Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі ақмола облысының білім басқармасы астрахан ауданының білім бөлімі



бет5/34
Дата11.12.2021
өлшемі1,96 Mb.
#99159
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34
Байланысты:
аза стан республикасыны білім ж не ылым министрлігі а мола об
7 жалпы білім беру орта мектебі, 7 жалпы білім беру орта мектебі, MO-kaz-yaz-rus
4. Сөзбен сомдалған тұлға -1 сағат

Образ, көркем образ - шындықты танып-білуде әдебиет пен өнерге тән ерекше эстетикалық категория. Көркем шығармада сөзбен сомдалған кез келген құбылысты (көбінесе әдеби қаһарман бейнесін) Образ деп атайды. Мысалы:М.Әуезовтің "Абай жолы" эпопеясындағы халық Образы, Абай Образы - өнер мен халықтың немесе өнер мен сананың арасындағы арнайы байланысты негіздейтін эстетикалық категория екені айтылады. Көркем образда объективті-танымдық және субъективті-творчестволық бастау өзара бірлікте көрініс табатынын оқушыларға нақты мысалдар арқылы баяндалады. Образ нақты шындыққа және ойлау процесіне байланысты айқындалады. Образ тек шындықты бейнелеп қана қоймай, оны жинақтайды. Жекелеген оқиғалар негізіне жалпылама түсінік беретін түйін жасайды. Әр суреткер жасаған образ шындыкты өзгеше, жаңа бір қырынан шығармашылық тұрғыдан түсіндіруді мақсат етеді.
Образ - сөзбен баяндалған сурет. Көркем шығармадағы түп төркіні бейнеден, суреттен шыққан әрбір сөз бедерлі бейнеге, тірлікке, әрекетке ие болғанда образға айналатыны түсіндіріледі.

Образ әдеби тек тұрғысынан үш түрге:

эпикалық;

лирикалық;

драмалық болып бөлінсе, жасалу тәсіліне қарай юморлық, сатиралық, фантастикалық, трагедиялық,геройлық, т.б. болып бөлінетініне тоқталу қажет.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет