Қазақстан республикасының денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі



Pdf көрінісі
бет28/30
Дата13.04.2020
өлшемі6,59 Mb.
#62353
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30
Байланысты:
ЖОНКИН Травматология және ортопедия


 
бірде-бір  себепкер  болады.  Осы  мақсатпен  көпшілік  оқымыстылар 
аллотрансплантаттар қолданады. 
Ортан  жілік  басын  жамбас  шұқыршағына  толық  бағыттауға  арналған 
операцияға  әртүрлі  остеотомиялар  жатады.  Оларға  жататын  Заградничектің 
ойлап  тапқан  ұршықтардың  ортасынан    қисайта  жасалатын  остеомия.Бұл 
операциямен  ортан  жіліктіқысқартып  қана  қоймай  антеторсияны  жоюға 
болады. 
Белгілі  бір  әдіспен  теріні  кескеннен  кейін  ұршықтың  ұш  жағын  тік 
шақпымен кесіп оған жалғанатын ортаңғы және кіші бөксе бұлшықеттерімен 
бірге  жоғары  қарай  ауыстырады.  Одан  кейін  буын  қапшығын  ашып,  оны 
толығымен сылып алып тастайды. 
Одан  соң  науа  түсті  шақпының  көмегімен  жамбас  шұқыршағын 
үлкейтіп  тереңдетеді  де,  оны  шоқпар  тәрізді  аспаппен  өндейді.  Одан  кейін 
ортан жілікұршықтарының ортасынан қисайта остеомия жасалады да үстіңгі 
бөлігі  төмен  түсіріліп,  санның  басы  қайыра  қалпына  келтірілген  жамбас 
шұқыршағына кіргізіледі. 
Келесі  сәтте  кесілген  сүйекті  бір-бірімсн  өзара  сыммен  серкляж  етіп 
тігеді,  үлкен  ұршықтың  ұшын  шуруппен  орнына  бекітеді.  Операция 
біткеннен  кейін  гипспен  сылайды.  Кейде  сымның  орнына  темір  шегемен 
шегелейді. Үлкен ұршықтың басын кесіп және ұршықтардың қақ ортасынан 
сүйекті  кескенде,  бұл  жерден  өтетін сүйек  ішіндегі  қан  тамырларының  бәрі 
бүлініп,  кейінде  ортан  жілікбасының  асептикалық  шіруіне  әкеп  соғады. 
Сондықтан  көпшілік  ғалымдар  ортан  жілікті  қысқарту  үшін  және 
антеторсияны жою үшін ортан жілік ұршықтардың астыңғы жағынан кесілуі   
керектігін анықтады. 
Егер  тек  қана  антеторсияны  жою  керек  болса  ортан  жіліктіжай    ғана 
көлденең  кесу  жеткілікті  болады  (Леффлер  әдісі).  Сүйектерді  ауто-
гомотрансплантаттармен  және  Фишкиннің  шегесімен,  Сиваш  штопормен 
және темір пластинкалар арқылы винттермен жалғауға болады. 
 
 
183 сурет. Хиари әдісі 
Ковалерский Г. М., Юмашев Г. С. 2008 ж. 

265 
 
 
184 сурет. Садырбаевтың «кос-құлып әдісі» 
Ковалерский Г. М., Юмашев Г. С. 2008 ж. 
 
Ортан  жілікті  қысқартуға,  антеторсияны  жоюға  және  де  ауруларды 
медициналық  және  әлеуметтік  түрде  денсаулығын  жақсартуға  арналған 
операциялардың  бірі  К.  С.  Садырбаевтың  ойлап  тапқан  "қос  құлып"  атты 
әдісі (184 сурет). 
Бұл  әдіс  бойынша  ортан  жілікті  ұршықтардың  4-5  см  төмен  көлденең 
қақ бөлгеннен кейін, ортан жіліктің бөлінген екі жақ ұшына (үстіңгі бөлігіне 
сырт  жағынан,  астыңғы  бөлігіне  ішкі  жағынан)  трапеция  тәрізді  ойықтар 
жасалады.  Содан  кейін  жамбас  шұқыршағы  ойылып,  үлкендетіліп  қайыра 
қалпына  келтірілгеннен  кейін,  ортан  жілікбасы  осы  шұқыршаққа  кіргізіледі 
де,  ортан  жілікұштарына  жасалған  ойықтар  арқылы  бір-бірімен 
жалғастырылады.  Ойықтар  бір-біріне  толық,  тығыз  кіргізілуі  қажет.  Егерде 
ойықтар  арқылы  ортан  жілік  жалғасқан  жері  олқы  болса  екі  сүйектің 
жалғасы нашар болып, сүйектің бір-бірімен өсуі нашарлайды. 
Ортан  жілік  "қос  қүлыппен"  жалғастырғанның  арқасында  операциядан 
кейін  7-10  күннен  кейін  ортан  жіліктөменгі  жағынан  жүкпен  тартып  қойса, 
жамбас шұқыршағы мен ортан жілікбасының арасында кеңістік болады, "қос 
құлыптың"  қосылған  жерінде  өзара  тығыз  қосылғаннан  кейін  сүйектің  бір-
бірімен  өсуі  тездетіледі  және  аурудың  буын  қозғалысына,  массаж  жасауға 
мүмкіндік  туады.  Сондықтан  операцияның  нәтижесі  жас  бала  түгілі 
үлкендерде де жақсы болады. 
Келесі  операциялардың  бір  тобы  -  буынды  ашпай  жамбас  сүйекке 
жасалатын тәсілдер. Осындай операциялардың бірін 1950 жылы Австрияның 
ортопеді Хиари ойлап тапты (140 сурет). 
Оның  әдісі  бойынша  жамбас-сан  шұқыршағының  үстіңгі  жағына  буын 
қапшығы бекітілген жерден сәл жоғары тік қашаумен не сым арамен жамбас 
сүйекті  қақ  бөледі.  Содан  кейін  аяғын  сыртқа  қарай  ауыстырғанда  бөлінген 
жамбастың  төменгі  жағы  ортан  жілік  басымен  ішке  қарай  ауысады  да, 
үстіңгі бөлігі ортан жілік басына төбетіреу болып қалады. 
 

266 
 
 
185 сурет. Солтер бойынша жамбас остеотомиясы 
Ковалерский Г. М., Юмашев Г. С. 2008 ж. 
 
Бұл  операцияны  ортан  жілікбасы  жамбас  шұқыршағының  жанында 
тұрғанда  ғана  жасауға  болады.  Операциядан  кейін  аурудың  екі  аяғын 
талтайтып гипсте 2 ай ұстайды. 
1957  жылы  Канаданың  ортопеді  Солтер  басқаша  әдісті  қолдануды 
ұсынды (185 сурет). 
Бұл операция Хиари сияқты жамбас сүйекті қақ бөліп, сүйектің арасын 
ашып,  оған  жамбас  сүйектің  қанатынан  кесіп  алынған  сынаны  тығады  да, 
гипспен  2  айға  бекітіп  қояды.  Кейіннен  массаж,  ЕДШ  тағы  басқа  емдер 
жасалады. Қорыта айтатын болсақ, операциялық  қандай тәсілмен іштен туа 
болатын  ортан  жілікбасын  орнына  кіргізілмесе  де,  кейіннен  жамбас-сан 
буынының  әдеттегідей  қызметін  орнына  келтіру  өте  қиынға  соғады. 
Операция  қаншама  жақсы,  ойдағыдай  жасалса  да  кейіннен  буынның 
асқынуы мүмкін. Сондықтан іштен туа пайда болатын ұршық-сан буынының 
дисплазиясын,  ортан  жілікбасының  шығып  кеткенін  баланың  жасы  3  айға 
жеткенше анықтап, консервативтік әдіспен емдеу керек. Сонда ғана кейіннен 
буында асқынғандық болмайды. 
 
Доцент Б. Ш. Жонкинннің жамбас-сан буынының туа шығуын 
артропластикалық тәсілмен емдеу операциясы 
Бұл  операцияның  мақсаты  операциядан  кейін  (65-77%)  кездесетін  жиі 
асқыныстардың  (асептикалық  некроз,  анкилоз,  қозғалыстың  қиындауы) 
алдын-алу. 
Жамбас-сан  буынын  Смит-Петерсон  әдісімен  ашып,  ортан  жілік  басын 
жара  бетіне  шығарады.  Туа  болған  жамбас-саны  шыққан  баланың  ортан 
жілік  басындағы  анатомиялық  өзгеріске  байланысты  (ол  өзгерістер  жілік 
басының шеміршекті қабығы жұқарып, сұрғылт түсті болса- оның сыртынан 
қара  малдың  ішпердесінен  бір  қабатты  ішпердесімен  орап  ортан  жілік 
мойынынан  кисеттік,  капрондық  тігіс  салынады  да,  жамбас  шұқырын 
тереңдетіп  жілік  басына  сәйкес  арнаулы  құралдармен  ойып,  жілік  басын 
орнына  салып,  буынқаптың  созылып-керілген  бөлігін  кесіп  алып  тастап, 
буынқаптың  қалған  жерін  орнына  тігеді.  Жараға  тігіс  салып,ортан  жілік 
айдаршығынан  көлденең  сым  өткізіп  доға  кигізіп,  кокситтік  гипсті  8-10 

267 
 
күнге салады да, гипстің алдыңғы бетін балтыр сүйегінің төменгі 1/3 бөлігіне 
дейін  кесіп  алып  тастайды.  Доғадан  төмен  қарай  салмақ  баланың  жасына 
байланысты  5,  7,  8,  10  кг  іліп,  2-3-күндері  ренген  жасап  көреді.  Егер  ортан 
жілік  басымен  жаңадан  ойылған  жамбас  ойығы  арасындағы  саңылау  2-3мм 
болса,  онда балаға  отырып,  жатып,  қозғалыс  жасауға  рұқсат  беріледі,  жылу 
емдері  беріледі.  1,5  ай  өткеннен  соң  доғамен  кергішті  алып  тастап,  Балкан 
рамасы  арқылы  жамбас-сан  буынын  бүгіп  жазу  жаттығуын  4-5  ай  бойы 
жүргізеді.  Сол  уақыт  ішінде  жамбас-сан  буынын  бүгу  95-100˚,  жазу  180˚, 
сыртқа қарай керу 25-30˚ жеткенше сол емдерді жүргізу. 
Егерде  жілік  басының  шеміршегінің  жұқарып,  оның  желіну  көлемі  1,5 
см болса, онда операция кезінде ішпердесінің екі қабатымен орайды. Егерде 
жіілік  басының  шеміршегінің  ойығы  2см-ден  көп  болса  онда  оны  үш-төрт 
қабатты  қалыңдық  ішпердемен  орайды.  Әрі  қарай  емдеу  жоғарыда 
айтылғандай жүргізіледі. Бала 5 жыл бойы дәрігерлік бақылауда болады. 
 
186 сурет. Жамбас-сан буыны туа шыққанда қара малдың  
ішпердесімен артропластикалау 
 
V ТАРАУ.  ТУА БОЛҒАН МАЙМАҚ АЯҚ 
Іштен туа пайда болатын аяқ-қол ауруларының ішінде маймақ аяқ Т. С. 
Зацепинның мәліметі бойынша 35,8% кез-деседі. 
Маймақ аяқ - іштен туа пайда болатын аяқ буындарының конрактурасы 
(қатаюы). Ең басты клиникалық белгілері мынадай болады: эквинус (аяқтың 
табанға  қарай  балтыр-аяқ  буыны  арқылы  бүгілуі),  аяқтың  супинациясы 
(аяқтың  ішке  қарай  бұрылуы),  аяқтың  аддукциясы  (аяқтың  алдыңғы 
жағының ішке қарай қисаюы). 
Бұл  айтылған  өзгерістер  әртүрлі,  құбылмалы  болады.  Т.  С.  Зацепин 
маймақ аяқты екі клиникалық түрге бөледі: негізгі (типичный) - 75%, негізсіз 
(атипичный)  -  25%.  Негізгі  түрі  жеңіл  түрлі  және  жүмсақ  тінді-сіңірлі  түрі 
болып екіге бөлінеді. 
Жеңіл  түрі  аяқ  сүйектерінің  бүдырайып  шығып  тұруымен  қатар  оның 
үстіндегі  терісі  онша  жиырылымға  келмейді  (Остен-Сакен  түрі),  ал  жұмсақ 
тінді-сіңірлі  түрі  болғанда  тері  астындағы  майы  қалыңдау  болып,  терісі 
жиырылымға келеді де және сүйектер бұдырайып шығып тұрмайды. 

268 
 
Негізсіз  түріне  жататындары:  қағанақты  маймақ  аяқ,  артрогриппоздың 
салдарынан  болатын  аяқтың  түрінің  өзгеруі  және  үлкен  жіліншік  сүйегі 
түрінің өзгеруінен болатын түрлері. 
Іштен  туа  пайда  болатын  аяқ  түрінің  өзгеруінен  басқа  балтыр  сүйек 
ішке  қарай  айналады  да,  аяқ  буындарының  қозғалысы  нашарлайды.  Аяқ 
түрінің өзгеруі бала жүргеннен кейін үлғая түседі: аяқтың сыртқы  жағының 
терісі  дөрекіленіп  қатаяды.  Балтыр  еттері  семеді  және  тізе  буынының 
қисаюына әкеп соғады. 
Ауру тудыратын себептер (этиология) әртүрлі болады: 
1. Ұршықтың дүрыс өспеуі. 
2. Қағанақтың ұршықпен жабысып өсуі. 
3. Кіндік баудың аяққа оралып қысуынан. 
4. Жатыр етінің аяққа қысым жасауынан. 
5. Жатыр ішіндегі ісіктің аяққа қысым жасауынан. 
Т.  С.  Зацепин  ойы  бойынша  маймақ  аяқтың  іштен  тyа  пайда  болатын 
себебі  аяқ  сүйектері  түрінің  өзгеруі,  оның  ішіндегі  басты  себебі  асық 
сүйектің  өзгеруі,  сүйек  буындарының,  буын  қалталарының  және  сіңірлері 
мен еттердін өзгеруінен болады. 
Т.  С.  Зацепиннің  ойынша  терең  өзгеріс  алдымен  еттер  мен  сіңірлердің 
дұрыс жетілмеуінен болады. Мысалы бұлшық еті қысқарады да, жуандайды, 
бағытын  өзгертеді.  Ахилл  сіңірі  өкше  сүйектің  бұдырының  сырт  жағына 
ауысып бекітіледі. Үш қырлы бұлшық ет жуандайды да, әрі қысқарады. Осы 
айтылған себептердің бәрі ақырында аяқ түрінің өзгеруіне әкеп соғады. 
Емдеу.  Іштен  туа  пайда  болған  маймақ  аяқты  емдеу  неғұрлым  ерте 
басталса  соғүрлым  ем  шипалы  болады.  Себебі  жас  нәрестелсрдің  тіндері 
емдеуге  ыңғайлы  келеді,  әртүрлі  өзгерістерді  түзеужеңіл  болады.  Емдеу 
түрлері  консервативтік  және  хирургиялық  болып  екіге  бөлінеді. 
Консервативтік  емдеу  кіндік  жарасы  жазылысымен  басталу  қажет. 
Консервативтік ем аяқтың негізгі үш өзгерісін орнына келтіруге бағытталады: 
ол үшін түзету гимнастикасын 3-5 минут жасап, күніне 3-4 рет қайталайды да, 
аяқты жұмсақ бинтпен таңып қояды. Бұл - Финк-Эттингеннің әдісі. 
 
 
187 сурет. Туа болған маймақ аяқты емдеу: а-қолмен қалпына (табанның 
астына қарай иілуін жою), б-нәтижесін бекіту. Бинттің көмегімен  
қалпына келтіру; в –полиэтиленнен жасалған етікше 
Ковалерский Г. М., Юмашев Г. С. 2008 ж. 
 
і і і іі 
142   сурет. финк-Эттингеннің 
бинтпен таңу одісі. 

269 
 
Бинтті  таңу  әдісі:  бинттің  ұшын  аяқтыңүстіңгі  шетінсн  ішкі  жағына 
қарай салып табаннан өткізеді. Тура осындай етіп екі рет байлағаннан кейін 
балтырдың  сырт  жағынан  тізе  буынды  90°  бүгіп  ортан  жіліктің  тізе  жақ 
үстінен  өтіп  тақым  шұқыры  арқылы  өтеді  де,  қайтадан  аяқ  басына  апарып, 
жоғарыда  жасалғандай  қайталанады.  Аяқты  бинтпен  таңғаннан  кейін 
саусақтардың  түрі  не  көгермей,  не  ағармауы  керек.  Егерде  саусақтың  жаны 
кетіп, көгеретін болса, бинтті сәл бостау етіп орау қажет. Медициналық сүзгі 
бинттің  орнына  ұзындығы  2  метр,  көлденеңі  5-6  см  бомази,  не  фланелді 
жұмсақ  шүберек  қолдануға  болады.  Осы  айтылған  бинтпен  аяқты  таңуды 
дәрігер  баланың  анасына  үйретеді.  Консервативтік  бинтпен  таңып  емдеу 
маймақ  аяқтың  ең  жеңіл  түрлерін  емдеуге  бағытталған.  Маймақ  аяқтың 
орташа  және  ауыр  түрлерінде  бинтпен  таңу  әдісі  тек  дайындық  ретінде 
қолданылады  да,  2-3  жұмадан    кейін  гипспен  таңуға  тура  келеді  -  оны 
гипстен  жасалған  етікше  деп  атайды.  Т.  С.  Зацепиннің  әдісімен  этаптық  
гипсті салу тәсілі мынадай.  Науқас баланы стол  үстіне аяғын тізе буынннан 
90°-қа  дейін  бүгеді.  Бұндай  жағдайда  балтыр  бұлшық  етінің  бекітілетін 
нүктелері  жақындайды  да  маймақ  аяқтың  өзгерістерін  жөндеуге  жеңілдік 
туады.  Гипсті  аяқтың  бақайларынан  бастап  тізе  буынына  дейін  салады. 
Гипстіәрбір  7  күнде  бір  рет  айырбастап  отырады.  Гипсті  айырбастаған  
сайын аяқтың қисайғанын түзетуді күшейту  керек және гипсті көбірек ұстау 
қажет.Гипстен  жасалған  бір  етікше  үшін  үзындығы  50  см  3-4  гипстен 
жасалған  бинт  қажет  болады.  Маймақ  аяқты  қалпына  келтіріп  түзету  үшін 
10-15 рет гипспен таңып етікше жасау керек. Аяқ өз қалпына келтірілгеннен 
кейін де 3-4 айдай баланың аяғына гипстен жасалған етікше кигізіп жүргізу 
керек,  3-4  жұмадан  кейін  етікшені  айырбастап  отыру  қажет.  Уақытынан 
бұрын гипстен жасалған етікшені алып тастаса маймақ аяқ бұрынғы қалпына 
қайта  келуі  мүмкін.  Сондықтан  да  ем  біткеннен  кейін  балтыр  мен  аяқтың 
сыртынан  алмалы-салмалы  гипстен  жақтау  жасап  беру  қажет.  Бұл  үшін 
ЦИТО-ның  шығарған  полиэтиленнен  жасалған  жақтауын  да  қолдануға 
болады. 
Ем  әбден  біткеннен  кейін  балаға  заводта  жасалған  ортопедиялық  аяқ 
киім  тіктіріп  кигізу  қажет.  Ортопедиялық  аяқ  киімнен  басқа  қосымша 
бұлшықеттерге  массаж,  ванна,  ем  гимнастикасын  және  бүлшықеттеріне 
электрлік ем жасаған жөн болады. 
 
ОПЕРАТИВТІК ТӘСІЛ 
Оперативтік  тәсіл  маймақ  аяқтың  ауыр  түрлері  кездескенде,  не 
консервативтік әдіспен емге көнбеген түрлерінде қолданылады. Аурулардың 
жасына  және  маймақ  аяқтың  түрінің  өзгеруіне  қарай  операциялық  әдіс 
жұмсақ  тіндерге  немесе  сүйекке,  кей  кезде  аралас  түрде  жасалады. 
Аурулардың  жасы  2-2,5  жас  уақытында,  сүйектер  өзгермей  тұрғанда  ең 
қолайлысы  тарамыс-сіңірмен  буын  қабығына  жасалатын  операция  болып  
есептеледі.  Бұл  операцияны  Т.С.Зацепиннің  операциясы  деп  атайды  (188 
сурет). 

270 
 
 
188 сурет. Т.С. Зацепин операциясының жобасы 
Ковалерский Г. М., Юмашев Г. С. 2008 ж. 
 
Операция  наркоз  беріп  жасалады.  Бұл  операцияны  теріні  екі  жерден 
кесіп  жасайды:  сирақ-табан  буынының  ішкі  жағынан,  және  оның  артқы 
жағынан.  Ауру  шалқасынан  жатқызылады  да  аяғының  астына  валик 
қойылады. Ішкі тобықтың ортасынан вертикальді етіп теріні, одан кейін шел 
клеткасын  кеседі.  Жараның  ішінен  кәрі  жілік  бұлшықетінің  тарамысын 
тауып алады да оны Z-тәрізді етіп кеседі, келешекте ұзартады. 
Осы  еттің  астынан  саусақтарды  бүгетін  үзын  боршаның  тарамысын 
тауып  алып  ұзартады.  Одан  кейін  сирақ-табан  буынының  ішкі  сіңірін 
толығымен  кеседі.  Қосымша  тобықтың  жан-жағындағы  сіңірлерді  кеседі. 
Одан  кейін  тобық  сүйегінің  төменгі  жақ  буынын  толық  ашады.  Сіңірлерді 
кескенде  байқаулы  болу  керек,  себебі,  артерия  мен  жүйкелерді  және 
саусақтарды  бүгетін  үзын  боршаның  сіңірі  кесіліп  қалуы  мүмкін.  Осымен 
бірінші кесіктен жасалган әрекет бітеді. 
Сирақ-табан  буынының  артқы  сіңірлерін  өкше  тарамысының  ішкі 
жағынан  кеседі.  Өкше  тарамысын  (ахиллово  сухожилие)  сагиталды  бағытта 
Z-тәрізді  қылып  тіледі.  Тарамысты  үзыннан  тілгеннен  кейін  өкше  сүйектен 
ішкі  бөлігін  кесіп  алады  да,  шеткі  бөлігін  жоғарғы  жағынан  тарамыстың 
бүлшық етке ауысатын жерінен кесіп алады. 
Екі  бөлінген  өкше  тарамысының  астында  балтырдың  артқы  фасциясы 
жатады, оны да тура қақ ортасынан сирақ-табан буынының үстіңгі жағынан 
кесу  керек.  Фасцияның  астында  аяқтың  үлкен  саусағын  бүгетін  борша 
жатады, оны да тарамыс тұсынан ұзартады. 
Одан  кейін  асық-өкше  буындарының  шарбысын  кеседі.  Табанның  ішкі 
жағынан  көлденең  бағытта  табан  шандырын  кеседі.  Бұдан  аяқ  түрінің 
өзгергендері  тегісімен  орнына  келеді,  ал  асық  тарамысын  2-3  тігіспен  бір-
бірімен  жалғастырады.  Терінің  кесілген  жерлерін  тіккеннен  кейін  баланың 
аяғына толық етіп гипс салады. 
Бірінші  салынған  гипсті  3-12  күндердің  ішінде  айырбастайды  да 
жаңадан  гипс  салып  үйінс  шығарады.  Бұл  гипсте  ауру  2-3  айдай  болады, 
одан  кейін  гипс  алынып  тасталып  аяғына  массаж  жасалады,  ваннага 
салынады, ЕДШ жасайды. 
1951  жылы  В.  А.  Штурм  басқаша  операция  жасады.  Ол  операцияны 
лигоментокапсулотомия - аяқтың жалғама мен қабығын кесу деп атайды. 

271 
 
ОПЕРАЦИЯ ЖАСАУ ТӘСІЛІ 
Сирақ-табан  буынының  ішкі  жағынан  теріні  кесіп  алдыңғы  үлкен 
жіліншіктік  боршаны  Z-тәрізді  етіп  ұзартады.  Лисфранк  буыны  кесіліп 
ашылады.  Одан  кейін  сүйек  пен  ладья  тәрізді  сүйектің  арасындағы  сіңірін 
кеседі. 
Келесі  сәтте  үлкен  жіліншіктің  артқы  боршасының  сіңірін  және 
саусақтарды жалпы бүгетін боршасының сіңірін ашады да екеуін де Z-тәрізді 
ұзартады. Осы жерден асық-өкше буынының қабығы мен сіңірін кеседі және 
сүйек араларындағы сіңірлері кесіледі. 
Сирақ-табан  буынының  ішкі  жағынан  жасалған  кесіктен  қосымша 
дельта сияқты (дельтовидная связка) тарам сіңірінің үш тармағын да кеседі. 
Балтырдың  төменгі  сырт  жақ  артынан  жасалған  кесіктен  асық 
тарамысын  (ахиллово  сухожилие)  бөліп  алады  да  оны  Z-тәрізді  ұзартады, 
сирақ-табан мен асықты сүйектің астыңғы жағындагы буындардың жалғама 
дәнекерлерін  тіледі  және  де  үлкен  жіліншік  сүйегі  мен  асық  жілік 
шыбығының  арасындағы  жалғама  дәнекерді  де  кеседі.  Операциялық  жара 
жік-жігімен тігіледі де, балтырдың жоғарғы жағына дейін гипс салынып, бұл 
гипсте ауру 4-6 ай бойы жүруі керек. 
Т.  С.  Зацепин  мен  В.  А.  Штурм  операциялары  ауру  8  жасқа  толғанға 
дейін  жасалады,  себебі  аурудың  жасы  8-ден  асқаннан  кейін  оның  аяғының 
сүйектерінде үлкен өзгерістер пайда болады. Сондықтан алдыңғы аталған екі 
операция  аурудың  аяғының  толық  түзелуіне  мүмкіншілік  тудыра  алмайды. 
Ондай ауруларды түзеу үшін аяқ сүйектеріне операция жасауға тура келеді. 
Сондай операциялардың бірі аяқ сүйектерінен сүйектерді сына құсатып 
кесіп  алу  болып  есептеледі.  Бұндай  аяқтан  сына  құсатып  сүйек  кесіп  алу 
операциясы  аурулардың  сүйегі  әбден  өсіп  біткеннен  кейін  жасалу  керек, 
себебі операциядан кейін аяқ сүйектері кейін өспей қалуы мүмкін. 
Теріні  тілу  аяқтың  үстіңгі  жағынан  өтетін  саусақтар  жазғыш 
боршасының  сыртқы  жағынан  басталады  да  сыртқы  тобыққа  дейін  тілінеді. 
Тілінген  жерден  саусақтарды  жазғыш  боршасы  мен  кіші  жіліншіктің 
боршаларының  тарамысын  тауып  алып  қармақпен  тіліктің  шетіне  қарай 
тартып  ұстап  тұрады.  Тері  тілігі  бойымен  үлкен  пышақпен  жүмсақ  тіндер 
мен  сүйек  қабыршағын  сүйекке  дейін  тіледі.  Аяқтың  орта  кезінің сүйегінен 
сына  сияқты  қылып  сүйек  кесіп  алу  керек.  Сына  алғанда  артқы  тілігін 
аяқтың  денесіне  тік  етіп  алынады.  Сынаның үш  жағы  ладья  тәрізді  сүйекке 
келіп тірелуі қажет. Сүйектен сынаны кесіп алғаннан кейін аяқтың алдыңғы 
жағын  артқы  жағына  толықтай  жақын  қосқаннан  кейін  сүйектерден  тесік 
жасап  бір-бірімен  тігеді,  қосымша  сүйек  қабыршағы  да  бір-бірімен  тігіледі. 
Кіші  жіліншіктер  боршаларының  сіңірлерін  аздап  қысқартыңқырап  тігеді. 
Себебі сүйектен сына алынғаннан кейін сіңірлер үзын болып қалады. Кескен 
тері мен шел майыда бір-бірімен толық жабылып тігіледі де аяқ пен сираққа 
гипс салынады. Аяқ басының ісігі болмау үшін аяқты көтеріңкі жатқызады. 
Егерде  аяғының  ісігі  көбейіп,  бақайлары  көгергендей,  суығандай  жағдай 
болса  гипстің  алдыңгы  жағы  толығымен  кесіледі  де,  ісік  қайтқаннан  кейін 

272 
 
гипсті  айырбастап  салады.  Операциядан  кейін  бір  ай  өткеннен  соң  ауруды 
балдақпен  жүргізеді.  Екі  айдан  кейін  гипсті  алмалы-салмалы  етіп  ванна, 
массаж, ЕДШ жасайды да, аяғына ортопедиялық бәтіңке тіктіртіп кигізеді. 
Кейінгі уақытта көпшілік оқымыстылардың тәжірибесі бойынша аяқтан 
сына  сияқты  сүйек  кесіп  алғанда  табан  кішірейіп  қалатындықтан  аурудың 
жүрісінің  өзгеруіне  байланысты  тәжірибеде  орақ  тәрізді  етіп  аяқ 
сүйектерінен  сүйек  кесіп  алатын  операцияны  қолданып  жүр.  Бұл 
операцияны  біріншіpeт  Куслик  қолданған.  Сондықтан  орак  тәрізді  сүйек 
кесетін әдіс Куслик операциясы деп аталады. 
Операцияны  жасау  тәсілінде  тері  мен  шел  майын  кесу  сына  кесіп 
алғандағыдай  кесіледі  де,  сүйекті  орақ  тәрізді  кесіп  алу  үшін  науа  тісті 
шақпымен  ладья  төрізді  сүйектің  тұсынан  орақ  тәрізді  етіп  сүйекті  кесіп 
алады.  Оның  жуан  жағының  көлемі  1  см-ден  аспауы  керек.  Аяқтың  орта 
кезінен  орақ  тәрізді  сүйек  кесіліп  алынғаннан  кейін  аяқтың  артымен 
алдының  қосылатын  жері  дөңгелек  тәрізді  болып  қалады.  Осының 
арқасында аяқтың алдыңгы жағын ішке бұрылуын сыртқа қарай  бұруы  мен 
алдыңғы жағын өз кіндігімен сыртқа қарай бұруы оңайланады. Орақ тәрізді 
Куслик операциясынан кейін аяқ қысқармайды. Ал енді операциядан  кейінгі  
емделу жолы  алдында айтылғанжағдайдай болады. 
Операциядан  кейін  сүйек  кесіліп  алынған  аяқтың  сүйектерінің  бір-
бірімен өсуі шамамен 4-8 жұманың ішіндебітеді. 
Г.  А.  Зедгенидзе  (1940  ж)  А.  Л.  Дрейер  (1963  ж)  тағы  басқа  ғалымдар 
гистологиялық  зерттеу  нәтижесінде  мынандай  шешімге  келді.  Олардың 
көрсетуіне  қарағанда  топай,  ладья,  текше  тәрізді  және  табанның  басқа  да 
ұсақ  сүйектерінің  өсуі  негізінен  буын  шеміршектері  арқылы  өседі.  Соған 
қарағанда  Кусликтің  орақ  тәрізді,  сына  тәрізді  табан  сүйектеріне  жасайтын 
операцияларынан  кейін  жоғарыда  көрсетілген  сүйектерінің  өсуі  бұзылады. 
Өйткені  сүйектердің  өсу  зоналарын  толығымен  зақымдайды.  Сөйтіп  табан 
сүйектерінің  өсуі  толығымен  тоқталады  және  жүрісінің  өзгеруімен  табан 
тұрақтылығы  бұзылады.  
Туа  болған  маймақ  аяқты  операциялық  жолмен  емдеуде  көбінесе  Т.  С. 
Зацепиннің  әдісі  бойынша  толарсақ  және  табаналды  буындарының  үстінен 
тілік жасап керекті сіңірлерді Z-тәрізді ұзартып, толарсақ буыны маңындағы 
байламдарды  тіледі.  Бұл  тәсілмен  тілік  жасағанда  табаналды  сүйектерін 
түзету  қиындыққа  соғады.  Операциядан  соң  таяу  уақытта  3-4  тілік 
арасындағы  қалған  тері  жапқышы  некрозға  ұшырайды.  Сол  себептен 
операциядан кейін табан 8-10 күн бойы түзетілусіз қалдырылады. 
Бірінші реттік байламды ауыстырғанда табанды дұрыс қалыпқа шығару 
қиындыққа душар еткізеді, маймақ аяқ қайтадан пайда болады. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет