Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңнамасы



бет40/51
Дата17.06.2018
өлшемі4,3 Mb.
#43153
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   51
бөлігінде)-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар үшiн – Қазақстан Республикасының орман, балық және аңшылық шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi органдары мен олардың аумақтық органдарының лауазымды адамдары;

2) осы Кодекстiң 138, 337, 339, 366, 367, 368, 369, 370, 371, 372, 373, 374, 377, 379, 381, 382 (бiрiншi бөлiгiнде), 387, 388-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар үшiн – орман шаруашылығы мемлекеттiк мекемелерiнiң басшылары, басшыларының орынбасарлары;

3) осы Кодекстiң 138, 337, 339, 366, 367, 368, 369, 370, 371, 372, 373, 374, 377, 379, 381, 382 (бiрiншi бөлiгiнде), 387, 388-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар үшiн – облыстық атқарушы органдардың орман және аңшылық шаруашылығы құрылымдық бөлiмшелерiнiң лауазымды адамдары;

4) осы Кодекстiң 138, 143, 337, 339, 366, 367 (үшінші бөлігінде),


368 (екінші бөлігінде), 369 (екінші бөлігінде), 370 (төртінші бөлігінде), 371, 372 (төртінші бөлігінде), 373 (екінші бөлігінде), 374 (екінші бөлігінде), 377 (екінші бөлігінде), 379, 380, 381, 382 (бірінші бөлігінде), 383 (бірінші, екінші және бесінші бөліктерінде), 384, 387, 388-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар үшiн – мемлекеттiк мекеме ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар күзет қызметiнiң басшылары, басшыларының орынбасарлары, бастықтары құқылы.
710-бап. Жердi пайдалану мен қорғауды мемлекеттiк

бақылауды жүзеге асыратын органдар


1. Жер ресурстарын басқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган мен оның аумақтық органдары осы Кодекстiң 136, 137, 138 (бірінші бөлігінде), 337, 338, 339, 340, 341, 342-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.

2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға:

1) Қазақстан Республикасының жердi пайдалану мен қорғау жөнiндегi бас мемлекеттiк инспекторы – жеке тұлғаларға айлық есептiк көрсеткiштiң жетпiс беске дейiнгi, лауазымды адамдарға, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз елуге дейiнгi, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жетi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға;

2) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктердiң жердi пайдалану мен қорғау жөнiндегi бас мемлекеттiк инспекторлары – жеке тұлғаларға айлық есептiк көрсеткiштiң алпысқа дейiнгi, лауазымды адамдарға, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз жиырмаға дейiнгi, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне –бес жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға;

3) жердi пайдалану мен қорғау жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлар – жеке тұлғаларға айлық есептiк көрсеткiштiң елуге дейiнгi, лауазымды адамдарға, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүзге дейiнгi, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне – үш жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға құқылы.
711-бап. Инвестициялар жөнiндегi уәкiлеттi орган

1. Инвестициялар жөнiндегi уәкiлеттi орган осы Кодекстiң 148-бабында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.

2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға инвестициялар жөнiндегi уәкiлеттi органның басшысы мен оның орынбасарлары құқылы.
712-бап. Геодезия және картография саласындағы мемлекеттік

бақылауды жүзеге асыратын органдар

1. Геодезия және картография саласындағы орталық уәкілетті орган мен оның аумақтық органдары осы Кодекстің 138 (екінші бөлігінде),
343-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.

2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға геодезия және картография саласындағы орталық уәкілетті органның басшысы мен оның орынбасарлары, сондай-ақ оның аумақтық органдарының басшылары мен олардың орынбасарлары құқылы.


713-бап. Монополияға қарсы орган

1. Монополияға қарсы орган осы Кодекстiң 160 (бірінші бөлігінде), 161, 162, 163, 201-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.

2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға монополияға қарсы органның басшысы мен оның орынбасарлары, сондай-ақ монополияға қарсы органның аумақтық бөлiмшелерiнiң басшылары мен олардың орынбасарлары құқылы.
714-бап. Табиғи монополиялар салаларындағы және

реттелетiн нарықтардағы басшылықты

жүзеге асыратын уәкiлеттi орган

1. Табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетiн нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын уәкiлеттi орган осы Кодекстiң 164, 165, 166, 167, 168, 250, 464 (бiрiншi бөлiгiнде)-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.

2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетiн нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын уәкiлеттi органның басшысы мен оның орынбасарлары, сондай-ақ табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетiн нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын уәкiлеттi органның аумақтық органдарының басшылары мен олардың орынбасарлары құқылы.
715-бап. Техникалық реттеу және өлшем бiрлiгiн

қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттiк

бақылауды жүзеге асыратын органдар
1. Техникалық реттеу және өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын органдар осы Кодекстiң 193 (бірінші бөлігінде), 203, 415 (бiрiншi бөлiгiнде),
417 (екінші, үшінші, төртінші және бесінші бөліктерінде), 418,
419 (бiрiншi бөлiгiнде), 464 (бiрiншi бөлiгiнде), 638 (бiрiншi
бөлiгiнде)-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.

2. Әкiмшiлiк жазаларды Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бақылау және қадағалау жөнiндегi Бас мемлекеттiк инспекторы мен оның орынбасарлары, сондай-ақ облыстар мен қалалардың мемлекеттiк бақылау және қадағалау жөнiндегi бас мемлекеттiк инспекторлары мен олардың орынбасарлары қолдануға құқылы.


716-бап. Ауыл шаруашылығы техникасын тiркеу жөнiндегi

уәкiлеттi орган


1. Ауыл шаруашылығы техникасын тiркеу жөнiндегi уәкiлеттi орган осы Кодекстiң 590 (бiрiншi, екiншi бөлiктерiнде) (тракторлардың, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиорациялық және
жол-құрылыс машиналарының жүргiзушiлерi жасаған құқық бұзушылықтар бөлiгiнде), ауыл шаруашылығы техникасын, тракторларды, өзге де өздiгiнен жүретiн машиналар мен жабдықты тiркеу жөнiндегi қадағалаушы уәкiлеттi органдарға қатысты бөлiгiнде 612, 617, 619, 627-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Ауыл шаруашылығы техникасын тiркеу жөнiндегi уәкiлеттi органның атынан әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға ауыл шаруашылығы техникасын тiркеу жөнiндегi аудандық және облыстық уәкiлеттi органдардың
инженер-инспекторлары құқылы.
717-бап. Өсiмдiк шаруашылығы саласындағы

уәкiлеттi мемлекеттiк орган


1. Өсiмдiк шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган осы Кодекстiң 228 (үшінші және жетінші бөлiктерiнде) (өзара сақтандыру қоғамдарының өсiмдiк шаруашылығында жасаған құқық бұзушылықтары бөлiгiнде), 230 (екiншi бөлiгiнде) (өсiмдiк шаруашылығы өнiмiн өндiрушiлер жасаған құқық бұзушылықтар бөлiгiнде)-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.

2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға өсiмдiк шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органның басшысы мен оның орынбасарлары, аумақтық органдардың басшылары мен олардың орынбасарлары құқылы.


718-бап. Объектiлердi салу сапасына мемлекеттiк

сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауын

жүзеге асыратын органдар
1. Объектiлердi салу сапасына мемлекеттiк сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауын жүзеге асыратын органдар осы Кодекстiң 309, 312 (бiрiншi бөлiгiнде), 315, 316 (бiрiншi бөлiгiнде), 317 (бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде), 318, 321, 322, 323, 464 (бірінші бөлігінде)-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.

2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттiк құрылыс инспекторы мен оның орынбасарлары, сондай-ақ облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бас мемлекеттiк құрылыс инспекторлары құқылы.

719-бап. Мемлекеттiк статистика саласындағы уәкiлеттi орган
1. Мемлекеттiк статистика саласындағы уәкiлеттi орган осы Кодекстiң 497, 499, 500, 501, 502, 503-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.

2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға мемлекеттiк статистика саласындағы уәкiлеттi органның аумақтық органдарының басшылары мен олардың орынбасарлары құқылы.


720-бап. Салық қызметi органдары
1. Салық қызметi органдары осы Кодекстiң 91 (алтыншы, жетінші, сегізінші бөліктерінде), 92 (екінші, үшінші, төртінші бөліктерінде), 177, 179, 180, 181, 195, 205, 266, 269, 270, 271, 272, 273, 274, 275, 276, 277, 278, 279, 280, 281 (бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде), 282 (бірінші, екінші және бесінші бөліктерінде), 284, 285, 286, 287, 288, 464 (бiрiншi бөлiгiнде), 471, 472, 474-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.

2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға салық қызметi органдарының басшылары мен олардың орынбасарлары құқылы.


721-бап. Қаржы полициясы органдары
1. Қаржы полициясы органдары осы Кодекстiң 151 (бiрiншi бөлiгiнде), 152, 155, 157, 174 (бірінші, үшінші және төртінші бөліктерінде), 178, 188, 194, 196, 203, 221, 233 (бірінші бөлігінде), 239 (бірінші және екінші бөліктерінде), 240, 266, 269 (бірінші және екінші бөліктерінде), 274, 275, 284, 287 (жетінші бөлігінде), 471, 472, 473, 474, 475-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.

2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға қаржы полициясы органының басшысы мен оның орынбасарлары, облыстар бойынша, республикалық маңызы бар қаланың, Қазақстан Республикасы астанасының, өңіраралық, аудандық, қалалық, қалалардағы аудандық қаржы полициясы органдарының және қаржы полициясының арнаулы бөлiмшелерiнiң басшылары мен олардың орынбасарлары құқылы.


722-бап. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң

органдары


1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң органдары осы Кодекстiң 230 (екінші бөлігінде) (бұл бұзушылықтарды аудиторлық ұйымдар жасаған кезде), 233 (екінші бөлігінде), 234, 238, 239 (бірінші және екінші бөліктерінде), 240, 241, 247 (бірінші, екінші, үшінші, бесінші және жетінші бөліктерінде), 248, 249, 250, 267, 464 (бiрiншi бөлiгiнде (бұл бұзушылықтарды аудиторлық ұйымдар жасаған кезде)-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.

2. Осы Кодекстiң 230 (екінші бөлігінде) (бұл бұзушылықтарды аудиторлық ұйымдар жасаған кезде), 233 (екінші бөлігінде), 234, 238,


239 (бірінші және екінші бөліктерінде), 240, 241, 247 (бірінші, екінші, үшінші, бесінші және жетінші бөліктерінде), 248, 249, 250, 267,
464 (бiрiншi бөлiгiнде) (бұл бұзушылықтарды аудиторлық ұйымдар жасаған кезде)-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар үшiн әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға мемлекеттiк қаржылық бақылау және мемлекеттiк сатып алу саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органның басшысы мен оның орынбасарлары, аумақтық органдардың басшылары; уәкiлеттi мемлекеттiк органның басшысы мен оның орынбасарлары, аудиторлық қызмет саласындағы реттеудi жүзеге асыратын аумақтық органдардың басшылары құқылы.
723-бап. Iшкi бақылау жөнiндегi уәкiлеттi орган

1. Iшкi бақылау жөнiндегi уәкiлеттi орган осы Кодекстiң 207,


209-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.

2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға iшкi бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органның басшысы мен оның орынбасарлары, аумақтық бөлiмшелердiң басшылары құқылы.


724-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi осы Кодекстiң
91 (бірінші, екінші, үшінші, бесінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші және он екінші бөліктерінде), 186, 206, 208, 210, 211 (екінші, үшінші, төртінші, бесінші және алтыншы бөліктерінде), 212, 213, 215, 217, 218, 220, 222, 223, 224, 225, 226, 227, 228 (бірінші, екінші, төртінші, бесінші, алтыншы, сегізінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші, он екінші, он үшінші, он төртінші, он бесінші, он алтыншы және он жетінші бөліктерінде), 229, 230 (бірінші, үшінші және төртінші бөліктерінде), 231, 232, 239 (үшінші және төртінші бөліктерінде), 242, 243, 244,
247 (төртінші және сегізінші бөліктерінде), 252 (бірінші және үшінші бөліктерінде), 253, 254, 255, 256, 257, 258, 259, 260, 261, 262, 263, 264, 265, 286, 464 (бірінші бөлігінде), 497 (алғашқы статистикалық деректерді жинау құзыретiне кiретiн бөлiгiнде)-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.

2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы, оның орынбасарлары, аумақтық филиалдардың басшылары құқылы.

3. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнің, сондай-ақ әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалғандығы туралы хаттама жасауға құқығы бар қызметкерлерiнiң өкiлеттiктерi осы Кодекске сәйкес айқындалады.
725-бап. Қазақстан Республикасының халықты

әлеуметтiк қорғау органдары


1. Қазақстан Республикасының халықты әлеуметтiк қорғау органдары осы Кодекстiң 83 (жұмыс берушілер жасаған құқық бұзушылықтардан басқа), 84, 91 (төртінші бөлігінде), 92 (бiрiншi бөлiгiнде)-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.

2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк айыппұлдар салуға Қазақстан Республикасының халықты әлеуметтiк қорғау органдарының басшылары, олардың орынбасарлары құқылы.


726-бап. Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiк

органдары


1. Ұлттық қауiпсiздiк органдары осы Кодекстiң 192, 504-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.

2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және белгіленген әкiмшiлiк жазаларды қолдануға:

1) осы Кодекстің 504-бабы бойынша Ұлттық қауiпсiздiк комитетi департаментінің бастығы мен оның орынбасарлары, аумақтық органдарының басшылары мен олардың орынбасарлары;

2) осы Кодекстің 192-бабы бойынша Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнің ведомство басшысы мен оның бірінші орынбасары құқылы.

3. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнің Шекара қызметі осы Кодекстің 382 (бірінші бөлігінде), 383 (бірінші және екінші бөліктерінде), 393 (шекаралық кеңістікте жасалған)-баптарында,
сондай-ақ 394, 395 (бірінші бөлігінде), 396 (бірінші бөлігінде), 510,
512 (бірінші бөлігінде), 513 (бірінші бөлігінде), 514 (бірінші бөлігінде), 515, 517 (бірінші және үшінші бөліктерінде)-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.

4. Ұлттық қауiпсiздiк комитетi Шекара қызметінің атынан әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға:

1) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетi Шекара қызметiнiң басшысы мен оның орынбасарлары, арнаулы бiрлестiктердiң басшылары мен олардың орынбасарлары – ескерту жасауға не жеке тұлғаларға және лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштің жетпіске дейінгі, жеке кәсіпкерлік субъектілеріне – екі мыңға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға;

2) шекара отрядтарының бастықтары, шекаралық бақылау әскери бөлімшелерінің, теңіз әскери бөлімшелерінің командирлерi, жекелеген шекара комендатураларының коменданттары мен олардың орынбасарлары – ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға және лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштің жетпіске дейінгі, жеке кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға;

3) шекара комендатураларының коменданттары және шекаралық бақылау бөлімдерінің бастықтары мен олардың орынбасарлары – ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға айлық есептiк көрсеткiштің жиырмаға дейінгі, лауазымды адамдарға – жиырма беске дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға құқылы.
727-бап. Әскери полиция органдары

1. Әскери полиция органдары осы Кодекстің 511, 590 (бірінші, екінші, үшінші, бесінші, алтыншы, жетінші, тоғызыншы және оныншы бөліктерінде), 591, 592, 593, 594, 595, 596 (бірінші, екінші және төртінші бөліктерінде), 597, 598, 599, 600, 601, 602, 603 (үшінші бөлігінде),


606 (бірінші бөлігінде), 607 (бірінші бөлігінде), 611 (бірінші бөлігінде), 612, 613 (он екінші және он үшінші бөліктерінде), 614, 615 (бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде), 617, 619, 620, 621 (бірінші, екінші және төртінші бөліктерінде), 651-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.

2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға әскери полиция органдарының уәкілеттік берілген лауазымды адамдары құқылы.

3. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери полициясы органдарының көлік саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша құзыреті, осы баптың төртінші және бесінші бөліктерін қоспағанда, әскери қызметшілерге, жиынға шақырылған әскери мiндеттiлерге, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, Қазақстан Республикасы басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының әскери көлік құралдарын басқаратын адамдарға қолданылады.

4. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің әскери полициясы органдарының көлік саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша құзыреті Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік органдарының көлік құралдарын басқаратын қызметкерлеріне, жұмыскерлеріне және әскери қызметшілеріне қолданылады.

5. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ішкі әскерлерінің әскери полициясы органдарының көлік саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша құзыреті әскери қызметшілерге, жиынға шақырылған әскери мiндеттiлерге, сондай-ақ ішкі әскерлердің әскери көлік құралдарын басқаратын адамдарға қолданылады.

6. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, Қазақстан Республикасы басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының көлік құралдарының жүргізушілері – әскери қызметшілер, жиынға шақырылған әскери мiндеттiлер жасаған, әкімшілік жаза ретінде белгіленген тәртіппен айыппұл көзделген бұзушылықтар туралы материалдарды әскери полиция органдары кінәліларды Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, Қазақстан Республикасы басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының Тәртіптік жарғысы бойынша жауаптылыққа тарту туралы мәселені шешу үшін тиісті командирлерге (бастықтарға) береді.


728-бап. Акцизделетiн өнiм өндiрудi және олардың

айналымын мемлекеттiк бақылау жөнiндегi органдар


1. Акцизделетiн өнiм өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттiк бақылау жөнiндегi органдар осы Кодекстің 281 (бiрiншi, екінші және үшінші бөлiктерiнде), 282 (бiрiншi, екінші және бесінші бөлiктерiнде), 464 (бiрiншi бөлiгiнде)-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.

2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға акцизделетiн өнiм өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттiк бақылау жөнiндегi органның басшылары (орынбасарлары) құқылы.


729-бап. Жергiлiктi атқарушы органдар
1. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың, ауданның (республикалық, облыстық маңызы бар қаланың және астананың) жергiлiктi атқарушы органы осы Кодекстiң 75 (үшінші және төртінші бөліктерінде), 144 (екінші бөлігінде), 199 (бірінші, үшінші және төртінші бөліктерінде), 202, 204, 306 (бірінші және екінші бөліктерінде), 401 (төртінші, бесінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы және он бірінші бөліктерінде), 402 (бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде),
404 (бірінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші және сегізінші бөліктерінде), 405 (екінші бөлігінде), 452 (бірінші. екінші, бесінші, жетінші, сегізінші бөліктерінде, тоғызыншы бөліктің 1), 2),
3) тармақшаларында, оныншы бөлігінде), 454 (бiрiншi бөлiгiнде),
455 (бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде), 464 (бiрiншi
бөлiгiнде)-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.

2. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың, ауданның (республикалық, облыстық маңызы бар қаланың және астананың) әкімі мен оның орынбасарлары құқылы.

3. Осы Кодекстің 144 (екінші бөлігінде), 146, 147, 204, 386, 408 және 505-баптарында көзделген, аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің аумағында жасалған әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік жазалар қолдануға аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдері құқылы.

730-бап. Бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi орган


1. Бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi орган осы Кодекстiң 84,
409 (бірінші, екінші, үшінші, төртінші, бесінші және алтыншы бөліктерінде), 464 (бiрiншi бөлiгінде)-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.

2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi органның басшысы мен оның орынбасарлары, бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi органның аумақтық органдарының басшылары мен олардың орынбасарлары құқылы.


731-бап. Туристiк қызмет саласындағы уәкiлеттi орган

1. Туристiк қызмет саласындағы уәкiлеттi орган осы Кодекстiң


187 (бiрiншi бөлiгiнде), 230 (екінші бөлігінде) (туроператорлар және турагенттер жасаған құқық бұзушылықтар бөлігінде), 464 (бiрiншi бөлiгiнде)-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.

2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға туристiк қызмет саласындағы уәкiлеттi органның басшысы мен оның орынбасарлары құқылы.


732-бап. Ойын бизнесi саласындағы уәкiлеттi орган
1. Ойын бизнесi саласындағы уәкiлеттi орган осы Кодекстің
464-бабында (бiрiншi бөлiгiнде) көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.

2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға ойын бизнесi саласындағы уәкiлеттi органның басшысы мен оның орынбасарлары құқылы.


733-бап. Сауда қызметiн реттеу саласындағы уәкiлеттi орган
1. Сауда қызметiн реттеу саласындағы уәкiлеттi орган осы Кодекстiң 268, 464 (бірінші бөлігінде)-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.

2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға сауда қызметiн реттеу саласындағы уәкiлеттi органның басшысы не оның мiндетiн атқарушы адам құқылы.


734-бап. Биоотын өндiрiсi саласындағы уәкiлеттi орган
1. Биоотын өндiрiсi саласындағы уәкiлеттi орган осы Кодекстің
169-бабында (бiрiншi, үшiншi, алтыншы және сегiзiншi бөлiктерiнде) көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.

2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға:

1) биоотын өндiрiсi саласындағы уәкiлеттi органның басшысы мен оның орынбасарлары;

2) биоотын өндiрiсi саласындағы уәкiлеттi органның аумақтық органдарының басшылары мен оның орынбасарлары құқылы.


735-бап. Биоотын айналымы саласындағы уәкiлеттi орган
1. Биоотын айналымы саласындағы уәкiлеттi орган осы Кодекстің 169-бабында (төртінші, бесінші және тоғызыншы бөлiктерiнде) көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.

2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға:

1) биоотын айналымы саласындағы уәкiлеттi органның басшысы мен оның орынбасарлары;

2) биоотын айналымы саласындағы уәкiлеттi органның аумақтық органдарының басшылары мен оның орынбасарлары құқылы.

4-БӨЛIМ. ӘКIМШIЛIК ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ ТУРАЛЫ

IСТЕР БОЙЫНША ІС ЖҮРГIЗУ


37-тарау. НЕГIЗГI ЕРЕЖЕЛЕР
736-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы істер

бойынша іс жүргізу тәртібін айқындайтын заңнама


1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізу тәртібі осы Кодекспен айқындалады.

2. Қылмыстық немесе азаматтық iстi қарау процесiнде соттың әкiмшiлiк жазалар қолдану тәртiбi осы Кодекстiң және тиісінше Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi мен Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексiнің ережелерімен айқындалады.


Каталог: upload
upload -> Сәлім меңдібаев армысың, алтын таң! Журналист жазбалары Қостанай – 2013 ж
upload -> Тақырыбы: Ғарышты игеру (аудандық семинар)
upload -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Талғат Амангелдіұлы Мұсабаев Қазақстанның ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы. Ғарышкер, техника ғылымдарының докторы
upload -> Ғарыш әлеміне саяхат
upload -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
upload -> Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ
upload -> Ф 7 –007-02 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
upload -> 2011 жылдың 14 мамырында «Жалпы гигиена және экология», «Эпидемиология» кафедрасының ұйымдастыруымен және «Студенттік басқару ұйымының» ұйымдастыруымен Д. Е


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   51




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет