Ќазаќстан республикасыныѕ денсаулыќ саќтау министрлігі


ФДС ҥш сатылы терапиясының кестесі (Римдік сипатбелгілер ΙΙΙ



Pdf көрінісі
бет14/92
Дата07.02.2022
өлшемі1,42 Mb.
#83024
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   92
Байланысты:
Конакбаева ЖКТ каз
kztz03, kztz03, Реферат Кант ФКС 21 Дотей К, комби есеп, комби есеп
ФДС ҥш сатылы терапиясының кестесі (Римдік сипатбелгілер ΙΙΙ, 
2006) 
 
Терапия 
сатысы 
Терапияның кӛлемі және таңдауы 
 
Ι
Дәрігер мен науқастың арасындағы сенімділік, науқасқа 
ауруының 
ерекшелгіні 
түсіндіру. 
Симптомды 
медикаментозды терапия. 
ΙΙ
(1- ші түрі) 
Психотропты 
заттарды 
тағайындау 
(трициклидті 
антидепрессанттар немесе серотонинді қайта ұстау 
ингибиторларын стандартты дозады, нәтижесін 4-6аптадан 
соң бағалау). 
ΙΙ
(2-ші түрі) 
Науқастыпсихотерапевттің 
кеңесіне 
жіберу, 
кейін 
психотерапевттік әдістерді қолдануымен. 
ΙΙΙ
Жоғары дозада психотропты препараттарды психиатрдың 
бақылауымен қабылдау. 
 
СОЗЫЛМАЛЫ ГАСТРИТ 
 
Созылмалы гастрит - асқазанның секреторлы, моторлы, инкреторлы 
қызметінің және физиологиялық регенерациясының бұзылуымен, безді 
жасушаларының санының азаюымен, үдеген кезде безді эпителийдің 
атрофияланып ішектік метаплазия мен дисплазиясына айналуымен 
сипатталатын асқазанның сілемейлі қабатының созылмалы қабыну үдерісі. 
СГ- морфологиялық термин және диагноз гастробиопсия мәліметтері 
бойынша қойылуы қажет. 
Диагностикалық сипатбелгілері:
СГ біркелкі клиникалық сипаттама беруге қиын аурулар тобына 
жатады. Асқазан сӛл бӛлінуінің терең депрессиясына әкелетін асқынған 
атрофиялық гастриттің, жылдар бойы клиникалық кӛріністері білінбейді
тек кездейсоқ анықталған жағдайларда керісінше айқын субъективті 


13 
бұзылыстармен жүреді. Осыған орай, асқазанның сілемейлі қабатының 
гистологиялық кӛрінісі мен клиникалық кӛріністері арасында байланыс
болмайды.
1.
Ауырсыну немесе салмақ сезіну, тағам қабылдағаннан кейінгі кернеп 
ауырсынуы - созылмалы гастритпен ауыратын науқастардың жиі 
кездесетін шағымы. 
Фундальды гастритте (асқазан денесінің гастриті) немесе 
пангастритте ауырсыну тағам қабылдағаннан 10-20 минуттан соң пайда 
болады (ерте ауырсыну). Ол сыздап ауырсынады, ауырсыну тӛс артында 
орналасады немесе бүкіл эпигастрийге таралады. Науқастар қорытылуы 
қиын, ащы, қышқыл, күйдірілген тағамдарға жиі сезімталдығы артады. 
Ерте ауырсыну тағамның асқазанның фундальды бӛлігінің зақымдалған 
сілемей қабаты арқылы ӛткенде пайда болады. Ерте ауырсынудың пайда 
болуы асқазан бұлшықетінің спазмдық жиырылуымен де байланысты. 
Ауырсынудың жүрумен, дене қозғалысымен, жүгірумен байланысы жоқ. 
Кейде ерте және кеш ауырсынудың бірлесіп кездесуі мүмкін. 
Антральды гастритке аш қарындық, кеш (тағам қабылдағаннан 1,5-2 
сағаттан кейін) пайда болатын, тағам, антацидтер қабылдаған соң 
басылатын ауырсыну, түнгі мезгілдегі ауырсыну, қышқылмен кекіру
қыжылдау, 
іш 
қатуға 
бейімділік, 
пилородуоденальды 
аймақты 
пальпациялағандағы ауырсыну тән, бұл симптомдар дуоденальды 
синдрамға жатады. 
2.
Асқазан диспепсия синдромы: тағам қабылдағаннан кейін күшейтетін 
ауызда металл дәмінің сезінуі, жүрек айну, құсу, эпигастридегі ауырлық
тою сезімі, дискомфорт пайда болады және эпигастрий аймағында 
орналасады. Құсу эпизодты сипатта болады және тағам қабылдаудың 
бұзылысына байланысты: мезгілімен дұрыс тамақтанбау, кӛп мӛлшерде 
дәрі қолдану, шылым шегу, кофе қолдану және т.б. Кӛп мӛлшерде жиі 
құсу асқорыту мүшелерінің басқа қауіпті ауруларына күдік туғызады 
(созылмалы панкреатит, ойықжара ауруы, обыр және т.б). 
Секреторлы қызметі қалыпты немесе жоғары созылмалы гастрит 
(гиперацидизм) (жиі жас адамдарда), қыжылдау, қышқылмен кекіру, іш 
қату, ашқарындағы ауырсынумен жүреді, жалпы жағдайы ӛзгермейді. 
Секреторлы қызметі тӛмендеген немесе айқын жеткіліксіздікті СГ 
(анацидке дейін) жиі егде жастағы адамдарда кездеседі, дене салмағының 
тӛмендеуі, анемия (темір және B12 тапшылық), ауамен кекіру, жүрек айну, 
тағамдық күштемеге тӛзімділіктің тӛмендеуі сиқты кӛріністермен жүреді 
(яғни тағамды талғап жеу, еттен бас тарту). 
3. Эндоскопиялық сипатбелгілері: 

Диффузды атрофиялық пангастрит - асқазанның сілемейлі қабатының 
бозаруы, жұқаруы, кейде дақты гиперемия, жоғары жараланғыштық, 
гипотония. 

Антральды атрофиялық емес гастрит- асқазанның сілемейлі қабатының 
қызаруы және ісінуі, сілемейлі асты қабатқа қан құйылу және эрозиялар, 
қатпарлардың қалыңдауы, экссудация, антральды спазм, стаз. 


14 
4. Морфологиялық сипатбелгілері:

Диффузды атрофиялық пангастрит - асқазанның фундальды бӛлімінің 
сілемейлі қабатының атрофиясы (біріншілік), бірақ антральды бӛлігінің 
құрылысы сақталған.

Антральды атрофиялық емес пангастрит - асқазан сілемейлі қабатының 
қабыну инфильтрациясы, екіншілік атрофия (аурудың кеш сатысында 
дамиды); 
5. Рентгенологиялық сипатбелгілері: 

Диффузды атрофиялық гастрит- антральды бӛліктің сілемейлі 
қабатының рельефі тегістелген, гипотония, солбыр перистальтика 
байқалады. 

Антральды атрофиялық емес гастрит- антральды бӛліктің сілемейлі 
қабатының 
рельефі 
дӛрекі, 
қалтқының 
спазмы, 
сегменттеуші 
перистальтика, контрасты заттың ретсіз эвакуациясы.
6. Хеликобактериялы гастрит кезінде HP-ді анықтау. HP-ді анықтау үшін 
инвазивті және инвазивті емес әдістер қолданылады. «Maastricht-3, 2005» 
ұсыныстарына сәйкес ФГДС жүргізуге болмайтын жағдайда инвазивті 
емес әдісті қолданған тиімді: уреазды тынысты сынама, HP-дің 
антигендерін нәжісте анықтау немесе серорлогиялық сынама. Егер ФГДС 
жүргізілсе, HP- ді анықтау үшін экспресс уреазалық тест (биоптатта), оны 
жүргізу мүмкін болмаған жағдайда биоптатты Романовский- Гимза, 
Вартин- Старри, гематоксицилин-эозин, фуксинмен немесе толуидин 
кӛкпен бояп гисталогиялық зерттеу арқылы анықтау.
7. Париетальды ақуыздарға, гастромукопротеиндерге, H+K –ATФ-азаға 
антиденелердің анықталуы. 
8.
Асқазанның 
секреторлы жағдайын интрагастральды pH-метрия 
мәліметтері арқылы анықтау (Қосымша 4)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   92




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет