Қазақстан Республикасының білім және ғылым миннистрлігі



бет4/92
Дата06.02.2022
өлшемі2,34 Mb.
#39818
түріПрактикум
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   92
1.2.1 Тіл функциялары
Жоғарыда тілдің функциясын қарастырдық, бұл бөлімде осы мәселені лингвокультурологиялық тұрғыдан қарастыралық, себебі еңбегімізде түрлі мәдениет, соның ішінде неміс және қазақ мәдениетін иеленушілер арасындағы қатынас үрдісін қарастыру жобаланып отыр.
Неміс тіл маманы К. Бюлердің пікірінше, адамның психикалық қабілеттері – ойлау, сезіну және еркін білдіру тілдің үш функциясын-коммуникативтік (хабарлау) функциясын, қабылдау функциясын және үндеу функциясын тудырған. Бұл функцияларға айтылымның үш типі- баяндау, лепті және сезімді оятушы сәйкес келеді. [12, б.65-66].
Е.М. Верещагин мен В.Г. Костомаров төмендегі функцияларды бөліп қарайды:
Коммуникативтік функция – тілдің қатынас құралы болу үлесі.
Лингвистика тарихында коммуникативтік функцияның екінші қатарға ысырылған кездері де болған. Мысалы, қазіргі заманғы тіл білімінің негізін қалаушы В.Гумбольдт үшін тіл «адамдардың қоғамдағы сыртқы қатынас құралы» ретінде емес, «олардың (адамдардың) рухани күшінің дамуы мен дүниетанымының қалыптасуының» аспабы, әлемді тану кұралы ретінде шыққан. Демек, Гумбольдт гносиологияны, танымды тілдің жетекші функциясы деп есептеген.
Тілдің гносиологиялық функциясы бір текті емес, кезегінде бір-бірімен байланысты болғанымен айрықшаланатын екі-дискурсивті және кумулятивті (шағын) функцияға бөлінеді. Қос функция дүниені танудың екі жоспарын көрсетеді.
Дискурсивтық (дискурсивты – қисынды) функция адамның танымдық қызметінің процессуальдық жоспарына, яғни ой мен тілге, тілдің ойға әсеріне, ой мен тілдің бірлігіне, ойдың тілге әсеріне сәйкес келеді.
Кумулятивты (жинақтаушы) функция танымның статикалық жоспарына, яғни ойлауды мүмкін ететін санаға сәйкес келеді. Кумулятивты функция – адамның қол жеткізген ақиқаты туралы ақпараттың тілдік бірліктерде жаңғыруы, тіркелуі мен сақталуы. [13, б.7].
Сөйтіп, бір жағынан тіл – қоғамдық құбылыс, әлеуметтік тұрғыдан бүкіл сөйлеушілерге, барлық этнолингвистикалық, мәдени-тілдік қауымға тән дүние туралы ақпаратты сақтаушы, екінші жағынан әркімнің игілігі болғандықтан, адам меңгерген тіл дара.



Каталог: fulltext -> buuk
buuk -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі жүсіпов нартай қуандықҰЛЫ
buuk -> Мамандыққа кіріспе «Музыкалық білім»
buuk -> МӘШҺҮР – ЖҮсіптің лингвистикалық КӨЗҚарастары оқу құралы Павлодар Кереку
buuk -> Кітаптану және кітап тарихы 050418 «Кітапханатану және библиография»
buuk -> Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
buuk -> Психотерапия технологиялары
buuk -> ДӘСТҮР – ДӘріс қазақ тілі пәнінен студенттерге арналған оқу құралы Павлодар Кереку 2010 Т. Х. Сматаев ДӘСТҮР – ДӘріс
buuk -> Ашимбетова Р. Д. Журналистің тіл мәдениеті Оқу құралы 050504 «Журналистика» мамандығының студенттеріне арналған Павлодар


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   92




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет