Ќазаќстан Республикасыныѕ білім жјне єылым министрлігі


М .Ж. Көпейұлының діни-философиялық көзқарастары



бет14/24
Дата06.02.2022
өлшемі1,81 Mb.
#34360
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   24
М .Ж. Көпейұлының діни-философиялық көзқарастары

Н.Е. Күнімжанов


С.Торайғыров атындағы ПМУ-нің философия, әлеуметтану және саясаттану кафедрасының аға оқытушысы
Еліміз егемендік алғаннан кейін ғана ұмыт бола жаздаған дініміздің негіздерімен тарихын білуге жол ашылды. Әріне, осы дін саласы бойынша туып жатқан еңбектер тәуелсіздікке жол тартқан кезеннің жемісі.
Фәлсафа ілімін зерттеудің ілімімен тікелей байланыстығы негізінен адам баласы мәселесінен басталады:оның жаратылу рухани құндылықтары, сенім- нанымы.
Адам дүниеге келгеннен дін бірге пайда болған. Ол өшпес шындық. Ойымның жалғасы ретінде М.Ж. Бұлұтай «Ата-баба діні? Түркілер неге мұсылман болды?» кітабынан қызықты пікірлер келтірмекпін: «Дін дегеніміз тұңғыш инсан Адам Атамыздан бері қарай мәужүт нәрсе. Атақты философ Генри Бергсон: «Өткен тарихта және заманымызда ғылымды, пәнді яки фәлсафаны білмейтұғын инсан қоғамдарын кездестіруге болады. Бірақ, дінсіз ешбір қоғам болмайды.» деген. Батыстық философ Уильямс Жеймс «Біздің ойымызша адам баласы ең соңғы күнге дейін құлшылығын жалғастырмақ» деген. Эрнест Ренан: «Сүйген нәрселеріміздің, дүниедегі өміріміздің және нығметтердің бәрінің жоқ болып кетуі мүмкін». Діндарлығымыздың жоғалуы мүмкін емес дейді. /1,88/
Дін адамның өзінің жаратылысындағы құпияларын анықтайтын, ғарыш құбылыс- қозғалыстардың астарын түсіну үшін, сұрақтарға жауап іздейтін тылсым сезімнен туындайды. Демек, бүгінгі таңда дін мәселесі ерекше жандануда. Сондықтан мақалада қозғайтын тақырыбым XIX ғасырдың айғы - XX ғасырдың басында өмір сүрген. «атадан балаға» мол рухани мұра қалдырған діндар Мәшһүр Жүсіп Копеев туралы.
Мәшһур Жүсіп Копеев – негізінен діни ағартушы – басты бағыты діни таным төңірегінен өрбіп жатыр. Осы жерде сұрақ туындайды.
Мәшһур Жүсіп шығармашылығында «дін» мәселелер қандай мақсатпен айтылған еді? Осы сауалға жауап беру үшін, біріншіден, туған жері, тәлім-тәрбие алған ортасы, ұзтаздар туралы мәліметтерге сүйенуіміз керек. Екіншіден, оның танымдық, тәрбиелік негізіне арқауы не болғаны, немесе рухани ізденісінің түбі қайдан нәр алады деген сұрақтар бірінен соң туындайды. Мәшһур Жүсіп еңбегіндегі діни таным оның әрбір айтар ойына, қозғаған мәселесіне, толғамына тірек қызметін атқаратына дәлелмен айтатын болсақ, өлеңдерінен үзінді келтірейік:
. . . Адасып қалдық едік бұрынғы ізден.

Мақсутқа шын түбінде жеткізуші,


Рахымын аяғын жоқ құдай бізден /2,56/

Бұл сөзде ойламаңыз бар деп жалған,


Аузыма сөздің шынын аллам салған. /2,73/

Бісімілла- сөздің басы, хақтың аты,


Молланың ақ қағазда қалар хаты /2,83/

Қараумен көзім талды түтініне,


Жаратқан түгел құдай бүтініне /3,4/

Ұлығы патшалардың – патша Құдай,


Дүниені бір дария ғып қойған солай!
Бұ жалғанның жүзіне келіп, кеткен-
Өтпекші бұл дариядан шулай-шулай! /3,11/

Бұл қайыр бір шыққан соң қолдан кетіп,


Құдайдың хазинесіне барар жетіп.
Бір қылған құдай үшін жақсылықтың,
Сауабын бітіре алмас ешкім бітіп. /3,151/

Мәшһүр Жүсіптің діни ойшыл, фәлсафашы болуына әсер еткен құнды негіздерінің келтірейік. Мәшһүр Жүсіп жасынан аул молдасынан діни дәріс алып, хат таныған. 1870 жылы Хамеретдин хазіреттің орта медресесін бітіріп, мұсылманша орта білім алып шығады. 1872-1874 жылдары Бухарадағы «Көкілташ» медресесінде ортағасырлық араб, парсы, шағатай тілдерін еркін меңгереді. Шығыстың ойшылдарының еңбектерімен танысады.


Мәшһүр 1887, 1885, 1907 жылдары үш мәрте Түркістан, Ташкент, Бухара, Самарқанд қалаларына сапар шегіп, шығыстың мұсылмандық білімін молайтады.
Мәшһүр дүниетанымының қайнар бастаулары мен рухани нәрлері: ұлттық рухани дәстүрлер. Ұлы Дала, шығыс мәдениеттері мен мұсылмандық философиясы, орыс және Батыс Еуропа мәдениеті. Рухани әлемін қалыптастыруда әсер еткен шығыс ғұламалары: Фирдоуси, Саади, Хафиз, Низами, Руми, Аттара, Омар Хаям, Жами, Науаи, Йассауи т.б. Ұлы дала жерінің даналары да ерекше ықпалын тигізген еді: Асан Қайғы, Сыпыра Жырау, Қазтуған, Досмамбет, Шалкиіз, Ақтамберді, Үмбетей, Тәтіқара т.б. Мақалада Мәшһүр Жүсіптің діни – ойшыл болуын, соған қалай келгенін, өсіп-дамуын зерттеу мақсат емес. Келтірілген ақпарат тек кіріспе ретінде, яғни рухани өсуіне, діни жолға бет алғаны жөнінде түсініктеме.
Мәшһүр Жүсіптің еңбектерінде ислам дінінің шығуы, құдайға сену, тануы, ислам тарихына қатысты пайғамбарлар мен тарихи тұлғалар жайлы деректер берілген.
Мәшһүрдің дүниетанымы мен философиясының негізгі қайнары ислам философиясы және шығармашылығының қайнар нәрі Құран-кәрім, хадис, шариат. Оның діни философиясында Алла, нәпсі, инсани-камил, ақиқат, фана, о дүние, жұмақ, тозақ, күнә, пенде, періште, ғашықтық, махаббат, әулие, шариат, сопылық т.б. ұғымдар негізгі өзекті құрайды. Мәшһүрдің діни- философиялық көзқарастарының түпкі тамыры – Алла тағала, оның расулы Мұхамед (с.ғ.с.)
Мәшһүрдің дүниенің жаратылуы,ғарыш, ислам және жер денелері, адам қалай жаратылғаны туралы ойларын «Жер мен Көк» (1894) қисасында былай баяндаған:

Екі күн-жер, екі күн көк жаратты,


Төрт күнде бір-біріне жұп жаратты.
Бір сағатта қылуға құдіреті бар,
«Пендеме ғибрат болсын!» - деп жаратты /4,113/

Ал, жаратты аспанға ай менен күн,


Әуел баста екеуін қылыпты тең.
Айдан алып Жебірейіл, күнге беріп,
Күнге күндіз жаратты, ал Айға-түн. /4,117/

Әуел басты болмағы нұрдан екен,


Нұр билеп соның бәрін тұрған екен.
-Кімнен сені жасайын? – дегенінде,
Нұр ықтияр топырақты қылған екен.

Топырақтан жаратам Адам! – дейді,


-Жебірейіл, бұйырамын саған! – дейді.
-Бар-дағы Мағриб, Машрих ортасынан,
Бір уыс топырақ алып кел маған! – дейді. /4,119/

Фәлсафашы Мәшһүр Жүсіп дүниені жаратушы, Алла тағаланың жаратылысты жұптық негізінде көрсетеді. Ұлы Абай айтқандай: «Махаббатпен жаратқан адамзатты» Мәшһүр де дастанында ерекше сүйіспеншілігімен жазған еді. Қарапайым тілімен ақын ішкі дүниесін жеткізе білген.


Мәшһүр Жүсіп Аллаға, пайғамбарымыз Мұхамедтің Алла расулы екендігіне, кәміл сенген діндар, ғұлама. Діни еңбектерінде ислам қағидаларына, борыш – парыздарына жан-жақты түсінік береді. Ол діни құндылықтарды насихаттау мақсатымен қоғамның адамшылық тұрғыдан тазаруын, иман мен рухани нұрларына қалай ие болуын уағыздайды.
Мәшһүр Жүсіп Копейұлы «Құдайым жексенбі күн жер жаратты» еңбегінде ойландыратын терең ой-толғамдар, фәлсафалық ой-түйін, рухани құндылықтар туралы деректер берілген. Кез келген діни тұрғысынан ойшылдың еңбегің оқысақ, ислам әлемі туралы білімі бір тұңшық, өте терең де және жан-жақты. Оған күмәніміз жоқ. Тіпті әлемдік дін мәселелерінде тоқтасақ та, олардан хабары жетік. Оған куә болатын діни-ғылыми шығармалары. Жоғарыда аталған еңбегінен үзінділерді дәлел айтылған ойларға дәлел болсын деген ниетіммен келтірмектін:

Құдайым жексенбі күн Жер жаратты.


Жер-суды әуел бастан бір жаратты.
Тау мен тас, ағаш пен шөп, көл мен өзен
Түріндей текеметтің түр жаратты.

Аспан – биік, жер-төмен, тау, тас-қатты,


Ат аяқты болғанда, құс қанатты.
Заһардан бал, тікеннен гүл шығарып
Жұма күні жаратты адамазатты.

Құдыретпен он сегіз мың ғалам болды,


Бәрі-қабық, маңызы адам болды.
Құдайдың құдайлықпен қылған ісі,
Жаралып алты күнде тәмам болды. /5,7/

Адам баласы ақылымен, сезімімен бір жаратушы күштің (Алланың) бар екенін білсе де, оның бұйырған нәрселері мен тыйым салған нәрселерінің кейбір жағдайларын (түсініктемелерін) не екенін біле алмайды. Оны Алла тағала тек пайғамбарлары арқылы, солардың дәнекерлігімен ғана білдірген. Адам баласына бұл дүниеде, ахиретте бақытқа ие болудың жолдарын баян еткен.


Діндар Мәшһүр Жүсіп пікірінше: «Алла тағала бізге көптеген нығыметтер (тіліктер) берген. Олар: осы дүниеде бар болып, тірі жүруіміз он екі мүшеміздің сау болуы: жеген тамағымыз, алған деміміз, жасаған өміріміздің әр қайсысы Алланың бізге берген игілігі, жақсылығы, несібесі». Аллаға жан –тәнімізбен, малымызбен құлшылық етіп, бүкіл әмірлерін орындап тыйым салған нәрселерінен тиылуымызды «ғибарат» деп атайды. Ғибарат Аллаға ғана істеледі. Ғибарат иманды қорғайды әрі нығайта түседі. Құран кәримде «Әллазина аману уағамилұссалихати» /6,6/ деген сөз алпысқа жуық қайталанады. Мағынасы: иман келтіріп түзу – ғамал істеген делінген түрде иман мен ғибарат тіркеліп отырады. Сондықтан әрбір мұсылманның осыларды айырып, нақ білуі фарыз. Осыны білуді «ғылым хал» деп атайды.
«Ақыреттің егіні» шығармасында жоғары айтылған ойларға Мәшһүр Жүсіптің ой-өрнектеріне дәлел ретінде беріледі:

Ойласаң, ақыреттің бәрі қиын,


Тірлікте ғибадат қып, хаққа сиын!
Бұл күнде жамандықтан тыйылыңыз,
Алланың көрем десең жұмақ үйін.

Шайтанмен тіршілікте боламыз дос,


Қылыңыз ғибадатты құдайға қош.
Қиындық толып жатыр алдыңызда,
Бұл күнде жүргеніңнің бәрі де бос. /7,19/

Бұл сөзім бір насихат қарындасқа,


Түп-түгел үлкен-кіші, кәрі-жасқа.
Жеткеше басың жерге ғибадат қыл,
Сұрақ жоқ айтатұғын мұнан басқа. /7,27/

Ал Мәшһүр Жүсіптің діни фәлсафасына келсек дінге насихаттау, халықты Аллаға құлшылық етуге, дін жолына түсіп оны үгіттеу, жалпы ұлттық болмыс- бітімді сақтаудың бір барысы болғаны шындық. «Қазақ жұртының осы күнгі әңгімесі» атты өлеңінде былай дейді :


Құдайдың шын нансаңдар бірлігіне,
Ерлердің күш қосындар ерлігіне.
Сарт демей, ноғай демей, қазақ демей,
Тілек қыл дін мұсылман бірлігіне. /2,63/

Ақын өлең жолдарында бірлік идеясын ортаға салады. Бұл маңызды тақырып. өйткені бірлік тұтқасы-дін. Ұлттық бірлігі болса тіршілік бар екендігі сөзсіз. Алғашқысында ұлттық бірлігі жөнінде ой қозғалса, кейінгісінде мұсылмандық бірлігі. «Бірлігі мұсылманның – ынтымағы» (2:64), - деген ұран сөздерімен іспеттес ой тастап, жай үндеу емес, тікелей іс-қимылға шақырады.


Ынтымақ, ауыз бірлік қылу үшін,


Бас қосқан мұсылманның білімдісі. /2,64/

Тауып ал, тұман түспей тұстасыңды,


Жолдас бол, сынап алып қостасыңды.
Баласы дін – мұсылман ұрандасып,
Қосыл кісі санына, қос басыңды. /2,60/

«Дін» ұғымын Мәшһүр Жүсіп халықтың рухани болмысымен, білік – танымымен сабақтас алып қарайды. Халықтың белгісі – сол елдің рухани – танымдық санасының ең жоғарғы мәдени тіректеріне саналатын тіл, дін, ділден алыстауы. Ал ер- жұрттың сол уақытта айрықша рухани күйзеліс кезеңін бастап кешіргені еш талассыз шындық.


Патшалық Ресей үкіметімен жергілікті әкімшіліктің зұлымды саясатын өз көзімен көріп, терең сезініп, Мәшһүр Жүсіп өз еңбегінде әлгіндей өзекті мәселелерді көтеру заңды құбылыс. Және ақынның оны ешбір ауыспалы мағынасыз, айтар ойын ашық мәнінде жеткізе білген. Өлеңдерінде былай жырлайды:
Көз жасы жылаулының қабыл болып,
Мұсылман баласына тиді тізгін.
Ойға алсаң жақсылықты кеңеске кір,
Жүре бер, жақсылықтан күдер үзген. /2,56/
Даярлап күнде алдыңнан қақпан-торын,
Шыңырау ғып сексен құлаш қазған орын.
Құранды қор, моланы бардай қылып,
Тырысты сөндіруге ислам нұрын. /2,61/

Жұмысы партияның қуаттанды,


Қалың жұрттың жаман ырым жорасынан.
Ақша үшін аузы ашылған жүзқараңыз,
Сөзі жоқ айтар түзу турасынан.

Қор болған біздің қазақ қолы жетпей,


Баруға басқа ұлыққа құны жетпей.
Жібермей тұншықтырып басушы бар,
Жүрген жоқ болмаса ат пен тоны жетпей. /2,57/

Бүкіл өлең бойынан біз ойшыл Копеевтің елі үшін елжіреген жүрек үлпілін сезінеміз. Халқымен бірге күңіренген, елін бостандық күнге жеткізуді аңсаған. Бұны Мәшһүрдің азаматтығы деп білеміз.


Мәшһүр ақынның көптеген өлеңдері терең фәлсәпалық толғынысқа толы.
Аузымнан қайтармаймын келген сөзді,
Сөйлесін, деп қойыпты тәңірім бізді. /1,134/

Дүниемен болып жүрмін мен екі ұдай,


Әурелік балалығым бұрынғыдай.
Қараумен өз бойыма күнімді өткіз,
Басқаға көз салдырма патша-құдай.

Бұл ақынның діни- философиясындағы, жұмбақ тіршілікті жаратушыға бірінде жалбарыну, бірінде өзіне деген сенімділік басым болғанымен адамның танымдық мүмкіндіктерінің шектеулілігін мойындау, алла еркіне мойынсұну тұжырымы тамыр тартып жатыр.


Ақын Ұлы Жаратушыға сиынып келесі үзіндіде шын ықыласыменен ризашылығын білдіреді:
Ей Алла, айналайын бергеніңе,
Ғибратпен, шын ықыласпен көргеніңе!

Ақын өлеңдеріндегі басты мақсат


«Қуаттап алып жүрсе әркім дінін,
Өткізсе ғаділдікпен ай мен күнін»
-деген арман тілекті көздейді.
Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының, аңыз дастаны «Ібіліс шайтан хиқаясы» діни-ойшылдың сопылық ілімін терең біліп сезінетінін аңғартады. Осы арада: Сопылық ілімі (жолы) дегеніміз не? – деген сауал тумақ.
Сауалға жауап берер алдында бір ойды ортаға салмақпын: Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы діни – мистик, әрі әулиелікке тірі кезінде ие болғандарының бірі. Және де өмірбаянына көз жүгіртсек, таңқалдыратын, сұрақ тудыратын кезеңдер де аз емес еді. Жоғарыда айтылған ойымды нақтылайтын мысалдар келтірейін.
Өзінің қай жылы қайтыс болатынын туралы болжам беруі. Емшілік ерекше қасиеті. Елімізде болар оқиғаларды аян ретінде жеткізуі. Өзі айтқанындай: денесі 21 жыл бұзылмай жатқаны ойландырады. Ал сопылыққа көшсек, ислам ілімінің негізгі шариғаттың ішкі жағы, жетілген мұсылман болудың жолы.
Сопылықтың бастау алар-бұлағы-құран мен хадис. Сопылықтың жалпы фәлсафалық мағынасының түп тамыры – Алламен рухани, имани тұрғыдан «қосылу», жақындасу, дидарласу. Сопылық жолында «ихсан» деген ұғым кездеседі. Намық Кемал Зейбек өзінің «Йасауи жолы» еңбегіңде «ихсан» ұғымына мынадай түсінік береді: « . . . Ихсан Алланы көріп тұрғындай құлшылық ету деген сөз. Сен оны көре алмасаң да, ол сені көріп тұр. Міне, сопылық мақсаты осы. . . Басқаша айтқанда, ихсан сопылықты білдіреді. Яғни, Алланы көріп тұрғандай құлшылық ету». /8,23/
Солай болса, сопылықтың мақсаты – ихсан, яғни адамды толық адам – «инсани камил» (толық адам-Алланың затының, сипаттары мен есімдерінің айнасы)дәрежесіне жеткізу, нәпсінің қамалынан босату, тазалау.
Мәшһүр Жүсіп, «Ібіліс шайтан қиқайсы» дастанында Ібілістің (әзәзілдің) дүниеге келуі, періштелер ханы болып сайлануы, адам баласына басын имегендіктен шайтан атанып, адамды дұрыс жолдан азғыратын, нәпсісін өзіне қаратушы шайтан жолына түскен. Ібілістің өмірі туралы баяндалады. Дастанда шайтан іс-әрекетімен адамды жаман жолға итермілейді.
Жараттың жақсы-жаман екі айыр жол,
Адамның бір жағы-оң, бір жағы –сол!
Адаспай жақсы жолдан жүрер түзу,
Кімде-кім болып жүрсе өзіңе құл! /7,11/

Қылып ең мені басшы жаман жолға,


Дүниеде себеп бол деп азған құлға,
Бермесең бұл ісіңе өзің жәрдем,
Оны мен түсіремін қалай торға? /7,12/

Джавад Нұрбахш «великий демон Иблис» атты шығармасында «Иблис как низшая душа (нафс)» мақаласында Ібіліс туралы сипаттама берілген. Аталған ғалымның еңбегінен осы мәселеге байланысты ойларына назар аударайық:


«Некоторые суфийские мастера полагали, что Иблис – это низшая душа и ее склонности. Они усматривали сущность Иблиса в том, что он обретается в человеке и не имеет отдельного бытия.
Ежедневно страсти облекаются в триста шестьдесят различных Божественных одеяний, приглашая странника сойти с пути; однако пока страсть ко греху не проявится в человеке, Сатана не может проникнуть в сердце его и внутреннее бытие.
Когда предрасположенность к страстям возрастает, Сатана использует это и лелеет ее, проецируя на сердце. Это и есть «покушение».
Таким образом, оно начинается со страсти, и это одно из наиболее подлых нападении. Поэтому на слова Иблиса, Клянусь Твоим величием, я соблазню их всех (цит.из.кор.38:82). Господь ответил: «Поистине, рабы Мои, - нет для тебя над ними власти, кроме тех из заблудившихся, кто последовал за тобой» (цит.из.кор.15:42). /9,229/
Джавад Нұрбахштың айтуынша, үш Ібіліс- жанның төмен деңгейі,-(нәпсі құмарлығы). Нәпсіқұмарлық күн сайын үш жүз алпыс, қабат киім киініп Адам өзіне билетіп, жаман жолға салады.
Нәпсі адамның ішіндегі шайтаны, яғни, оны жолдан аздыратын төменгі (қара) күш.
Бұзайын дал-дал қылып, қылып талқан,
Ерікті қыл қолымды , ашып дарқан.
Адамды тұзағыма түсіруге
Маған бер бұзылмайтын (үзілмейтін) бір мықты арқан. /7,12/

Болады кімге залал, кімге пайда,


Әр істің ықтияры бір құдайда.
Адамды тура жолдан аздыруға
Құдайдан сұрап еді күшті айла (хайла)! /7,13/

Ібіліс (шайтан) Алла тағаладан адамды торға түсірер, құшағына орап алар бір амал, айла сұрайды. Адам баласы нәпсі құмарына салынған, өз құштарлықтарының мөлшерін білмеген, нәпсісін тыя алмаған, өз еркі мен сезіміне ие бола алмаған, Алла жолынан безіп, шайтан жолына бір-ақ түскен. Құдай жолына, немесе нәпсі, шайтан жолына түсуін Адам баласы өзі таңдайды. Жақсылық пен жамандық, мейрімділік пен қатыгездік, қайырымдылық пен зұлымдық тәрізді қарама-қарсылықтардың бірін таңдауына байланысты адамның дүниедегі өміріннің рухани тазалығы мен байлығын анықтамақ.


Нәпсіні тәрбиелеу мәселесі діндар Мәшһүр Жүсіптің негізгі шығармашылығындағы тақырыптарының бірі.
Дегенмен Мәшһүр Жүсіп дін фәлсафасындағы ең маңызды мақсаттарының бірі - «толық Адам» дәрежесіне жету (көтерілу), нәпсінің шаңдарынан арылту, болмыстың сырына жету, Аллаға қауышу.
Бір іске өкінбейсін деп ойласаң,
Нәпсіннің достық айтқан алма тілін.

Жаяу қыл, нәпсінді атқа мінгізбей бақ,


Міне қалса жортқызып, желгізбей бақ.
Өзін-өзі бағуға көп әл керек,
Көз соңынан көңілді жүргізбей бақ. /2,93/

-деп нәпсіні тыюға, құмарлық ноқтасында кетпеуге шақырады. Нәпсіні тыю үшін ерік, ақыл, ар, таза жүрек, сенім, ерлік керек.


Ислам дініндегі мистикалық, тақуалық және этикалық ұғымдар адамзатқа ортақ адамгершілік (кісілік) ұғымдармен біте қабаттаса көрінеді. Мәшһүр Жүсіп діни фәлсафасында: Сарандық, екіжүзділік, өзімшілдік, мақтаншақтық, еріншектік, дүние қоңыздық, жалпы айтқанда нәпсіқұмарлық деген түсініктер таразының бір жағына қойылса, екінші жағында ішкі рухани тазалық, төзімділік, тәубашылдық, адалдық, білімділік, кісілік, әдептілік, сыпайылық, кішіпейілділік.
Мәшһүрдің түсінігі бойынша Жаратушының адамзаттық алдына қойған талабы,арнайы емтиханы, яғни таразының қай жағына Адам көңіл бөледі екен. Осы мәселе біздің заманымызда да өте күрделі. Барлық өміріміздің мақсаты, жетер шыңы, құпиясы осы емес пе ?! Егер осы мәселені ортаға салып, сіздерге осындай сұрақ қойылса, қандай жауаптар болар еді? Бұл мәңгілік сұрақтардың бірі: оны Х1Х ғ аяғы-ХХғ басында тек қана фәлсафа ақыны Мәшһүр Жүсіп қойған еді дегенінен аулақпыз. Адамзаттың ұлы ойшылдарын осындай сұрақтар өмір-бақи әрқайсысында, мазалаған еді.
Айтылған пікірлеріне жасаған түйінім: әлем соғыстарымен салыстыруға келмейтін соғыстардың ең үлкені, керек болса, ұлысы – ол адамның ішкі дүниесіндегі (өз-өзімен) соғысы.
Мәшһүр Жүсіптің пайымдауынша, адамның осы өмірдегі шеткі мұраты- толық Адам (имани ками) болуға міндеттілігі. Бүкіл Жан дүниесімен, таза жүрегімен, ізгілікті іс-әрекетімен, тән мен Жан тазалығын ұштастыра отырып, Аллаға мың ықыласпен сеніп, құлшылық еткен адам- жолына түскендердің бірі деп саналады. Мәшһүр Жүсіптің ой- толғамдарында:
Түгел Адам болуға талап қылсақ,
Шала-жарты жандардан сырың жасыр. /2,94/

Менің ойымша, Мәшһүр Жүсіптің «толық адам» - Аллаға шынайы сенім келтіріп, Алланың нұрына ие болған, оған шынайы беріліп құлшылық еткен, нәпсісін тыйған, құдайлық (махаббатқа) ғашықтыққа ұласқан, Құдай мен халыққа алдында борышын орындаған, жақсылықты мұрат тұтқан, өз-өзін тани білген жан.


Жалпы алғанда Мәшһүр дүниетанымы мен шығармашылығында діни фәлсафалық көзқарастары белгілі деңгейде көрініс тапты. Ойшыл Мәшһүр Жүсіптің рухани мұрасындағы исламдық негізі бар еңбектерінің көптігі және ислам ішіндегі мистикалық- фәлсафалық сопылық ағымының ерекше орын алуы-белгілерінің бірі. Бұны дұрыс түсінуіміз керек. Мәшһүр әлемін зерттеу, тану, іздену-болашақ парызымыз.
Фәлсафашы Мәшһүр Жүсіп шығармалары тұнып тұрған діни – фәлсафалық, тәлім-тәрбиелік, атадан балаға жеткен рухани мұра. Мақаламды өз заманының ғұламасы әулие Мәшһүр Жүсіп сөзімен аяқтағым келеді:

Ғалымға қылсаң керек жанды құрбан,


Бұл дүние соларменен түзу тұрған.
Жаратқан құдай артық ғұламаны,
Теп-теніс іші-тыныс қылып нұрдан.

Каталог: fulltext -> transactions
transactions -> Казахстан республикасының Ғылым және білім министрлігі
transactions -> Азамат Тілеуберді
transactions -> Қырықбай Аллаберген тарих және баспасөЗ Қазақ мерзімді баспасөзінде тарихтың «ақтаңдақ» мәселелерінің жазылуыбаспасөзінде тарихтың
transactions -> Екінші кітап
transactions -> МӘШҺҮР – ЖҮсіптің лингвистикалық КӨЗҚарастары оқу құралы Павлодар Кереку
transactions -> МӘШҺҮр тағылымы жинақ 2 Том
transactions -> Е. Жұматаева жоғары мектепте оқытудың біртұтас дидактикалық ЖҮйесінің теориясы монография Павлодар 2012 Кереку


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   24




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет