Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Акедемик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік



Pdf көрінісі
бет5/9
Дата08.02.2022
өлшемі1,13 Mb.
#123529
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Әскери техникалық дайындық
Әскери техникалық дайындық, Өнер

Дәріс 
 
Тақырып. 
Бронды танк техникасының құрылу және даму тарихы. 
Жоспар
1. 
БТР-80 атқаратын қызметі техникалық - тактикалық сипатағы 
экипажы. Жалпы техникалық құрылысы. 
2. 
БТР-90 атқаратын қызметі техникалық - тактикалық сипатағы 
экипажы. Жалпы техникалық құрылысы. 
1. 
БТР-80 атқаратын қызметі техникалық - тактикалық сипатағы 
экипажы. Жалпы техникалық құрылысы. 
1980 жылдың бірінші жарты жылдығында Горьков автозаводының 
конструкторлық бюросы бас конструктор А. Масягиннің басшылығымен 
жаңа ГАЗ – 5903, БТР- 60 және БТР -70 бронетраспортерлерді жетілдірді. 
Бұл бронетранспортер 1986 жылы Кеңес Армиясын жабдықтау үшін 
қабылданды және сол жылы Арзамск машина жасау заводында БТР-80 жаңа 
белгісімен жасап шығарылды. Осы техниканың негізін салушылар БТР-80-ді 
белгілі тәсіл бойынша құрастырды: корпустың алдыңғы жағында басқару 
бөлімі, содан кейін десанттық бөлім және корпустың артқы жағында – 
транмиссиялық-мотор 
бөлімі 
орналасқан.Герметикалық, 
бронетранспортердің корпусі болат листілермен толықтай дәнекерленіп 
жабдықталған. Ол экипажды және десанттарды 7,62 мм калибрлі қол 
қаруының оғынан және бронның шынысы – 12,7 мм калибрлі оқтан 
қорғайды. 
Басқару бөлімінде механик-жүргізушінің (сол жақ бортта) және машина 
командирінің орны жабдықталған. Олардың қарамағында ТНП–Б танкіден 
бақылау жүргізу үшін қолданылатын құрылғы және ТКН-3 командирлік 
бақылау құрылғысы бар. 
Механик –жүргізушінің және командирдің орындарының қасында 
десанттық жаяу әскерге арналған бір орын және пулемет мұнарасын бұру 
қондырғысы орнатылған. 
БТР-80 негізгі жабдықтары 14,5 мм пулеметі КПВТ және қосақталған 
7,62 мм ПКТ пулеметі. Конустық мұнарада пулеметтер көрсету бұрышы


360 °, көлденеңнен -4-тен 60° дейін градуста орнатылған. Пулеметте 
түнде атқан кезде жарықтандыру мақсатында ОУ-3ГА2М жарықтандырғыш 
орнатылған.
Десанттық негізгі бөлімі – 6 мотоатқыштар – бортқа қарсы екі орындықта 
отырады, корпусты бойлай құрастырылған. Десанттар корпус бортынан ату 
үшін 7 амбразур (қорғанның қабырғасынан құралдың ұшын шығарып атуға 
жасалған тесік) бар, курс бойынша бұрылуды орындайды 2 амбразур 
пулеметтен ату үшін арналған. Амбразурлар шар сүйеніштермен 
жабдықталған, десанттық бөлімнің қаруланған жерді герметизациялық атуға 
мүмкіндік береді, өйткені фильтрвентиляциялық қондырғы корпустың ішінде 
біршама қарсы қысым туғызады. 
Бортта амбразурадан басқа және алдыңғы бронлистісінде, бронды келген 
люктің қақпағында десанттық бөлімінде 1 амбразура бар. Жартылай ашылған 
люктен қарсылас жақты таудың баурайынан атуға болады. Корпустың 
төбесінде 2 люктен басқа, бронетранспортердің бортының екі жағында екі 
жаққа аылып, десанттарды шығаруға арналған есік бар. Бір есік жоғары 
жаққа қарай ашылады, ал екіншісі төменге қарай ашылып, ілме басқыш 
жасалады, осының арқасында мінгізу және десанттарды машина қозғалыста 
болған кезде түсіруге болады. 
1993 жылдан БТР-80 двигателі қуаттылығы ЯМЗ -238М2 240 л.с 
шығарылады, трансмиссиялық-мотор корпустың артқы бөлімінде блок 
сцеплениясымен бірге орнатылған. Осы жерде су және май радиаторы , жылу 
өткізгіш, беріліс қорабының майын суытқыш, двигателді қыздырғыш, су 
көрсеткіш, су насосы, филтрлі желдеткіш, жанар-май бактері, генератор тағы 
басқа қондырғылар орнатылған. 
БТР-80-нің қозғалу механизмі дәстүрлі машиналар дөңгелектері сияқты 
8*8 екі жұбымен. Екі двигательдің орнына бір двигатель күші 
орнатылғанына қарамастан, БТР-70 негізгін қалаушылардың кейбір 
конструкцияларын БТР-80-нің үлестіргіш қорабында қолданған. Бұл 
бронетранспортерлерді тез жасап шығаруына мүмкіндік берді, сонымен 
қатар бұл транспортты әскеріміздің тез меңгеріп алуына жағдай туғызды.


Жалпы техникалық құрылысы(БТР-80) 
БТР-80 бронетранспортерлерде 80 жеке торсиондық ілгіштер 
қолданылады. Дөңгелектерінде төмен қысымды камерасыз шиналар 
қолданылған және шинаның ауасының қысымын реттегіш орталық жүйесі 
бар, осындай қасиеттерінің арқасында БТР-80 өте қиын жерлерден 
шынжырлы машиналармен салыстырғанда жақсы жүреді. 
Сонымен қатар бронетранспортерлердің дөңгелектеріне КИ80 не КИ-
0126 оқ өткізбейтін шиналар орнатылады, бұл барлық калибрлі оқтармен 
бірнеше рет атсада және ауа қысымы толықтай жоқ болса да жүздеген 
қашықтыққа дейін жүре бере алады. 
Дизельді двигателінің қуаттылығының арқасында БТР-80 өте үлкен 
жылдамдыққа ие болады. Шосседе оның жылдамдығы 80-90 км/сағ. 
Бронетранспортер суда жүзеді, судағы қозғалысының жылдамдығы 10км/сағ. 
БТР-80 жабдықтарының құрамына Р 123М радиостанциясы және Р-124 
танклік сөйлеу қондырғысы (машинадағы ең соңғы шығарылған Р-174 
қондырғысы), ОМП-дан қорғау құралы (оның ішінде филтрлі желдеткіш 
құралы, ДП-3Брадиостанциясы барлау құралы, ВПХР химиялық барлау 
автоматты жүйе, ауыр жүк көтергіш шығыр (лебедка) кіреді. 
БТР-80 негізгі сипаттамасы 
Масса, 13, 6 
дөңгелек формуласы 8*8 
ұзындығы, мм 7650 
ені, мм 2900 
биіктігі, мм 2350 
жол жолағы, мм 475 
двигателінің қуаттылығы 260 


ең жоғарғы жылдамдығы, км/сағ, құрылықта/суда 90/9,5 
жүру запасы, км 600 
экипаж, адам 2 
десант, адам 8 
Қарулану жабдықтары: 14,5мм пулемет КПВТ, 
7,62 мм пулемет ПКТ 
2. 
БТР-90 атқаратын қызметі техникалық - тактикалық сипатағы экипажы 
және 
 
жалпы техникалық құрылысы. 
Өткен ғасырдың соңғы онжылдықтары көптеген ұрыстары біздің 
әскеріміздің қарсыластарына өте жақсы қаруланған күштерімен қарсы тұру 
керектігін көрсетті. Конструкторларымыздың түпкі ойларынша, әскери 
техниканың әр бөлшегін жеке алғанда осындай жағдайларда жоғары атыс 
қуаттылығына иеленуі қажет. Сонымен бірге машина жүрістің үлкен 
ресурстарына ие болуы керек.
БТР-90 бронетранспортері ресейлік техниканың жаңа үлгісі болды. Бұл 
машина Арзамс машина жасау заводымен бірігіп құрастырылды және 
қорғаныс министрлігінің тапсырмасы бойынша «Газ эксперименттік жұмысы 
жәнеавтомобилді басқару конструкторы бөлімі» 
БТР-90 советтік бронетранспортерлерінің (БТР -60, 70, 80) 8 дөңгелекті 
отбасын жалғастырды, сондықтан жалпы құрастыруда өзін жақсы 
ұсынылғандықтан, өзгеріссіз қалды. Дөңгелек формуласы 8*8, БТР -90 
двигателі, десанттың сыйымдылық бөлімі, суды қозғайтын 2 құралы көп 
өзгере қойған жоқ. 
БТР – 90 жаңашылдандыру негізінен қаруландыру жағына байланысты 
болды.Алдыңғы машиналарды қаруландырған сияқты өте қажетті 
жабдықтармен жабдықталды: КПВТ (ірі калибрлі Владимир танкі пулеметі) 
және кішкентай мұнара БМП-2 қондырылған. Бұнда бірден қарудың 4 типі: 
2А42 30 мм автоматты зеңбірек ПКТ 7,62 мм пулемет, АГ – 17 от шашқыш 
(грантомет) және «конкурс» деп аталатын танкіге қарсы ракеталық комплекс 
(ПТРК) орнатылған. 
Комплексті қаруландыру БТР-дың танкілермен соғысын 4 км 
қашықтықта соғысуға , бронетехниканы құрту, тікұшақтарды және жеңіл 
инженерлік ғимараттарды 2500 қашықтықта, ал тірі күшті 4000 м 
қашықтықтан құртуға мүмкіндік береді. 
БТР-90 – бұл жеңіл дөңгелекті танк. Сонымен қатар БТР-дың жүк 
көтергіштігі 7 т және ішкі көлемі үлкен 120 мм, танкіге қарсы зеңбіректі, 
минометті зениттік-ракеталық және танкіге қарсы комплексті қолдануға 
мүмкіндік береді. 
Жауынгерлік бөлімше екі жазықтықта тұрақтандырылған. Бұл атыста 
басып өту қозғалысын жүргізуге мүмкіндік туғызады. Ол екі орынды. Бұл 
жерде оператор нысанашы (наводчик) басқа машина командирі сыяды. 
Егерде нысанашы нысананы байқамай қалған жағдайда, ол қаруды басқарып, 
өзі атысты бастауға болады. Оператордың орнына комбинерленген БПК3-42 
көздегішімен жабдықталған (күндіз де, түнде де қолданылады). Командирде 
1П-13 күндізгі көздегіші болады. Осының арқасында бронетранспортер танк 


сияқты орнында қозғала алады. Өзінің үлкен салмағына қарамастан, БТР 3 
балдық штормда жаман жүзбейді. Сонымен қатар, машина теміржол, әуе, 
автомобиль және су транспортымен тасуға бейімді. Тағы бір ерекшелігі 
техниканы жасаушылар машинаны кондиционермен жабдықтай алады.
БТР-90 Чеченстанда бірінші ұрысқа қатысты. XXI ғасырдың басында 
Ресейде ол ФПС қаруландырды.
1999 жылы июнде Омскде өткен әскери танкілер көрмесінде БТР-90
МЧС, қорғаныс министрлігі, АҚШ және бірнеше басқа елдің өкілдерін өзіне 
назар аудартты.
Техникаға тапсырыс бар, бірақ өнеркәсіп тапсырыс берушілердің әзірше 
кім екендерін айтпай отыр.
Жағдайдың өзгеруі, сонымен қатар жиі әскери конфликттер, жеке 
әскердің құрамының саны біруақытта қысқаруы жоғары талапты қажет ететін 
әскери күшпен жақсы жабдықталған, осы заманғы әскери мәселелерді 
шешетін машинаның болуын талап етеді. Осындай мәселелерді шешу үшін 
дөңгелекті бронирленген машиналар оның ішінде БТР-90 лайықты. 
Дамушы елдердің дөңгелекті бронетранспортерлерді қарқынды істеп 
шығуы тегін емес. XXI ғасырда машина паркі жаяу әскерге үлкен қажет 
екенін көруге болады.
БТР-90 әлемге әйгілі ресейлік БТР-60, БТР-70, БТР-80 қазіргі уақытта 
шетелде 
шығарылатын 
бронетранспортерлер 
класын 
өзінің 
характеристикасымен басып озатын дөңгелекті БТР -90 жасап шығарды.
БТР 
-
90 артықшылығы үш негізгі параметрлері арқылы көрінеді: атыс 
қуаттылығы, жылжымалдығы, өте алатындығы, қорғаныстық маневрлігі. 
Бронетранспортер белгілі ереже бойынша қарумен жабдықталған: ірі 
калибрлі 12,7 несесе 14,5 мм пулеметпен және оған қосақталған 7,62 мм 
пулеметпен. 
Кейінгі уақытта ірі калибрлі пулемет орнына ірі калибрлі зеңбірек 25 не 
30 мм калибрмен жабдықтайтын болған. Бірақ бұл құралдың әскери эфектісі 
жетіспейді. Әскери бөлімше 2 жазықтық тұрақтылыққа ие. Бұл орнында да, 
қозғалыста да, күндізгі және түнгі жағдайларда әр түрлі мақсатпен күрес 
жүргізе береді, сонымен қатар танктермен, 4 км арақашықтықтан жоғары 
БМП ұшақтарға, инженерлік ғимараттарға қашықтығы 2000-2500 м жаудың 
тірі күшіне 4000 м қашықтықтан ашық окоптарға сонымен қатар танкіге 
қарсы артеллерияға күрес жүргізе береді. 
Әскери бөлімше БТР -90 орынды. Онда өте қолайлы. Нысанашы-
оператордан басқа, машина командирі сыяды. Жанжақтың барлығын 
қорғайтын, қажет болса, нысанашы қатерлі нысананы көрмей қалса, қаруды 
өзі алып қауіпті нысананы жоя алады. Бұның барлығы бронетранспортердің 
атыс мүмкіншілігін арттырады. 
БТР-90 әскери бөлімінде сонымен қатар операторда –БПКЗ -40 (күндізгі 
және түнгі) комбинерленген нысана, командирде – күндізгі 1П-13 бақылау 
құралы, радиостанциямен жабдықталған. 
Тапсырыс берушінің тілегі бойынша әскери бөлім наводчик-оператордың 
(БПК –М) теледидармен француз «Sет»фирмасы шығарған жабдықталады. 


Сонымен қатар , жоғары жүк көтергіштігі (7 т) және ішкі көлемі әжептәуір 
(12м 3) БТР-90-ға өте ауыр қару комплекттерін орналастыруға болады 
мысалы, БМП-3 әскери бөлімінде, танкіге қарсы зеңбірек 120 мм, 
артиллериялық қару, зениттік-ракеталық және танкіге қарсы комплекстер т.б. 
Нысана БТР-90 жылдамдығына өте алатындығына, маневрлілігіне 
жоғары талап қояды.
Жалпы техникалық құрылысы(БТР- 90) 
Үлкен жылдамдылық қуатты (510 л.с.) көп жанармайлы дизелді 
двигателдің 
құбырдың 
үрлеуін 
қамтамасыз 
етеді, 
автоматты 
гидромеханикалық реверстік (қозғалу-айналу бағытын өзгерте алатын) 
беріліс қорабы, барлық дөңгелектің аспасына тәуелсіз. Барлық дөңгелектің 
торсиондық аспасының тәуелсіздігі көлденең тетіктегі (рычаг) үлкен 
қозғалыстың 
әсерінен. 
Энергосыйымдылығы 
телескопиялық 
гидроамортизаторлардың және кең профилді соғыста беріктілігі 
орталықтарындағы жүйенің ауданының қысымын реттеуі машинаның 10 
км/сағ және 50 км/сағ жоғары жылдамдықта қатты зақымдалған жолдарда 
жүруіне мүмкіндік береді. Төрт дөңгелегі толықтай зақымданса да жүре беруі 
мүмкін. 
БТР -90-да жаңа схема трансмиссия қолданылған. Машина бортына 
гидромеханикалық двигателдегі қуат ағымы екі параллелді ағым арқылы 
беріліс қорабынан таратылады. Осының көмегімен гидро көлем беріліс 
бортта айналу жылдамдығы әр түрлі болуы мүмкін, 4 алдыңғы басқару 
дөңгелегінің екі есе бұрылу радиусы машинаның жылдамдығын азайтуды 
қажет етеді. Үлкен салмағына қарамастан (21 т жуық) машина қандай 
қиыншылықтар болса да дайындықсыз жүре алады. Теңіз жағдайында сынап 
көру арқылы, оның 3 балдық толқында да жүзе алатынды байқалды, сонымен 
қатар десанттық корабль кедергісіз судан шығада, кіре алады. 
БТР -90 – ең бірінші бронетранспортер бортық ақпараттық жүйемен 
жабдықталған, ол автоматты басқару, машинаның диагностикасын бақылау 
үшін өте тиімді болып табылады. 
БТР – 90 негізгі сипаттамасы 
дөңгелек формуласы 8*8 


Жауынгерлік масса, т 20920 
Әскерлік есеп, адам саны 10 
Ұзындығы зеңбірекпен, мм N/А 
ені, мм N/А 
биіктігі, мм N/А 
Клиренс, мм 510 
Қарулану/ жауынгерлік запас 30ммм зеңбірек 2А42/500 
7,62 
ммм пулемет ПКТ/2000 
Гранатомет АГ-17/400 
ПТРК «Конкурс»/4 
Брондық қорғау (корпустың шынысы/борт/мұнара
шынысы/қақпағы), мм N/А 
Двигатель қуаты, а.к. (кВт) 510 (368) 
Жоғарғы жылдамдығы, км/сағ 100 
Жүзу жылдамдығы, км/сағ 9 
Шосседе жүру запасы, км 800 
Бөлімше бекінісінде оның арт жағы мен қапталдарында аға командирге 
бағынатын пулемет, оқтар, зеңбірек және танкілер орналаса алады. Бөлімше 
командирі взвод командирінен тапсырма алған соң, оны нақтылап алып, өз 
бөлімшесін берілген бекініске шығарады да, бақылауды ұйымдастырады. 
Осыдан кейін ол ЖҰМ (БТР), пулемет, гранататқыш орнын анықтап, әскери 
бұйрық береді. 
Әскери бұйрықта бөлімше командирі бағдарлар, қарсылас туралы 
мәліметтер (оның шабуылының бағыты мен мүмкін уақыты, жағдайы); взвод 
пен бөлімшенің міндеттері (атқылаудың қосымша секторы мен атыс жолағы, 
бекініс); 
 
жеке құрамның міндеттері. Оператор-көздеуші, механик-жүргізуші, 
пулемет және атқыш-гранататқышқа — (негізгі және қосалқы атыс 
бекіністерін атқыштарға — атыс орнын, ұрыс барысында ауысу мен 
жабдықтау жүйесін), жер үсті және әуе нысаналарына — атыс жүргізу мен 
бақылау тәртібін; бұдан басқа оператор-көздеушіге және пулеметшіге – әрбір 
атыс бекінісінен атқылаудың негізгі және қосымша секторларын хабарлау, 
басқару және өзара қимылдау белгілерін қорғанысқа дайын болуы уақытын 
көрсетеді және орынбасар тағайындайды. Осыдан кейін бөлімше 
жауынгерлері оқпана қазуға және оны бүркемелеуге кіріседі, сондай-ақ 
бақылау мен атыс жүргізу жағдайын жақсарту үшін жергілікті жерді 
тазалайды. Бұл кезде бөлімше командирі бағдарларға дейінгі қашықтықты 
анықтайды, күндіз және түнде атыс жүргізу үшін мәліметтер дайындайды
атыс карточкасын жасайды. 
Қарсыласпен тікелей түйісу жағдайында қорғанысқа көшу кезінде 
бөлімше бекіністі ЖҰМ-ның (БТР-дың) атысы қолдауымен қол күші арқылы 
жабдықтайды. Бұл кездегі жұмыстың көп белігі түнгі уақытта жүргізіледі. Ал 
қарсылас көрінбейтін аудандарда бүркеніш қатаң сақтала отырып күндіз 
жүргізіледі. 
Бекіністе, ең әуелі гранататқыш, атқыш-пулеметші үшін бір кісілік 
оқпана қазылады, негізгі атыс бекінісінде ЖҰМ-сы (БТР) үшін оқпана қазады 


және бақылауды, атыс жүргізу жағдайын жақсарту үшін жергілікті жерді 
тазалайды. Осыдан кейін жауынгерлер бір кісілік оқпаналарды бөлімше 
оқпанасына біріктіреді, қосалқы атыс бекіністерінде ЖҰМ-ы үшін оқпаналар 
және ЖҰМ-ның (БТР) атыс бекіністеріне байланыс жолдарын қазады. 
Бекіністе бөлімше жауынгерлері жабық атыс саңылауын жасайды, оқ-
дәрілер үшін сөрелер мен жылжуға байланыс жолдарын қазады. Бұл жолға 
қапталға ұрыс жүргізу үшін атыс ұяларын жасайды. Оқпаналар мен ұялар 
жабық атыс саңылауымен және маңдайшамен жабдықталуы мүмкін. 
Сусымалы топырақта оқпаналардын тік жерлері қапталын қатайтылады. 
Қарсыласпен тікелей түйіспейтін жағдайда егер ор, байланыс жолы және 
ЖҰМ-сы (БТР) үшін оқпаналар
 
жер қазушы машинамен қазылса, онда 
сарбаздар бұларды тек қана жабдықтайды. Бөлімше бекінісі ертегіш қарудан 
қорғану үшін жабдықталады және қоршаған орта фонында бүркемеленеді. 
Бұл үшін қолда бар материалдар, өрт сөндрудің табельдік құралдары және әр 
түрлі бүркеніш заттары қолданылады. 
Қарсылас шабуылды бастағанға дейін бөлімше өз бекінісінде жетілдіру 
жұмыстарын жүргізеді. Бекіністі жабдықтау жұмысы кезінде және ұрысы 
барысында бөлімше командирі, тағайындалған бақылаушы, сондай-ақ 
барлық жауынгерлер қарсыласты үздіксіз бақылайды. Кезекші пулеметші 
(мотоатқыш) уақытша немесе қосалқы атыс бекінісіне орналасады да, барлау 
жасауға немесе бөгеттерде өтпе жасауға ұмтылған қарсыластың жеке 
топтарын жою үшін өз бетінше атыс бастауға үнемі дайын отырады. Егер 
бөлімшеден кезекші ЖҰМ (БТР) бөлінсе, онда бекініске уақытына 
орналасады. ЖҰМ-да (БТР-да) дереу атыс жүргізуге дайын жүргізуші-
механик пен оператор-көздеуші болады. 
«Радиациялық қауіп!» сигналы кезінде бөлімшедегі жеке құрам міндетін 
орындауды тоқтатпастан, тұмылдырық (газтұмылдырық), қорғаныш плащ, 
шұлық пен қолғап киіп, өз орындарында қалады, ал: «Химиялық дабыл!» 
сигналы кезінде - газтұмылдырық, қорғаныш плащын, шұлық пен қолғап 
киеді. Бойтасалар мен жабық машиналарда отырған жеке құрам: 
"Радиациялық қауіп!" сигналы кезінде – тұмылдырық, ал: "Химиялық 
дабыл!" сигналы кезінде – газтұмылдырық киеді де, есіктерді, атыс 
саңылауын, люктерді, жалюзиді жауып, ұжымдық қорғаныш құралдары 
жүйесін іске қосады. 
Қарсылас авиациясының шабуылдауы кезінде: «Әуе!» сигналы бойынша 
бөлімше оқпана түбіне саңылауға тығылуға, ал кезекші пулеметші әуе 
нысаналарына атыс жүргізуге дайындалады. Қорғаныс ұрысы барысында жер 
үсті қарсыласын жоюға қатысы жоқ барлық жауынгерлер ұшақтар мен 
тікұшақтарға қарсы күрес жүргізеді. Әуе нысаналарын ату командир 
пәрменімен жүргізіледі. 
Қарсыластың атыс дайындығы кезінде бөлімшенің жеке құрамы 
командир пәрмені бойынша оқпана түбіне, санылауға, жертелеге, паналарға 
немесе ЖҰМ-ға (БТР) тығылып, өз орнына ие болуға дайын болады. 
Бекіністе қарсыластың шабуылға өтуін дер кезінде анықтау мақсатында 
бақылау жүргізетін бақылаушы қалады. 


Қарсылас шабуылға өткен кезде командирдің: «Бөлімше, ұрысқа!» 
пәрмені бойынша бөлімше бекіністегі өз орындарына тез орналасады. 
Ұрысқа дайындалып алған бөлімше командир пәрменімен шоғырланған 
атыс жүргізеді, ал қарсылас жақындаған кезде өз қаруының нақты атыс 
қашықтығында өз бетінше атыс жүргізеді. Оператор-көздеуші мен атқыш-
гранататқыш қарсыластың танкілері мен басқа да сауытталған нысаналарын 
жояды, ал пулеметші мен мотоатқыш жаяу әскерлерді танкілерден бөліп 
алып, жояды. Қарсылас бөгеттерден өтпе арқылы кесіп өткен кезде, бөлімше 
барынша күшті атыстар жүргізеді. Бөлімшенің бекінісіне шыққан қарсылас 
танкілерін танкіге қарсы қол гранаттарымен, ал бекіністен өтіп кеткен 
танкілерді тереңдігіне орналасқан танкіге қарсы құралдармен жояды. 
Бекініске 40-30 м жақындап келген қарсыластың жаяу әскеріне бөлімше 
жарықшақты қол гранаттарын лақтырады да, оны бетпе-бет табанды атыспен 
жояды. 
Қарсыластың қорғанысқа тығыз енуі кезінде бөлімше берік түрде өз 
бекінісін ұстайды. Күштің бір бөлігімен ол байланыс жолын, қосалқы атыс 
бекіністеріне ие болады және қапталдай жаяу әскерін жояды. Егер қарсылас 
тылға шықса, онда бөлімше айнала қорғанысқа көшеді де, көрші 
бөлімшелермен өзара байланыста қимылдаса отырып, қарудың барлық 
түрінен атыс жүргізіп қарсыласты жояды. Қарсылас шабуылына тойтарыс 
берілгеннен кейін, ең әуелі атыс жүргізу үшін бекініс қалпына келтіріледі 
және оқ-дәрілер толықтырылады. 
Егер қарсылас ядролық қару қолданса, бөлімше командир 
басшылығымен бекіністі, қаруды, киім мен құрал-жабдықтарды ішінара 
дезактивизциядан және жауынгерлерді ішінара санитариялық өңдеуден 
өткізеді. 
Қолданылған әдебиеттер
1. ҚР әскери доктринасы. 2017 ж. 
2. ҚР ҚК-нің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының жалпы әскери 
жарғылары. Астана, 2007 ж. – 659б.
3. ҚР ҚК-нің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының саптық 
жарғылары. 02.02.2016 N 187 
4. Жалпы орта білім беру деңгейінің 10-11 сыныптары үшін «Алғашқы 
әскери дайындық» пәнінен типтік оқу бағдарламасы Астана 2013ж. 3 
сәуірдегі № 115 
5. Е.Ж. Қожамжаров., Н.Р. Рамашов., М.Т. Бөдеев «Бастапқы әскери 
дайындықты оқыту әдістемесі» оқу әдістемелік құралы. Қарағанды 2015ж. 
6. А. Ерекешов., А.Рихтер., М Бодеев «Алғашқы әскери дайындық» 
Әдістемелік нұсқау. Алматы 2013ж. 
7. С.Н. Асқапов., М.Е. Құсмиденоов., А.Ш Жанғазин «Бастапқы әскери 
дайындығы сабағында қолданылатын саптық жаттығулар» Әдістемелік 
нұсқау. Павлодар 2013 ж. 
8. Рамашов., Е.Ж. Қожамжаров., Н.Р. М.Т. Бөдеев «Алғашқы әскери 


дайындықты оқыту әдістемесі». Алматы 2012ж 
9. А.Ж. Кулейменов., Қ.И. Садыков., Е.Ж. Қожамжаров «Педагогикалық іс-
тәжірибеден өтуді ұйымдастыру бойынша әдістемелік нұсқау» Қарағанды, 
2016ж 
10. Рамашов., Е.Ж. Қожамжаров., Н.Р. М.Т. Бөдеев «Бастапқы әскери 
дайындықты оқыту әдістемесі» Электронды оқулық Қарағанды 2013 ж. 
11. Е.Ж. Қожамжаров. «Саптық дайындық бойынша әдістемелік нұсқау» 
Қарағанды 2007 ж.. 
12. Кундакбаев Б.Р., Кожамжаров Е.Ж. «Учебно-материальная база НВП» 
Методические рекомендации по военно-спортивным сооружениям. 
Қараганды 2006 г.
14. Ж. Қадырбаев.,О. Кенбаев., «Саптық дайындықты үйрету әдістемесі» 
әдістемелік нұсқау – Шымкент 2005 ж. 
15. «
Оқу процесі мен ішкі тәртіпке жалпы әскери жарғылары талаптарын 
енгізу жөніндегі жұмыс әдістемесі» Әдістемелік нұсқау. Алматы 2000 ж. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет