«Қазақстан республикасының конституциялық ҚҰҚЫҒЫ»



бет4/10
Дата27.12.2016
өлшемі2,02 Mb.
#5802
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Пысықтау сұрақтары :

1.Конституциялық құқықтық нормалар түсінігі

2.Конституциялық құқықытық институттар ұғымы

3.ҚР Конституциялық құқықтық принциптер түрлері мазмұны
Дәріс-4.АДАМ ЖӘНЕ АЗАМАТТЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘРТЕБЕСІНІҢ НЕГІЗДЕРІ

Мақсаты: Адам және азамат ҚР ның Конституциясы ең басты құдылықтары ретіндегі мемлекет және қоғамдағы орнымен олардың конституциялық кепілдеген құқытары мен міндеттері және бостандықтары, «адам», «азамат» ұғымдары қалыптастыру ерекшеліктері оларды жүзеге асырудағы мемлекетік нормативтік актілер туралы ерекшеліктерін оқытады

1.АЗАМАТТЫҚТЫҢ ЖАЛПЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ

2.ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЗАҢДАРЫ БОЙЫНША АЗАМАТТЫҚ ҰҒЫМЫ. ОНЫ АЛУ ЖӘНЕ ЖОЮ

3.АДАМ МЕН АЗАМАТТЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҚТАРЫ, БОСТАНДЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ ЖҮЙЕСІ

4.АЗАМАТ ПЕН АДАМНЫҢ ҚҰҚЫҒЫНЫҢ, БОСТАНДЫҒЫНЫҢ ЖӘНЕ МІНДЕТІНІҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

5.САЯСИ ҚҰҚЫҚТАРМЕН БОСТАНДЫҚТАР

6.АДАМ ЖӘНЕ АЗАМАТТЫҢ ҚҰҚЫҒЫ МЕН БОСТАНДЫҒЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ЖӘНЕ ҚОРҒАУ ҮШІН ҚҰРЫЛҒАН МЕМЛЕКЕТТІК ИНСТИТТУТАР

Заң ұғымы ретінде жеке тұлғаның конституциялық мәртебе құрылымына мынадай компоненттер кіреді:

1) азаматтық; 2) негізгі құқық, бостандықтар, заңды мүдделер мен міндеттер; 3) құқықтық мәртебенің кепілдіктері. Осы компоненттерді жеке-жеке қарастырайық.

1.АЗАМАТТЫҚТЫҢ ЖАЛПЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Азаматтықты әлеуметтік-саяси құбылыс ретінде қарастырған жөн, өйткені ол қазіргі заманғы мемлекеттіліктің құрылуы мен өмір сүруін білдіретін факторлардың бірі болып табылады. Егер азаматтықты адам мен мемлекеттің саяси және құқықтықбайланысы ретінде түсінсек, онда құбылыстың тұтастық сипаты туралы мәселе түсіп қалады. Азаматтық оған тән барлық сипатты белгілерімен, қырларымен тұтас әлеуметтік-саяси құбылыс ретінде өмір сүруін тоқтатады және өзіндік жекеленген құбылысқа айналады. Мұндай жағдайда біз азаматтықтың мәнін, маңызы мен рөлін, өркениетті мемлекеттің өмір сүруі жағдайында оның объективті қажеттігін анықтау мүмкіндігінен айрыламыз. Оның үстіне, азаматтық мемлекетке өз аумағы шегіндегі, сондай-ақ сыртқы қатынастардағы барлық көріністерімен қатысты болады.

Азаматтық пен азамат ұғымының арасындағы айырмашылықты көз алдымызға әкелу үшін құқық ұғымы мен құқықтық норма ұғымдарының өзара қатынасына сілтеме жасаған жөн. Құқық пен құқықтық норманы ұқсастыру ешкімнің ойына келмейді. Құқық ерекше құбылыс екені белгілі, сонымен бірге құқық норма ретінде нақ сол құбылыстың бір бөлшегі. Құқықтың жеке нормасын алып, тіпті оны жан-жақты сипаттап, талдағанның өзінде құқықты, мемлекеттің құқықтық жүйесін түсіну мүлдем мүмкін емес. Сондай-ақ, жеке азаматтың құқын сипаттап, азаматтың тұтас құбылыс ретіндегі мәнін, рөлін, маңызын түсіну мүмкін емес.

Біз көрсетілген екі құбылысты (құқық және азаматтық) азаматтықты жекелеген азамат арқылы анықтаудың нәзіктігін көрсету үшін ғана салыстырып отырғанымыз жоқ. Мұндай салыстыру, сондай-ақ азамат мәртебесі құқықпен емес, құқықтық нормалармен белгіленетінін көрсетуге мүмкіндік береді. Сонымен бірге азаматтық ретінде оның мәні, ерекшелігі құқықпен, құқықтық жүйемен белгіленген.

Азаматтықты тұтас саяси-құқықтық құбылыс ретінде қарастырған кезде ғана, тек оның демократиялық мемлекет жағдайында объективті қажеттлігін ғана емес, сондай-ақ оның мемлекеттің өзінің өмір сүруі мен дамуындағы мәнін де түсінуге болады. Азаматтық қоғамның табиғи-тарихи даму процесінің жемісі бола тұра, мемлекеттің әлеуметтік негізі болып табылады. Іс жүзінде азаматтық мемлекеттің өз тұрғындарының саяси-құқықтық көрінісі болып табылады. ОЛ мемлекет тұрғындарды тудырады және ол оның «меншігі» болып табылады деген сөз емес. Бәрінен бұрын, керісінше, тұрғындар мемлекетті құратын факторлардың бірі болып табылады. Сондықтан азаматтыққа, азаматтықтың мемлекетке ықпал ету шамасын анықтап, белгілеу үшін саяси-құқықтық маңыз беріледі. Сөз жоқ, мемлекет те азаматтыққа осылайша ықпал етеді.

Осы салада жүріп жатқан процестер түсінікті болу үшін, азаматтықтың кеңестік кезіндегі саяси-құқықтық құбылыс ретінде қалыптасу ерекшелігін жалпылап болса да көрсеткен жөн. Осы процестің елеулі ерекшеліктерінің бірі азаматтық институтына таптық көзқарас болып табылады. Азаматтық институты да барлық әлеуметтік құбылыстар сияқты идеяландырылған. Ол маркстік-лениндік ілімге негізделген және социалистік емес мемлекеттерде танылған, жалпыәлеуметтік көзқарастан түбірімен өзгеше жаңа көзқарас болды. Бұл көзқарастың мәні неде?

Азаматтық институтына таптық көзқарастың мәні мынада, халық тарихи қалыптасқан біртұтас әлеуметтік қауымдастық ретінде қай тапқа жататындығына қарай екі бөлікке: еңбекшілерге және қанаушыларға бөлінді. Азаматтық институтына мұндай көзқарас өзіндік қана емес, прогрессивті, демократиялық және ізгі, тарихи болашағы мол көзқарас деп есептелді. Кеңес мемлекеттінің азаматтық туралы заңдары нақ осындай идеялармен дамытылды. Алайда, азаматтық институты жоғарыда аталған қасиеттердің бірде-біріне ие болған жоқ. Біріншіден, азаматтықтың жартыкеш институты құрылды. Оның жартыкештігі азаматтардың екі бөлікке бөлінуінде: бір бөлігіне, яғни, еңбекшілерге, формальды түрде құқықтар мен бостандықтар дың бүкіл кешені берілді. Бұл бөлік толыққанды азаматтар деп танылды. Қайталап айтамыз, еңбекші азаматтар құқықтар мен бостандықтарды формальды түрде иеленді. Іс жүзінде еңбекші азаматтардың құқықтары мен бостандықтары елеулі дәрежеде бос қиял болды. Толық азаматтығы болмаған мемлекетте, тіпті елдің, мемлекеттің қожайындары деп жарияланғанымен, олардың толыққанды азамат болуы мүмкін емес. Бұл туралы кейін егжей-тегжейлі айтылады.

Азаматтардың екінші бөлігі елеулі дәрежеде құқықтарынан айырылды немесе құқықтары шектелді. Олар – қанаушылар деп аталатындар. Олар барлық саяси, көптеген әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен бостандықтарынан айырылды. Таңғаларлығы сол, халықтардың бұл бөлігіазаматтықтан аласталған жоқ, мемлекеттің азаматтары деп есептелді.

Азаматтық дегеніміз жәй саяси-құқықтық құбылыс емес, ол азаматтық қоғамның өз табиғатымен белгіленуі, тұтас болуы және азаматтылық сияқты биік ұғымда көрінуі тиіс. В. Дальдың анықтамасы бойынша, - «білім ұғымы мен деңгейі азаматтық қоғам құру үшін қажет».

Азаматтылық бір жағынан, ұлттық, сондай-ақ жалпы азаматтық мораль нормаларын, дағды, әдет, саяси-құқықтық міндеттерді игеруден, екінші жағынан, оларды жүзеге асыру қабілетінен көрінеді. Азаматтылық адам тек өзінің жалаң міндетін орындаған кезде ғана емес, сондай-ақ жеке басына келетін зардаптардан қорықпастан мемлекеттің, оның органдары мен лауазымды адамдардың заңсыз әрекеттеріне қарсы тұрған кезде көрініс табады. Егер тұтас мемлекет, оның жекеленген органдары мұндай қылықтарды ізгі ниетпен қабылдай алса, онда олардың өміршең, болашағы болғаны. Егер де мемлекет, оның органдары «былғанған беделін» қорғаштаса, онда оның тарихи болашағының болмағаны. Сондықтан азаматтылықтың мұндай қасиеті мемлекет пен азаматтардың арасында қалыптасатын саяси және құқықтық қатынастарда, сондай-ақ азаматтардың мемлекетке бейтарап қатынасында жүзеге асырылады.

Кеңес мемлекетінің саяси және құқықтық қатынастары (байланыстары) ішкі қарама-қайшылықта болды, сондықтан азаматтылыққа қатыстының бәріне әсер етпеуі мүмкін емес еді. Бір жағынан, КСРО-ның жартылай құқылы азаматтары өтпелі кезеңде, барлық азаматтар 1936 жылдан кейін мемлекеттің уәкілетті органдарын қалыптастыру кезінде «жоғары» саяси белсенділік көрсетті. Бұл процеске азаматтардың барлығының біртұтас ойлап, саясатын біртұтас қолдануды ерікті түрде де, еріксіз түрде күштеу жолымен де жүргізген Коммунистік партия басшылық етті. Мемлекеттің «халықтық» сипаты туралы мықты идеялық теперіш пен насихат азаматтардың маркстік (пролетарлық) саяси санасын қалыптастырды. Осы сананы өз «биігінде» қолдау үшін мемлекет азаматтардың барлығын да «нысанада» ұстады, біресе азаматтардың үлкен тобына, біресе олардың жекеленген мүшелеріне қатысты саяси террор қолданды. Осындай жағдайда азаматтар санасының қалыптасуы бұлталаң сипат алды: отанды сатып кету мен саяси оқшаулану ұштасып кетті. Бүкіл құрылым (мемлекеттік, партиялық, кәсіподақтық, комсомолдық) саяси сананың тек жағымды жақтарын ғана атап көрсетті, оны сананың негізгі және бірден-бір қасиеті деп есептеді. Саяси оқшаулау туралы айтып қана қойған жоқ, оның мүмкіндігін де қалт жібермеді.

Жоғары азаматтылықты азаматтар емес, мемлекет, оның органдары қалыптастырды. Құрылған мемлекеттік органдардың бірден-бір саяси факторы Коммунистік партия, дәлірек айтқанда, партиялық номенкулатураның партия органдарына басшылық жасаған шағын тобы болды. Бірақ, азаматтар осы құбылыстың мәнін жеке басқа табыну кезінде-ақ (Раскольниковтың Сталинге жазған атақты хатын еске алсақ та жетеді) түсіне бастағанымен не айтуға, не жазуға рұқсат етілген жоқ. Бұл туралы, жеке басқа табыну нәубеті ашылғаннан кейін тарихта болып өткен құбылыс ретінде, айтыла да, жазыла бастады. Адамдардың шағын тобының, тіпті миллиондаған азаматтарды саяси партияға біріктірсе де, өзі туып, өзі соған орныққан «тірегі» - шіріген мемлекетті ұзақ ұстап тұра алмайтынын ол санасына сіңіре алған жоқ. Ол тірек мемлекет пен партияның кінәсінен пісіп-жетілмеген азаматтылық еді. Кеңес мемлекетін фашизмнен қорғау кезінде азаматтардың жаппай көрсеткен азаматтылығын бетке ұстап, бұған қарсылық білдіретіндердің де кездесуі мүмкін. Алайда, мұндай қарсылық негізсіз. Аталған жағдайда азаматтардың жаппай ерлік көрсеткендері рас. Ол шынайы азаматтылық болды, бірақ ол мемлекетке емес, Елге, Отанға қатысты азаматтылық еді. Аталған жағдайда мемлекет үлгісінің үлкен мәнге ие болуы екіталай. Өйткені буржуазиялық мемлекеттердің де (Англия, Франция және т.б.) азаматтары сол мемлекеттерден гөрі, өз Отандарын қорғады. 1812 жылы патшалық қатал езгіге қарамастан Ресейді оның қол астындағы барлық халықтар француздардың шапқыншылығынан қорғады.



Тиісінше, мемлекет және отан - әр түрлі ұғымда, сондықтан оларға қатысты азаматтылық сезімі де әр түрлі көрініс табуы мүмкін. Егер азаматтардың көпшілігі мемлекеті азаматтық қоғамның шын мәніндегі ресми өкілі ретінде қабылдаса, онда ол отан ұғымында ұғынылады. Егер де мемлекет өзін-өзінің азаматтарына қатысты күштеу ұйымы ретінде ұстаса, онда саяси оқшаулану процесі туады және азаматтар мемлекеті отаннан дәл айырады. Кеңес мемлекетіне, КСРО-ға қатысты, оның мемлекеттік құрылу нысаны ретінде, азаматтар қайшылықты саяси көңіл күйлерін, сезімдерін, көзқарастарын білдірді. Бір жағынан, олар мемлекетті қолдайтын, оның жасампаздық, жетілдіру және басқа процестеріне белсенді қатысатын сияқты көрінеді. Ал барлық мемлекеттік: әкімшілік, басқару, өкілетті, құқық қорғау, шаруашылық, әскери және басқа органдарда тек азаматтар ғана емес, шетелдіктер де жұмыс істейді ғой. Тиісінше мемлекет тек құрылып қана қойған жоқ, сонымен бірге азаматтардың күшімен өмір сүреді де. Екінші жағынан, мынандай сұрақ туындадйды: ал азаматтар «өз» мемлекеттінің тағдырына, оның тарихи болашағына қалай қарайды? Бұл сұраққа Коммунистік партияның аталған идеологтарының теориялық жауаптары дайын болды. Социалистік мемлекет ең прогресивті, демократиялық, гуманды мемлекет болғандықтан, ол бірте-бірте өзін-өзі басқаратын коммунистік қоғамға айналып, ұзақ өмір сүреді. Коммунистік идеологтер ең басты факторды: социалистік мемлекет қоғамның табиғи-тарихи дамуы нәтижесінде емес, саяси құрылым жаңаруының объективті заңдылығынан тыс күштеу нәтижесінде пайда болғанын ескермеді. Сондықтан ол күштеу ұйымы ретінде құрылғандықтан, күштеу саясатын тұрақты жүргізді. Оның құрылуына, оның күштеу қызметіндегі сияқты, азаматтардың елеулі бөлігі қатысты. Кеңес мемлекетінің жасампаздығы мен өміршеңдігі азаматтылықтың елеулі түрдегі ізгі және прогрессивті көрінісі емес, керісінше болды. Азаматтылық – табиғатында прогрессивті құбылыс. Алайда, толыққанды азаматтылық болмағандықтан, оның сапасына (азаматтылыққа) да нұқсан келеді. Мұндай нұқсан тек мемлекет құрылымын жасақтауға ғана емес, сондай-ақ оның қызметі мен қызмет нәтижесінде де әсер етті. Өйткені күштеу, әділетсіздік мемлекеттің ресми өкілдері болып табылатын азаматтардың өздерінің, сондай-ақ жай адамдардың қатысуымен жүзеге асырылды. Егер азамат мемлекет атынан сол мемлекеттегі өз азаматтарын олардың кінәсіз екендігін біле тұра, қуғын-сүргінге ұшыратса, олрадың азаматтық ар-намысы бар еді деуге бола ма? Тіпті, олар алдау-арбаудың жетегінде кеткеннің өзінде олардың объективті түрдегі азаматтылық сезімі болған жоқ. Егер азаматтардың көпшілігі тұтастай халықтарға (чешендерге, ингуштарға, корейлерге, курдтарға, Қазақстанға күштеп көшірілген тағы басқаларына) көрсетілген күштеу саясатына қарсылық көрсете алмаған жағдайда болса, демек, олардың бойында азаматтылықтың толық қалыптасып болмағандығы.

Кеңес мемлекеті қазақ халқының да елеулі бөлігінің азаматтылық сезімін қалыптастыра алмады. Өкінішке орай, қазақ халқы толық мәніндегі біртұтас ұлттық психологиясы бар ұлтқа айналған жоқ. Қазақ халқының рулық қатынастар белгісі ретінде, жүздерге бөлінуі қазақтардың саяси санасына елеулі түрде әсер етті және мемлекеттік органдарды қалыптастыру және оларды жұмыс істеттіру процесінде көрініс тапты. Әрине, бұл прогреске қарсы және жағымсыз әсер еді, сондықтан ұлттық азаматтылыққа қызмет ете алмады. Кадрларды мемлекеттік қызметке тиісті қызметтерді ойдағыдай орындауға қажетті объективті және субъективті қабілеттеріне қарап емес, рулық белгілері бойынша өсіру мемлекетті, оның органдарын нығайтпайды, ыдыратады. Мұндай жағдайда мемлекеттік органдар қызметін жалпы ұлттық мүддені басшылыққа алып емес, шағын топ адамдарының мүддесін көздеп жүргізеді. Әрине, мұның бәрінің бетін ашу оңай емес еді, сондықтан олар ірітуші фактор ретінде жасырын әрекет етті, атап айтқанда: мұнсыз мемлекеттігін нығайта алмайтындығын ғана емес, тіпті одан айырылып қалуы да мүмкін екендігін саналы түрде сезінген, қазақ халқының азаматтық тұтасуына мүмкіндік бермеді. Іс жүзінде, осы мемлекеттіліктің қаз тұруы, қалыптасуы, өмір сүруі үшін бірнеше ұрпағы еңбек ете отырып, басқа ұлттың адамдары сияқты, қазақ халқы да одан айырылады. Өздерінің азаматтық күш-қуатын тоталитарлық мемлекетті құруға арнады, өздерінің қайғылы тағдырын олар өз қолдарымен жасады деп ешкімнің де оларды кінәлауға құқы жоқ. Социалистік мемлекет тарихтың өмірге мезгілсіз келген туындысы болды. Сондықтан табиғи-эволюциялық жолмен туған мемлекеттерге тән көптеген қасиеттер онда болған жоқ. Ең бастысы – ол өзіне берік әлеуметтік база жасай алмады, рухани үстемдікпен біріккен социалистік мемлекеттілік идеясына, ол идея қоғамдық көңіл-күйге тұрақты түрде сіңірілсе және ол адамдардың санасында толық салтанат құрғандай әсер қалдырса да, берілген адамдар ұрпағын тәрбиелеп, қалыптастыра алмады. Іс жүзінде шынайы азаматтылық көрсете отырып, Кеңес адамдарды мемлекеттің тәуелсіздігін қиян-кескі шайқаста сақтап қалды, экономиканың өркендеуі, және басқа салаларда ерлікке тән қайрат жұмсады. Алайда, азаматтық рухы, біріншіден, оның зардап шегуінен, екіншіден, мемлекеттің қабілетті екендігін дәлелдеуге қабілетсіздігінен бірте-бірте сөне бастады. Мемлекеттік билікті иеленген бірден-бір саяси партияның қолындағы қуыршаққа айналған, өзінің жеке объективті заңдарымен қалыптаспаған және соған сүйеніп қызмет істемейтін мемлекеттің қабілетті мемлекет болуы мүмкін емес. Сондықтан Кеңес мемлекеті іс жүзінде өзінің өмір-сүруін тоқтатудан көп бұрын азаматтардың саяси санасында саяси ұйым ретінде жойыла бастады. Коммунистік партия мен Кеңес мемлекетінің басшылары мұны сезді және түсінді, сондықтан қоғамдық өмірді мезгіл-мезгіл реформалауға күш салды. 50-70 жылдары қоғамдық өмірді реформалау жөнінде күш-қуат жұмсалды. Алайда, бұл талпыныс діттеген жеріне жетпеді, өйткені ол саяси, экономикалық құрылымды түбегейлі өзгерту мақсатын көздеген жоқ. Ал бүкіл саяси құрылымды қайта құру басталғанда социалистік мемлекет бұған шыдай алмады. Ол қайта құру, тағы да сол социалистік мемлекеттіліктен бас тарту мүмкіндігі «ойына кіріп те шықпаған» данышпан Коммунистік партияның басшылығымен жоғарыдан жүргізілгендіктен осылай болған жоқ. Коммунистік партия күйреген кезде Кеңес мемлекеті өзінен-өзі тарады, содан соң мемлекеттік құрылым нысаны ретінде тек КСРО ғана емес, сондай-ақ саяси ұйымның ерекше түрі ретінде социалистік мемлекеттің өзі тарап кетті. Тек сонда ғана жоғары рухты бойына сіңіргендей кеңестік азаматтылықтың зардабы мен жаркештігі толық күйінде айқындады. КСРО-ны біртұтас мемлекет ретінде сақтау мүмкіндігі туралы референдум өткізілгенде референдумға қатысушылардың 70 пайыздан астамы оны қостап дауыс береді. Біріншіден, сайлаушылардың үштен бірі дерлік КСРО-ның сақталуын қаламады. Бұл кеңестік кезеңде одақтық мемлекеттің сақталуын қаламаған азаматтардың осы бөлігінің саяси еркінің бұрын-соңды кездеспеген шынайы көрінісі болды. Жасырын дауыс беру нәтижесінде КСРО-ның сақталуын қалаған миллиондаған адамдар, Ресейдің, Украинаның және Беларусь Республикасының атынан үш «мемлекеттік пір» қол қойған Беловеж келісіміне қарсылық көрсеткен жоқ КСРО-ны миллиондаған адамдар беймәлім дүниеге үнсіз шығарып салды. Бұрынғы партия басшылары өз азаматтарныңы азаматтылық рухы мен саяси санасының шынайы болмысын олар білді. Және дұрыс істеді. Екіншіден, социалистік мемлекет азаматтары ол мемлекетті сақтауды қалай ма немесе рыноктық мемлекет құрғысы келе ме оны сұраған жоқ. Мұндай жағдайда, одан әлдеқайда мәнді: бүкіл мемлекеттік текті социалистік мемлекетке мүлдем қарама-қарсы принциптермен қайта құруға келіп тірелді. Дұрыс ойлай білетін адамдардың бәріне де түсінікті: әңгіме бай да, кедей де, аш та, тоқ та, басқалары да болатын капиталистік қоғам жөнінде еді. Міне, нақ осы жерде социалистік азаматтылық идеясының толық қабілетсіздігі ашылды. Социалистік мемлекеттің азаматтылығы болған жоқ, социалистік азаматтылық идеясын сақтап қалуға қабілетті, жоғары патриоттық рухтағы азаматы да болған жоқ. Бұл заңсыз өмірге келген мемлекеттің мейлінше заңды мәресі еді.

Қазақстан мемлекеті азаматтық проблемасын идеяландырудан, оған таптық тұрғыдан қараудан бірден бас тартты. Азаматтардың қоғамдағы жағдайларына (мүліктік, таптық, партиялық және басқа) тәуелсіз бірігуіне жұмылдыруда мұның ерекше мәнгі бар. Сөйтіп азаматтарды бір-біріне қарама-қарсы әлеуметтік таптарға бөлу принципі жойылды. Мемлекеттің әлеуметтік негізін оны өз меншігі деп есептейтін барлық азаматтарды құратыны заңды түрде танылды. Бұл мемлекетке өте ауыр да күрделі жауаптылық жүктейді. Мәселе мынада, қоғамды әр түрлі мүліктік жағдайымен топтарға бөлу оларды бір-біріне жауласуға итермелейді. Мемлекет тек төрелік міндетін ғана атқарып қана қоймай, қоғамдағы күштердің тепе-теңдігін де қамтамасыз етуі тиіс. Саяси, экономикалық, әлеуметтік және басқа да құқықтар мен бостандықтарды пайдалануға мүмкіндігі барлардың ғана өздерін толық азаматтарша сезініп, ал әлеуметтік жағынан әлсіз адамдардың өгей баладй сезінбеуіне қоғам тұрақты түрде қақоршы болуы қажет. Әрине, азаматтардың мүліктік жағдайы әркелкі қабатына бөлінген қоғамда толық құқылық, тең құқылық мүмкіндігі – шартты құбылыстар. Ауқатты азаматтар құқықтық мүмкіндіктерді көбірек пайдалана алады. Мұны жасыруға болмайды. Мұндай ниеттің шынайылығына, нақ мемлекеттің қолдануына мұқтаж адамдардың көз жеткізгендері жөн. Біріншіден, мемлекет ниеті заң арқылы жүзеге асырылады. Заң демократиялық, гуманды азаматтардың тұрмыс жағдайы төмен, әлеуметтік жағынан әлсіз топтарды әлеуметтік тұрғыда қолдауды көздейтін болуы тиіс. Осындай «нысандағы» заңды әзірлеу мен қолдау ғаламат күш жұмсауды талап етеді. Екіншіден, жалаң теңдік жасау – жартыкеш іс, ең бастысы - нағыз тепе-теңдікті қамтамасыз ету. Сыртқы белгілері бойынша Кеңес заңдарының әлемдегі ең прогрессивті заңдардың бірі болғаны белгілі. Бірақ ол тап ойдағыдай жұмыс істеген жоқ. Сайлау жөніндегі заңдардың барлық демократиялық алғышарттары болды, бірақ сайлаушылардың шын еркін білдірмегендіктен сайлау көзбояушылықпен өтті. Кеңестердің «халық өкілдерінен» тұрған барлық буындары бар биліктің иесі саналғанмен, іс жүзінде партия органдарының айтқандарын орындайтын жалған органдар болды.



2.ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЗАҢДАРЫ БОЙЫНША АЗАМАТТЫҚ ҰҒЫМЫ. ОНЫ АЛУ ЖӘНЕ ЖОЮ

Қазақстан Республикасының заңдары азаматтықты азаматтардың жиынтығы арқылы емес, әр жеке адам бойынша белгілейді.

Қазақстан Республикасының азаматтығына адамның мемлекетпен арасындағы өзара құқықтар мен бостандықтар жиынтығын білдіретін тұрақты саяси-құқықтық байланыс ұғынылады.

«Азаматтық» ұғымы заң бойынша үш эелементтен тұрады:

1) адамның мемлекетпен байланысы уақытша емес, тұрақты болуы тиіс. Адам өз қалауы бойынша азаматтықты біресе қабылдап, біресе одан бас тарта алмайды; 2) адамның мемлекетпен байланысы саяси-құқықтық сипатта болады. Мемлекет Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын кез келген адаммен құқықтық байланысқа түсе алады. Бірақ саяси қатынас тек мемлекет пен оның азаматы арасында ғана орнай алады; 3) мемлекет пен азаматтың арасында өзара құқық пен міндеттемелер белгіленеді.

Қазақстан Республикасы өзінің органдары мен лауазымды адамдары атынан өз азаматтары алдында жауапты, ал Қазақстан Республикасы азаматтары өзінің республикасы алдында жауапты. Ол Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын сақтауға, оның мүдделерін, аумақтық тұтастығын қорғауға, әдет-ғұрып, дәстүрлерді, мемлекеттік тілді және оның аумағында тұратын басқа да ұлт өкілдерінің тілдерін құрметтеуге, Қазақстан Республикасының қуатының, егемендігі мен тәуелсіздігінің нығайтылуына үлес қосуға міндетті.

Қазақстан Республикасы азаматтығының негізгі мәселелері Конституциямен және Республикасының азаматтық туралы Заңымен реттеледі. Конституцияға азаматтық туралы негізгі қағидалар: барлық азаматтардың теңдігі туралы, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының кепілдігі туралы, құқықтар мен бостандықтардың шектелуіне жол берілмейтіндігі туралы, азаматтықтан айыруға, республика шегінен қуғындауға және басқаларына жол берілмейтіндігі туралы, азаматтықтан айыруға, республика шегінен қуғындауға және басқаларына жол берілмейтіндігі туралы қағидалар енгізілген. Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы Заң: қандай адамдардың Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатынын, олардың құқықтық жағдайларын, азаматтықты алу және тоқтату тәртібін, ата-аналардың азаматтығы өзгерген және бала етіп асырап алған кездегі олардың балаларының азаматтығын, азаматтық мәселелері бойынша мемлекеттік органдардың өкілеттігін, азаматтық мәселелері бойынша мемлекеттік органдардың өкілеттілігін, азаматтық мәселелері бойынша арыздар мен ұсыныстарды қарау, шешімдерді орындау тәртібін, сондай-ақ азаматтық мәселелері жөніндегі шешімдерге шағымдану тәртібін белгілейді.

Қазақстан Республикасының азаматтары азаматтықты алу негіздеріне, шығу тегіне, әлеуметтік және мүліктік жағдайларына, нәсілді және ұлттық сипатына, жынысына, біліміне, тіліне, дінге қатынасына, саяси және өзге де наным-сеніміне, руы мен қатынас сипатына, тұратын орнына және басқа мәнжайларына қарамастан заң алдында тең.

а) Азаматтық туралы Заң күшіне енген күнге – 1992 жылдың 1 наурызына Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын;

ә) азаматтық туралы заңға сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтығын алған адамдар Қазақстан Республикасының азаматы болып табылады.

Қазақстан аумағында тұратын, Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын және шетелдің азаматтығына жататындығына дәлелдемелері жоқ адамдар азаматтығы жоқ адамдар деп есептеледі.

Қандай да бір болсын шет мемлекетке жататындығына дәлелдемесі бар адамдар шетел азаматтары болып есептеледі.

Қазақстан Республикасының азаматтығы: 1) тууы бойынша; 2) Қазақстан Республикасы азаматтығына қабылдану нәтижесінде; 3) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында қарастырылған негіздер бойынша; 4) Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы Заңда қаралған өзге де негіздер бойынша алынады.

Бала өмірге келген кезде ата-аналарының екеуі де Қазақстан Республикасының азаматтығында болса, қай жерде туғанына қарамастан бала Қазақстан Республикасының азаматы болып табылады. Егер бала өмірге келген кезде ата-аналарының екеуі де Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты тұрса баланың азаматтығы ата-аналарының жазбаша нысанда білдірген келісіміне орай белгіленеді. Егер ата-аналарының бірі бала өмірге келген кезде Қазақстан Республикасының азаматтығында болса, егер бала: 1) Қазақстан аумағында туған; 2) Қазақстаннан тыс жерде туған, бірақ ата-аналарының немесе олардың біреуінің осы кезде Қазақстан аумағында тұрақты тұратын орны болса, бала Қазақстан Республикасының азаматы болып табылады. Бала өмірге келген кезде ата-аналарның біреуі Қазақстан Республикасының азаматтығында болса, ал екіншісі азаматтығы жоқ болса, бала қай жерде туғанына қарамастан Қазақстан азаматы болып табылады.

Басқа мемлекеттің азаматы және азматтығы жоқ адам олардың өтініштері бойынша азаматтық туралы заңда қаралған шарттарға сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдануы мүмкін. Республика аумағында кем дегенде он жыл тұрақты тұратын, не оның азаматымен некелескен азаматтар Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдануы мүмкін. Кәмелеттік жасқа толмаған қабілетсіздер, Қазақстан Республикасына ерекше еңбек сіңіргендер, саяси себептермен Қазақстан аумағын тастап кетуге мәжбүр болғандар және олардың ұрпақтары көрсетілген шарттарсыз Қазақстан азаматтығына қабылданады. Қазақстан Республикасы Президентінің 1993 жылғы 23 желтоқсандағы Жарлығымен азаматтық туралы Заңға бірқатар өзгерістер енгізілді. Бұл Жарлық бұрынғы Кеңес Одағының азаматтары арасындағы қатынастардың кейбір ерекшеліктерін бейнелейді. Бұрынғы КСРО азаматтары бір республикаларда тұруларына мүмкіндігі болды, тұрып жатты да және бір-бірімен ешқандай қиындықсыз араласты. Алайда, КСРО-ның ыдырауының және дербес мемлекеттердің құрылуының нәтижесінде жағдай өзгерді. Шекара белгіленді және соған орай шектеулер қойылды. Бұл адамдардың қатынасына, мемлекетаралық қатынастарға әсер етті. Бұрынғы КСРО республикалары азаматтарының арасындағы тарихи қалыптасқан қатынастарды одан әрі нығайту және Қазақстан азаматтығын алудың жеңілдетілген тіртібін белгілеу мақсатында Жарлық Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы Заңға өзгеріс енгізді. Отбасылық қатынастарды қалпына келтіру үшін бұрынғы одақтас республикалардың Қазақстан Республикасы азаматтарына жақын туыстары (балалары, жұбайы, (зайыбы), ата-аналары, апа-сіңлілері, аға-інілері, атасы мен әжесі) барлар Қазақстан азаматтығына қабылданатын болды. Жеңілдетілген тәртіптің мәні мынада, Қазақстан Республикасының азаматтығын қабылдау туралы тілек білдірген адамдардың өтініштері өтініш берген күннен алты айдан асырмай қаралатын болды. Сонымен бірге осы Жарлық ҚР-ның азаматтық туралы Заңмен белгіленген басқа адамдардың азаматтық алуға қажетті 10 жылдық тұрақты тұру мерзімін 5 жылға дейін кемітті.

Азаматтық туралы мәселелер Қазақстан Республикасының мемлекетаралық шарттарымен шешіледі. Қазақстан Республикасы мен Беларусь Республикасының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы осы мемлекеттердің азаматтығын алудың жеңілдетілген тәртібі туралы келісімге осылай қол қойылды. Мұндай келісімдер аталған мемлекеттердің өздерінің азаматтығыныңжалпыға бірдей нормаларын, құқықтары мен бостандықтарын сақтауға, адамдардың тиісті тарихи және дәстүрлі достық байланыстарын сақтау мен нығайтуға ұмтылудан туындайды. Келісімге сәйкес әр тарап басқа елден өз аумағына тұрақты тұруға келген, бұрынғы КСРО азаматы екендігін дәлелдеген азаматтарға азаматтық алудың жеңілдетілген (тіркелетін) тәртібін ұсынады. Мұндай тәртіп төсендегідей шарттардың бірі орындалса: 1) егер өтініш білдіруші азаматтығын алған тараптың аумағында туған немесе тұрған болса; 2) өтініш білдірушінің біреуі болса да азаматтығын алатын тараптың аумағында тұрақты тұратын және жақын туыстары: жұбайы (зайыбы), ата-аналарының (бала етіп асырап алғандардың) біреуі, баласы (оның ішінде асырап алған баласы), апа-сіңлісі, аға-інісі, атасы және әжесі оның азаматтары болып табылса қолданылады. Ішкі істер органдары тараптардың бірінің азаматтық алуын тіркеуді үш айдан асырылмайтын мерзімге жеңілдетілген тәртіппен жүзеге асырады.

Келісімде ата-аналары азаматтығының өзгерілгеніне байланысты балалардың азаматтығы өзгеруінің ерекше тәртібі қарастырылған. Ата-аналарының азаматтығы өзгерген кезде, соған орай екеуі де басқа тараптың азаматы болады не екеуі де тараптардың бірінің азаматтығынан шығады, тиісінше олардың кәмелетке толмаған балаларының да азаматтығы өзгереді.

Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдаудың дәстүрлі де жеңілдетілген тәртібі кезінде қабылдауға қарсылық білдіру негізі қолданылады. Азаматтыққа қабылдау туралы өтініш, егер адам:

адамзатқа, Қазақстан Республикасының егемендігі мен тәуелсіздігіне қарсы қылмыс жасаса;

Қазақстан Республикасы аумағының бірлігі мен тұтастығын бұзуға шақырса;

мемлекеттік тәуелсіздікке, халықтың денсаулығына нұқсан келтіретін заңға қарсы қызметті жүзеге асырса;

мемлекетаралық, ұлтаралық және діни өшпенділікті тұтатса, мемлекеттік тілдің қызметіне қарсы әрекет етсе;

терролық әрекеті үшін сотталған болса;

сотпен аса қауіпті қылмыскер деп танылса;

басқа мемлекеттің азаматы болса қабылданбайды.

Қазақстан Республикасының Коснтитуциясы бойынша басқа мемлекеттің азаматы Республика азаматы болып танылмайды, яғни, қос азаматтық танылмайды.

Жалпы, әлемдегі көптеген елдердің заңдары қос азаматтыққа рұқсат етпейді. Қос азаматтық институты мемлекеттің мазмұнының өзіне қайшы келеді. Өйткені мемлекеттің әлеуметтік негізі, мемлекеттік биліктің қайнар көзі халық, ол мемлекетпен саяси байланыста болады. Қос азаматтық алған адамдар санының көбеюі саяси себептер бойынша халықты тек бөлшектеуі мүмкін.

Егемендік, тәуелсіздік кез келген мемлекеттің бөлінбейтін қасиеті болып табылады. Егемендік пен тәуелсіздік мемлекеттің бүкіл қуатымен, оның осы мемлекеттің азаматтарына қызмет ететін Қарулы Күштерімен қорғалады. Қос азаматтығы бар адамның, егер ол сонымен бір мезгілде дауласушы мемлекеттің де азаматы болса, өзі тұратын мемлекетті жан-тәнімен қорғайды деп толық сеніммен айтуға бола ма? Әрине, жоқ. Адамның патриоттық сезімі бір елге, бір мемлекетке ғана арналады. Одан әрі, кез келген мемлекеттің өзінің мемлекеттік құпиясы, жасырын: әскери, ғылыми, техникалық, қызметтік және басқа құпиялары болады. Бір елдің азаматы ретінде елдің құпиясын білуге мүмкіндігі болған адамның, оны тап сондай азаматы болған екінші бір елге таратып жібермейтіндігіне шексіз кепілдік жоқ. Бұл құпиялардың «тонның ішкі бауындай» сақталатынына 99,9 пайыз сенуге бола ма? Мұны Қазақстан Республикасының «Азаматтық туралы» Заң да жанамалап таниды.

Жеке адамға қатысты алғанда қос азаматтық адамдар арасындағы теңсіздікті білдіреді. Халықаралық құқық нормалары ретінде де, ұлттық заң нормалары ретінде де барлық адамдар үшін бірдей тең құқықтар мен бостандықтар белгілейді. Алайда, қос азаматтығы бар адамдар азаматтығына қарай екі ел тарапынан да қорғалуға құқылы. Мұндай кепілдік кез келген елдің Коснтитуциялық заңдарында қарастырылған. Тиісінше, бір елдің азаматтығын алғандар мен қос азаматтық алғандар арасында тепе-теңдік болуы мүмкін емес. Жаппай қос азаматтық кезінде ол бір елдің азаматтығын алғандар санасына теріс әсер ететін болады. Екінші жағынан, азаматы болып табылатын бірінші ел тарапынан басқа елге қысым жасаудың тұрақты факторы болады.

Осы айтылғандар жеке азаматтықтың дұрыстығы және қос азаматтық ерекше жағдайда ғана танылуы керектігін көрсетеді. Дегенмен, қос азаматтыққа барлық мемлекеттің заңдары рұқсат етеді. Мемлекеттердің азаматтық туралы заңдарындағы айырмашылық қос азаматтылықтың пайда болуының бір себебі болып табылады. Әр мемлекетте азаматтық мәселелсін реттейтін нормалар қайшылығының нәтижесінде азаматтың екі немесе одан да көп мемлкеттің азаматы болып танылатын жағдайлардың тууы мүмкін. Қос азаматтық көп жағдайда халықаралық шарттар негізінде пайда болады.

Азаматтылықтың тоқталуы. Қазақстан Республикасының азаматтығы Азаматтық туралы Заңда қарастырылған жағдайда тоқтатылады.

Оған Қазақстан Республикасы азаматтығынан шығу жатады. Азаматтықтан шығуға Азаматтық туралы Заңда белгіленген тәртіппен берілген өтініш негізінде рұқсат етіледі. Азаматтықтан шығу жөнінде арыз Ішкі істер министрлігі және Сыртқы істер министрлігі арқылы Президенттің атына беріледі. Жасы 14-ке толмаған бала Қазақстанның азаматтығынан шығуға өтініш берген кезде, ата-аналарының бірі Қазақстанның азаматтығында қалатын болса, осы ата-ансының баланың Қазақстан азаматтығынан шығуына өзінің қатынасы білдірілген арызы берілуі тиіс.

Заңмен белгіленген жағдайларда азаматтықтан шығуға рұқсат берілмеуі де мүмкін. Егер азамат мемлекет алдындағы міндеттемесін немесе Қазақстан аумағында орналасқан азаматтардың немесе ұйымдардың, қоғамдық бірлестіктердің елеулі мүдделерімен байланысты мүліктік міндеттемелерін орындамаған болса оған Қазақстан Республикасы азаматтығынан шығуға рұқсат етілмейді. Сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығуға, егер шығу туралы өтініш білдірген адам айыпталушы ретінде қылмыстық жауаптылыққа тартылған болса немесе сот үкімімен жазасын өтеп жатса; егер адамның азаматтықтан шығуы Қазақстан Республикасының мемлекеттік қауіпсіздік мүддесіне қайшы келсе де рұқсат етілмейді.

Қазақстан Республикасының азаматтығы: 1) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарымен қарастырылған жағдайларды есептемегенде, адам басқа мемлекеттің қауіпсіздік қызметіне, полицияға, әділет немесе өзге де мемлекеттік билік және басқару органдарына қызметке орналасуына байланысты; 2) егер Қазақстан Республикасының азаматтығы көрінеу өтірік мәліметтер немесе жалған құжаттар ұсыну нәтижесінде алынған болса; 3) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарымен қарастырылған негіздер бойынша тоқтатылады.



Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет