Қазақстан Республикасында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы



бет1/3
Дата18.09.2023
өлшемі31,75 Kb.
#181354
  1   2   3
Байланысты:
v1200008275.09-09-2022.kaz
КТЖ 9 кл химия 2022-23, 2010 жылғы 14 маусымдағы N 302 Бұйрығы.





Қазақстан Республикасында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 557 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 17 қаңтарда № 8275 тіркелді.

Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 04.12.2015 № 676 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.


"Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 5-бабының 6) тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 1 қарашадағы № 604 бұйрығымен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартын іске асыру мақсатында
БҰЙЫРАМЫН:

Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 12.05.2020 № 195 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.




1. Мыналар:


1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Бөбек жасындағы балаларға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспары;


2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспары;


3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Мектепке дейінгі ұйымдағы мектепалды топқа / мектептегі (лицейдегі, гимназиядағы) мектепалды сыныпқа арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспары (5 жастағы балалар) бекітілсін.


Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Оқу-ағарту министрінің 09.09.2022 № 394 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.


2. Мектепке дейінгі және орта білім департаменті (Ж.А. Жонтаева):

1) осы бұйрықтың белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;


2) мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.


3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр М.А. Әбеновке жүктелсін.


4. Осы бұйрық 2013 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.



Министр




Б. Жұмағұлов








Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2012 жылғы 20 желтоқсандағы
№ 557 бұйрығына
1-қосымша






Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет