Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы


-1-бап. Көппәтерлі тұрғын үйдің үй жанындағы жер учаскесі



бет56/80
Дата24.08.2020
өлшемі215,97 Kb.
#76751
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   80
Байланысты:
Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы (1)
Оқу бағдарламасы ата-ана үшін
49-1-бап. Көппәтерлі тұрғын үйдің үй жанындағы жер учаскесі

      1. Елді мекеннің бас жоспарына сәйкес көппәтерлі тұрғын үй салуға арналған жобалау құжаттамасында көппәтерлі тұрғын үйге іргелес жатқан және абаттандыруға, көгалдандыруға, спорт, ойын алаңдарын орналастыруға, кіреберіс жолдарға, тұрақ орындарына, тротуарларға, шағын сәулет нысандарына арналған көппәтерлі тұрғын үйдің үй жанындағы жер учаскесі көзделуге тиіс.

      Көппәтерлі тұрғын үйдің үй жанындағы жер учаскесі онда орналасқан абаттандыру элементтерімен бірге кондоминиум объектісі ортақ мүлкінің құрамына кіреді.

      2. Егер осы баптың 1-тармағында көрсетілген үй жанындағы жер учаскесі кондоминиум объектісінің ортақ мүлкінің құрамына кірмесе, онда ол елді мекендердегі ортақ пайдаланылатын аумақ ретінде айрықша мемлекет меншігінде болады.

      3. Кондоминиум объектісі ортақ мүлкінің құрамына кірмеген ортақ пайдаланылатын жерлерді күтіп-ұстау және абаттандыру жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады. Көппәтерлі тұрғын үй пәтерлерінің, тұрғын емес үй-жайларының меншік иелеріне ортақ пайдаланылатын жерлерге қызмет көрсету жөніндегі міндеттерді жүктеуге тыйым салынады.

      Ескерту. 49-1-баппен толықтырылды – ҚР 26.12.2019 № 284-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   80




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет