Қазақстан Республикасының ғылым және білім


Оқушының ой-өрісінің дамытудағы сыныптан тыс жұмыстарының маңызы



бет2/4
Дата07.02.2022
өлшемі51,16 Kb.
#88924
1   2   3   4
Байланысты:
Асыл.Кітапхана
Асыл.Кітапхана, Асыл.Кітапхана, Асыл.Кітапхана, Асыл.Кітапхана, Асыл.Кітапхана, әдебиет сабак жоспары, Асыл.Кітапхана
2.Оқушының ой-өрісінің дамытудағы сыныптан тыс жұмыстарының маңызы.
Мектептегі сабақтан тыс уақыттарда оқушылармен көптеген тәрбие жұмыстары жүргізіледі.Оны жүргізудегі мақсат- оқу мен тәрбие жұмысын ұштастырып, толықтыру оқушы қабілетін толығырақ ашу, ынта мен қызығушылықты оятып, белсенділігін арттыру арқылы бос уақытын дұрыс пайдалана білуге, ой-өрісін, дүние танымын , адамгершілік, ерік-жігерін қалыптастыру.
Заман алға басқан сайын оқу мен тәрбие процесі күрделену үстінде.Оқушының ойлау арқылы басқалардан ерекшеленуі үшін үнемі өзін-өзі дамыту арқылы заман талабына ілесіп отыруы керек.Яғни, білім беріп қана емес, жан-жақты ой-өрісін қалыптастырып,шапшаң ойлап, қиялын, логикасын дамыту мен лидерлік ерекшелігін қалыптастыруда сыныптан тыс жұмыстардың маңызы зор.Сыныптан тыс жұмыстар оқушылардың шығармашыл танымдық зерттеу жұмыстарымен айналысуына, дамуына мүмкіндік береді.Бұл жұмыс оқушының сабақ үстіндегі өздігінше атқаратын жұмысында басталады. Бірақ сабақ үстінде уақыт шектеулі болғандықтан, сабақтан тыс уақытта мүмкіндік мол.Олардың қатарына мұрағаттар,мұражай,кітапханалармен жұмысты жатқыза аламыз.Сыныптан тыс жұмыстар бірнеше салаларға бөлінеді. Олар үйірме, сыныптан тыс оқу, конференция,викториналар,факультатив сабақтар тағы басқа үйірме жұмыстары арқылы жүзеге асыруға болады. Сыныптан тыс жұмыстар жүргізуде әдебиет- сөз өнерімен әсемдік әлемі.Адам жанына ұшқын беріп, жалын және адамның жүрегіне адамгершілік нұрын шашатын да - әдебиет. Әр оқушы – бір жұлдыз.Ал жұлдыздың жарқырауына көмек беретін – ұстаз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет