орыс, қытай, испан, араб және француз тілдерінде сөйлеуі үшін мақсатты
ұстаным болуы шарт. Екінші, ол бүгінгі қазақстандықтар жасаған және жасап
жатқан заманауи мәдениет болуға тиіс. Үшінші, мәдени қазыналарымызды
әлем жұртшылығына таныстырудың мүлдем жаңа тәсілдерін ойластыру керек.
Мәдени өнімдеріміз тек кітап түрінде емес, әртүрлі мультимедиалық
тәсілдермен де шыққаны абзал. Төртінші, бұған ауқымды мемлекеттік қолдау
жасалуы қажет. Сыртқы істер, Мәдениет және спорт, Ақпарат және
коммуникациялар министрліктері жүйелі түрде, қоян-қолтық жұмыс істеуі
керек. Бесінші, бұл жұмыста шығармашылық зиялы қауым, оның ішінде
Жазушылар одағы мен Ғылым академиясы, университеттер мен қоғамдық
ұйымдар үлкен рөл атқаруға тиіс. Елдің заманауи мәдениеті қандай өкілдері
әлемдік аренаға жол тартуы керектігін анықтап алуымыз керек. Ұлттық
мәдениетіміздің озық үлгілерін іріктеп алғаннан кейін шетелдерде оларды
таныстыру рәсімдерін өткізу керек.
2017 жыл жер жүзіне мәдениет саласындағы қай жетістіктерімізді көрсете
алатынымызды айқындап алу тұрғысынан шешуші жыл болмақ. Содан соң
бірегей бағдарламаны 5-7 жылда тыңғылықты жүзеге асырамыз. Осылайша,
мың жылдық тарихымызда төл мәдениетіміз тұңғыш рет әлемнің барлық құр-
лықтарына жол тартып, басты тілдерінде сөйлейтін болады. Алтыншыдан, ұлт
мақтанышы біздің бұрынғы өткен батыр бабаларымыз, данагөй билеріміз бен
жырауларымыз ғана болмауға тиіс. Маңызды мәселе бүгінгі ел тұлғаларының
жетістіктері тарихы да назар аударуды қажет етеді. Бұл идеяны Президент
Достарыңызбен бөлісу: