтерлік есеп шоттарында келесі жазулар жүргізіледі:
5110 «Төленбеген капитал» шот дебеті
5010 «Артықшылығы бар акциялар»
5020 «Қарапайым акциялар» шоттар кредиті
Құрылтайшылармен жарияланған және тіркелген акциялардың құнын төлеу негізгі құралдар, материалдық емес активтер, тауарлық-материалдық қорлар түрінде келіп түссе, келесідей жазба жасалады:
Дебет шот 1310, 1320, 1330, 1350, 2410, 2730
Кредит шот 5110
Акционерлік қоғам өзінің акцияларын бағалы қағаздар нарығында олардың нақтылы құнынан асатын баға, орналастыру бағасы бойынша сата алады. Мұндайда акцияларды орналастыру бағасы бойынша есептелген сату құнының нақтылы құнынан асқан сомаға шоттардың келесі жазбасы жасалады:
Дебет шот 1010, 1030
Кредит шот 5310 «Эмиссиялық кіріс»
Жарғылық капиталдың айналымнан алынған акциялар сомасына азайған кезде олардың түрлеріне қарай келесі жазба жасалады:
Дебет шот 5010, 5020
Кредит шот 5210 «Сатып алынған жеке меншік үлестік аспаптар»
Ұйымның (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің) жарғылық капиталына қатысушылар ақша, ТМҚ, бағалы қағаздар түрінде салымдар мен жарналар енгізсе, бастапқы кіріс құжаттары негізінде келесідей жазбалар жүргізіледі:
Дебет шот 1010, 1030, 1310, 1320, 1330, 1350, 2410, 2730
Кредит шот 500
Жарғылық капиталдың аналитикалық есебі №13 журнал-ордерде жүргізіледі. Акциялардың аналитикалық есебін жүргізу үшін мынандай мәліметтері бар акционерлер тізбесінен /реестрінен/ алынған жазба негіз болады:

  • акцияларға ие акционерлердің жалпы саны;

  • артықшылықты акциялардың жалпы саны және оларға ие акционерлердің саны;

  • акциялардың 5%-інен астамына ие акционерлердің сондай-ақ жеке және занды тұлғалардың жарғылық қордағы үлесі.

Жазбаның шығу сан реті, күні, тіркеушінің атауы және оның орналасқан орны көрсетілуі керек. Жазбаға лауазымды /басшы/ адам қол қояды және тіркеушінің мөрімен куәландырылады.
Акциялардың қозғалысы жөніндегі операциялардың бухгалтерлік есебіндегі жазулар тәуелсіз тіркеушінің /бағалы қағаз ұстаушылардың тізімдемесін жүзеге асыратын заңды тұлға/ операцияларды тіркеуі негізінде, төлемдемедегі тиісті жазуды өзгерту жолымен жүргізіледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   154




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет