Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министірлігі



бет5/10
Дата25.04.2020
өлшемі31,45 Kb.
#64737
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Философия, оның пәні мен қоғамдық маңызы. Философия және оның адам мен қоғам өміріндегі алатын орны

атеистік көзқарастар да туды. (atheos - құдайсыз, құдайға қарсы, грек сөзі). Бүгінгі заманда Дүниеге деген атеистік көзқарас ұстаған адамдардың саны да аз емес.

Діннің пайда болып даму жолында біршама себептер бар.

Біріншіден, дін мифологиялық санаға қарағанда адамның абстрактылық ойлау қабілетінің анағұрлым биік дәрежеде дамуын талап етеді (о дүние, мәңгілік, шексіздік, әсемдік, ізгілік т.б. ұғымдардың пайда болуы).

Екіншіден, адамның реалдық Дүниедегі, әсіресе, қоғам өміріндегі себептік-салдарлық, қажеттік және кездейсоқтық т.с.с. байланыстар мен қатынастарды сезініп, соларды түсінуге деген өшпес іңкәрі. Бірақ, олардың мәнін дұрыс түсіне алмағаннан кейін, адамдар табиғаттағы заңдылықтарды неше-түрлі құдіретті күштерге теңеп, соларға табыну арқылы оларды адамға керек бағытта өзгертуге ықпал жасауға болатынына сенді.

Үшіншіден, адамның әлеуметтік өмірдегі зардап шегуі, езілуі, зорлық-зомбылықтың жақсылық пен ізгілікке қарағанда басымдылығы оның көкейінде бұл Дүниедегі өзінің өміріне қанағаттанбай, әрдайым шынайы құндылықтарды армандап, оның әлемін о Дүниемен теңеуге әкеліп соқты.

Төртіншіден, адамның өз өмірінің уақытшылығы, әрдайым оның өлместікке деген қиялын оятып, оның мәңгілік, кемеліне келген бақытты Дүние болуы керек,- деген ойын туғызды.

Жоғарыда атап өткеніміздей, Дүниеге деген діни көзқарасқа қанағаттанбаушылық сонау көне заманның өзінде-ақ пайда болып, аса ұлы тұлғалардың дүние мен адам қарым-қатынасы жөніндегі ақыл-ойға негізделген сұрақтар мен жауаптарының дүниеге келуіне себеп болды.

Осы тұрғыдан алғанда “Философия – ақыл-оймен ұстап қалынған тарихи дәуір² деген Гегельдің берген анықтамасында терең сыр жатса керек.

Әрине, дін де философия сияқты шынайы ең биік рухани құндылықтарды, адамның өмір жолының адалдығын уағыздайды, бірақ олардың қайнар көзін ²о Дүниеден² табады. Философияның басқа өмірге деген көзқарастардан айырмашылығы – оның 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет