Қазақстан Республикасындағы тарихи сананың қалыптасу тұжырымдамасы


Экономикалық одақ құру туралы шарт. Кеден одағын құру және оның жұмыс істеуі және оның маңызы



бет66/66
Дата23.02.2023
өлшемі0,54 Mb.
#169890
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   66
Байланысты:
Қуатов Дархан ИСТ-11
9 сынып БЖБ ІІ нұсқа
75.Экономикалық одақ құру туралы шарт. Кеден одағын құру және оның жұмыс істеуі және оның маңызы.
Жаңа онжылдықтың басы ЕурАзЭҚ пен ТМД жəне басқа да интеграциялық бірлестіктер сияқты экономикалық жəне саяси кеңістіктердің жаңа үйлесімді құрылымдарының қалыптасуына бастау берген оқиғамен байланыстырылып отыр. 2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап Белоруссия, Қазақстан жəне Ресей арасында құрылған Кедендік одақ өзінің іс жүзінде жұмысын атқару кезеңіне қадам басты. Жаңа Одақ Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаевтың 1994 жылдың наурыз айында М.В. Ломоносов атындағы Мəскеу Мемлекеттік университеті қабырғасында айтқан тиісті институттық құрылымы бар Еуразиялық кеңістік құру туралы бастамасының жүзеге асуының нəтижесі деп айтуға толық негіз бар. Бұл бастама, Елбасының басқа да идеялары тəріздес, əлемдік тəжірибені зерттеу, тиісті жағдайды мұқият сараптау жəне экономикалық мақсаттар негізінде өмірге келді. Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық қызметтерін либерализациялау сыртқы рынокка шығушы кəсіпорындардың, ұйымдардың жəне мекемелердің, сондай-ақ жекелеген кəсіпкерлердің шеңберін кеңейте түсті. Осыған байланысты халықаралық тауарлар, жұмыстар, қызметтер, ақпараттар, санаткерлік қызмет нəтижелерін алмасу салаларында мемлекеттік реттеудің ролі де елеулі өсе түсуде. Сонымен қатар, «Қазақстанның БСҰ-ға кіруі жолындағы келіссөз үдерісі тоқтаусыз жүргізіліп жатыр. Республиканың сыртқы сауда режимін реттейтін заңдарының едəуір бөлігі қазірдің өзінде БСҰ нормаларына сəйкес келтірілді немесе парламентте талқылануы үстінде. Еліміздің осы халықаралық ұйымға енуі Қазақстанның дүниежүзілік рыноктағы бəсекеге қабілеттілігін нығайту үшін кең мүмкіндіктер ашатынына сенімдімін», деп Қазақстан Республикасының Президенті ел халқына жолдауында атап өткен болатын .
Үш ел интеграциясының келесі кезеңі 2012 жылдың 1 қаңтарынан бастап Бірыңғай экономикалық кеңістіктің құрылуы болмақ. Бұл қаржы мен жұмыс күші еркін орын алмасуын қамтамасыз ететін интеграцияның жоғары деңгейі” делінген Жолдауда. Жəне мұндай пікір əділ болып табылады. Себебі оның бірі екіншісімен тікелей байланысты. Көптеген кедендік кедергілерді жою экономиканы дамытуға, жаңа өндірістер мен салалардың пайда болуына, сəйкесінше тауар мен қызмет түрлерінің артуына септігін тигізіп, өз кезегінде бұл дегеніңіз жұмыс орындарының едəуір өсуіне əкелмек. Бұл – жұмыспен қамту, жалақы, көптеген əлеуметтік бағдарламалардың жүзеге асуы, шекарадағы артық төлемдер мен алымдардың жойылуы есебінен өндірістік жəне тамақ өнімдері бағаларының тұрақтануы, тіпті төмендеуі болып табылады. Сондай-ақ бұл ортақ экономикалық жəне гуманитарлық кеңістікте адамдардың еркін қозғалысы болмақ. Кедендік одақ əлемдегі ең тартымды рынокқа айнала отырып, өңірлік рынокты кеңейтеді жəне үш елдің экспорты көлемін ұлғайтпақ. Мысалға, Қазақстан ірі минералдар мен энергия көздері қорының иесі бола отырып, дайын өнім шығару мен оны экспорттау арқылы экономиканың шикізаттық сипатынан арылуға тырысуда. Бұдан бөлек, Қазақстан теңізге шығар жолы жоқ ең ірі мемлекет. Кедендік одаққа мүше болу бізге қолайлы транзиттік тарифтерді белгілеу арқылы бұл мəселелерді шешуге жол ашады. Тауар ағыны еш бұрмалаусыз жандана түсетін болады. Шекарадағы кедергілер жойылады – бұл дегеніңіз іскерлік үдерістердің жылдамдауы, прогрессивті инновациялық өсу деген сөз.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   66




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет