Қазақстан республикасының орта білім беру ұйымдарында



Pdf көрінісі
бет340/416
Дата30.01.2022
өлшемі4,56 Mb.
#116159
1   ...   336   337   338   339   340   341   342   343   ...   416
Байланысты:
102 ДИЯ КЛИЧХАНОВА ЖИБЕК, Ашық с.Матем.
10-сыныпты бітірген соң білім алушы
 адам өміріндегі жалпыадамзаттық, 
этномәдени  және  ұлттық  құндылықтардың  өзара  байланысын  және 
арақатынасын  түсінеді;  жағымды  қарым-қатынас  мәдениетін  біледі  және 
күнделікті  өмірде  іс  жүзінде  көрсете  алады;  өзінің  және  басқа  адамдардың 
көзқарас,  пікірлері  мен  қылықтарын  талдап,  сыни  тұрғыдан  бағалай  алады; 
отбасындағы 
жағымды 
қарым-қатынас 
құндылығын,  отбасын 
құру 
жауапкершілігін  сезінеді;  өмірдің  мәнін  түсінуге  ұмтылады;  өзінің  жеке 
уақытын  өзі  және  қоғам  үшін  тиімді  ұйымдастыра  алады;  әртүрлі 
дереккөздерінен  алынған  ақпараттарды  салыстырып,  талдап,  сыни  тұрғыдан 
бағалай  алады;  өз  пікірі  мен  көзқарастарын  еркін,  дәйекті  түрде  жеткізіп, 
негіздей  алады,  өзінің  пікірінен  алшақ  пікірлерге  төзімділік  таныта  алады; 
қоғамға қызмет етудің практикалық дағдыларына ие болады; өзінің азаматтық 
ұстанымын  қорғайды;  басқа  ұлттар  мен  конфессия  өкілдеріне,  адамның 
қоғамдағы  орны  мен  оның  жеке  қасиеттеріне  қатыссыз  құрмет  пен  төзімділік 
танытады. 
11-сыныпты  бітірген  соң  білім  алушы
  адам  үшін  жалпыадамзаттық, 
рухани-адамгершіліктік  құндылықтардың  маңызын  түсінеді;  өзара  адами 


295 
 
қарым-қатынастарды  тани  алады  және  оны  бағалай  біледі;  командада 
еңбектене  біледі,  топ  пен  ұжымда  өз  мәртебесін  анықтай  алады;  адам 
өміріндегі  отбасын  құрудың  маңызын  саналы  түсініп,  есею  өміріндегі 
болашағын  сезіне  алады;  өзінің  мінез-құлқын,  эмоцияларын  басқара  алады; 
эстетикалық  талғамға,  жақсы  әдеттерге  ие,жақсы  әдеттерін  көрсете  алады, 
күнделікті  өмірде  сұлулық  заңдылықтарын  пайдаланады;  өз  ойы  мен 
сезімдерін  еркін  жеткізеді;  қоршаған  әлеммен  үйлесімді  қатынас  құруға 
ұмтылады;  өзінің  ұстанымдары  мен  нанымдарын  қорғай  алады;  қиянат  жасау 
мен қатыгездікке қарсы тұрады; отбасында, ұжымда денсаулық сақтау ортасы 
жағдайларын жасау және қолдау үшін білімдері мен іскерліктерін қолданады; 
өзін-өзі жетілдіру үшін өмірлік жағдаяттарды шығармашылықпен және тиімді 
пайдалана  алады;  өзін-өзі  қалыптастыруға  ұмтылады;  жалпыадамзаттық 
құндылықтарды  басшылыққа  ала  отырып,  өмірлік  әртүрлі  жағдаяттарда 
жауапты шешімдер қабылдай алады.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   336   337   338   339   340   341   342   343   ...   416




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет