Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жастар саясаты тұжырымдамасы



Pdf көрінісі
бет2/6
Дата07.04.2022
өлшемі145,15 Kb.
#138234
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Отправка по электронной почте Семинар 15

I. Жалпы ережелер
Мемлекеттік жастар саясатының қажеттігі жас өркеннің өмірге қадам басып, қоғамда өз 
құқығын иелеумен, оның алдында жауапкершілік арқалау сәтінде бетпе-бет келетін өмір 
мәресінің қиындықтарымен айқындалады. 
Жастар саясатын қалыптастыра отырып, мемлекет жастардың келешекте маңызды 
салмаққа ие болар халықтың бірден-бір белсенді тобы екендігін ескереді. Мұның өзі 
жастардың мемлекет құрылысындағы рөлі мен орнын жете бағаламауға жол бермеуді 
көздейді. 
Мемлекеттік жастар саясатының дәстүрлі әлеуметтік саясаттан айырмасы ол тек 
өтелу тетіктерін әзірлеуге ғана сайымайды. Ол жастардың еңбек пен шығармашылық 
қуатын айқындайтын белсенді де жаңаша, өндірушілік аспектілерден тұрады. Бұл 
мемлекеттік жастар саясатын қоғамның стратегиялық ресурстарын дамытудағы бірден-бір 
маңызды бағыт ретінде қарастыруға мүмкіндік береді. 
Қоғамдық өзгерістердің күрделілігі жас азаматтардың әлеуметтік жағынан жан-жақты 
қалыптасуына, жас қауым тіршілігінің барлық қалтарысына әсерін тигізді. Дәстүрлі жастар 
мәселелерін шешудің мазмұны мен тәрбие тәсілдері жаңа тарихи жағдайларда мүлде 
өзге қырынан қарастырылуға тиіс болғандықтан түбегейлі өзгерді. 
Қазақстандық жас буын бойында отаншылдық, іскерлік, жауапкершілік қасиеттер 
қалыптастырмай, жастардың ізгілікті, рухани өркендеуіне, сондай-ақ, өткен буынның 
әлеуметтік-мәдени тәжірибесін, әлем өркениеті жетістіктерін игеруіне жол ашпай 
әлеуметтік ұстанымдағы экономикасы бар демократиялық қоғам құру мүмкін емес. 
Мұндай мақсаттарды жүзеге асыру жастарға, жалпы қоғамға қатысты саясатты 
қалыптастыру мен жүзеге асыру ісіне жастардың өздерін белсенді түрде тартуды 
көздейді. Мемлекет жастарға, олардың материалдық деңгейі мен әлеуметтік жағдайына 
қарамастан, өмір жолын таңдау мен жеке жетістіктерге жету үшін мейлінше мол 
мүмкіндіктер ашуға тиіс. Сонда ғана жастар саясатының өзекті міндеті - жастардың 
тұлғалық қалыптасуын қамтамасыз етуі іске асатын болады. 
Осы Тұжырымдама мемлекеттік жастар саясатының басты мақсаттарын, қағидалары 
мен басымдықтарын анықтауды мұрат етеді. Тұжырымдаманың ережелеріне сәйкес 
мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыратын нормативтік-құқықтық тетіктер 
нақтыланып, оны ұйымдастырушылық, әдістемелік және ақпараттық қамтамасыз етудің 
негізі қалануы тиіс. 
Осы Тұжырымдаманың негізгі шарттарын қаржыландыру республикалық және 
жергілікті бюджетте мемлекеттік жастар саясатын іске асыруға бөлінген қаражат 
шеңберінде жүргізілуі қажет. Тұжырымдаманың жекелеген ережелерін жүзеге асыруда 
мемлекеттік емес, соның ішінде, шетелдік қаржы көздерін пайдалану да қарастырылуы 
мүмкін. 
Осы Тұжырымдаманы іске асырудағы басты талаптардың бірі мемлекеттік жастар 
саясатының ұйымдастырушылық және экономикалық тетіктерін құқықтық жағынан 
қамтамасыз ету, бірінші кезекте - жас азаматтардың, жастар мен балалардың қоғамдық 
бірлестіктерінің қатысуымен өтетін түрлі қарым-қатынастарды реттейтін Қазақстан 
Республикасының қолданыстағы заңдарына өзгертулер мен толықтырулар енгізу болып 
табылады. 
Тұжырымдама құрылымы шетелдік және отандық озық тәжірибелерді талдау мен 
жинақтау негізінде жасалды. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет