Қазақстан республикасының ауылшаруашылық министрлігі


Жабық тісбасарлар (сэндвич)



бет247/272
Дата28.12.2021
өлшемі3,89 Mb.
#128904
1   ...   243   244   245   246   247   248   249   250   ...   272
Байланысты:
консерв окулык
практика 4, Ет консервілердің жіктелуі және ассортименті, AUES Ungarov, Жанбараков Ж..... 7 СРС, Физика. Тәжірибелік сабақ. №1, aidos ezh zhogary matematika1 2, 4 наука, Кәсіпкерлік 5, Ақпарат түсінігі ЦТ срсп, физиология, 1топ Осн биотех 9практ, 9 БӨЖ, Виртуальный лабораторный практикум по дисциплине База данных, семестрлик жумыс Толегенова Асем
Жабық тісбасарлар (сэндвич).Жабық тісбасарларды келесі жолмен жасайды: нан немесе батонды қалындығы 0,5см, ені 5-6 см болатын тілімдерге кеседі.Тілімдерге жұқалап сары май дəмін беру үшін үккіштелген ақжелкен, қыша қосылған « Южный» соусты бетіне жағады. Содан соң бір тілімнің бетіне кесілген өнімдерді орналастырады жəне нанның екінші тілімімен жауып, сəл қысып, шеттерін тегістеп, үшбұршты, ромб, квадрат пішінді етіп кеседі. Сэндвич екі немесе үш қабатты болуы мүмкін(сурет 48).Бұл жағдайда барлық компоненттер бір-бірімен дəмі жəне түсі бойынша үйлесуі тиіс:

  1. пісірілген ветчина жəне сары май қышамен;



  1. пісірілген бұзау еті жəне сары май қышамен;



  1. ростбиф (қуырылған ет) жəне томат соусы;



  1. қуырылған тауық еті жəне сары май;



  1. ірімшік жəне сары май;



  1. кесілген сельд жəне сары май, жұмыртқа, қыша;



  1. пісірілген балық жəне сары май, хрен;



  1. ұсақталған жаңғақ пастасы жəне сарымсақ майонезбен.

299


48-сурет.Жабық тісбасарлар (сэндвич).

Сэндвичтер жолға, саяхатқа, жұмысқа алуға қолайлы. Егер жол ұзақ болса, онда табиғи өнімдерді қолданады, бірақ паштеттер, пасталар немесе котлеттерді қолдануға болмайды.

Ашық тісбасарлар. Бұл үстіне бір немесе бірнеше басқа өнім түрлері салынған нан тілімдері, ал соңғы түрлері аралас болады. Тісбасарлар үшін бидай нанының жоғары, 1- ші сорты жəне қарабидай наны қолданылады. Оның қалыңдығын 1 см етіп кеседі.

Бидай батонын қиғаш кесіп, 1-3 алынған өнім бөлшегін салады. Қызыл немесе түйіршікті уылдырықты нанға тегіс қабат етіп жағады.

Сары маймен ашық тісбасарларды дайындаған кезде нанға сары майды төртбұрышты пішінде салады . Егер аралас бутерброд жасаса, сары майды жағып, үстіне басқа өнімдерді салып дайындайды.

Қарапайым ашық тісбасарларды сары маймен, шұжықпен, ірімшікпен, ветчинамен, шошқа майымен, ростбифпен, қуырылған шошқа етімен немесе бұзау етімен, тілмен, қызыл балық етімен, килькамен, қуырылған жұмыртқамен, уылдырықпен дайындалады.

Қарабидай нанымен ашық тісбасарлар шошқа майымен, килькамен, қызыл уылдырықпен дайындалады.

Екі немесе бірнеше өнімдерден тұратын аралас тісбасарлар сары маймен жəне ірімшікпен, сары май жəне уылдырықпен, сары маймен жəне жұмыртқамен, килькамен жəне көк жуамен, сары маймен, уылдырықпен жəне көк жуамен жасалады.

Аралас тісбасарларды əртүрлі өнімдердің қоспасынан жасалып, нанға салынады. Бұл жерде өнімдердің дəмдік жəне түсінің сəйкес келуі ескерілуі тиіс. Бутербродтарға өнімдерді жеуге қолайлы болатындай орналастыру керек жəне негізгі өнім біркелкі таралып, көрініп тұруы тиіс.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   243   244   245   246   247   248   249   250   ...   272




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет