Қазақстан республикасының денсаулық сақтау министрлігі



Pdf көрінісі
бет24/96
Дата03.06.2020
өлшемі1,25 Mb.
#72226
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   96
Байланысты:
Әлиханова Мүгедектерді медициналық-әлеуметтік

Әлеуметтік  -  орта  –әлеуметтік  қолайсыз  отбасының  және  экология 
жағдайының нашарлауы. 
 
3.2.2. Тұрғындардың  қартаюы  
Республикамыздағы тұрғындардың қартаюы БҰҰ сарапшыларының ойы 
бойынша елімізде жеделдетілген қарқынды түрде жүреді. Олардың болжамы 
бойынша,  2050  жылдарында    еліміздегі  тұрғындардың  25%  65  жастан  асқан 
егде адамдар, олардың ішінде көбі әйелдер құрайды. Берілген санақ бойынша 
қазіргі  уақытта  елімізде  тұратын  2  млн  шамасындай  зейнет  жастағы 
азаматтар, тұрғындардың 11% жалпы санақты құрайды.  
Жас  аралық    мүгедектілік  құрылымының  өткізген  нәтижелері  зейнет 
жастағы тұлғалардың үлесі жалпы мүгедектік құрылымы ретінде 2014 жылы 
23,9%, 2016 
жылы  25%  дейін,  және  де  бастапқы  мүгедектілігі  анықталғанда 
(2014 жылы– 10,6%,– 2016 жылы 15,5 %) көрсетіледі.  
Бұл  егде  жас  аралығындағы  тұрғындардың  көптеген  созылмалы, 
компенсаторлық  мүмкіндіктерінің  төмендеу  аясында  өтетін  ауру  түрлерімен 
азап  шегуімен  байланысты.  Жас  тұлғаларға  қарағанда,  егделердегі  (60-74 
жастағы)  аурулардың  деңгейі  2  есеге  жоғары,  ал  қарт  жастағы  тұлғалар  (75 
жастан  жоғары)  6  есе  жоғары.  Егде  жастағы  адамдар  ауруларының 
құрылымында  жүрек  ауруларының  ишемиясы,  гипертониялық  аурулар,  қант 
диабеті, тыныс алу мүшелерінің аурулары,  қимыл-тірек аппараттар аурулары 
негізгі  орынды  алады.  Сонымен  қатар,  емделушілерде  сирек  кездесетін  бір 
ғана  ауру-  үш,  төрт  болып  үлескендер  анағұрлым  жиі  кездеседі,  ал  кейбір 
кездерде созылмалы ауруларды емдеу мен сауығуға байланысты болжамның 
нашарлауы қосымша қиындықтарды туғызады. 
60  жастан  жоғары  бір  емделушіні  алғанда  төрт-бес  түрлі  аурулары 
анықталады,  осындай  емделушілерге  әртүрлі  дәрілік  заттары  олардың 
емделуіне, оңалту мен әлеуметтік бейімделуіне сәйес қаржылық шығындары 
өседі деп есептейді. Зейнет жастағы мүгедектер санының өсуі, жас шамасына 
қарап  мүгедектердің  берілген  категорияларының  арасында  аурулардың 
объективті  өсуімен  ғана  байланысты  емес,  мүгедектерге  мемлекет  қаржысы 
арқылы  қамтамасыз  ететін,  сондай-ақ  оңалту  құралдарын  қажет  етуімен 


16
 
байланысты  (сурдо  –  тифлоқұрал,  жаялықша,  несеп  –  және  нәжіс 
қабылдағыштар, кресло – арба.) .  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   96




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет