Парламенттің кезектен тыс сессиясын шақыра алады. Онда сессияны шақыруға негіз
болған мәселелер ғана қаралады.
5. Палаталардың бiрлескен және бөлек отырыстары оларға әр Палата депутаттарының
жалпы санының кемiнде үштен екiсi қатысқан жағдайда өткiзiледi.
6. Палаталардың бiрлескен және бөлек отырыстары ашық отырыстар болып табылады.
Регламенттерде көзделген реттерде жабық отырыстар өткiзiлуi мүмкiн. Республика
Президентінің, Премьер-Министр мен Үкiмет мүшелерiнiң, Ұлттық Банк Төрағасының,
Бас Прокурордың, Ұлттық қауiпсiздiк комитетi Төрағасының кез келген отырыстарға
қатысуға және сөз сөйлеуге құқығы бар.
Достарыңызбен бөлісу: