Қазақстан республикасының денсаулық сақтау министрлігі



Pdf көрінісі
бет5/96
Дата03.06.2020
өлшемі1,25 Mb.
#72226
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   96
Байланысты:
Әлиханова Мүгедектерді медициналық-әлеуметтік

 
 
 
 


6
 
КІРІСПЕ 
 
Медициналық–әлеуметтік  сараптама  –  Қазақстан  Республикасының 
«Қазақстан  Республикасында  мүгедектерді  әлеуметтік  қорғау  туралы»  2005 
жылы 13 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы енгізілген.  
Мүгедектік  туралы  мемлекеттік  саясатының  мақсаты    мүгедектерді  жай 
ғана  әлеуметтік    қамтамасыз  ету  ғана  емес,  басқа  азаматтар  сияқты  бірдей 
жалпы адам құқығын және бостандығын  жүзеге асыру болып табылады. 
Мүгедектіктің  «мүгедектік-  ағза  қызметінің  тұрақты  өзгерісімен  бірге 
денсаулық  бұзылысы  салдарынан  адамның  тыныс-тіршілігі  шектелуінің 
дәрежесі» жаңа ұғымы енгізілді, соған сәйкес мүгедектікті анықтау еңбек ету 
қабілетінің  шектеулігіне  ғана  емес,  сонымен  қатар  аурудың,  жарақаттың 
немесе  ақаулардың  салдары  тыныс  –  тіршіліктің  шектелуіне  әкелетін  (өзіне 
өзі қызмет көрсету, орын ауыстыру, тіл табысу, бейімделу, білім алу, мінез-
құлқын  бақылау)  басқа  да  барлық  жағдайларға  байланысты  болуы  мүмкін. 
Бұлар әлеуметтік бейімделуді қиындатады және әлеуметтік қорғау мен көмек 
қажеттілігін анықтайды. Медициналық-әлеуметтік сараптама– бұл әлеуметтік 
қамтамасыз  ету  және  әлеуметтік  сақтандыру,  денсаулық  сақтау  саласының 
түйіскен  жерінде  қызмет  істейтін,  тәжірибелік  қызмет  пен  білім  жүйесінің 
аймағы деп айтуға болады. Медициналық-әлеуметтік сараптама адам өмірінің 
барлық  көріністерінің  (биологиялық,  жеке,  әлеуметтік)  көзқарасы  бойынша 
сақталған,  қалпына  келе  алатын,  орнын  толтыра  алатын  немесе  ауыстыруға 
болатын, сонымен қатар, шектеулі тыныс-тіршіліктің және ағзаның бұзылған 
қызметтері ретінде бағалануы керек.  
Мұның  барлығы  медициналық-әлеуметтік  сараптаманы  халықтың 
еңбекке  жарамдылығына  және  денсаулықтың  деңгейіне  едәуір  әсер  ететін 
факторға айналдырады, халықтың денсаулығын нығайтуға, еңбек өнімділігін 
жоғарлатуға,  өмірін  ұзартуға  және  мүгедектіктің  алдын  алуға  бағытталған 
мемлекеттік  және  қоғамдық  іс  шараларды  іске  асыруына  мүмкіндік  береді. 
Медициналық-әлеуметтік  сараптама  осы  сұрақтарды  шеше  отырып  емдеу-
алдын  алу  жұмыстарының  тиімділігіне  және  мүгедектіктің  төмендеуіне 
мүмкіндік береді. Сонымен бірге мүгедекке қатысты бірдей мүмкіншіліктерді 
құру  бойынша  оңалту  мемлекет  саясатының  негізі  болып  табылады. 
Республикада  қабылданған  мүгедектік  мәселері  бойынша  заңнамалық  және 
нормативті  –құқықтық  құжаттар  оңалтуды  күрделі  көп  аспектілі  мәселе 
ретінде  қарастырады,  онда  медициналық,  әлеуметтік  және  кәсіби  аспектілер 
бірдей өлшемде маңызды болып табылады. 
Соңғы жылдары біздің республикамызда мүгедек пен науқастарға оңалту 
көмегі  жүйесін  құруға  байланысты  біршама  өзгерістер  болды,  оңалту  үрдісі 
технологиясын  ұйымдастыру,  қалпына  келтіру  емін  және  оңалтудың 
тиімділігін бағалаудың бірыңғай тәсілі әзірленуде.  
 
Әдістемелік  құралда  еліміздегі  мүгедектер  мен  науқастардың  оңалту 
және  медициналық-әлеуметтік  сараптаманың  әдіснамалық  қағидаларын 
ұйымдастырудың негізгі ережелері түсіндіріліп баяндалған. 


7
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   96




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет