Қазақстан Республикасында туристік қызмет көрсетудің әлеуметтік-экономикалық аспектілері



Дата01.11.2022
өлшемі62,42 Kb.
#155955
Байланысты:
Қазақстан Республикасында туристік қызмет көрсетудің әлеуметтік-экономикалық
мақала тезис, ,диссер-1 - новый

Қазақстан Республикасында туристік қызмет көрсетудің әлеуметтік-экономикалық аспектілері

Ғылыми жетекші: г.ғ.к., доцент Тугельбаев С.С.

2 курс магистранты: Бакирбаева П.А.


КІРІСПЕ

 

1.

ТУРИСТІК ҚЫЗМЕТТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ


1.1

Туристік қызметтің мәні: түсінігі, түрлері және
бәсекелестігі


1.2

Туристік қызметтің бәсекеге қaбілеттілігі мен туристік жобаларды бaғaлaу әдістемесі


1.3

Туристік қызмет көрсетудің әлеуметтік-экономикалық аспектілерінің дамуының шетелдік тәжірибесі


2.

ТУРИСТІК ҚЫЗМЕТТІҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІНІҢ ДАМУЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ


2.1

Қазақстан Республикасында туристік қызмет көрсету нарығы дамуының қазіргі жағдайын талдау


2.2

Туризм саласының әлеуметтік-экономикалық аспектілерінің даму жағдайын бағалау


2.3

Туристік қызмет нарығының әлеуметтік аспектілерін қалыптастырудағы туристік кластерлерді дамытудың рөлі


ҚОРЫТЫНДЫ


ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ


МАЗМҰНЫ

Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Диссертациялық жұмыс ел экономикасының дамуына әсер ететін туристік қызмет көрсету нарығының әлеуметтік - экономикалық аспектілерінің даму болашағын зерттеуге арналады.

  • Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Диссертациялық жұмыс ел экономикасының дамуына әсер ететін туристік қызмет көрсету нарығының әлеуметтік - экономикалық аспектілерінің даму болашағын зерттеуге арналады.
  • Диссертациялық зеттеу тақырыбының өзектілігі. Әлемде экспорттық кіріс, әлеуметтік-экономикалық прогрестің негізгі қозғаушы күші ретіндегі туризм жұмыс орындары мен кәсіпорындары ашылып, инфрақұрылымдардың дамуына серпін беруде, көптеген бағыттар бойынша саяхат сапарлары ашылуда. Қарқынды дамушы және ірі экономикалық сектордың біріне айналған туризм соңғы алты онжылдықта өрісі кеңейіп, өзіндік даму жолына түсті. Халықаралық туристік сапарлардың саны жылдан-жылға артуда 2013 жылы бұл көрсеткіш 1087 млн. адамды қамтыған, яғни, туризм – тиімді және пайдалы бизнес. 2013 жылы бүкіл әлем бойынша жалпы саны 1,1 млн. адам сапар шегіп, одан түскен кіріс 1159 млрд. долл. құрап отыр [1].
  • Әлемдік тәжірибе туристік бизнестің дамуына салынған қаражаттың мемлекетке қыруар пайда әкеліп отырғанын көрсетті. Негізгі әлеуметтік және экономикалық құбылыс ретінде туризм заманауи жағдайларда көптеген елдің экономикасына әсер етті. Экономиканың пайдалы және аса табысты саласы бола отырып, жалпы ішкі өнімді қалыптастыруда, сыртқы сауда балансын белсендіруде, қосымша жұмыс күшін құруда және халықты еңбекпен қамтуда үлкен рөлге ие. Сондай-ақ, туризм экономиканың негізгі салаларына, атап айтқанда көлік және байланыс, құрылыс, ауыл шаруашылығы, халық тұтыну тауарлары өндірісі және т.б. әсер етеді, яғни әлеуметтік-экономикалық дамудың өзіндік катализаторы болып табылады. Өз кезегінде, туризм дамуына демографиялық, табиғи-географиялық, әлеуметтік-экономикалық, діни және саяси-құқықтық сынды түрлі факторлар әсер етеді.
  • Туризм – реформалық үрдістерге тез әрекет ететін, экономиканың тез түрленуші саласы және ол туристік қызмет нарығының қалыптасуын болжайды, мемлекетте балама жеке туристік кәсіпкерліктің пайда болуына ықпал етеді. Осыған орай, туристік нарықтың монополизациялану үрдісі белең алды, себебі, өндірістердің шоғыры туристік бизнестің дамуына әсер ететін ірі компанияларды құруға мүмкіндік берді.
  • Қазақстанда жаңа туристік өнім қалыптасты, оның батыстан айырмашылығы болғанмен, ресейлік туристік өнімге ұқсас болып келеді. Осы саланың тиімділігін арттыру мақсатында Қазақстан туристік бизнесінің даму траекториясын және нақты белгілерін, үлгісін анықтау, инвестицияны басқару, бағалау және тарту қажет. Қазақстанның әлемдік бәсекелестіктегі жолын анықтап, осы арқылы мемлекет тарапынан туризмді тиімді басқару жолдарын қарастыру керек.
  • Қазақстандағы кәсіпкерлердің туризмге қызығушылығы келесі факторлармен анықталады: туристік бизнеске үлкен инвестициялар керек емес, бұл салада ірі, орта және шағын фирмалар өзара байланыса отырып, әрекет ете алады, ол капиталды тез айналдыруға мүмкіндік береді, сондай-ақ, (халықаралық туризм саласында) валюталық операциялар есебінен пайда табу және республика халқының демалысын қамтамасыз ету мен денсаулығын қалпына келтіру бойынша маңызды әлеуметтік міндеттерді шешу керек болғанда туризмді дамытудың ұлттық, аймақтық жобаларына мемлекет тарапынан біршама қаражат керек болып табылады. Қазір елімізде осыған қатысты негізгі 5 туристік кластер қолға алынды, осы белгіленген бағыттардың жұмысын оң жолға қою үшін басқару үлгілері мен стратегиялық жоспар қажет. «2020 жылға дейінгі туризмді дамыту Тұжырымдамасы» қабылданып, іске асырылып жатқаны елімізде туризмді дамытудың айғағы болып табылады [2]. Сол сияқты, кластерге кірмейтін аймақтар да белгілі жобалар негізінде даму үстінде, 2017 жылы халықаралық деңгейде ұйымдастырылатын «ЕХРО-2017» ірі туристік іс-шарасына қызу дайындық жұмыстары жүргізіліп, мемлекет тарапынан қатаң қадағалануда.
  • Сонымен, Қазақстандағы туризмнің әлеуметтік-экономикалық аспектілерін зерттеу өзекті болып табылады және терең теориялық ізденісті, кешенді талдауды және оларға негіздеме дайындауды, негізделген ұсыныстарды қажет етеді.


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет