Қaзaқстaн Республикaсының Білім және Ғылым министрлігі



Дата07.12.2022
өлшемі72,47 Kb.
#161771
Байланысты:
6 зертханалық (2)
сөзжасам сөж (1)

Қaзaқстaн Республикaсының Білім және Ғылым министрлігі
Коммерциялық емес АҚ «Ғұмaрбек Дәукеев aтындaғы Aлмaты Энергетикa және Бaйлaныс университеті»
Электр энергетика және электр техника институты
«Электрмен жабдықтау және жаңғыртылатын энергия көздері» кафедрасы
«ҚАЙТА ЖАҢҒЫРАТЫН ЭНЕРГИЯ КӨЗДЕРІН ПАЙДАЛАНУ» пәні бойынша
№6 Зертханалық жұмыс
Тақырып: Асинхронды жел генераторының электр желісімен параллель жұмысын зерттеу
Мамандығы: Электроэнергетика
Орындаған: Әбдіқадыров Әлихан
Тобы: Ээк 20-7
Тексерген: Изтелеуова Индира
__________ _______________ «_____» __________2021ж
(бағасы) (қолы)

Алматы,2021
Жұмыстың мақсаты: жел генераторының электр желісімен параллельді жұмысы кезіндегі сипаттамаларын алу.
2.6.1 Жұмыстың бағдарламасы.
2.6.1.1 Генератордың сипаттамаларын алуға арналған сұлбамен танысу.
2.6.1.2 Жел генераторының екінші квадранттағы механикалық сипаттамалырын алу. Қозғалтқыштық режимдегі жел жылдамдығынан жел генераторындағы моменттің, ПӘК, cos(φ), активті қуаттың, айналу жылдамдығының тәуелділіктерін зерттеу.
2.6.1.3 Жел генераторының қоректендіруші желіден автоматты апаттық ажырату жүйесінің жұмысын тексеру.
2.6.1.4 Есепті өңдеп, жұмыс бойынша қорытынды шығару.
2.6.2 Жұмыстың сипаты. Тәжірибені бастаудың алдында стендттің барлық ауыстырғыштарын бастапқы қалпына келтіру қажет.
Ол үшін «Жел генераторы» моноблогының QF1 автоматты ажыратқышы ажыратулы кезінде:
- «Жел генераторы» моноблогының жел жылдамдығын беретін RP1 потенциометрін сағат тіліне қарсы бағытта соңына дейін айналдырып қою керек;
- «Жел генераторы» моноблогының жиілік түрлендіргіштеріне жұмыс істеуге рұқсат сигналын беретін SA1 аударғышын төмен қаратып қою керек;
- стенд моноблоктарының беттік панелдерінде қандай да бір сымдар арқылы жалғанулар болса, оларды алып тастау қажет.
Тәжірибені жүргізу сұлбасы 2.6 суретте көрсетілген. Асинхронды жел генераторы қалақшалармен камтылған, оған жел генераторымен туындайтын жел беріледі, ол инвертор типті E2-mini жиілік түрлендіргішіне қосылған. Түрлендіргіш электр қозғалтқышының айналу жылдамдығын ақырын реттей алатын мүмкіндікке ие, осыған байланысты жел генераторының жылдамдығын да реттейді.
Жел генераторының статор тізбегі үшфазалы айнымалы тогы бар электр желісіне электромагнитті контактор КМ арқылы қосылады.
Компьютер экранында керекті мәндерді тіркеу үшін генератордың токтың, кернеудің және жылдамдықтың өлшеуіштерінің шығыс сигналдары кіріс/шығыс платасының кірістеріне жалғану керек. PV1 вольтметрі (Х7,Х8 клеммалары) ADC2 аналогтық кірісіне, PA1 амперметрі (Х5,Х6 клеммалары) кіріс/шығыс блогының ADC3 аналогтық кірісіне жалғанады. Жылдамдық датчигінің шығысы (Х3,Х4 клеммалары) кіріс/шығыс блогының ADC4 аналогтық кірісіне жалғанады. Жел жылдамдығының индикаторы кіріс/шығыс блогының ADC1 аналогтық кірісіне жалғанады.
Жұмысты жүргізу үшін персоналды компьютер қосылып, DeltaProfi бағдарламасы жүктелініп тұру керек. Оның ішінен «1 Жұмыс. 1 Тәжірибе. Жел генераторын төңкеріліп кетуден қорғаныс жоқ кезінде зерттеу» бөлімін таңдау керек.
Тәжірибе келесідей ретпен жүргізіледі:
- «Жел генераторы» моноблогындағы QF1 автоматты ажыратқышты қосу арқылы стендттің керекті элементтеріне кернеу беру;
- DeltaProfi бағдарламасының ішінен №3 зертханалық жұмыс, №1 тәжірибені таңдап, DeltaProfi бағдарламасымен көрсеткіштерді түсіру процесін қосу. Ол үшін бағдарламаның мәзірінде (F5) «Старт» батырмасын басу керек;
- «Энергетикалық қондырғының үлгісі» моноблогының SB1 «Пуск» батырмасын басу арқылы асинхронды генераторды желімен параллель қосу керек;
- жиілік түрлендіргіштерінің жұмысына рұқсат сигналын беру керек («Жел генераторы» моноблогының SA1 ауыстырғышы);



- «Жел генераторы» моноблогының RP1 потенциометрі арқылы жылдамдық беру сигналын ақырын жоғарылата отырып генератордың сипаттамасының қозғалтқыштық тармағын алып генераторлық жұмыс режиміне өту керек. Бұл режимде жел жылдамдығын көбейтіп, нәтижелерін 2.6 кестесіне толтыру керек;
- асинхронды генератордың төңкеріліп кету нүктесіне жетіп оны 2.6 кестесіне жазу керек;
- тәжірибені аяқтағаннан кейін жылдамдық беру потенциометрін сағат тіліне қарсы бағытта соңына дейін бұрып қою керек, жиілік түрлендіргіштерінің жұмыс істеуіне рұқсат сигналын алып тастап, «Энергетикалық қондырғының үлгісі» моноблогындағы SB2 «Стоп» батырмасын басу арқылы жел генераторын тоқтату керек;
- тәжірибені аяқтаған соң DeltaProfi бағдарламасының мәзірінде (F6) «Стоп» батырмасын басу арқылы нәтижелерді жинақтау процесін тоқтатып, « 3 Жұмыс. 2 Тәжірибе. Жел генераторын төңкеріліп кетуден қорғанысы бар кезінде зерттеу» бөлімін таңдау керек. Бұл жағдайда генератордың төңкеріліп кеткен жағдайдағы автоматты ажырату жүйесі іске қосылады;
- DeltaProfi бағдарламасының (F5) «Пуск» батырмасын басу арқылы нәтижелерді жинақтау процесін қосып, тәжірибені қайталау керек. Жел генераторы төңкеріліп кеткен жағдайда электромагнитті контактор генераторды электр желісінен ажыратып тастайды.
Тәжірибені аяқтағаннан кейін жылдамдық беру потенциометрін сағат тіліне қарсы бағытта соңына дейін бұрып қою керек, жиілік түрлендіргіштерінің жұмыс істеуіне рұқсат сигналын алып тастап, «Энергетикалық қондырғының үлгісі» моноблогындағы SB2 «Стоп» батырмасын басу арқылы жел генераторын тоқтатып, «Жел генераторы» моноблогының QF1 автоматты ажыратқышын ажырату керек.



2 м/с

4 м/с

6 м/с

8 м/с

n

1500

1629

1772

1930



157,08

170,58

185,56

202,1



217

220

221,5

222



0,21

0,23

0,28

0,33



56,76

54

72

51,52



136,71

151,8

219,78

219,78



1,836

1,9704

1,8947

2,46



1,99

1,8712

2,20

1,8732



1,245

1,0672

1,1609

0,69


V = 2 м/с Uc = 217 Pc =57,76


Vr =1500 айн /мин Ic=0,21 A
Rc= 1033,3
Асинхронды жел генераторының айналу жиілігі, 1/с:
𝜔Г = 2 ∙ 𝑛 · 𝑛г/ 60=157,08
Асинхронды жел генераторындағы электрлік шығындар,Вт:
∆𝑃𝑐 = 3 ∙ 𝐼𝐶2 ∙ 𝑟𝐶= 136,71
Қозғалтқыштық режимдегі генератор білігіндегі қуат, Вт:
Рв = 3 Рс+ΔРс+ΔРмех=312,6
Генератор білігіндегі момент, Н·м:
𝑀𝐵 = PB /ωB =1,99
Қозғалтқыштық режимдегі жел генераторының пайдалы әсер коэффициенті:
𝜂 = 3PС /РВ=1,836
Жел генераторының қуатының коэффициенті:
с𝑜𝑠(𝜑) = 3PC/3UCIC=1,0672
V = 4 м/с Uc = 220 Pc =54


Vr =1629 айн /мин Ic=0,23 A
Rc= 956,5
Асинхронды жел генераторының айналу жиілігі, 1/с:
𝜔Г = 2 ∙ 𝑛 · 𝑛г/ 60=170,58
Асинхронды жел генераторындағы электрлік шығындар,Вт:
∆𝑃𝑐 = 3 ∙ 𝐼𝐶2 ∙ 𝑟𝐶= 151,8
Қозғалтқыштық режимдегі генератор білігіндегі қуат, Вт:
Рв = 3 Рс+ΔРс+ΔРмех=319,2
Генератор білігіндегі момент, Н·м:
𝑀𝐵 = PB /ωB =1,87
Қозғалтқыштық режимдегі жел генераторының пайдалы әсер коэффициенті:
𝜂 = 3PС /РВ=1,97
Жел генераторының қуатының коэффициенті:
с𝑜𝑠(𝜑) = 3PC/3UCIC=1,0683


V = 6 м/с Uc = 221 Pc =72


Vr =1772 айн /мин Ic=0,28 A
Rc= 791,07
Асинхронды жел генераторының айналу жиілігі, 1/с:
𝜔Г = 2 ∙ 𝑛 · 𝑛г/ 60=185,56
Асинхронды жел генераторындағы электрлік шығындар,Вт:
∆𝑃𝑐 = 3 ∙ 𝐼𝐶2 ∙ 𝑟𝐶= 186,06
Қозғалтқыштық режимдегі генератор білігіндегі қуат, Вт:
Рв = 3 Рс+ΔРс+ΔРмех=409
Генератор білігіндегі момент, Н·м:
𝑀𝐵 = PB /ωB =2,20
Қозғалтқыштық режимдегі жел генераторының пайдалы әсер коэффициенті:
𝜂 = 3PС /РВ=1,8947
Жел генераторының қуатының коэффициенті:
с𝑜𝑠(𝜑) = 3PC/3UCIC=1,1609


V = 8 м/с Uc = 222 Pc =51,52


Vr =1930 айн /мин Ic=0,33 A
Rc= 672,72
Асинхронды жел генераторының айналу жиілігі, 1/с:
𝜔Г = 2 ∙ 𝑛 · 𝑛г/ 60=202,1
Асинхронды жел генераторындағы электрлік шығындар,Вт:
∆𝑃𝑐 = 3 ∙ 𝐼𝐶2 ∙ 𝑟𝐶= 219,78
Қозғалтқыштық режимдегі генератор білігіндегі қуат, Вт:
Рв = 3 Рс+ΔРс+ΔРмех=378,6
Генератор білігіндегі момент, Н·м:
𝑀𝐵 = PB /ωB =1,8732
Қозғалтқыштық режимдегі жел генераторының пайдалы әсер коэффициенті:
𝜂 = 3PС /РВ=2,4634
Жел генераторының қуатының коэффициенті:
с𝑜𝑠(𝜑) = 3PC/3UCIC=0,69

Пәктің жел жылдамдығына қатынасы

Қуат коэффицентінің жылдамдыққа қатынасы



Қорытынды
Жел генераторының электр желісімен параллельді жұмысы кезіндегі сипаттамаларын алып,формулалар арқылы оның айналу жиілігін моментін,қондырғының пайдалы әсер коэффициентін және қуат коэффициентін есептедік.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет