Қазақстан Республикасының білім және ғылым


Агрегаттың құрлысы мен мақсаттары



бет6/10
Дата08.05.2020
өлшемі0,94 Mb.
#66682
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
практика есебі

Агрегаттың құрлысы мен мақсаттары
Агрегат – пайдалану орнында бірімен –бірі өзара жалғанатын блоктер қондырғысы. Компрессорлық станцияда агрегат арнаулы фундаментке жина- лады. Агрегаттың негізгі базалық механизмі болып турбоблок есептеледі; оның контейнері екі бөлікке, аралары тығыз жабылған-двигатель бөлігі мен айдағыш бөліктен тұрады. Бұл контейнердің бөліктерінде СТДП-6300-2БУХЛ4 электродвигателі мен НЦВ-6,3 айдағышы орналасқан, сонымен қатар агрегаттың басқа да жиналатын бөліктері мен системалары осында орналасқан. Атмосфералық ауадан алынған ауаны шаңнан-тозаңнан тазалау және оны жетектегі двигателді суыту үшін беруді ауаны тазалау блогі атқарады, ол турбоблоктің двигатель бөлігінде орналасқан.

Агрегатты күтуді оңайлату үшін әрі техника қаіпсіздігін сақтау мақса тында қосымша жабдықтарды ( май құятын ыдыстар мен майагрегаттары, өртсөн-діргіш УАГЭ-8 қондырғысы, автоматтық басқару жүйесінің электр күшбергіш жабдықтары) өзінше бөлек блокте – қамтамасыз ету жүйелер блогінде орналасқан. Агрегаттағы айналыста жүрген майды суыту үшін майсуытқыш блок қолданылады, ол да қамтамасыз ету жүйелер блогінде орнатылған.

Агрегатты суық мезгілдерде жылыту үшін,агрегатты күтетін жұмысшы- ларға ремонт не күту жұмыстарын жүргізу кезінде температуралық тәртіп жасау мақсатында агрегатты жылыту және желдету жүйесі қолданылады.

Жылыту маймен жұмыс істейтін электроконвекторлармен атқарылады.

Желдету: табиғи жолменен- тесіктер арқылы, істету жолымен – ості вентиляторлар арқылы.

Маймен қамтамасыз ету блогі электродвигателдің роторының, айдағыш- тың, мультипликатор мен тісті муфтаның подшипниктерін майлайды, соны- мен қатар ол ротордың тығыздату жүйесін маймен қамтамасыз етеді.Қашқан майлар астыңғы ыдысқа жиналады.

Өрт сөндірудің автоматтық жүйесі айдағыш пен двигатель бөлімінде пайда болған өрттің ошақтарын жоюға және май бөліміндегі өрт туралы хабар береді.

Өрт сөндіретін заттардың (хладон 114В2) негізгі және резервтегі запасы УАГЭ-8 қондырғысында сақталады.

Автоматты басқару жүйесі (АСУ) агрегаттың адамның қатысуынсыз жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.

Қамтамасыз ету жүйесінің блогі (БСО) агрегаттың қосымша жабдықта- рын орналастыру үшін орнатылған. БСО жұмсақ переходник арқылы турбо- блокпен жалғанған. Барлық бөліктердің едендері жылу дауыс сақтағыш етіп жасалған.

Автоматтандыру бөлігінің мақсаты - агрегатты оператор бөлігімен элек- трлік байланыс А705-15-05С қондырғысы арқылы жалғау және оған прибор тұратын щит, электро- аппаратура, жергілікті басқару панелі және қосымша электірлі жетекті механизмдерді орнату үшін орнатылған. Бөлімде жергілікті басқару панелі орнатылған,онда:


  1. агрегатты апатты жағдайда тоқтату кнопкасы

  2. қосымша жүйенің электродвигателдерін жергілікті басқару кнопкасы

  3. агрегаттың бөлімдеріндегі жарықсөндіргіш

Майагрегаттары бөлімінің қызметі май фильтрлерін және майлау жүйе- сін орналастыру мен агрегатты тығыздау. Бөлімнің желдетілуі – табиғи түрде, щиттерде орналасқан тесіктер арқылы жүреді.

Ремонт жүргізу бөлімінің қызметі - СТДП-6300-2БУХЛ4 электродвига- телін күту және жөндеу жұмыстарын жүргізуге арналған.

Электродвигателдің роторын шығару жоғарыдағы балканың көмегімен іске асырылады.

Электротехникалық бөлімнің қызметі – электродвигателдің басқару станциясын орнату, онда басқару органы, бақылау приборлары және ретте-гіш аппаратура орналасқан.

Электротехникалық және ремонт жасау бөлімінің желдетілуі – тартылыс- ты, остік вентилятор арқылы жүргізіледі.

Айдағыштан-агрегатттан шыққан газ АВО қондырғысында суытылады да ары қарай магистралға өтеді.

КС төмендегі негізгі технологиялық процестерді орындай отырып, газды сұйық және қатты қоспалардан тазарту, суыту, тасымалданатын газдың қы- сымын арттыру - арқылы жобадағы және жоспардағы өнімділікке қол жеткізу.

Компрессорлық станцияның жабдықтарының тиімділігі ,сенімділігі, қа- уыпсіздігі және үнемділігі әруақытта немесе белгілі уақытта жабдықтардың техникалық жағдайын көзбен көріп-отыру немесе бақылау-өлшеу аспаптары арқылы, не диагностика аспаптарымен қадағалау арқылы іске асырылады. Сонымен қатар, жабдықтар мен барлық бөліктерді жарамды жағдайда ұстау, технологиялық қондырғылардың пайдалы режимде жұмыс істеуін қамтама- сыз ету,бұзылған жабдықтарды уақтылы жөндеп отыру, не моралды ескірген- дерін ауыстыру арқылы іске асырылады.

Компрессорлық станцияның жабдықтарының технологиялық тұрақты белгіленген сандары болу керек,олар өшпейтін боумен немесе басқалай жол- мен белгіленуі керек.

Станцияда жұмыс істейтін жұмысшылар,қызметкерлер, өндірістік инстукцияларға сәйкес жұмыс алаңындағы газдың,судың,ауаның,майдың суытқыш сұйықтардың және басқа заттардың құрамын, исін, түр-түсін анықтап отыруы керек.

Жұмысшылар мен қызметкерлердің негізгі міндеті ;


  • жабдықтарды дұрыс пайдалана отырып , газды тазалаудың, сығымдаудың, суытудың технологиялық процестерін дұрыс,әрі үздіксіз жүргізу.

  • КС системасындағы барлық жабдықтардың тиімділігін, сенімділігін, қауыпсіздігі

мен үнемділігін қамтамасыз ету

  • өндірістік құрлыстар мен үйлерді жарамды жағдайда сақтай білу

  • сығылатын газдың берілген тәртібін сақтай білу

  • адамдарды, қоршаған ортаны өндірістің зиянды,қауіпті факторларынан сақтау

Өндірістік объектілерді,жабдықтарды,құрлыстар мен үйлерді пайдалана- тын қызметтер:



  • газокомпрессорлық - компрессор цехындағы технологиялық жабдықтар,құрлыстар

  • энергосужабдықтау – КС-тағы электр қондырғылары, су мен жылу,канализация системасы

  • КИПиА – КС-тағы негізгі және көмекші жабдықтарды автомттандыру

Пайдалану қызметтерінің өндірістік тапсырыстары, жетекшілердің құ- қықтары мен міндеттері, арнаулы өндірістік инструкциялармен қаралған,әрі өндірістік бірлестіктерде бекітілген.

Компрессор цехының жабдықтары мен қондырғыларын пайдалану - өндірістік инструкциялар негізінде жүргізіледі, олар; жабдықтарды жасаған заводтың инструкциясы, магистралды газороводтарды қауыпсіз пайдалану инструкциясы(ПБЭ,МГ) және басқа нормативті документтер.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет