Бос лауазымның сағаттары 15 сағаттан кем болған жағдайда бөліпберугерұқсатетіледі. Мұғалімдердің оқу жүктемесін тарифтеу оқу процесін жоспарлаудыңнегізгі параметріболыптабылады. Тарифтеу–мектеппедагогтерініңбілімдеңгейіне,біліктілігіне,орындалатынжұмыскөлеміне,сондай-ақжұмыстыңнәтижелілігіменсапасынақарайоқужүктемесінбелгілеугебағытталғаніс-шараларкешені. Педагогті тарифтеу бойынша келесі жұмыс тәртібі ұсынылады:
МЖМБС, мектептің жұмыс оқу жоспарына және сынып-комплектінің санына сәйкес әрбір пән бойынша оқу сағаттарын есептеу (директор және директордың орынбасары жүзеге асырады);
Мұғалімдердің оқу жүктемесінің көлемі мектептің жұмыс оқу жоспарындағы сағаттар саны мен мектептің кадрлармен қамтамасыз етілуіне қарай айқындалады;
Жұмыс оқу жоспары бойынша әрбір параллель сыныптардың сағат санын есептеу жүргізіледі. Сонымен бірге белгілі бір пәндер бойынша сыныптарды топтарға бөліп оқыту ескеріледі. Топтарға бөлу сыныптағы білім алушылардың санына қарай жүргізіледі;
Әрбір мұғалімнің оқу жүктемесінің көлемі жұмыс оқу жоспарында белгіленген оқу қызметінің түрлері (инварианттық және вариативтік компоненттер) бойынша белгіленеді;
Сағаттардың санын есептегеннен кейін педагогтердің жүктемелері мен бақылау табелі анықталады;
Әрбір мұғалімнің оқу жүктемесі оның сыныптарда пәндерді оқыту сабақтастығын, оқыту сапасы мен кадрлармен қамтамасыз етілуін ескере отырып, алдын ала жеке әңгімелесу арқылы (директордың орынбасары, әдістемелік бірлестіктердің басшылары) айқындалады;
Жиынтық тарифтеу тізімі келесі міндетті мәліметтерді қамтиды: мұғалімнің аты-жөні; лауазымы; білім деңгейі; жүктеме көлемі – апталық жалпы сағат саны; қосымша жұмыс түрлері үшін төленетін қосымша ақылар; тұрақты жеке үстемеақылар (магистрлік, тәлімгерлік үшін және т.б.).