Қазақстан Республикасының Конституциясы 1995 жылғы 30 тамыз



Pdf көрінісі
бет8/56
Дата04.12.2023
өлшемі443,26 Kb.
#194994
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   56
Байланысты:
Конституция Kk
Konaev D
15-
бап
1. Әркiмнiң өмiр сүруге құқығы бар. 
2007.21.05. 
№ 254-III
 
ҚР Заңымен (бұр. 
ред
. қара); 2022 ж. 08.06. ҚР 
Заңымен
 
(2022 ж. 
22.06 республикалық референдумда қабылданды, 2022 ж. 08.06. нәтижелер туралы ресми 
хабарлама жарияланды) (
бұр.ред.қара
) 2-
тармақ жаңа редакцияда
2. Ешкімнің өз бетінше адам өмірін қиюға хақысы жоқ. Өлім жазасына тыйым 
салынады.
16-
бап
1. Әркiмнiң өзiнiң жеке басының бостандығына құқығы бар. 
2007.21.05. 
№ 254-III
 
ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр. 
ред
. қара) 
2. Заңда көзделген реттерде ғана және тек қана соттың санкциясымен тұтқындауға 
және қамауда ұстауға болады, тұтқындалған адамға шағымдану құқығы беріледі. Соттың 
санкциясынсыз адамды жетпіс екі сағаттан аспайтын мерзімге ұстауға болады. 
3. Ұсталған, тұтқындалған, қылмыс жасады деп айып тағылған әрбiр адам сол 
ұсталған, тұтқындалған немесе айып тағылған кезден бастап адвокаттың (қорғаушының) 
көмегiн пайдалануға құқылы.
17-
бап
1. Адамның қадiр
-
қасиетiне қол сұғылмайды. 
2. Ешкiмдi азаптауға, оған зорлық
-
зомбылық жасауға, басқадай қатыгездiк немесе 
адамдық қадiр
-
қасиетiн қорлайтындай жәбiр көрсетуге не жазалауға болмайды.
18-
бап
1. Әркiмнiң жеке өмiрiне қол сұғылмауына, өзiнiң және отбасының құпиясы болуына, 
ар
-
намысы мен абыройлы атының қорғалуына құқығы бар. 
2. Әркiмнiң өзiнiң жеке салымдары мен жинаған қаражатының, жазысқан хаттарының, 
телефон арқылы сөйлескен сөздерiнiң, почта, телеграф арқылы және басқа жолдармен 



алысқан хабарларының құпиялылығы сақталуына құқығы бар. Бұл құқықты шектеуге 
заңда тiкелей белгiленген реттер мен тәртiп бойынша ғана жол берiледi. 
3. Мемлекеттік органдар, қоғамдық бiрлестiктер, лауазымды адамдар және бұқаралық 
ақпарат құралдары әрбiр азаматқа өзiнiң құқықтары мен мүдделерiне қатысты 
құжаттармен, шешiмдермен және ақпарат көздерiмен танысу мүмкiндiгiн қамтамасыз 
етуге мiндеттi.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   56




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет