Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Ақмола облысы білім басқармасы жанындағы



бет20/27
Дата05.05.2020
өлшемі78,22 Kb.
#65848
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   27
Байланысты:
батп курсовой
батп курсовой

ҚОРЫТЫНДЫ

    Қазіргі кезеңде республикамызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып, Қазақстандық білім беру жүйесі әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда.  Білім беру саласында оқытудың жаңа педагогикалық технологияларын практикада меңгермейінше сауатты, жан - жақты маман болу мүмкін емес.  Ал,  жаңа технологияны меңгеру оқытушының интеллектуалдық,  кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, білімгер тұлғасын дамытып, оқу - тәрбие үрдісін тәрбие ұйымдастыруына көмектеседі.

         Өз бетімен шығармашылық әрекет жасауға қабілетті мамандар даярлауда жеке тұлғаны  қалыптастыруды көздеуге бағытталған педагог пен оқушы әрекетінің тиімділігін арттырудың жолдарының бірі – педагогикалық жаңа технологияларды орынды қолдану болып табылады. Педагог білім беру іс-әрекетінің субъектісі ретінде оқу үрдісінде жаңа педагогикалық технологиялардың әдіс - тәсілдерін, формаларын жүзеге асыратын кәсіп иесі. Сондықтан білім берудегі барлық оңды өзгерістер падагогтың жаңаша ойлау тәсілімен, жаңа шығармашылық іс - әрекеттерімен, өзіне және шәкіртіне деген жаңа қатынасымен тікелей байланысты болмақ.

         Бүгінгі таңда П.М.Эрдниевтің дидактикалық бірліктерді шоғырландыру технологиясы, Д.Б.Эльконин мен В.В.Давыдовтың дамыта оқыту технологиясы, Ш.А.Амонашвилидің ізгілікті - тұлғалық технологиясы, В.М.Монаховтың, В.П.Беспальконың және басқа да көптеген ғалымдардың технологиялары оқу үрдісінде кеңінен танымал. Ал, Қазақстанда Б.А.Тұрғынбаевтың дамыта оқыту технологиясы, М.М. Жанпейісовтың модульдік оқыту технологиясы, Ж.Қараевтың технологиялары оқу үрдісінде қолданылуда.

         Әрбір ұстаз өз оқу үрдісінде сабақтың мақсаты мен мазмұнына сай өз қалауы бойынша инновациялық технологияларды қолдана алатыны белгілі. Ал, білімгерлердің біліктілігін шыңдау мақсатында пән оқытушылары жаңа технологияларды жүйелі қолданса, оны өзіне түртіп алған болашақ маман кейінгі қызметінде сол іс - әрекетке қайта оралып, тәжірибесінде жемісін көрері сөзсіз.

        Жаңа педагогикалық технологиялардың қайсы бір түрі болсын маман даярлауға ықпалы зор. Олар:



  • Оқу мақсаттарының қойылуы.

  • Оны шешудің жолын бірлесе қарастыру.

  • Шешімнің дұрыстығын дәлелдеу.

Информатика сабағында жаңа технолгиялармен, сонымен қосы оқыту әдістерін жүйелі түрде өткізу үшін ең алдымен мұғалім әр нәрсеге даяр болуы керек.

Мұғалімдерді даярлау қай уақытта да ең өзекті мәселелер қатарына кіретіні белгілі жәйт. Олай болатыны, қоғамның әлеуметтік - экономикалық міндеттері заманына сй өзгерістерге ұшырап, өскелең ұрпақты соған лайықтап өмірге бейімдеудің жаңа талаптары туындап отыр. Ол үшін барлық мұғалімдерді даярлайтын орта кәсіптік оқу орындары төмендегідей жұмыстарды атқаруға тиісті:



  1. Болашақ мұғалімдерді ақпаратты қоғам жағдайында оқып білім алуға, өмір сүруге бейімдеу.

  2. Жаңа ақпараттық және телекоммункациялық технологияға бейімделген білім берудің ғылыми - әдістемелік базасын жасау, білім саласын басқарудың және формалры мен әдістерін пайдалана отырып, орта кәсіптік білім беру жүйесін жаңарту.

  3. Дүниежүзілік ақпараттық білім кеңістігіне орта кәсіптік білім беру жүйесін сәйкестендіре отырып кірістіру;

  4. Білім берудің иллюстративтік түсіндірмелі жүйесінен дамыта оқыту жүйесіне көшу. Оқыту үрдісінде білімгер шығармашылығына негізделген оқыту әдістерін пайдаланға түбегейлі көшу.

Қорыта айтқанда, кез келген оқыту әдісі информатика сабағына дәлме – дәл, тұспа- тұс келеді деп нақты айта алмаймыз. Дегенмен де, мұғалім жан - жақты болса, өзінің мамандығын шынайы сүйсе ғана, сол белсенді оқыту әдістерін нақты, жүйелі, сапалы түрде атқара алады. Бірақ, әдістер әртүрлі екеніндігін естен шығармаған жөн.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   27




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет