Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі Исакова С. А., Айнабекова И. Т


 Қаржылық шиеленісті азайту көздері



Pdf көрінісі
бет41/77
Дата19.06.2020
өлшемі1,79 Mb.
#74023
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   77
Байланысты:
Isakova Karjilik esep
экзамин жауаптары
3. Қаржылық шиеленісті азайту көздері. 
- Уақытша бос меншікті қаражаттар
-  Қатыстырылған  қаражаттар  (қалыпты  кредиторлық  борыштың 
дебиторлық борыштан асып кетуі); 
-  Айналым  қаражатын  уақытша  толтыруға  алынған  банк  несиелері 
және тағы басқа қарыз қаражаттары. 
Төлем қабілеттілігі белгілі бір мерзімде қолдағы ақша сомасының жедел 
төлемдер  сомасына  қатынасын  көрсететін  төлем  қабілеттілігі  коэффициенті 
арқылы  көрінеді.  Егер  төлем  қабілеттілігі  коэффициенті  1-ге  тең  немесе 


 
78 
үлкен болса, онда бұл ол кәсіпорынның төлем қабілетті екенін білдіреді. Егер 
коэффициент  1-ден  аз  болса,  онда  талдау  процесінде  төлеу  құралдарының 
жетіспеуі себептерін анықтау керек. 
Төлем  қаражаттарының  сомасын  анықтау  мәселесі  бойынша  әр  түрлі 
көзқарастар  бар.  Төлемге  қабілетті  құралдарға  ақша  қаражаттарын,  қысқа 
мерзімді  бағалы  қағаздарды  жатқызу  әлдеқайда  тиімді,  себебі  олар  тез 
өткізіледі  және  ақшаға  тез  айналады.  Ағымдағы  міндеттемелерге  ағымдағы 
пассивтер, яғни, өтелуге жатқызылған міндеттемелер мен қарыздар: банктің 
қысқа мерзімді несиелері, қысқа мерзімді қарыздар, кредиторлық борыштар 
және басқа пассивтер кіреді. 
Төлем  құралдарының  ағымдағы  міндеттемелерден  асуы  кәсіпорынның 
төлемге  қабілетті  екенін  білдіреді.  Банкте  есептің  және  басқа  шоттарда 
ақшаның болмауы, банкке қайтарылатын несиенің мерзімі өтіп кетуі, қаржы 
органдарына қарыз болу, еңбекке төленетін қаржылар мерзімінің сақталмауы 
төлемге қабілетсіздікті көрсетеді. 
Төлем  қабілеттілігі  оны  қысқа  мерзім  ішінде  (апта,  жарты  ай)  талдау 
кезінде анығырақ көрінеді. 
Есепті  кезең  ішіндегі  ағымдағы  төлем  қабілеттілігі  төлемдік  күнтізбе 
көмегімен  есептелуі  мүмкін,  оның  негізінде  ағымдағы  жедел  төлем 
қабілеттілігінің  коэффициенті  анықталады,  кредиторлармен,  банкпен, 
қаржылық  және  басқа  да  органдармен  өз  уақытында  есеп  айырысуды 
қамтамасыз  ететін  шаралар  жасалады.  Төлемдік  күнтізбе  аналитикалық 
есептің  мәліметтері,  банк  көшірмесі,  төлемнің  мерзімдік  картотекасы 
негізінде жасалады. Мұндай есептер күнделікті немесе 3-5 күнде бір рет және 
басқа  уақыт  аралықтарында  жүзеге  асырылуы  мүмкін.  Есептеудің 
мерзімділігі  кәсіпорын  төлем  қабілеттілігіне  байланысты.  Егер  тұрақты 
болса, есептесу сирек, ал егер тұрақсыз болса жиі жүргізуге болады. 
Ағымдағы  төлем  қабілеттілігін  талдау  кезінде  сандық  көрсеткіштерден 
басқа, сапалық сипаттамаларын білу керек. 
Қаржылық икемділік кәсіпорынның алдын ала болжамаған жағдайларға 
байланысты ақша қаражаттарының түсуі кезінде кездейсоқ үзілістерге қарсы 
тұру  қабілеттілігімен  сипатталады.  Бұл  өзгермелі  жағдайға  төтеп  беру  үшін 
әр  түрлі  көздерден  қарыз  алу,  акционерлік  капиталды  көбейту,  активтерді 
сату, қайта орналастыру, кәсіпорын қызметінің деңгейі мен сипатын өзгерту 
дегенді білдіреді. 
Ақша  қаражатын  қарызға  алу  қабілеттілігі,  әр  түрлі  себептерге 
байланысты  және  тез  өзгеруге  бейім.  Ол  кәсіпорын  табыстылығымен, 
тұрақтылығымен,  салыстырмалы  өлшемімен,  салалардағы  жағдаймен, 
капиталдың құрамы және құрылымымен анықталады. 
Көбіне  ол  несие  нарығының  өзгеру  бағыттары  мен  жағдайы  сияқты 
сыртқы  факторларға  тәуелді.  Несие  алу  қабілеттілігі  ақша  қаражаты  керек 
жағдайда  жэне  кәсіпорынға  қысқа  мерзімді  несиелерді  ұзарту  үшін  қажет 
кезде  маңызды.  Алдын  ала  келісіммен  қаржыландыру  немесе  ашық  несие 
линиялары (кәсіпорын белгілі бір мерзім ішінде және белгілі бір жағдайларда 
ала  алатын  несие)  -  потенциалды  қаржыландыруға  қарағанда,  керек  кезде 


 
79 
алудың сенімді көздері. Кәсіпорынның қаржылық икемділігін бағалау кезінде 
оның  вексельдері,  облигацияның  және  артықшылықты  акцияның  рейтингі, 
активті  сатудың  щектілігі,  шығынның  кездейсоқтық  дәрежесі,  ереуіл, 
сұраныстың  төмендеуі  және  жабдықтау  көздерінің  жойылуы  сияқты, 
өзгермелі жағдайларға тез бейімдеушілік қабілеттілігі есепке алынады. 
Ағымдағы  (кысқа  мерзімді)  төлем  қабілеті  өте  тар  түсінік,  себебі  оны 
болашақта қолдану мүмкін емес. 
Кәсіпорынның  перспективті  (ұзақ  мерзімді  -  бір  жылдан  аса)  төлем 
қабілетін  бағалау  үшін  өтімділіктің  динамикалық,  статистикалық 
көрсеткіштері  пайдаланылады.  Динамикалық  көрсеткіштерінің  бірі  өнімді 
(жұмыс,  қызмет)  өткізуден  түскен  табыстың  орташа  ағымдағы 
міндеттемелерге қатынасы  болып  табылады.  Есептеу  үшін  алымында  есепті 
кезеңдегі есеп шоты бойынша дебет айналымын, ал бөлімінде - осы кезеңдегі 
ағымдағы  міндеттемелерінің орташа қалдықтарын  алуға  болады.  Бұл  есепте 
алымы  баланс  жасау  мерзіміндегі  емес  белгілі  бір  кезең  үшін  ақша 
қаражаттарының ағымын көрсетеді. 
Нарықтық  экономика  теориясы  мен  практикасында  перспективті  төлем 
қабілеттілігін  талдауды  нақтыландыру  және  тереңдету  үшін  қоладнылатын 
басқа да көрсеткіштер белгілі. Олардың ішіндегі маңыздысы табыс пен табыс 
табу  қабілеттілдігі, себебі  осы  факторлар кәсіпорынның  қаржылық  саулығы 
үшін  анықтаушылар  болып  табылады.  Табыс  табу  қабілеттілігі  деп 
болашақта кәсіпорынның негізгі қызметінен тұрақты табыс алу қабілеттілігі 
түсіндіріледі.  Осы  қабілеттілікті  бағалау  үшін  ақша  қаражаттарының 
жеткіліктігі  мен  оның  капиталға  айналдыру  коэффициенттері  талданады. 
Ақша  қаражаттарының  жеткіліктілік  коэффициенті  (К
ж
а
)  кәсіпорынның 
күрделі  шығындары,  айналым  қаражатының  өсуі  немесе  дивидендтерді 
төлеуді жабу үшін табыс табу қабілеттілігін көрсетеді. 
Циклділіктің  және  басқа  кездейсоқтың  әсерін  жою  үшін,  бөлшектің 
алымы мен бөлімінде жыл ішіндегі мәліметтер алынады. 
Есептеу келесі формула бойынша жүргізіледі: 
К
ж
а
 =Өнім өткізуден түскен табыс______ 
Күрделі шығындар + дивиденд төлеу + Айналымқаражатының өсуі 
1-ге  тең  ақша  қаражатының  жеткіліктілік  коэффициенті  кәсіпорынның 
сыртқы  қаржыландыруға  жүгінбей  қызмет  істей  алатынын  көрсетеді.  Егер 
бұл коэффициент 1-ден төмен болса, онда кәсіпорын өз қызметінің нәтижесі 
есебінен дивиденд төлеуге және өндірістің қазіргі деңгейін қолдауға қабілетті 
емес. 
К
ж
а
  кәсіпорынның  қаржылық  қажеттілігіне  инфляцияның  әсерін, 
сонымен қатар талдауды тереңдету бағыттарын көрсететінін ескеру керек. 
Ақша  қаражатын  капиталға  айналдыру  коэффициенті  (К
ж
а
)  кәсіпорын 
активіндегі  инвестиция  деңгейін  анықтауда  қолданылады  және  келесі 
формула бойынша есептеледі: 
К
с
к
 = өткізуден түскен табыс-төленген дивидендтер 
алғашқы қүны бойынша негізгі қүралдар + инвестициялар басқа активтер + 
меншікті айналым капиталы 


 
80 
 
Ақша қаражатын капиталға айналдыру деңгейі 8-10% шегінде жеткілікті 
болып саналады (Дүйсенбаев К.Ш. және т.б.,2001). 
Кәсіпорынның  перспективті  төлем  қабілеттілігін  анықтау  үшін 
кәсіпорын активіндегі ақша қаражатына айналдыра алатын жылдамдық және 
дайындықты сипаттайтын өтімділіктің статистикалық көрсеткіштері кеңінен 
пайдаланылады. 
Үш көрсеткіш жиі қолданылады: 
1) абсалютті өтімділік коэффициенті
2) аралық өтеу (жабу) коэффициенті; 
3) жалпы өтеу (жабу) коэффициенті. 
Абсалютті  өтімділік  коэффициенті  (жеделдік  коэффициенті)  ақша 
қаражаттары  мен  тез  өткізілетін  бағалы  қағаздардың  мерзімді  және  қысқа 
мерзімді міндеттемелерге қатынасы ретінде есептеледі. 
Ол  баланс  жасалған  мерзімінде  немесе  жақын  мезгілде  ағымдағы 
қарыздардың қандай бөлігі өтелетінін көрсетеді. 
Осы көрсеткіштің дұрыс шектеуі келесі түрде болады: 
К
а
,.>0,2-0,5. 
Бұл  -  ағымдағы  міндеттемелердің  қандай  белігі  жедел  өтелуді  керек 
екендігін  көрсететін  төлем  қабілеттілігінің  қатаң  белгісі.  В.П.Палий  бұл 
коэффициенттің мәні 0,2-0,25-тен жоғары болуы керек деп санайды. 
Аралық  өтеу  коэффициентін  есептеу  үшін  (немесе  оның  басқа  аталуы: 
қауіпті  өтім  коэффициенті,  өтімділіктің  дәл  коэффициенті)  ақша 
қаражатының құрамына алдыңғы көрсеткіштің алымына дебиторлық борыш 
және  басқа  да  активтер  қосылады.  Ол  кәсіпорынның  дебиторларымен  өз 
уақытында  есеп  жүргізу  жағдайында  болжамданған  төлемдік  мүмкіндігін 
көрсетеді, яғни ағымдағы міндеттемелердің қандай бөлігі тек ақша қаражаты 
есебінен  емес,  сонымен  қатар  өткізілген  өнімдер,  орындалған  жұмыстар 
немесе көрсетілген қызметтер үшін түсімдер есебінен өтелетінін сипаттайды. 
Айналым  қаражатының  өтімді  бөлігінің  (яғни  тауарлы-материалдық 
қорларды  есептемегенде)  ағымдағы  міндеттемелерге  қатынасын  ашып 
көрсететін  бір  керсеткіштің  есебі  айналым  құралдарының  жеке 
категорияларының өтімділігі бірдей еместігінен шығып отыр. 
Аралық өтеу коэффициентінің қалыпты төменгі шегін бағалау былайша 
өрнектеледі: 
К
ар
.
е
>1. 
В.Ф.  Палий  "бұл  коэффициенттің  теориялық  ақталған  бағалауы  0,7-0,8 
аралығында жатыр" деп есептейді. 
Қауіпті  өтімділік  коэффициенті  кәсіпорынның  күтілетін  төлем 
қабілеттілігін  дебиторлық  борыштың  бір  айналымының  орташа  ұзақтығына 
тең кезеңге сипаттайды. 
Басқа да көзқарас бар. Шамамен бұл коэффициент 0,5-тен кем болмауы 
тиіс,  себебі  жедел және қысқа  мерзімді  міндеттемелердің  әр  теңгесіне ақша 
қаражатының және дебиторлық борыштың 50 тиыннан кем келмеуі тиіс. 


 
81 
Ағымдағы  өтімділік  коэффициенті  (жалпы  өтеу  коэффиценті)  барлық 
ағымдағы активтердің жедел және қысқа мерзімді міндеттемелердің көлеміне 
қатынасын  керсетеді.  Ол  ағымдағы  активтер  мен  міндеттемелердің  қандай 
есесін  өтейтінін  белгілеуге  мүмкіндік  береді  және  дебиторлармен  өз 
уақытында  есеп  айырысу  және  дайын  өнімді  тиімді  өткізу  жағдайларында 
ғана  емес,  сонымен  бірге  материалды  айналым  құралдарының  басқа 
элементтері қажет болған кезде сату жағдайында бағаланатын кәсіпорынның 
төлемдік мүмкіндіктерін көрсетеді. 
Жалпы  өтеу  коэффициенті  өтімді  құралдар  жедел  және  қысқа  мерзімді 
міндеттемелерінің  сомасын  өтейтінін  белгілеуге  мүмкндік  береді  және 
сонымен  баланс  құрылымының  тұрақтылық  дәрежесін  ғана  емес, 
кәсіпорынның  өзінің  қысқа  мерзімді  қарыздары  бойынша  тез  есептесе  алу 
қабілеттілігін дәлелдейді. 
Нарықтық 
экономикасы 
дамыған 
елдерде 
бүл 
көрсеткішке 
кәсіпорынның ағымдағы өтімділігін бағалау кезінде ерекше мән береді. Оның 
кеңінен қолданылуының негізгі себептері: 
1)  біріншіден,  ағымдағы  активтермен  ағымдағы  пассивтердің  өтелу 
дәрежесін көрсетеді. Бүл көрсеткіш қаншалықты жоғары болса, соншалықты 
қысқа мерзімді міндеттемелерді төлеу сенімділігі жоғары болады; 
2)  екіншіден,  ағымдағы  активтердің  ағымдағы  пассивтерден  асып  кетуі 
ағымдағы  активтерді  (ақша  қаражаттарынан  басқасы)  сату  немесе  жою  
(тарату)  кезінде  зияндардың  пайда  болуына  бөгет  болады.  Бұл  қарсы 
әрекеттің  қаншалықты  күштіре  болуы,  кредитор  үшін  соншалыкты  тиімді. 
Бұл
 
арттыруды    шетел  компанияларында  жұмыс  істеуші  капитал  немесе 
қаржы-эксплуатациялық, қажеттілік деп атайды. 
Жалпы  өтеу  коэффициенті  өндіріс  сипатына  байланысты  күрт  ауытқуы 
мүмкін.  Оның  деңгейіне  тиелген  тауарлар  мен  көрсетілген  қызметтермен 
есеп  айырысу  нысандары,  өндіріс  циклінің  ұзақтығы,  тауарлы-материалдық 
құндылықтар  қорларының  құрылымы  және  басқалар  әсер  етеді.  Берілген 
көрсеткіш үшін мына шектеу қалыпты мән болып табылады: 
К
аг
.
в
. > 2. 
Берілген шектеу кәсіпорынның өтімді құралдарға (немесе қаражаттарға) 
тиімді  қажеттілік  деңгейі  ағымдағы  міндеттемелерден  2  есе  асуы  қажет 
екендігін  көрсетеді.  Ағымдағы  өтімділік  коэффициенті  барлық  айналым 
қаражаттарының  бір  айналымының  орташа  ұзақтығына  тең  кезеңдегі 
кәсіпорынның күтілетін төлеу қабілеттілігін сипаттайды. 
Осы  көрсеткіштің  нормативті  маңызына  байланысты  басқа  пікірлер  де 
кездеседі.  Ол  1  мен  3  арасындағы  шектерде  болуы  тиіс.  Төменгі  шегі 
ағымдағы  міндеттемелерді  өтеуге  жеткілікті  болуы  тиіс,  жетпесе  кәсіпорын 
төлеуге қабілетсіз болуы мүмкін. 
Ағымдағы активтердің ағымдағы міндеттемелерден екі есе артық болуы 
орынсыз  болып  саналады,  себебі  бұл  компанияның  өз  қаражаттарын 
рационалды салмауы мен олардың тиімсіз пайдалануын көрсетеді. 
Ағымдағы  өтімділік  коэффициентінің  2-ге  тең  нормативтік  мәні  біздің 
елімізде  есеп  беру  кәсіпорындардағы  нақты  жағдайды  ескермей, 


 
82 
кәсіпорынның банкроттығы туралы шешім қабылдау үшін қажет белгілердің 
бірі ретінде алынған. Ағымдағы өтімділік коэффициентінің нормативтік мәні 
барлық  кәсіпорындар  үшін  бірдей,  яғни  шаруашылық  субъектісінің  өндіріс 
түрі мен салалық ерекшеліктері есепке алынбайды. 
Көптеген  отандық  кәсіпорындарды  банкроттық  анықтамаға  жаткызуға 
болады.  Яғни,  бұндай  белгілермен  анықтау  дұрыс  емес,  себебі  көп 
кәсіпорындар 
ішінен 
нақты 
банкроттық 
шаралар 
қаупі 
төнген 
кәсіпорындарды  бөліп  көрсетпейді,  Біздің  елде  де  статистикалық 
материалдарды  жинақтау  мөлшеріне  қарай  бұл  көрсеткіштің  мәні  салалар 
мен  салааралық бойынша  бөлшектеп,  активтің өтімділігін талдауда  қолдану 
керек. 
Кәсіпорын  өтімді  қаржының  болуын  оларға  ұтымдылық  қажеттілік 
шегінде реттеуі қажет. Ол - әрбір нақты кәсіпорын үшін келесі факторларға 
байланысты: 
-  кәсіпорын  және  оның  қызметінің  көлемі,  мөлшері  (өндіру  және  өткізу 
көлемі  қаншалықты  көбірек  болса,  соншалықты  тауарлы-материалдық 
қүндылықтар қоры мол болады); 
-  өнеркәсіп  және  өндіріс  салалары  (өнімге  деген  сұраныс  және  оларды 
өткізуден түсімнің түсу жылдамдығы); 
- өндірістік цикл ұзақтығы (аяқталмаған өндіріс көлемі); 
-  материал  қорын  қалпына  келтіруге  қажет  уақыт  (олардың  айналу 
ұзақтығы); 
- кәсіпорын жұмысының маусымдылығы; 
- жалпы экономикалық конъюнктура. 
Егер  ағымдағы  активтер  мен  қысқа  мерзімді  міндет-темелдің  ара 
қатынасы  1:1  -  төмен  болса,  онда  кәсіпорын  өз  шоттарын  төлей  алмайды 
деуге  болады.  1:1  арақатынасы  ағымдағы  активтер  мен  қысқа  мерзімді 
міндеттемелердің  теңдігін  білдіреді.  Активтер  өтімділігінің  әр  түрлі 
дәрежесін  ескере  отырып,  активтердің  барлығы  тез  арада  өтімді  деуге 
болмайды,  яғни  бұл  жағдайда  да  кәсіпорынның  каржылық  тұрақтылығына 
қауіп  төнеді.  Егер  де  К
аго
  мәні  1:1  арақатынасынан  көп  болса,  онда 
кәсіпорынның өзіндік көздері есебінен құралатын бос ресурстарының едәуір 
көлемі бар екені туралы қорытынды жасауға болады. 
Кәсіпорын  кредиторлары  тұрғысынан,  айналым  құралдарын  құрудың 
осы  варианты  аса  жоғары  бағаланады.  Сонымен  бірге,  менеджердің 
көзқарасы  бойынша  кәсіпорында  қорлардың  өте  көп  жиналуы,  қаржыларды 
дебиторлық 
борышқа 
аудару 
кәсіпорынның 
активтерін 
шебер 
пайдалануымен байланысты. 
Өтімділіктің  әр  түрлі  көрсеткіштері  тек  өтімді  қаржыларды  есепке 
алудың  әр  түрлі  дәрежесінде  кәсіпорынның  қаржы  жағдайының 
тұрақтылығын  жан-жақты  сипаттап  қана  қоймай,  сонымен  бірге  талдау 
хабарламаларының  әр  түрлі  сыртқы  пайдаланушыларының  мүдделеріне 
жауап береді. Мысалы, шикізат пен материал жеткізушілері үшін абсолютті 
өтімділік  коэффициенті  қажет.  Осы  кәсіпорынды  несиелейтін  банк 
өтімділіктің  аралық  коэффициенттеріне  (К
арө
)  көп  көңіл  бөледі. 


 
83 
Кәсіпорынның  сатып  алушылары  немесе  акциялар  мен  облигацияларды 
ұстаушылар  кәсіпорынның  қаржылық  тұрақтылығын  ағымдағы  өтімділік 
коэффициенті (К
ағ
 
ө
,) бойынша бағалайды. 
Көптеген 
кәсіпорындар 
үшін 
аралық 
өтімділіктің 
төмен 
коэффициентінің  жалпы  өтімділіктің  жоғары  коэффициентіне  сай  келуі  тән 
екенін атап өту керек. Бұл кәсіпорында шикізат, материал, жинақ бөлшектер, 
дайын  өнімнің  шектен  тыс  қорлары  барлығына  байланысты  болады.  Бұл 
шығындардың  негізделмеуі  ақырында  ақша  қаражатының  жетіспеуіне 
әкеледі. Осыдан, жалпы өтеу коэффициентінің жоғары болуына қарамастан, 
оны  құраушының,  әсіресе  баланстың  үшінші  тобына  кіретін  баптары 
бойынша, жағдайын және динамикасын айқындау керек. 
Осы  мақсатта  өндірістік  қорлардың,  дайын  өнімнің,  аяқталмаған 
өндірістің айналымын есептеу керек. 
Кәсіпорында аралық өтімділік коэффициентінің төмен және жалпы өтеу 
коэффициентінің  жоғары  болуы  кезінде,  айналымдылықтан  аталған 
көрсеткіштерінің  нашарлауы  осы  кәсіпорынның  төлем  кабілетінін 
нашарлағанын  дәлелдейді.  Өтімді  қаржылардың  айналым  көрсеткіштерінің 
нашарлауы  болған  кезде,  кәсіпорынның  төлем  қабілетін  объективті  бағалау 
үшін осындай төмендеу себептерін айқындау керек. 
Төлем  қабілеті  қаржылық  тұрақтылықтың  негізгі  критерийлерінің  бірі 
болып  онымен  тікелей  байланысты  қаралады.  Нарықтық  экономика 
жағдайында  төлем  қабілетіне  зор  көңіл  бөлінеді.  Арнайы  есептік-
аналитикалық  әдебиетте  төлем  қабілетіне  түрлі  анықтамалар  беріледі.  Осы 
көрсеткішке толығырақ анықтаманы М.Н. Крейнич береді, ол төлем қабілеті 
–  бұл  кәсіпорынның  өз  қарызын  басқа  кредиторлар  тарапынан  осы 
кәсіпорынға  қойылған  төлем  талабы  бір  мезгілде  қойылған  кездегі 
дайындығы  дейді.  Профессор  Ковалев  В.В.  кәсіпорынның  төлем  қабілеттігі 
деп  оның  өз  міндеттемелерін  толық  және  уақтылы  төлеуге  мүмкіндігі 
қарастырады.  Егер  төлем  қабілетінің  коэффициенті  1  ден  кем  болса,  онда 
талдау барысында төлем қаржыларының жетіспеу себептерін анықтау керек. 
Шеремет А.Д. ерекшелеу түсініктеме береді. Ол кәсіпорынның қабілеті оның 
жабдықтаушылар  талаптарын  уақтылы  орындау,  несилерін  қайтару, 
персоналдық  еңбек  ақысын  төлеу,  бюджетке  салықтар  аудару  мүмкіншілігі 
деп жазады. 
Осы  келтірілген  анықтамалар  бойынша  төлем  қабілеттілігі  деп 
кәсіпорын  өзінің  міндеттемелері  бойынша  төлемдерді  уақтылы  жүргізуге 
дайындығы деп қарастыруға болады, ал ол үшін кәсіпорынның тиісті төлем 
қаражаты  болуға  тиіс,  оларға  бірінші  кезекте  ақша  қаражаты  жатады,  есеп 
айырысу шотындағы, валюталық және тағы басқа шоттардағы ақшалар. 
Тағы бір қарыздарды жабуға лайықты қаражат ол дебиторлық қарыздар, 
оларда дұрыс айналым кезінде нақты ақша қаржысына айналуға тиіс. Бұдан 
басқада кәсіпорынның қарызын жабуға тауарлы-материалдық босалқыларын 
пайдалануға  болады.  Оларды  сатып,  ақшаға  айналдырып  қарызды    жабуға 
пайдаланады. Сонымен, қатыстырылған қаржыларды қайтару кезінде барлық 
ағымды активтерді өткізу арқылы қарызды жабуға болады. 


 
84 
Бірақ,  егер  кәсіпорын  барлық  ағымды  активтерін  қарыздарын  жабуға 
пайдаланса  онда  оның  қызметі  сол  кезде  тоқтайды,  себебі  онда  тек  негізгі 
құралдар  қалады,  ал  тауарлы-материалдық  құндылықтарды  сатып  алуға 
ақшасы  жоқ,  оларды  қарызды  өтеуге  жұмсап  қойды.  Сондықтан  төлем 
қабілеті бар деп, кәсіпорынның ағымды активтері ағымды міндеттемелерден 
басым болған жағдайды айтамыз. 
Төлем  қабілетіне  талдау  жүргізуді  қаржылардың  бары  және  олардың 
келіп түсуін бірінші кезектегі төлемдерді жасау мен салыстырудан бастайды. 
Төлем  қабілетін  ағымды  және  болжамды  деп  қарастырады.  Ағымды  төлем 
қабілеті  балансты  құрастыру    мерзімінде  анықталады.  Кәсіпорынның  төлем 
қабілеті бар деп саналады, егер оның жабдықтаушылар алдында уақыты өтіп 
кеткен  қарызы  болмаса,  банк  несиелері  және  басқада  есептесулер  бойынша 
қарызы жоқ болса. Болжамды төлем қабілеті белгілі бір мерзімге анықталып 
осы уақыттағы төлем қаржылары төлем міндеттемелерімен салыстырылады. 
Төлем  қабілеті  коэффициент  арқылы  табылады,  оны  анықтау  үшін 
белгілі  мерзімдегі  бар  нақты  ақша  қаражатын  кезекті  міндеттемелер 
сомасына бөледі. Төлем қаражатына не жатады деген сұрақ бойынша да түрлі 
пікірлер бар. Төлем қаражатына қысқа мерзімді құнды қағаздарды жатқызса 
болады,  себебі  оларды  сатып  жіберіп  тез  арада  нақты  ақшаға  айналдыруға 
болады.  Дебиторлық  қарыздардың  бір  бөлігінде,  егер  олар  уақтылы 
өтелетініне 
күмәнданбайтын 
болса. 
Төлем 
қаражаты 
ағымды 
міндеттемелерден басым болса онда кәсіпорынның төлем қабілеті бар. 
Төлем қабілеті жоқ болуының дәлелі ретінде есеп айырысу және басқада 
банктегі  шоттардағы  ақшаның  жоқтығы.  Уақыты  өтіп  кеткен  банк 
несилерінің  бары,  қаржы  органдарға  қарыздар,  еңбек  ақы  төлеу  уақты 
бұзылуын  келтіруге  болады.  Төлем  қабілетін  дәлірек  анықтауды  есеп  беру 
мерзім  ішінде  төлем  көлемдері  арқылы  табуға  болады,  ол  кезде  төлем 
қабілетінің ағымды шапшаң коэффициенті қолданылады. Төлем календарды-
аналитикалық есеп, банк көшірмелері негізінде құрастырылады. 
Болжамды  төлем  қабілетін  анықтау  кезінде  өтімділік  коэффициенттері 
пайдаланады,  олар  активтердің  ақша  қаражатына  айналуға  дайындығы  мен 
жылдамдығын сипаттайды. Көбіне мынандай үш көрсеткіштер пайдаланады: 
өтімділіктің  абсолютті  коэффициенті,  аралық  өтелу  коэффициенті  және 
жалпы өтелу коэффициенті. 
8 кесте 
«Айша» ЖШС ағымдағы активтерінің  өтімділік көрсеткіштерін талдау 
 
Р/
с 
Көрсеткіштер 
Өлшем 
бірлігі 
Іс жүзінде 
Өзгеруі 
(+,-) 
2015ж. 
2016ж. 






1. 
Ағымдағы активтер, барлығы 
мың 
тг. 
111381,

92496,2  -18885,7 
 
соның ішінде: 
 
 
 
 
1.

Ақшалай қаражаттар 
мың 
тг. 
417,6 
2,3 
-415,3 


 
85 
1.

Дебиторлық қарыз 
мың 
тг. 
69175,8 
45213,3  -23962,5 
1.

Тауарлы-материалдық 
босалқылар 
мың 
тг. 
41788,4 
47280,6 
+5492,2 
2. 
Ағымдағы міндеттемелер 
мың 
тг. 
171345,

194802,

+23457,

3. 
Өтімділік көрсеткіштері: 
 
 
 
 
3.

Абсолюттік 
өтімділік 
коэффициенті (1.1. қ:2қ) 
коэф. 
0,002 
0,00001 
-0,002 
3.

Аралық  өтімділік  коэффициенті 
((1.1. қ + 1.2.):2 қ) 
коэф. 
0,406 
0,232 
-0,174 
3.

Жалпы  (ағымдағы)  өтімділік 
коэффициенті (1.1. қ + 1.2 + 1.3 
қ):2 қ) 
коэф. 
0,650 
0,474 
-0,175 
 
Кестенің 
мәліметтері 
бойынша 
өтімділік 
коэффициенттерінің 
төмендегенін  көріп  тұрмыз.  Абсолютті  өтімділік  коэффициенті  ағымды 
міндеттемелерді бір бөлігін бар ақша қаражатымен жабуды сипаттайды, бұл 
көрсеткіш  жылдың  соңына  0,002  пайызға  азайды.  Осы  көрсеткіштің  дұрыс 
көлемі  0,2-0,5,  сондықтан  бұл  кәсіпорынның  төлем  қабілеті  нашар  деуге 
болады,  себебі  ағымды  міндеттемелерін  өтеуге  тиісті  ақша  қаражаты 
жетіспейді. 
Аралық  өтімділік  коэффициенті  барлық  ағымды  міндеттемелерді  бар 
ақша қаражаты мен дебиторлық қарызды төленгеннен кейін өтеуді көрсетеді. 
Бұл көрсеткіш 0,174 пайызға төмендеді (0,232-0,406), ал оның дұрыс көлемі 1 
немесе  оданда  жоғары  болуын  ескерсек,  кәсіпорынның  өз  міндеттемелерін 
дебиторлық қарыз төленгеннен кейін де өтей алмайтынын білдіреді. 
Жалпы  өтімділік  коэффициенті  барлық  ағымды  активтерді  өткізу 
барысында  ағымды  міндеттемелерді  өтей  алатынын  сипаттайды.  Біздің 
есептеулерімізді бұл көрсеткіш 0,650 ден 0,474 дейін төмендеп 0,175 пайызға 
азайды, ал оның дұрыс көлемі 2-ден артық болуы керек. Бұл кәсіпорын өзінің 
барлық  ағымды  активтерін  сатып  жіберсе  ағымды  міндеттемелерін  өтейді, 
бірақ  өзінде  де  қалады,  сондықтан  бұл  көрсеткіштің  мәні  төлем  қабілетінің 
дұрыс екенін дәлелдейді. 
Ары  қарай  тізбекті  алмастыру  әдісін  қолдана  отырып  өтімділік 
коэффициенттерінің  өзгеруіне  қандай  факторлар  әсер  еткеніні  анықтаймыз. 
Осы есептеулерді көрсету үшін келесі кестені құрастырамыз. 
9 кесте 
«Айша»ЖШС жалпы өтімділіккоэффициентіне әсер еткен факторларды 
есептеу 
 
Р
Көрсеткіштер 
Жыл 
басына 
Жыл 
басындағы 
Жыл 
соңына 
Ауыт
қу 
Оның ішінде 
өзгерген үшін 


 
86 
/с 
ағымды 
активтер 
мен 
жыл 
соңынғы 
ағымды 
міндеттеме-
лер 
(+,-) 
Ағымд
ы 
активте
р-дің 
Ағым
ды 
мінедт
темеле
рдің 
1.  Ағымдағы 
активтер 
111381,

111381,9 
92496,2 
х 
х 
х 
2. 
 
Ағымдағы 
міндеттемеле
р 
171345,

194802,8 
194802,

х 
х 
х 
3.  Жалпы  өтім-
ділік 
коэффициенті 
0,650 
0,571 
0,474 
0,176 
-0,079 
-0,097 
 
Кестенің  мәліметтері  бойынша  ағымды  активтердің  азаюы  жалпы 
өтімділік  коэффициенттеріне  теріс  әсер  етті,  себебі  бұл  көрсеткіш  0,079 
пайызға  төмендеуі,  ал  ағымды  міндеттемелердің  өсуі  жалпы  өтімділік 
коэффициентін  0,097  пайызға  кемітті,  сондықтан  теріс  әсер  етті  деуге 
болады. 
Өтімділікке  жан-жақты  баға  беру  үшін  факторлардың  қалыптасуы  мен 
өзара 
байланысын 
білу 
керек. 
Ағымды 
активтердің 
өтімділік 
коэффициентінің  қатынасы  +0,0000041  (0,079:18885,7),  ал  ағымды 
міндеттемелердің  қатынасы  –  0,0000041  [(-0,097):23457,1].  Факторлардың  
әсерін анықтау үшін келесі кестені құрастырамыз. 
10-кесте 
«Айша» ЖШС 2016ж. жалпы өтімділік коэффициентіне әсер еткен 
бөлшектелген факторларды есептеу 
 
Р/
с 
Факторлар 
Есептеу 
Факторларды
ң әсер ету 
деңгейі 
1. 
Ағымды активтердің өзгеруі 
0,474-0,571 
-0,079 
 
оның ішінде: 
 
 
1.1  -ақшалы қаражатының 
(-415,3) х 
0,0000041 
-0,0017 
1.2  -дебиторлық қарыздармен басқалай 
активтердің 
23962,5 х 
0,0000041 
-0,0982 
1.3  -тауарлы-материалдық босалқылар 
5492,2 х 
0,0000041 
0,0225 
2. 
Ағымды міндеттемелердің өзгеруі 
0,571 – 0,650 
-0,097 
 
оның ішінде: 
 
 
2.1  -кредиторлық қарыздар 
23457,1 х 
0,096 


 
87 
0,0000041 
 
Кестенің  мәліметтері  бойынша  жалпы  өтімділік  коэффициентіне  дұрыс 
әсер  еткен  тауарлы-материалдық  босалқылардың  ұлғаюы,  кредиторлық 
қарыздардың  көбеюі  кері  әсер  тигізеді.  Жалпы  тұжырым  жасайтын  болсақ 
төлем қабілеті нашар деуге болады. 
Кәсіпорынның  қаржы  тұрақтылығы  оның  алдағы  кезеңдегі  төлем 
қабілеттілігімен  байланысты.  қаржылық  тұрақтылықты  бағалау  сыртқы 
ақпарат 
пайдаланушыларға 
(әсіресе 
инвесторларға) 
кәсіпорынның 
болашақтағы  қаржылық  мүмкіншілігін  анықтауға  көмектеседі.  Нарықтық 
экономика  жағдайында  өндіріс  процессін  ұйымдастыру,  оны  ұлғайту, 
әлеуметтік  және  басқада  мұқтажын  қанағаттандыру  кәсіпорынның  өз 
қаражатымен қаржыландырылады, немесе өзінің меншікті қаржылары десек 
болады, ал олар жеткіліскіз болса онда басқалардың капиталын қатыстырады. 
Осы арада кәсіпорынның басқалардан қаржылық тәуелді болуы мүмкін, бірақ 
онсыз  болмайды,  сондықтан  осы  қатыстырылған  капиталмен  меншікті 
капиталды  салыстыру  арқылы  коэффициент  табылады,  бұл  коэффициенттің 
өсуі  қаржылық  тұрақтылықтың  нашарлауы    деп  бөлінеді.  Бірақ  бұл 
көрсеткіштің  өзгеруіне  тек  осындай  түсініктеме  дұрыс  деуге  болмайды, 
себебі  ол  шаруашылық  қызметтің  жағдайы  мен  айналым  қаржыларының 
айналыс  жылдамдығына  байланысты.  Егер  кәсіпорынның  айналым 
капиталының  айналыс  коэффициенті  жоғары  болса,  онда  коэффициенттің 
бірден асқаны қаржылық тұрақтылығы төмендеді деуге болмайды. 
Қаржылық  тұрақтылықтың  абсолютті  көрсеткіштері  тауарлы-материал-
дық босалқыларының қорлану көздерімен қамсыздану деңгейін сипаттайды. 
Тауарлы-материалдық  босалқыларының  қорлану  көздерін  сипаттау  үшін 
көрсеткішті анықтайды: 
1.  Меншікті  айналым  қаражаттарын  сипаттайды.  Оның  өткен 
кезеңдермен  салыстырғанда  өсуі  шаруашылық  субъекті  қызметінің 
арықарайғы дамуын білдіреді. Формула ретінде көрсетсек, ол мынандай: 
М
ак

к
-ҰМ
а
, мұнда 
М
к
 - меншікті капитал; 
ҰМ
а
 - ұзақ мерзімді активтер; 
2. Меншікті және ұзақ мерзімді несие көздерінің бары. Бұл көрсеткішті 
анықтау үшін меншікті капиталға мерзімді міндеттемелерді қосады. 
М
ак
/ұ=М
ак
+ҰМ
м
, мұнда 
ҰМ
м
 - ұзақ мерзімді міндеттемелер 
3.  Тауарлы-материалдық  босалқыларының  негізгі  қорлану  көздері,  ол 
осының  алдындағы  көрсеткішке  қысқа  мерзімді  нешелерді  қосу  арқылы 
табылады. 
Тауарлы–материалдық 
босалқыларды 
құру 
көздерінің 
барын 
сипаттайтын  үш  көрсеткішке  материалдық  босалқыларының  қорлану 
көздерінен қамтамасыз екенін көрсететін, дәлелдейтін үш көрсеткіш бар: 
ТМБ – тауарлы материалдық босалқылар. 


 
88 
1.  Меншікті  айналым  капиталының  (М)  артықшылығы  (+)  немесе 
жетіспеуі (-) 

 М
ак

ак
-ТМБ 
2.  Меншікті  және  ұзақ  мерзімді  тауарлы  –  материалдық  босалқыларды 
құру көздерінің артықшылығы (+) немесе жетіспеуі (-) (М). 

 М
ак
/ұ=М
ак
/ұ-ТМБ 
3.  Босалқыларды  қалыптастырушы  негізгі  қор  көздерінің  жетіспеуі  (-) 
немесе артықшылығы (+) (НҚ) 

 НҚ=НҚ-ТМБ 
Осы  көрсеткіштерді  есептеп  шығару  субъектілерінің  қаржылық 
жағдайының тұрақтылығының деңгейін төрт түрге бөлуге болады: 
- қаржы жағдайының абсолютті тұрақтылығы 
М
ак
>ТМБ 
- қаржы жағдайының дұрыс тұрақты 
М
ак
/ұ<ТМБ<НҚ 
- қаржы жағдайының тұрақты емесі  
ТМБ>НҚ немесе НҚ<ТМБ 
- қаржы жағдайының қауіптісі  
ТМБ>НҚ+К 
 
11-кесте 
«Айша» ЖШС  2016ж.  
қаржылық тұрақтылықты талдау 
                                                                                                                   мың теңге 
Р/
с 
Қаржылық көрсеткіштер 
Символ-
дар 
2015ж. 
2016ж. 
Ауытқу   
(+,-) 
1. 
Меншікті капитал 
Мк 
131668,0 
339065,6 
+207397,6 
2. 
Ұзақ мерзімді активтер 
ҰМа 
191631,9 
441372,2 
+249740,3 
3. 
Айналым 
қаражатынан 
меншікті  көздерінің  бары 
(1к-2к) 
Мак 
-59963,3 
-102306,6 
-42343,3 
4. 
Қысқа мерзімді несиелер 
Кк 
 
 
 
5. 
Тауралы-материалдық 
босалқыла-рының 
негізгі 
қорлану көздері (3к+4к) 
НҚ 
-59963,3 
-102306,6 
-42343,3 
6. 
Тауарлы-материалдық 
босалқылар 
ТМБ 
41788,4 
47280,6 
+5492,2 
7. 
Меншікті 
айналым 
қаражатының 
артықшылығы  (+)  немесе 
жетіс-пеуі (-) (5к-6к) 

 Мак 
-101751,7  -149587,2 
-47835,5 
 
Кестенің  мәліметтері  бойынша  кәсіпорынның  меншікті  айналым 
капиталы  тауарлы  материалдық  босалқыларды  жаба  алмайды,  сондықтан 


 
89 
оның  қаржылық  жағдайы  қауіпті  деуге  болады,  себебі  меншікті  айналым 
қаражаты жетіспейді. 
Осылайша,  біз  кәсіпорынның  қаржылық  тұрақтылығының  маңызды 
көрсеткіштерінің  бірі  -  төлем  қабілеттілігін  толық  қарастырдық.  Ол 
баланстың  өтімділігіне  тығыз  байланысты.  Сонымен  бірге  кәсіпорынның 
төлем  қабілеттілігіне  басқа да  факторлар  -  елдегі  саяси  және  экономикалық 
жағдай, ақша нарығының жағдайы, кепілдік және банктік заңдардың жетілуі, 
меншіктің капиталмен қамтамасыз етілуі, дебиторлық борыш, кәсіпорынның 
қаржы жағдайы жэне басқалар әсер етеді. Төлем қабілеттілігін талдау кезінде 
осы  факторларды  кешенді  түрде  қарастыру  маңызды,  бұл  талданатын 
кәсіпорынның қаржы жағдайын объективті бағалауға мүмкіндік береді. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


 
90 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   77




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет