Қазақстан Республикасының ұлттық құқығы мен халықаралық құқықтың арақатынасы (басымдылықтың қалыптасу мәселелері). Астана: ЕҰу рбб, 2010. 300 б


Бөлімде пайдаланылған әдебиеттер тізімі



бет12/17
Дата02.07.2018
өлшемі1,51 Mb.
#45581
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17

3 Бөлімде пайдаланылған әдебиеттер тізімі

  1. Гумилев Л.Н. Этносфера. История людей и история природы. – М.: Экопрос, 1993. – 544 с.

  2. Манов Г.Н. Признаки государства: новое прочтение//Политические проблемы теории государства.– М., 1993. – 96 с.

  3. Шинкарецкая Г.Г. Международная судебная процедура. – М.: Наука, 1992. – 224 с.

  4. Синха С.П. Юриспруденция. Философия права: Краткий курс/Пер. с англ. – М.: Издательский центр «Академия», 1996. – 304 с.

  5. Гинзбургс Дж. Соотношение международного и внутреннего права в СССР и в России//Государство и право. – 1994. – №3. – С. 108-113.

  6. Розин В. Проблемы современного правопонимания//Материалы Международного круглого стола «Проблемы современного правопонимания» //Научные труды «Әділет». – 2000. – №1 (7). – С. 78.

  7. Панарин А.С. Философия политики. – М.: Новая школа, 1996. – 424 с.

  8. Проблема уровней и систем в научном познании. – Минск: Наука и техника, 1970. – 256 с.

  9. Вернадский В.И. Биосфера и ноосфера. – М.: Наука, 1989. – 261 с.

  10. Рынок и юридическое образование//Казахстанская правда. – 1998, 25 августа.

  11. Явич Л.С. Сущность права. – Л., 1985. – 288 с.

  12. Дж. Н. Мур. Верховенство права в международных отношениях// Верховенство права: Сборник: пер. с англ. – М.: Прогресс, 1992. – 216 с.

  13. Талалаев А.Н. Юридическая природа международного договора. – М.: Изд-во ИМО, 1963. – 263 с.

  14. Тункин Г.И. Теория международного права. – М., 1970. – 511 с.

  15. Зимненко Б.Л. Соотношение общепризнанных принципов и норм международного права и российского права//Международное право. – 2/2000/8. – С. 53-60.

  16. Кул-Мухамед М. Жакып Акпаев. Патриот. Политик. Правовед. Политико-правовые взгляды Ж.Акпаева. – Алматы: Атамура, 1995. – 240 с.

  17. Фольклорное право (Очерки теории и практики неписаного права) / Под ред. А.Д. Рентелн и А.Дандес: Гарланд паблишинг инкорпорэйтид, Н.-Й. и Л. – 1994. – В 2-х т. XVI + 1037 с.

  18. Менжинский В.И., Даниленко Г.М. Процесс образования и действия международного обычного права//Международное право и международный правопорядок. – М., 1981. – 172 с.

  19. Василенко В.А. Основы теории международного права. – Киев: Выща школа, 1988. – 288 с.

  20. Грабарь В.Э. Первоначальное значение римского термина jus gentium//Ученые записки Тарт. ун-та. – Тарту. – 1964.– Вып. 148. – С. 39.

  21. Левшин А.И. Описание киргиз-казачьих, или киргиз-кайсацких орд и степей. – Алматы: Санат, 1996. – 656 с.

  22. Аверинцев С. Византия и Русь: два типа духовности // Новый мир. – 1988. – №7. – С. 210-220.

  23. Калиев Ж. Мамлегер уладит ссору//Казахстанская правда. – 2005, 17 февраля.

  24. Тороев Ж. Суды аксакалов в Кыргызстане//Юрист. – 2005. – №1(43). – С. 23.

  25. Курманова Ф. Мировые судьи: о роли и значении в укреплении правосудия//Зангер. – 2003. – №9. – С. 26.

  26. Кенжалиев З.Ж., Даулетова С.О. Казахское обычное право в условиях Советской власти (1917-1937гг.)/Под ред. С.З. Зиманова. – Алматы, 1993. – 142 с.

  27. Халиков К.Х. Выступление на конференции «Обеспечение судебной власти в деятельности районного суда: современное состояние и некоторые направления совершенствования»//Тураби. – 2004. – №2. – с.8-17.

  28. Выступление Президента Республики Казахстан Н.А. Назарбаева на IV съезде судей Республики Казахстан (г. Астана, 3 июня 2005 года)//Зангер. – 2005. – №6. – С.3-7.

  29. Книпер Р. Этапы правовой и судебной реформ в Казахстане //http://www.samal.kz/php3/sud/full.php?id=265

  30. Рогов И.И. Работы будет много...//http://www.zakon.kz/magazine/ archive.asp

  31. Выступление председателя Верховного суда РК К. Мами на расширенном совещании судейского корпуса республики по итогам работы за 2004 год//Зангер. – 2005. – №3. – С. 7-10.

  32. Мами К.А. Условия для успешного завершения реформ созданы//Зангер. – 2005. – №6. – С. 8-11.

  33. Вiснiк Центру суддiвсiких студiй. – 2004. – №1. – С. 23-25.

  34. Ахметов К. Нравственный аспект правосудия//Зангер. – 2004 – №4. – С. 4-6.

  35. Тұрғараев Б. Қуатты сот - әлеуметтік теңдік пен тұрақтылықтың кепілі//Зангер. – 2005. – №6. – С 12-17.

  36. Иконников А. Одиннадцать лет спустя//Континент//2005. – №13 (140), 29 июня - 12 июля 2005 г.

  37. Выступление Президента Республики Казахстан Н.Назарбаева на VII съезде РПП «Отан»// http://www.president.kz

  38. Комментарий Государственно-правового отдела Администрации Президента Республики Казахстан к Указу Президента РК «О мерах по усилению независимости судебной системы в Республике Казахстан»//Казахстанская правда. – 2000, 2 сентября.

  39. Халиков К.Х. Ради будущего нашей страны//Юрист. – 2005. –№5 (47). – С. 46-48.

  40. Абдраимов Б.Ж. К вопросу о конструктивном взаимодействии судебной и законодательной ветвей власти//Фемида. – 2004. – №12 (108). – С. 2-3.

  41. Карташкин В.А. Права человека в международном и внутригосу­дарственном праве. – М.: Институт гос. и права РАН, 1995. – 134 с.

  42. Казинформ. Причем тут напряженность?//Казахстанская правда. – 2002, 4 апреля.

  43. Йоханнесбургские принципы о роли права и устойчивого развития//Зангер. – 2002. – №9. – С. 9-11.

  44. Гинзбургс Дж. Американская юриспруденция о взаимодействии международного и внутреннего права//Государство и право. – 1994. – №11. – С. 86.

  45. Авясов М.Р. Актуальность и перспективы международного права//Российское право в Интернете, 2003, №2.

  46. Бычкова С.Ф. Значение международных конвенций по правам человека в деятельности органов конституционного надзора// http://www.constcouncil.kz/rus/activity/publications/index.shtml?id_new=21

  47. Павлова Л.В. Международное право в правовой системе государств//Белорусский журнал международного права и международных отношений//http://beljournal.by.ru/1999/3/P/1.shtml

  48. Давид Р. Основные правовые системы современности. – М., 1988. – 329 с.

  49. Справка о результатах изучения апелляционной и надзорной практики коллегии по гражданским делам Верховного Суда Республики Казахстан за 1 полугодие 2002 года//http://www.supcourt.kz/site/ supcourt/NSF/Documents.

  50. Обзор судебной практики применения основных положений о порядке взаимодействия органов, ведущих уголовный процесс, с компетентными учреждениями и должностными лицами иностранных государств по уголовным делам (глава 55 УПК)//Бюллетень Верховного Суда Республики Казахстан. – 2005. №5. – С. 57-72.

  51. Макашев З. Важно создать достойные условия для работы судов//Зангер. – 2004. – № 11. – С. 10.

  52. Жалыбин С.М. Суд присяжных всегда и везде являлся объектом полемики…// Юрист. – 2005. – №5. – С. 12-20.

  53. Оппенгейм Л. Международное право. – М.: Иностр. лит-ра, 1949. – Т.1. – С. 36.

  54. Тиунов О.И. О понятии международного контроля // СЕМП. – 1988. – М. – 1989. – С. 99; Котляров И.И. Правовые вопросы контроля за соблюдением международных обязательств//Международное сотрудничество и международное право. – М., 1977. – С. 40; Валеев Р.М. Контроль в современном международном праве: Автореф. дис. ... д-ра юрид. наук. – Казань, 1999. – 40 с.

  55. Каженов А. Судебно-правовая реформа в государствах-участниках Содружества Независимых Государств и ее реализация//Материалы конференции «Суды и их роль в укреплении государственной независимости», (г. Астана 15-16 марта 2001 года)/Справочная система законодательства Республики Казахстан «Юрист», 2005.

  56. Кусаинова Л. Механизмы международного контроля за соблюдением прав человека//«10 лет независимости Республики Казахстан: достижения и проблемы адвокатуры»: Сборник материалов международной научно-практической конференции. – Алматы: Общественный фонд политико-правовых исследований «Интерлигал» в Казахстане, 2001. – 128 с.

  57. Сахаров А.Д. Мир, прогресс, права человека: Статьи и выступления. – Л.: Сов. писатель, 1990. – 128 с.

  58. Массовые политические репрессии – тяжкое преступление Советской власти // М.Т. Баймаханов. Избранные труды по теории государства и права. – Алматы: АЮ-ВШП «Әділет», 2003. – 710 с.

  59. Аманжолова Ш. 31 мая – День поминовения // 30 октября. – 2003, №34.

  60. Самарина А. «О реабилитации жертв политических репрессий»: первые десять лет покаяния//Общая газета. – 2001, 18 октября.

  61. Джаганова А. Верность отчей земле//Казахстанская правда. – 1999, 23 октября.

  62. Ашимбаев М. Мы не должны стать инструментом Белого дома //Экспресс К. – 2003, 1 апреля.

  63. Зайцев О.А. Международно-правовые акты, регулирующие государственную защиту участников уголовного процесса // http: //www.hro.org /docs/ilex /index.htm

  64. Лукашук И.И. Международно-правовое регулирование международных отношений (системный подход). – М., 1975. – С. 16.

  65. Бахтыбаев И. Восстанавливая историческую справедливость // Казахстанская правда. – 2003, 31 мая.

  66. В защиту прав и интересов граждан//Юридическая газета. – 2003, 26 марта.


4. ЕО және ТМД аЙмақтық бiрлестіктерін қалыптастыру: жалпы және ерекше
4.1 Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығының және Еуропалық Одақтың қалыптасуының тарихи – құқықтық аспектілері

Адамзаттың қазiргi кезеңдегі даму факторларының бiрi интеграция (кiрiгу) болып табылады. Интеграция процесстерi дезинтеграциямен, ескінің тарауы – жаңаның пайда болумен, ескі интеграциялық құрылымдардың ыдырап - жаңа экономикалық, саяси, әскери және басқа да одақтардың тууымен алмасып отырады. Және дегенмен интеграция үстем болатын, позитивтi тенденция болып табылады. Сондықтан да біз осы бөлiмде интеграциялану процесі кезінде пайда болатын сұрақтарды, яғни мәселелерді қарастыратын боламыз.

Адамзаттың өзіндік тарихы яғни, шағын жалпылықтан неғұрлым iрiлеуге, оқшауланғаннан гөрі неғұрлым өзара тәуелділікке негізделген кезекті интеграциялық эволюция ретінде қарастыруға болады: Осы процесстер қәзіргі күшіндегі халықаралық құқық аясындағы негізін қалайтын қағидалардың бірі ретінде БҰҰ Жарғысында көрініс тапқан және Бiрiккен Ұлттар Ұйымының 1970 жылғы 24 қазандағы құжатпен қабылданған Жарғысына сәйкес мемлекеттердiң арасындағы достық қатынастар мен ынтымақтастыққа қатысты халықаралық құқықтардың қағидалары туралы Декларацияда толық айтылған. Аталған құжатқа сәйкес, «Мемлекеттер бiр-бiрiмен, олардың саяси, экономикалық және әлеуметтiк жүйелерiнiң айырмашылықтарына, түрлі аядағы мемлекетаралық қатынастарына қарамастан, халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау және халықаралық экономикалық тұрақтылыққа жәрдемдесу мен өрлеуіне, халықтың ортақ әл-ауқатына сәйкес ынтымақтасуы қажет.

Аймақтық бiрiгулер мемлекеттердiң ынтымақтастығы мақсаттарына сәйкес құрылады және жеке мемлекетке қарағанда ғаламдану үрдісіне сәйкес жылдам дамитын, әрі өмiр сүре білетін, сонымен қатар бәсекеге түсе алатын адамзат iзденісіндегі детерминирленген логикалық құбылыс болып табылады. «Еуразия – 2000» Еуразия халықаралық экономикалық саммитінде Бүкiләлемдiк Экономикалық форумның президенті профессор К. Шваб былай деп атап өттi:

«Ғаламданумен байланысты жаңа өнеркәсiптiк революция мынадай көрініс береді, кім жеңді және кім жеңілді бұл бірнеше жылдар ішінде тез арада шешіледі. Маргинализациядан (кiрмелену) құтылу үшін шағын мемлекеттердің бiр-ақ жолы бар - ол регионализация. Регионализация және ғаламдану - бұл бір-бірлеріне параллель процестер. Ал аймақтар - глобалдi, яғни жаһанды экономиканың кiрпiштерi сияқты /1/.

ТМД елдері және алыс шетелдердің қатысуымен аймақтық халықаралық ұйымдар құрылады, Шанхай Ынтамақтастық Ұйымында (ШЫҰ) мысалы Қытай белсенді рол атқарса, экономикалық жоспарда Әзiрбайжан, Грузия және Түркия белсене ынтымақтастық орнатса, болашақта басқа да экономикалық, саяси және әскери одақтар құрылу жоспарлануда.

Бұрынғы Кеңес Одағының аумағында болып жатқан немесе посткеңестік елдер мен алыс шет елдердің қатысуымен болатын интеграциялық процесс әлемдік қауымдастықта болып жатқан тенденциялар көрінісін береді. Әлемде үнемі болып жатқан интеграциялық және дезинтеграциялық үрдістерде саяси, экономикалық, қорғаныс және басқа да мақсаттарды қамтитын бірігу үрдістері үстемдік роль атқарады. Интеграциялық үрдіспен қамтылған: дамыған елдер сияқты, түрлі аумақтық қауымдастықтар құра отырып, мысалы, құрамына АҚШ, Канада, Мексика, сонымен қатар Асунсьон шартының дамушы елдері – Меркосур, қазіргі уақытта құрамына тек қана Аргентина, Бразилия, Парагвай және Уругвай мемлекеттері ғана емес, сонымен қатар екі ассоцирленген мүшесі бар – Боливия және Чили кіретін NAFTA - Солтүстiк Американың еркiн сауда аймағын жатқызуға болады. Меркосур ең iрi және тез дамып келе жатқан аумақтық интеграциялық бірлестік болып табылады. Оның 12 миллион шаршы километрден асатын аумағында 200 миллионнан аса адамдар тұрады, ал ЖIӨ-нің жиынтық көлемi осы елдерге кіретін елдерден 1 триллион доллардан асады. (бүкіл Латын Америкасы елдерінің барлық жалпы өнімінің жартысынан астамы). Меркосур ғаламдық масштабы бойынша көлемі және экономикалық әлеуеті жағынан Еуропалық Одақтан кейін екініші, Еуропалық Одақ және Солтүстік америкалық Еркін Сауда (НАФТА) аймағынан кейін үшінші Кеден Одағы болып табылады /2/.

Африкалық Бiрлiк Ұйымы ХХ ғасырдың бiрiншi жартысында мына мақсатта өз континентіндегі елдерді екі өзекті мәселеге байланысты топтастырды: колониалдық тәуелдiлiктен толық босатумен байланысты күресуге; Оңтүстiк Африкадағы апартейд режимін және нәсiлдiк кемсiтушіліктің барлық нысандарын жоюмен байланысты.

ҚХР, Тайвань, Гонконг, Макао және Сингапурды біріктіруге ұмтылған, Қытайдың күш қуаты арта бастады. XXI ғасырда біртіндеп жоғарғы держава болуға қабiлеттi жаңа саяси-экономикалық бiрлестік не, кем дегенде, ірі әлем полюстарының бiрi қалыптаса бастады.

Еуразия кеңiстiгiнде бұрынғы Кеңес Одағы республикаларының өзара ықпалдастықтары арта түсті, құрамы Ресей Федерациясы, Беларусь Республикасы және Қазақстан Республикасынан тұратын Кеден Одағы құрылды. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев ММУ-де оқыған дәрісінде Еуразия Одағын құру туралы идеясын тұңғыш рет жариялағанын атап өту керек және осы идея тәжірибеде жүзеге асты да. Алғашқы қадам ретінде қызмет саласына ортақ кеден аумағы және сыртқы шекаралар, Кеден Одақ шекараларының барлық контуры (нобайы) бойынша бiр iздендірілген бажды бекіткен бiртұтас кеден саясаттары кiретiн Кеден Одағын құрылуын атап өтуге болады.

2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап Кеден Одағын құру туралы құжаттар пакетіне 2009 жылдың 27 қарашасында Минскіде Белоруссия, Ресей және Қазақстан президенттері қол қойған болатын. Келiсiмге сәйкес, 2010 жылдың 1 қаңтарынан бiртұтас кеден тарифы күшiне ендi. Кеден Одағының өзі 2010 жылдың 1 шiлдесiнен бастап Кеден Одағы Кеден кодексiнiң күшіне енуiмен өз жұмысын бастады. Осы кезден бастап Кедендік бақылау ресей-белорусь шекарасынан алынып тасталды, ал 2011 жылдың шiлдесiнен бастап ресей-қазақстан Кедендік бақылауды шекарасынан алып тастау көзделіп отыр.

2010 жылдың наурызында Қазақстан Парламентінің Сенаты Белоруссия, Ресей және Қазақстанның Кеден Одағы жұмыс регламентін белгiлейтiн келiсiмдердi бекiттi. «Кедендік одақтың кеден шекарасы арқылы өткізілетін тауарлардың кедендік бағасын анықтау барысында дұрыс бақылау жүргізу реті туралы Келісімді бекіту туралы», «Кедендік одақтың кеден шекарасы арқылы өткізілетін тауарлардың кедендік бағасын ресми мәлімдеу реті туралы Келісімді бекіту туралы», «Дамушы және дамыған мемлекеттердің тауарларының шығу тегін анықтау ережелері туралы Келісімді бекіту туралы» заңдар қабылданды.

Кедендік Одақ құрамына Украина да кіруі мүмкін. Соған байланысты, 2010 жылы Ресей Федерациясының Премьер-министрі В.Путиннің ұсынысына Украина президенті В.Янукович Украина Дүниежүзілік сауда ұйымының мүшесі болғандықтан, Кедендік Одақ құрамына тек осы ұйымның шарттары негізінде кіретінін жария етті. Бұған дейін Кедендік Одақ мемлекеттері өздерінің экономикалық саясатына сай, ДСҰ-на бірге, әрі синхронды түрде кіруге келіскен болатын. Сонымен қатар Қазақстанның оңтүстіктегі көршілерінің – Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан мемлекеттерінің Кедендік Одаққа кіру мүмкіндігі қарастырылуда.

Алдағы уақытта Кеден Одағы төңірегінде Бірыңғай Экономикалық Кеңістік құрылуы мүмкін. Бұл кеңістіктегі егеменді мемлекеттердің бірыңғай тарифтік, энергетикалық, бәсекеге қабілетті саясат және т.б. функцияларын осы кеңістік органдарына тапсыру жағдайы қарастырылады. Бұл жердегі мәселе саяси емес, тек қана экономикалық интеграция төңірегінде жүреді. Мемлекеттердің егемендігі сақталады және бірлескен кеңістік құра отырып, экономикасын интеграциялайды.

Сондай-ақ басқа да ұйымдардың құрылуы нәтижесінде интеграциялық процестер өз күшін алып келе жатыр. Мысалы, 2001 жылы «Шанхай бестігі» (Ресей, Қытай, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан) Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына айналды. Оның қатарына алтыншы болып Өзбекстан кірді. Қытай халқының санын ескере отырып, ШЫҰ Еуразия материгіндегі ең ірі халықаралық ұйым болып табылады. Терроризм, сепаратизм, экстремизмге қарсы күрес туралы Конвенция қабылданды. Сондай-ақ Орталық Азия мемлекеттері, Қытай және Ресей мемлекеттері экономикалық ынтымақтастығын одан әрі нығайту керектігін жариялаған болатын. Бүгінгі таңдағы көлік коммуникацияларын, инвестицияны дамыту, тауарлардың, капиталдың, азаматтардың еркін қозғалуы үшін шекараны ашу негізгі басымдықтары болып табылады. ШЫҰ-ның негізгі жұмыс жасайтын органдардың бірі – Аумақтық антитеррористік құрылым. Оның негізгі атқаратын жұмыстарының бірі БҰҰ-ның, ЕҚЫҰ-ның және басқа да халықаралық ұйымдардың сәйкесті органдарымен ынтымақтастықты нығайту болып табылады. ШЫҰ БҰҰ-мен ресми түрде халықаралық ұйым ретінде танылды, оның штаб-пәтері Пекин қаласында орналасқан. Дәстүрлі түрде бейтараптық ұстанған Қытайдың осындай халықаралық ұйымды өзінің астанасына орналастыруы /3/, ШЫҰ-ның Қытай және барлық аймақтар үшін қандай маңызды екенін көрсетеді.

Орталық Азия экономикалық бірлестігі өзінің жұмысын тоқтатып, 2001 жылдың желтоқсан айында жаңа бірлестік - Орталық Азияның ынтымақтастық ұйымы құрылды. Бұл бірлестіктің атауы өзгертілсе де, негізгі мақсаты – өзара экономикалық ынтымақтастық сол қалпында қалады. Орталық Азиядағы бұл ұйымның жұмысы жақсы деңгейде жүруі үшін, қатысушы әр мемлекет даулы мәселені шешу кезінде белсене қатысуы қажет, мысалы, трансшекаралық су ресурстарын қолдану мәселесі. 2003 жылы шілде айының басында Алматы қаласында өткен Орталық Азия ынтымақтастық ұйымының мемлекет басшыларының кездесуі өтті. Бұл кездесуде осы ұйымды нығайту мақсатымен өзінің нақты бадарламасымен таныстырған Н.Ә.Назарбаев ұйымның кезекті төрағасы болып сайланды. Оның бағдарламасы халықаралық үш консорциум (су энергетикалық, көлік және азық-түлік) құруды және терроризмге, экстремизмге қарсы, есірткінің заңсыз айналымымен күресуді күшейтуді көздеді. 2000 жылғы әлем мемлекеттерінің басшыларымен қабылданған осы аталған аумақтық бастамалар мыңжылдық Декларацияның мақсатын жүзеге асырудағы барлық адамзаттың келісіп атқаратын жұмыс құрамына кіреді, сондай-ақ 2002 жылдың қыркүйек айында Йоханнесбургте өткен Тұрақты дамудың дүниежүзілік саммитінің шешімдеріне сай келеді.

Дүниежүзілік интеграция процессі аясындағы ірі жетістіктер бойынша Еуропалық Кеңес тәжірибесі дүниежүзінің барлық мемлекеттерін қызықтырады. Соған байланысты, А.К.Жуниор, Африкалық Бірлік Ұйымы дамуының ерекшеліктерін талдай отырып, Африкалық экономикалық бірлестігін құру туралы ұзақ мерзімді бағдарламасының басталуын және бұл бірлестіктің тұтастай экономикалық және саяси интеграция моделі ЕО-ның институттарының даму моделіне ұқсас болып келуіне әкеледі деп атап көрсетті /4/.

Еуропалық Одақтың прогрессивті дамуының тәжірибесі Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қандай әсер әкеледі деген сұрақ туады. Бұл КСРО-ның және Еуропа мемлекеттері арасындағы болған тарихи, экономикалық, саяси байланыстармен тығыз байланысты. Посткеңестік мемлекеттер Ресейде XVIII ғасырда енгізілген және Кеңес Одағы кезінде де сақталған романо-германдық құқықтық жүйесін қолданады.

Еуропалық құқықтың мысалы ретінде ұлттық және халықаралық құқықтың байланыстарымен үйлесетін, халықаралық ынтымақтастықпен әкелген мемлекеттердің аумақтық бірлестіктері, аумақтық халықаралық бірлестіктер немесе аумақтық құқық деген жаңа құқық салаларының пайда болуына әкелді. Б.Н.Топорнин Еуропалық құқықтың түсінігін ауқымды және тар мағынада қарастыру кең таралған деп жазады. Бұл жерде еуропалық құқықтың ауқымды мағынасы ретінде ғалым тек Еуропаға ғана қатысты құқықтық қатынастарды реттеу және барлық еуропалық халықаралық ұйымдардың жұмысы, экономикалық, әлеуметтік, саяси, ғылыми және мәдени қастынастардың жиынтығы деп түсіндіреді Сондықтан мәселе өзінің негізінде халықаралық құқық болып табылатын аумақтық құқық (курсив біздің – А.Е.) туралы айтылып жатыр. Тар мағынадағы еуропалық құқық – бұл белгілі бір ауқымда Еуропалық Одақтың құқықтық реттеуімен толықтырылған еуропалық бірлестіктердің құқығы. Бұндай құқық халықаралық құқықтан алшақтаған және де өзін ерекше құқықтық құбылыс ретінде көрсетеді /5, 19 б./.

Ғылымда бекітілген терминологияға сүйене отырып, алдағы уақытта Еуропалық Одақтың құқықтық реттеуімен толықтырылған еуропалық бірлестіктердің құқығы және ТМД-ның құқықтық реттеуімен толықтырылған Еуразиялық Экономикалық Кеңестің аумақтық бірлестік құқығы болып табылатын «аумақтық құқық» терминін тар мағынада қолданамыз.

Еуропалық Кеңес мемлекеттерінің интеграциясының негізгі факторларын және ТМД-ның құрылу себептерін қарастыра отырып, Еуразия құрлығындағы болып жатқан интеграциялық процесстердің жалпы және ерекше мәселелерін анықтауға, яғни, ТМД аумағындағы интеграциялық процесстердің спецификасын түсінуге мүмкіндік береді. Соған байланысты Еуропа құқығы Академиясының президенті Л.Фицере былай деген: «Қазіргі уақытта барлығы Еуропалық Кеңес деп атайтын Еуропалық бірлестік – ерекше эксперимент. Оның мақсаты тәуелсіз ұлттық мемлекеттерді саяси, экономикалық, ұйымдастырушылық және заңдылық деңгейде бірлестіктің жаңа типіне (курсив біздің – А.Е.) біріктіру болып табылады /6, 19 б./.

Соғыстан кейінгі (1945 ж.) тығыз еуропалық интеграция еуропалық ұлттардың және мемлекеттердің ұзақ тарихи қалыптасу кезеңі болып табылады. Қазіргі еуропалық мемлекеттілікті қалыптастырған Еуропа территориясында мыңжылдық шамасында орасан зор империялар өмір сүрді. Герман королі Отто I құрған (Otto – 912-973 ж.) Қасиетті Рим империясы (962-1806 ж.), XV ғасырдың соңынан «герман ұлтының Қасиетті Рим империясы» өзінің құрамына батысславяндық жерлерді (Чехияны), скандинавиялық және франция жерлерін қосқан болатын. Осы жағдайлардың әсерінен империя халқында ортақ еуропалық өркениет сезімі қалыптаса бастады.

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы аумағының көп бөлігінде кезекпен түрік, монғол, славян империялары өмір сүрді. Бұл ұлттық тарихтың үзілмелі сипатта болуына әкеліп, қазіргі Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы құрамындағы елдер ұлттық мемлекеттілікті қайта жаңғыртуды мақсат етіп қойды. Бұл бірігу процесінде белгілі бір қиындықтар әкеледі. Соған қарамастан бұл аумақтағы елдерді мекендейтін еуразиялық ұлттар жан-жақты байланыстарды, ынтымақтастықты дамытуға тырысуда.

Еуропада күшті интеграциялық фактор болған христиан діні. Католицизм және оның негізінде құрылған протестантизм Батыс Еуропаның ұстанатын христиан дінінің негізгі бағыттары болып табылады. ТМД-да таралған православие христиандарынан, мұсылмандардан, буддисттерден және басқа да діндік бағыттардан және конфессиялардан бұлардың айырмашылығы – өздеріне «populus christianus» деген атау қолдануы. Бұд жеке дара конфессионалдық бірлестік болған, тек XX ғасырда Рим папасы Иоанн Павел II әсерімен католик және православие әлемдерінің қарым-қатынастары жақсара бастады.

Ортағасырлық Еуропаның саяси дамуына ерекше идеологиялық және практикалық әсері болған римдік мемлекеттіліктің res publica – қатар идеясы, мемлекеттік билікті атқаратын лауазым иелерінің ауысуына тәуелсіз идеясы. Бұл мемлекеттің персонификациясымен сәйкес келмейтін. Бұл идея халықтың өзін бірегей экономикалық, құқықтық, әлеуметтік, мәдени бірлестік болып сезінуі үшін әсер етті.

Патшалы Ресей аумағында шексіз монархтың билігі күшті болды, ал жергілікті билікті билігі шексіз басқарушылар әкімшілік, әскери, соттық билікті жүзеге асырды. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы құрамына кіретін кейбір ұлттар мен мемлекеттер, сондай-ақ қазақ ұлтында да XIX ғасырдың екінші жартысында парламентаризмнің кейбір элементтерінің көрінісі болған. Алайда, патшалы Ресейдің реформалары және КСРО-ның орталықтандырылған басқару жүйесі бұл қалыптасуды бұзды.

Қазіргі таңдағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы мемлекеттерінің байланысы жақсаруда, алайда олардың әрқайсысының экономикалық даму деңгейі әртүрлі болғаннан кейін тағы да белгілі бір қиындықтар туындайды.

Профессор Л. Фицере Еуропалық бірлестіктің интеграциясы экономикалық интеграциядан бастау алады, ал оның ішкі және сыртқы саясаттағы, ішкі істер және әділеттің анықтаушы элементі болып саяси ынтымақтастық болып табылады деп көрсетеді.

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы мемлекеттері, керісінше, алдымен саяси бірлестік ретінде құрыла бастады және соның әсерінен әлі күнге дейін экономикалық байланыстар жақсармады.

КСРО-ның құлауынан кейін Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының құрылуы ең бірінші саяси мәнді оқиға болды. 1991 жылдың 17 наурызында халық ортақ мемлекеттің сақталуы үшін дауыс берген болатын, соның себебінен, халықта кеңестік психологияның сақталуынан Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын құрушы мемлекеттер әлем алдында бірліктің сақталатынын жариялады. Сондықтан 1991 жылы 23 шілдеде КСРО республикаларының делегациясымен қабылданған Егеменді Мемлекеттер Кеңесінің келісім-шартында көрсетілгендей бұл мемлекеттер «өздерінің Кеңестегі қарым-қатынастарын жаңа бастамаларға негіздей отырып құрады». Бұл құжаттағы көрсетілген ең негізгі мәселе Кеңес құрып жатқан әр мемлекет халықаралық бірлестіктің толық құқықты мүшесі болып табылады және дипломатиялық және консулдық байланыстар, шетел мемлекеттерімен сауда қарым-қатынастарын жасауға, олармен лауазымды өкілдіктерімен алмасуға, Кеңеске кіретін мемлекеттердің құқықтарын және оның халықаралық міндеттерін бұзбай халықаралық келісім-шарттар жасасуға және халықаралық ұйымдардың жұмысына араласуға құқылы. Жаңа ұйымның құрылуының негізгі қағидаларын атап көрсетуге:

- Әр мемлекет – келісім-шартқа қатысушы – егеменді мемлекет болып табылады. Кеңестік Егеменді Республикалар Одағы – зайырлы федеративті демократиялық, тең құқықты мемлекеттердің нәтижесінде қалыптасқан және өзінің мемлекеттік билігін келісім-шартқа қатысушы мемлекеттер ерікті түрде берген өкілеттігі негізінде жүзеге асыратын мемлекет.

- Кеңес құратын мемлекеттер маңызды қағида ретінде БҰҰ-ның Адам құқықтарының жалпыға бірдей Декларциясына және басқа да әлем таныған халықаралық құқықтық нормаларға сәйкес адам құқығын таниды. Барлық азаматтарға туған тілін оқуға және қолдануға, ақпаратқа еш кедергісіз қол жеткізуге, дін, саяси, әлеуметтік-экономикалық және басқа да жеке құқықтар мен бостандықтарға кепілдік беріледі.

- Кеңестік Егеменді Республикалар Одағы халықаралық қатынастарда зайырлы мемлекет ретінде қатысады, халықаралық құқықтың субъектісі болып табылады және Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының құқықтық мирасқоры болып табылады. Оның негізгі мақсаттары болып халықаралық аренада бейбітшілік орнату, қарусыздандыру, ядролық және басқа да жаппай қырып-жоятын құралдарды жою, адамзаттың әлемдік мәселелерін шешудегі халықтардың бірлігі және мемлекеттердің ынтымақтастығы /7/.

Одақтың ыдырауынан кейінгі «егемендік шеруі», экономикалық байланыстардың үзілуі, тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының тек қағаз жүзінде өмір сүруіне әкелді, себебі бұрынғы КСРО мемлекеттері ұлттық мемлекеттілікті құру, егемендіктің қалыптасуы және халықаралық сахнада өзін бекітуімен айналысып жүрді. Көптеген мемлекеттер қарулы шиеленістерді, өндірістік апат құлдырауларын бастан кешті, Республиканың саяси элиталары ел ішінде өз жағдайын нығайтты. Н.К.Есенғарин, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының сол кезеңін әлемдегі билік етуші интеграциялық топтармен салыстыра отырып, посткеңестік кеңістіктегі интеграциялық үрдістің бастамашылығы, яғни жаңадан басталып келе жатқандығы туралы айтады. Достастық көрсеткіштері басқа әлемдік аймақтардан айтарлықтай артта қалып отырды. Егер Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығында өзара тауар айналымының әріптес елдермен сыртқы саудасының жалпы көлемінің үлесі шамамен 30 % болса, НАФТА – 50 %, Еуропалық Одақта 60 % -дан жоғары /8, 145 б./.

Еуропалық Одақта мемлекеттер мен аймақтарды теңестіру үшін қызмет ететін арнайы қор құрылды, яғни Еуропа елдері Еуропалық Одақтың әр мүшесінің күшеюіне мүдделі, сонымен қатар материалдық көмек көрсетеді. 2000-2006 жылдар аралығында ЕО ортаеуропалық елдерге - ЕО кандидаттарына жыл сайын Одаққа кіруіне дайындық үшін 3,12 миллиард еуро көлемінде көмек көрсетіледі, оның 30% басқару құрылымдарын құруға, 70% – ЕО жалпы құқықтық жүйесіне өтуіне инвестицияларды қолдау ретінде /9/.

ТМД-да өзгеше жағдай байқалады. 2001 жылғы 20 шілдедегі «Известия» газетінің хабарламасы бойынша, Генуяда «үлкен сегіздік» елдерінің басшылары ең кедей мемлекеттер мәселелерін талқылады. Оларға 48 ел кіреді, 23 елдің қарыздары есептен шығарылып, 11 елге соғысушы мемлекетке жатқызылғандықтан бас тартылды. Ең кедей елдер тізіміне қазір еуропалықтар бұрынғы КСРО-ның төрт елін кіргізбекші: Грузия, Молдавия, Қырғызстан мен Тәжікстан. Сонымен қатар олардың 80-90% мемлекеттік қарызы Ресейге берілуі тиіс. Ресей бұл мемлекеттерге қарыздарын кешіруге қарсы. Аналитиктердің пайымдауынша бұл мемлекеттерді кешіруі Ресейдің Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысты саясатын айтарлықтай өзгертуге тура келеді: бұл мемлекеттердің Ресеймен саяси жоғалтуларды көңілге алмағанның өзінде экономикалық жақындығына мүдделілігі төмендейді - осы мемлекеттерді Мәскеу қауіпсіздік белбеуіне қосуына тырысып отыр.

1991 жылы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының құрылуы мен қызмет етуі екі кезеңде өтті. Бірінші кезеңінде славян елдерінің басшылары Минск қаласында 1991 жылы 8 желтоқсанда Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы құрылғанын жариялады, онда КСРО-ның өмір сүруі тоқтатылғаны хабарланды. КСР Одағын құру туралы 1922 жылғы Шартта үлкен елдің барлық бұрыңғы республикалары қатысты, бұл одақтас республикалар тек өздерінің Одақтан шығатынын жариялай алды, бірақ оның өмір сүруінің тоқтатылғанын емес. Алайда Одақтың негізі Ресей Федерациясы болса да, басқа екі славяндық республикалардың да рөлі маңызды болды. Республикалар Одағы формальді түрде ерікті болды, яғни 1922 жылғы КСРО құру туралы шарт халықаралық шарт жасасуда еріктілік, еріктердің келісімділігі сияқты халықаралық құқық талаптарына сәйкес келетіндігін білдіреді.

Шындығында, Одақ үкіметінің осы кезде федерацияның он екі субъектілерінің ішінен үшеуінің әрекеттерін тоқтату арқылы ұлы державаның құлауын тоқтатуға тағы бір мүмкіндігі болды, онымен қоса 1991 жылы 17 наурызда өткен референдумда ел азаматтарының абсолюттік көпшілік саны КСРО сақталуы үшін дауыс берді. Барлық республикалардың (бұрыннан шығып кеткен Балтық жағалауы елдерінен басқа) басшыларының еріктілігімен Алматы қаласында 11 республикамен қол қойылған келісім негізінде 1991 жылғы 21 желтоқсанда КСРО таратылды. Келісімде «ТМД құрылуымен КСРО қызмет етуін тоқтатады» делінген. Осы сәттен бастап бұрыңғы одақтас республикалардың «егемендік шеруі» аяқталды деуге болады, олар біржолата тәуелсіз мемлекеттер мәртебесін иеленді және олардың арасындағы қатынас халықаралық құқық нормаларымен реттелуге жатады.

КСРО-ның ресми таратылуынан бұрын қабылданған 1991 жылғы 16 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық Заң халықаралық қауымдастықта жағымды резонанс тудырды, жаңа мемлекеттің тәуелсіздігін бірқатар мемлекеттер мойындады. Бұл АҚШ идеологтарымен «жауыздық империясы» аталған ұлы державаларының бірінің ыдырау процесі әлемдегі елдердің маңызды бөлігінің мүдделеріне сәйкес келгенін көрсетеді, негізінен оның саяси, экономикалық, әскери қарсыластырының. Сондықтан БҰҰ немесе басқа беделді халықаралық ұйымдар деңгейінде Кеңес Одағының ыдырауына жол берілмеу туралы мәлімдейтін бір де бір дауыс табылмады.

Әлемдік тарихта достастық нысанындағы мемлекеттік және мемлекетаралық ұйымдар кездескен: Багам Аралдары Достастығы, Британ Достастығы, мүшелер арасында қатынастар үйлесімді дамыды. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы басқа шындықты байқатады. Ең жоғары деңгейде қабылданған Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын нығайту туралы көптеген құжаттарға қарамастан Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы әлі күнге дейін саясаткерлермен мәлімделген деңгейге сәйкес келмейді. «Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы» сөз тіркесінің өзі үйлеспейтін ұғымдардың үйлесімін білдіреді. Бұл бастапқыдағы халықаралық бірлестік идеясында жатқан екі тенденцияны дәлелдейді.

1.Аталған мемлекетаралық қалыптасулардың субъектілері ретінде мемлекеттің түпкі мақсаты болашақта күшті мемлекетті қалпына келтіру (құру) және егемендікті бекіту болып табылады.

2. «Достастық» сөзі орыс тілінде «достыққа негізделіп, бір нәрсенің немесе біреулердің бірігуі» /10, 846 б./, жек көрініштік қарым-қатынастарын, әсіресе бір-біріне зорлық-зомбылық көрсетуді жою керек деп ұстанатын мемлекеттер бірлестігі болады деп болжамдалды, одан артық емес.

Бұл тенденция жаңа тәуелсіз мемлекеттер арасындағы өзара байланыс деңгейінде де сақталды. Бірнеше жыл Ресей Федерациясында Қазақстан Республикасының елшісі болған Т.А.Мансуровтың айтуы бойынша, тәуелсіздікті алудың бастапқы кезеңінде екіжақты қатынастың шарттық-құқықтық ресімделуі мен дамуы және өздерінің халықаралық мәртебесін түсінуі көбіне екінші жоспарға ауысып отырды. Жаңа тәуелсіз мемлекеттердің көпшілігі өздерінің халықаралық қауымдастықпен, ең алдымен жетекші державалармен мойындалу процесстерін жылдамдатуға баса назар аударды. /11, 335 б./.

Осылай, бұл халықаралық құрылымының атауы ол ең алдымен құқықтық мағынада посткеңестік республикалардың ұлттық мемлекеттілігін бекіту құралы болып табылатынын көрсетеді. Беловеж Пущасындаға Кеңес Одағының құлауынан кейін бірден Достастықты құру туралы шарт оның субъектілері үшін: а) барша әлемнің алдында бұрын бір мемлекет болған республикалар арасында болашақта берік экономикалық, саяси, әскери және т.б. байланыстар түріне жаңартылуы мүмкін достық байланыстарды сақтау туралы саяси мәлімдемені; б) КСРО-ны сақтап қалғысы келген 270 миллион кеңес халқының 1990 жылдың 17 наурызында өткен референдум нәтижесі бұзылды дегеніне жауап ретінде.

Қазіргі кезеңде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы аумағында мемлекеттердің бірқатар аймақтық бірлестіктерінің құрылуы жүріп жатыр. Бірлестік нұсқаларын туыстық этносты немесе біріңғай географиялық аймақты құрайтын мемлекеттердің бір-біріне тартылуының бірқатар орталықтары орналасқан Еуропа да қарастырады.

ТМД-да бейтараптылық қағидасын ұстанатын мемлекет бар – Түркіменстан. Осы мемлекет Конституциясының 1 бабында Түркіменстан заң негізінде тұрақты бейтараптылық мәртебесіне ие екендігі бекітілген. Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясының 1995 жылғы 12 желтоқсандағы «Түркіменстанның тұрақты бейтараптылығы» Резолюциясында: Түркіменстанмен жарияланған тұрақты бейтараптылық мәртебесін таниды және қолдайды; Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше мемлекеттерді Түркіменстанның тәуелсіздігі, егемендігі және аумақтық бүтіндігін құрметтей отырып осы мәртебені сыйлау мен қолдауға шақырады. 1999 жылы 27 желтоқсанда Түркіменстанның Халықтық кеңесінің отырысында «Демократия және татукөршілік, бейбітсүйгіштік қағидасы мен тұрақты бейтараптылыққа негізделген Түркіменстанның ХХІ ғасырдағы сыртқы саяси бағыты жөніндегі декларациясы» қабылданды. Түркіменстан Президенті Сапармұрат Түркіменбашы «адамзаттың ортақ прогресі бір модельдің диктатымен, нормалардың унификациясымен және өмір қағидаларымен ғана емес, сонымен қатар философия мен идеялар үйлесімділігімен анықталады» деп атап көрсетті /12/.

Ертеден бері Еуропада бейтарап дамыған мемлекеттер болатын: Швейцария және де Еуропалық аумақтық бірлестіктерге кіруге асықпайтын мемлекеттер, мысалы, Швеция. Ұлыбритания Еуропаның біртұтас валюталық кеңістігіне қосылмады. Посткеңестік кеңістікте жүрген, Тәуелсіздік Мемлекеттер Достастығының шегіндегі интеграциялық процесстер Қазақстанның егеменді мемлекет болып қалыптасуында маңызды рөлге ие. Біздің Президентіміз Н.А.Назарбаевтың пікірі бойынша, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы өзара тиімді және жемісті ынтымақтастықта қалыптасуы тиіс, онда, Ресей Мемлекеттік Думасының бұрынғы спикері Г.Селезневтің пікірі бойынша «заңның синхронизациясы» белсендірек жүруі керек деген. Бұл атау, біз түсінетіндей, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы мемлекеттерінің егемендіктерін толық құрметтеумен ұлттық құқықтық жүйелерінің өзара үйлесуі. Және де поскеңестік кеңістіктің шеткі үйлестіруінің жақтаушылары бар: «Бізге ұлттық республика түсінігінің барынша идеологияланған және саясаттанған ұғымын негізінде азаматтық құқық мәні жатқан «аумақ» ұғымын деидеологияланған және саясаттанған түрде игеруіміз керек». Және де ерекше өркениет ретінде, поскеңестік федерализмның ерекше ұқсастығымен байланысты функцияларды тек қана федералды орталық қана алады, ол Батыстан да, Шығыстан да ерекше және жалпы Еуразия кеңістігінің ұлы дәстүрлерін сақтайды және оны білік ойымен бекітеді /13, 424 б./. Халықаралық деңгейдегі Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы мемлекеттері Еуропалық Одақпен өзара әрекеттесулерін нығайтуға ұмтылады, ал аумақтықта Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы мемлекеттері, оның ішінде Қазақстан да өздерінің аумақтық бірігулерінің үлгісі ретінде Еуропалық Одақтың тәжірибиесін алды. Осыған байланысты Н.А.Назарбаев, Батыс Еуропадағыдай интеграция деңгейі туралы айтуға әлі ерте, бірақ қойылған міндеттер (А.Е.ЕурАзЭС мемлекетаралық ұйымның бiрiншi мәжiлiсiндегi Минсктегi 2001 жылдың 1 маусымы) экономикалық және саяси жүйелердiң теңестiрулерiне итермелейдi деп атап өткен.

Осылай, 23.01.1995 жылы Қазақстан мен Еуропалық Одақтың арасында сауда және инвестиция, демократия дамуының және әділеттілік аясындағы әріптестік және ынтымақтастық туралы келісім бекітілді, онда «Қазақстан Республикасы – Еуропалық Одақ» ынтымақтастық Кеңесі жұмыс істейді, оның үшінші отырысы Брюссельде 2001 жылы шілдеде өтті. Қазақстан Еуропалық мемлекеттерімен стратегиялық серіктестікке ұмтылады. Бірақ та Ресей Федерациясының тәжірибиесі бұл өте қиын процесс екенін дәлелдейді. Ю.Берестнев Ресей-Еуропалық қатынастарға анализ жасап, былай деп жазған, Ресей Федерациясының Еуропа Кеңесіне кіру үшін жасалған шарттарының ішінде маңызды орында Ресей заңнамасын Еуропа нормаларымен сәйкес келтіру талабы тұр. Соңғысында бірінші орында адамдардың құқықтары мен негізгі еркіндіктері туралы Еуропалық Конвенция және де прецеденттік сипаты бар адам /14, 14-15 б./. құқықтары бойынша Еуропалық Соттың шешімі түсіндіріледі. Ал бұл барлық билік құрылымдарының күшімен және де Ресей Федерациясының Президентінің қатысуымен шешілетін ұзақ процесс.

Украина Жоғарғы Кеңесінің төрағасы О.М.Ткаченко былай деп атап өткен болатын, «Егер де Украина тек Еуропалық ұйымдардың шегінде қабылданған міндеттерін ғана жүзеге асыратын болса, онда оған жаңа заңнама құруға тура келеді. Ол бұрын Украина мемлекетінің тәжірибиесінде қолданылмаған халықаралық қағидалар және үлгілерге негізделеді» /15/.

ТМД мемлекеттерінің жасалынған келісімдері: 1992 жылы 14 ақпан «Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы шегіндегі ынтымақтастық қағидаларын сақтау туралы» Декларация; 1992 жылы 13 наурыз «Несиелік қамтамасыз ету аясындағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының қатысушы-мемлекеттерінің азаматтарының құқығына кепілдеме туралы» Келісім; 1994 жылы 29 қазан «Тәуелсіз Мемлекеттердің азаматтарына кепілдеме және әлеуметтік құқық хартиясы»; «Еңбек етуші-мигранттарды әлеуметтік қорғау және еңбек миграциясы аясындағы ынтымақтастық туралы», 1994 жылы 8 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесінің ратификациялық қаулысы және т.б. халықаралық субьектілердің шаруашылық қызметі реттеледі, миграциялық процесстер қалпына келеді, халықты әлеуметтік қолдау және аумақтық даму Қорының құрылуына шаралар қолданылады және т.б.

2001 жылы 27 қазанда Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы мемлекеттерінің Басшылар Кеңесінің отырысында, қазіргі уақытта Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы мемлекеттерінің күштері ең алдымен экономика аясындағы, еркін сауданың толық масштабты аймағын құруға көңіл бөлуі керек деп айтылған. Сондықтан да, бірінші кезекте бар тосқауылдардың жойылуын қадағалау, нәтижелі есептік-төлемдік жүйені құру, заңнаманы үндестіру. Бір-бірінің экономикасын өзара толықтыра алатын ұлттық және трансұлттық компанияларды құру және қызмет етуі маңызы аз емес процесс. Нақты мысал – Каспилік құбыр арнасы консорциумы. 27 қарашада газды саладағы ынтымақтастық туралы Келісімге қол қойылды. Бұл қапталды құжат энергетика саласындағы Келісімді құрастыратын екі мемлекеттің сәйкес құрылымдарының жақындасу жолында көптеген кедергілерді алып тастауға мүмкіндік береді.

Германия Федеративті Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі М. Либаль германиялық саясаттың Еуропада әрекетқабілетті және дара еуропа мемлекеті ретінде жеке-жеке қарсы тұрғаннан гөрі болашақта алып державаларға қарсы тұра алатындай тиімді саяси одақ құруға бағытталғанын тілге тиек етті. Қауіпсіздіктің және қорғаныстың еуропалық саясатын құруды ЕО істеуі қажет және бұл аяда АҚШ және НАТО-мен тең құқылы бәсекелес болуы шарт. Осындай саясат ұлттық егемендіктің маңызды атрибуттарынан бас тартуға алып келеді. Бұндай бас тартушылықсыз интеграцияның болуы мүмкін емес. Тек осындай жағдайда ғана бірауыздан сөйлейтін, шешімді және біртұтас әрекет ететін Еуропалық одақты құруға болады /16, 4-5 б/.

Еуропадағы ұлттардың әртүрлі ұлттық мәдениеттерінің өзара әрекеттесу дәрежесінің жоғарылығы соншалық, аса дамыған мемлекет, халқының көп бөлігі түпкілікті халық болып табылатын германияның федералды канцлері Герхарт Шредер 2001 жылғы 18 қазанда герман Бундестагының алдындағы үкіметтік өтінішінде: «Еуропа – географиялық түсініктен жоғары, еуропа - сонымен қатар, біз қорғап, дамытқымыз келетін қоғам моделі мен жалпы өмірсүру нысаны, бұл еуропа ағартушылығының рухани және әлеуметтік негізіне құрылған және жүз жылдықтар шегінде мол Грек, Рим, Еврей, Христиан және Ислам мұрасын қабылдады. Біз, еуропалықтар, айырмашылықтарды тануды ғана үйреніп қойған жоқпыз, сонымен қатар біз конфессиялық даулар, терең қақтығыстар және де ұлттық мемлекеттер арасындағы жаугершілікті де жеңуді үйрендік» /9, 52 б./.

ХХ ғасыр соңында жалпы танылған ұлттық-құқықтық қағидалар мен институттардың халықаралық-құқықтық қамтамасыз етілуінің күшейгенін бақылауымызға болады. Ең алдымен азаматтардың құқықтары мен бостандықтары, демократиялық құндылықтары, егемендігі, шекараның бұзылмастығына қатысты, аумақтық мемлекетаралық бірлестіктер өзінің құрамы, интеграцияланған дәрежесі, өмір сүру мерзімімен ерекшелене алады. Бірақ та бірде бір мемлекеттің белгілі бір дәрежеде аумақ шегінде интеграциялық бастамашылығына әсер ететін өзінің геосаяси орналасуын өзгерту қолынан келмейді.

Орта-Азиялық аумақ бір этнодемографиялық аумақ ретінде алғаш рет 1994 ж БҰҰ халық және даму бойынша Каир конференциясында, үлкен Оңтүстік Азияда жеке дара демографиялық өлке ретінде Таяу Шығыспен, Үндістан субконтинентімен, Үнді-Қытаймен (Азияның оңтүстік-шығысы) тең дәрежеде бөлінді. Орталық-Азия өлкесінде, үлкен кеңістікте (4 млн шаршы метр) қазіргі кезде 55 млн адам тұрады. Мұнда халық тығыздығы бір шаршы метрге 15-16 адам, Индостан субконтинентінен 25 есе аз, Қытайдан 9 есе аз, көрші аумақ - Таяу Шығыстан 2 есеге аз /17, 3 б./.

ТМД елдері өздерінің Солтүстік Америка мемлекеттері де жататын батыс европалық мемлекеттерінен артта қалушылығын түсіне отырып, әрқайсысы жеке дара мықты мемлекеттілік құруға ұмтылады, сондықтан өздеріне ұқсас мемлекеттермен емес, аса дамыған «өркениетті» мемлекеттермен байланыстарын жақсартатын болады. Осы себептерге байланысты Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы мүше мемлекеттері әлі ұзақ уақыт бойы жеке-жеке дамиды. Посткеңестік мемлекеттерінің интеграциясын ортақ қауіпке: әскери, экономикалық, экологиялық қауіптерге қарсы күштерін біріктіру жеделдете алады. Сонымен қатар тек сыртқы қауіптермен туындамаған, толық аумақтар мен континенттердің бірігу процесі, мысалы Европа бірлестігі, Достастық мемлекеттерінің мамандарын осы мемлекеттердің тәжірибесін егжей-тегжейлі зерттеуге мәжбүрлейді. Мамандар еуропа мемлекеттерінің орталық азия мемлекеттерімен қатынастарына жағымды әсер ететін күшті жақтарына мыналарды жатқызады:

- Еуропа мемлекеттерінің экономикалық, қаржылық, техникалық әлеуеті;

- Орта азиялық мемлекеттерге қатысты жағымсыз империялық тәжірибенің жоқтығы;

- Еуропалық мемлекеттерде жағымсыз «антиисламдық имидждің» жоқтығы;

- Кейбір еуропа мемлекеттерінің (бірінші кезекте Германия) көптеген Орта Шығыс мемлекеттерінің басты экономикалық серіктестері ретіндегі дәстүрлі ролі;

- Дамушы мемлекеттердің өндіруші өнеркәсібіне инвестициялар тәжірибесі;

- Еуропа Одағының және НАТО позициясының күшеюіне төзімділігі;

Орта Азия мемлекеттеріндегі адам құқықтарының сақталуы сұрақтары бойынша европа мемлекеттерінің ұстамдылық позициясы /18/.

Бұған Петр I кезінен, Орталық Азияға, әсіресе Қазақстанға көп неміс мамандары: осы аумақ мемлекеттерінің өнеркәсіптіік және мәдени әлеуетіне елеулі үлес қосқан ғалымдар, инженерлер, шенеуніктердің келгендігін қосқан жөн. Қазақстандығы неміс халқының саны күштеп жасалған депортация нәтижесінде әсіресе Ұлы Отан соғысы жылдарында көбейді. Нәтижесінде 1991 жылы неміс халқының саны 1 миллионға жетті және жергілікті халықты еуропа мәдениетіне тартуда баға жетпес үлес қосты.

Қазақстан Республикасы мен Европа қауіпсіздігі арасындағы ынтымақтастық қарқынды дамуда. Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 26 мамырдағы Заңымен «Бір жағынан Қазақстан Республикасының Европа Қауымдастығымен, екінші жағынан оның мүше - Мемлекеттерінің арасындағы серіктестік пен ынтымақтастық туралы» Келісімі ратификацияланды, 1995 жылы 23 қаңтарда Брюссельде қол қойылды (бұдан әрі - Келісім).

Келісім тоғыз тарауға біріктірілген 100 баптан тұрады. Бұл құжатта тараптардың өзара қатынасы құрылатын қағидалар жарияланған: демократия, халықаралық құқық және адам құқықтарын құрметтеу қағидасы. Осы қағидаларға сәйкес құжат мазмұны баяндалған, мысалы IV бөлім «Кәсіпкерлік қызмет және инвестициялауға әсер ететін Ережелер» еңбек талаптарын регламенттейді; мекеме және компания қызметіне қатысты ережелер; Қазақстан Республикасы мен Қауымдастық арасындағы трансшекаралық қызмет көрсету; ағымдағы төлемдер мен капитал, интеллектуалдық, өнеркәсіптік және коммерциялық меншікті қорғау.

V тарау «Заңнамалық аясындағы Ынтымақтастық»; VI – «Экономикалық ынтымақтастық»; VII – «Мәдени ынтымақтастық»; VIII – «Қаржылық ынтымақтастық» мазмұнды болып келеді. Келісімдегі маңызды сәт ынтымақтастық Кеңесінің, ынтымақтастық Комитетінің және осы Келісімнің сақталуы мен жүзеге асырылуын бақылауды қамтамасыз ету мақсатында парламенттік ынтымақтастық Комитетінің бекітілуі болды.

Еуропалық Одақ мемлекеттері Орталық Азия мемлекеттерімен, әсіресе Қазақстанмен өзара әрекеттестігіне баса назар аударады. Олардың тиісті консолидацияланған позициясы «Еуропалық Одақ және Орталық Азия: жаңа серіктестік стратегиясы» атты құжатта көрініс тапты, бұл құжат 2007 жылы ЕО саммитінде қабылданған болатын.

Қазақстан да өз кезегінде технологиялық, энергетикалық, транспорттық, сауда – экономикалық өзара әрекеттесудің кеңеюіне әкелетін Еуропалық мемлекеттермен тығыз ынтымақтасуда, сондай-ақ Еуропалық интеграция мен институциялық-құқықтық реформалар тәжірибесіне қызығушылық танытады. Сондықтан Қазақстан Республикасының Президенті 2008 жылы 29 тамызда Еуропалық елдер мен Қазақстан арасындағы жан-жақты ынтымақтастықтың жаңа негіздері қаланған, 2009-2011 жылдарға арналған «Еуропаға жол» атты Мемлекеттік бағдарламаның бекітілуі туралы Жарлыққа қол қойды.

Бағдарламаның басты мақсаты – Еуропалық елдермен сауда айналымының көбеюі, транспорттық желілерді дамытудың біріккен жоспары, техникалық регламент пен өлшемдерді, яғни стандарттарды Еуропалық Кеңес елдері талаптарына сай ету, еуропалық нормалардың ескерілуімен болатын қазақстандық заңнаманы жетілдіру және т.б. істерде көрініс табатын еліміздің беделді еуропалық елдермен стратегиялық ынтымақтастық деңгейіне шығуы.

Көрсетілген мақсатқа жету үшін бірнеше мәселені шешу керек. Біріншісі, Еуропа елдері мен Қазақстан арасындағы технология, энергетика, транспорт, техникалық реттеу мен метрология, кіші және орта бизнес бағыттарындағы ынтымақтастықты дамыту және одан әрі жетілдіруге қатысты Қазақстандық өмір сүру деңгейін еуропалық стандарттарға жақындатуды көздейтін өмір сапасы саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуге үлкен көңіл бөлінеді. Қоршаған ортаны жақсарту, су ресурстарын қорғау, климаттық өзгерістерді алдын ала болжау, био алуантүрліліктің сақталуына қатысты жүйелі жұмыс жоспарлануда. Одан басқа халыққа көрсетілетін медициналық қызмет көрсету сапасы жоғарылайды. Олар ақпараттық технология ендіру; диагностика, ауруларды емдеу және алдын алу сапасының жақсаруы; дәрілердің сапасы мен жетімділігін арттыру; тамақтану стандарттарын енгізу; кадрлық ресурстар жүйесін дамыту арқылы еуропалық стандарттарға сәйкестендіріледі.

Екінші мәселе - жағымды еуропалық тәжірибені қолдана отырып қазақстандық институциялық-құқықтық базасын жетілдіру. Негізгі әрекет мемлекеттік құрылымның қазақстандық моделінің жетілдірілуі, мемлекеттік қызмет пен кадрлық ресурстарға тиімді басшылық жасау жүйелерінің енгізілуі, елдің саяси өмірінің либерализациялануына бағытталады. Дәлірек айтқанда, ол сайлау, саяси партиялар, бұқаралық ақпарат құралдары туралы заңнаманы жетілдіру; мемлекеттік қызмет, соттық жүйе және басқа салалар бойынша да жүзеге асырылады.

Үшінші мәселе - Қазақстанды 2010 жылы ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуге дайындау. Ол үшін бағдарламада нақты түрде көрсетілген басымдықтар: ЕҚЫҰ кеңістігінде демократиялық институттардың дамуы үшін жағдай жасауда жұмысты жалғастыру; ЕҚЫҰ мемлекеттерінің транзиттік – транспорттық әлеуеті мен еуразиялық трансконтиненталды дәліздерін дамыту; экологиялық мәселелерді шешу; Қазақстанның бейбітшілік пен ядролық қарусызданының қамтамасыз етуіне жасаған үлесін ескере отырып сенім шаралары мен аумақтық қауіпсіздікті күшейту; ұйымдасқан қылмыстылық, наркобизнес, экстремизм, терроризммен күресу мәселелеріндегі қауіпсіздіктің әскери емес аспектілерін дамыту; Ауғаныстанды қалпына келтіру.

Қазақстан, 2010 жылы Еуропалық Одақ елдерімен сауда – экономикалық салада ынтымақтастығын едәуір күшейтті. Еуропалық Одақ сауда айналымы бойынша, жақын орналасқан Ресейден де озып, Қазақстанның басты сауда – экономикалық әріптесіне айналды. Индустриалдық – инновациялық даму бағдарламасын жүзеге асырып жатқан Қазақстан үшін Еуропалық Одақпен 2006 жылы енгізілген, мақсаты болып осы салада басшы, яғни АҚШ пен Жапония, мемлекеттерімен пайда болған қашықтықты қысқарту болып саналатын саясат жүргізуі маңызды болып табылады. Қазақстанның Еуропалық Одаққа кіру болашағы, алшақ болса да нақтылануда. Ол осы қадамның үлкен перспективаларымен байланысты. Қазіргі Еуропа 27 мемлекетті, соның ішінде бұрын социалистік лагерде болған мемлекеттерді, 500 млн халқы бар, әлемдік ең ірі экономиканы құраушы қауіпсіздік пен экономикалық өсімнің алып территориясын қамтиды. Еуропалық елдердің бірігу үрдісі әлі де жалғасып келеді.

ТМД елдерінің бірігуі, әлі де толық анықталмаған және ЕО тәжірибесінің жай ғана көшірмесі емес, себебі бұрынғы КСРО елдері тотолитарлық мемлекет шегінде де тығыз интеграция саясатының барлық жағынан жағымсыз бола бермегендігін атап өту қажет. КСРО ыдырауы кезінде үш жыл бойы (1990-1992 ж) КСРО мемлекеттік құрылымның түптік қайта құрылу барысында бір-бірін өзара алмастыратын үш ресми модель ұсынылған болатын: «Кеңестік Республикалардың жаңартылған одағы»; «Егеменді мемлекеттер одағы»; «Тәуелсіз мемлекеттер одағы» /19, 5 б. Осы анықтамалардың негізігі сөзі «одақ», ол өзінде интеграцияның түрлі дәрежесін, алайда мемлекеттердің жай бірігуінен жақынырақ ұғымды білдіреді, сол себепті бұрынғы КСРО мемлекеттері өзара тиімді ынтымақтастықта максималды эффектіге жету үшін барлық мүмкіндіктерге ие. Және ол түрлі нысандарда бола бастайды, алайда Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы мемлекеттерінің қабылдаған Конституциялары таяу болашақта ондай мүмкіндіктерге ие емес. С.Ю. Кашкиннің ойы бойынша мұндай конституцияны әлі ұзақ уақыт бойы гуманитарлық, экономикалық, қорғаныс және белгілі бір дәрежеде құқықтық кеңістікті қамтамасыз ететін негізі құжатттар жиынтығы алмастырады: Адам құқықтары мен бостандықтары декларациясы, Экономикалық қауымдастық туралы шарт және Алматылық құжаттар /20/.

Сонымен, Еуропалық Одақ пен Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы құрылуының тарихи-құқықтық аспектілерінің анализі, Еуразиялық экономикалық қауымдастықтың құраушысы болатын Достастық елдерінің Еуропалық Одақ елдеріне қарағанда барынша тығыз интеграцияға қабілеттері жоғары екенін көрсетті.

Осы интеграцияның табыстылығы мемлекеттердің саяси көшбасшыларының еркіне байланысты болады. Аумақтық интеграцияның дұрыс жақтаушыларының бірі Қазақстан Президенті 2005 жылы 18 ақпанда өзінің жыл сайынғы Жолдауында Орталықазиялық мемлекеттер одағын құру идеясының ішкі және сыртқы саясат бағыттарын ұсынған болатын. «Қазақстан, Өзбекстан мен Қырғызстан арасындағы мәңгілік достық туралы шарт осындай бірігу үшін мықты база бола алады. Мен аумақтың басқа елдерін де тыс қалдырмаймын. Біздің ортақ экономикалық мүдделеріміз, мәдени-тарихи тамырымыз, тіліміз, дініміз, экологиялық ортақ проблемаларымыз, сыртқы қауіп-қатеріміз де ортақ болып табылады. Еуропалық Одақ құру архитекторлары осы алғышарттар туралы ойлай да алмаған. Біз тығыз экономикалық интеграцияға көшіп, ортақ нарық пен ортақ валютаға ұмтылуымыз керек» /21/ деп, Президент ерекше атап өткен болатын. Ол аумақ халқымен қолдалынатын, әрі нақты жүзеге асырылатын мәселе.

Бұрынғы КСРО халықтарының жаңартылған интеграция құру процесінде уақыт маңызды фактор болып табылады: ерікті, әрі теңдік негізде шынында да теңдей халықтар, мемлекеттер, экономикалар, бірыңғай ішкі және сыртқы саясатпен біріккен, бірыңғай не үйлесімді құқықтық жүйелермен құрылған Одақ құру үшін және бұрын бар болған бірыңғай мемлекет туралы естелікті жойып, алдамшы әрекеттерді болдырмай ұлттық егемендікті нығайтудағы нақты әрі дұрыс шешім қабылдай алуы қажет.


Каталог: bitstream -> handle -> 123456789
123456789 -> Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰу хабаршысы №5 (84) 2011
123456789 -> Республикалық Ғылыми-әдістемелік конференция материалдар ы
123456789 -> Қазақ халық педагогикасы негізінде оқушыларды еңбекке тәрбиелеу
123456789 -> Ғаділбек Шалахметов бейбітшілік бақЫТҚа бастайды астана, 2010 жыл Қызыл «мұзжарғыш кеме»
123456789 -> А. Ж. Кунанбаева
123456789 -> Б. О. Джолдошева из Института автоматики и информационных технологий нан кр, г. Бишкек; «Cинтез кибернетических автоматических систем с использованием эталонной модели»


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет