1. Азаматтардың, оралмандардың және заңды тұлғалардың мүлікті пайдалану,
тауарларды өндіру, сату, жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету арқылы таза кіріс алуға
бағытталған, жеке меншік құқығына (жеке кәсіпкерлікке) не шаруашылық жүргізу немесе
мемлекеттік кәсіпорынды жедел басқару құқығына (мемлекеттік кәсіпкерлікке) негізделген
дербес, бастамашыл қызметі кәсіпкерлік болып табылады. Кәсіпкерлік қызмет кәсіпкер
атынан, оның тәуекел етуімен және мүліктік жауапкершілігімен жүзеге асырылады.
2. Кәсіпкерлік қызмет тек Қазақстан Республикасының заңдарымен ғана шектелуі
мүмкін.
3. Мемлекеттік органдардың жекелеген кәсіпкерлік субъектілерінің артықшылықты
жағдайын белгілейтін нормативтік құқықтық актілер қабылдауына тыйым салынады.