«Еңбекке баулу» пәні 2022-2023 оқу жылынан бастап, тек 1 – сыныптарүшін «Көркем еңбек» оқу пәнінен ажыратылып, бөлек пән ретінде оқытылады.
«Еңбекке баулу» пәнінің мақсаты – білім алушыны еңбек іс-әрекетіне дағдыландыру, олардың қарапайым құралдармен және әртүрлі материалдармен жұмыс жасау біліктілігін қалыптастыру, шығармашылық қабілетін дамыту.
«Еңбекке баулу» пәнінің міндеттері:
қол еңбегі арқылы оқушының байқампаздық, ұқыптылық, ептілік, жинақылық, жасампаздық, еңбексүйгіштік, төзімділік, шыдамдылық қасиеттерін тәрбиелеуді;
қолөнер туындылары мен олардың маңызы туралы ұлттық- дүниетанымдық түсініктерін қалыптастыруды;
отбасында, мектепте, мектептен тыс ортада қоғамдық пайдалы еңбекпен шұғылдану дағдысын қалыптастыруды көздейді.
«Еңбекке баулу» пәнін ұйымдастыру оңайдан қиынға, жеңілден күрделіге қарай, жүйелілік, сабақтастық, бірізділік және көрнекілік ұстанымдарына негізделеді.
«Еңбекке баулу» пәнін ұйымдастыру білім алушылардың жас және жеке ерекшеліктерін ескеріп, заманауи білім беру технологиялары мен ресурстарын ұтымды қолдану арқылы жүзеге асады.
«Еңбекке баулу» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:
1-сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 35 сағат;
Ескерту:1-сыныптабағалаужүргізілмейді.