Қазақстан Республикасының Денсаулық Сақтау Министрлігі


Бронх демікпесі (БД) (бронхиалды астма)



бет6/6
Дата15.02.2022
өлшемі1,33 Mb.
#131888
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
84611 (1)
Лекция 5, Лекция № 9 ТиПФХ. каз. 2023-2024
Бронх демікпесі (БД) (бронхиалды астма) – оның негізгі патогенетикалық механизмдері қабынулармен шартталған бронхтардың гипербелсенділігі, ал негізгі клиникалық көріністері бронхтарылу салдарынан тұншығу ұстамасы (көбінесе эспираторлық мінездегі), бронх сілемейлі қабатының гиперсекрециясы мен ісінулері болып табылатын, тыныс жолдарының созылмалы ауруы. Тұншығу ұстамалары, сонымен қатар бронх демікпесіне тән жөтел, кеудедегі «бітелу» сезімі, ысқырмалы шалғайлық сырылдар, көп жағдайда түнгі немесе таңертеңгі уақыттарда пайда болады және жартылай немесе толық қайтымды (аяқ астынан немесе ем салдарынан) бронхиалдық обструкциямен бірге жүреді.
  • Демікпе жіктемесі клиникалық көріністер мен өкпе функцияларының көрсеткіштерін бірлесіп бағалауға негізделеді:
  • Этиологиясы бойынша: — атопиялық (экзогендік);
  • — атопиялық емес (эндогендік);
  • — аралас.
  • 2. Аурудың ауырлығы бойынша бөледі: I баспалдақ (жеңіл интермиттирлеуші): — күндіз симптомдардың саны аптасына 2 рет; — асқынулар арасындағы тыныс шығарудың шыңдық жылдамдығының (ТШШЖ) болмауы және қалыпты көрсеткіші, түнде симптомдардың саны айына 2 рет; — ОФВ1 немесе ПСВ — 80% норма, ПСВ көрсеткіштері 20% аз.
  • II баспалдақ (жеңіл персистирлеуші): — күндіз симптомдардың саны > аптасына 1 рет, бірақ <күніне 1 рет; — ұстамалар белсенділікті бұзады; түнгі симптомдар > айына 2 рет; — ОФВ1 немесе ПСВ. 80% норма, ПСВ көрсеткіштері 20%-30%. III баспалдақ (персистирлеуші, орташа ауырлықтағы): — симптомдар күнделікті, ұстамалар белсенділікті бұзады; — түнгі симптомдар > аптасына 1 рет; — ОФВ1 немесе ПСВ – 60- 80% норма, ПСВ көрсеткіштері > 30%. IV баспалдақ (ауыр персистирлеуші): — симптомдар үнемі, физикалық белсенділік шектелген; — түнгі симптомдар жиі; ОФВ1 немесе ПСВ < 60% норма, ПСВ көрсеткіштері > 30%.
  • Бронх ентікпесінің негізгі симптомы болып тыныс жолдарының ентігіп демалуы мен тұншығу ұстамасы болып табылады. Сонымен қатар, түшкіру мен жөтел де кездеседі.
  • Тұншығу ұстамасында қысқа дем алу мен ұзақ дем шығару, тыныс алуындағы кедергі (үстелге сүйкеліп немесе отыруы тиіс). Жеңіл жөтел кезінде аз мөлшерде қақырық болады. Ауыр кезде цианоз, кеуде маңында шаншу мен депрессия. Симптомдар көбінесе түнде, таңға жуық мазалайды. Тұншығу ұстамасы қақырықты шығарумен аяқталады.Ұстама аралығында науқаста
  • Ұстамаларды басу:
  • ингаляциялық тез əсердегі 2-агонистер (сальбутамол, фенотерол);
  • əсері тез басталатын ұзақ əсердегі 2-агонистер (сальметерол, формотерол);
  • ингаляциялық холинолитиктер (ипратропий бромиді); құрамында холинолитиктер мен 2-агонистер қосылған комбинациялы дəрі дəрмектер;
  • қысқа əсердегі метилксантиндер (аминофиллин);
  • жүйелі ГКС (преднизолон). демікпені ұзақ жүргізу үшін, ауырлық дəрежесіне байланысты баспалдақты əдіс ұсынылады.
  • Қолданылған әдебиет:
  • Интернет желісі:
  • http://medbiol.ru/medbiol/
  • Руководство по скорой медицинской помщи . Под общей редакцией профессора А.В.Тараканова «Феникс » 2004г


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет