Қазақстан Республикасының саяси даму бағыттары



Дата09.12.2023
өлшемі1,43 Mb.
#196035
Байланысты:
Қазақстан Республикасының саяси даму бағыттары
ЖБ матем 2с, Билет на кино томирис, тест2, Задачи для самостоятельного решения

Қазақстан Республикасының саяси даму бағыттары
Қазақстан егеменді мемлекет болып қалыптасуында бірнеше саяси жүйені реформалаукезеңдерінен өтті. Саяси жүйені реформалау нәтижесі көп жағдайда мемлекеттің стратегиялық бағытының дұрыстығы мен көлеміне тәуелді болып табылады. Тәуелсіз Қазақстанның саяси даму стратегиясын даярлау мен жүзеге асырудағы жауапты да қажырлы еңбектің арқасында елімізде демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлемге ашық мемлекет құрылды. Қоғамды пәрмендi саяси реформаның арқасында жаңа саяси институттар: парламент, саяси партиялар, қоғамдық қозғалыстар, Ассамблеялар дүниеге келiп, 1993 және 1995 жылдары республиканың конституциялары қабылданды, көптеген елдер 1992 жылдан берi БҰҰ деңгейiндегi мемлекетiмiздi мойындап, өз елшiлiктерiн аша бастады. Сол сияқты бiздiң мемлекетiмiздiң елшiлiктерi, өкiлдiлiктерi көптеген елдерде ашылып, нағыз тәуелсiз мемлекеттердiң толық атрибуттарын, қасиеттерiн иемденді.
Белгілісі, ұзақ мерзімге белгіленген саяси жаңғыртудағы стратегиялық міндеттерді шешуде кедергілер мен қиыншылықтар да кездесті. Дегенмен, Президент Н.Ә. Назарбаевтың ұстанған саяси стратегиялық бағытының тиімділігі нәтижесінде Қазақстанның саяси жүйесі даму жолына түсіп, халықаралық қауымдастықтың оң бағасына ие болды. Бұл жөнінде Н.Ә. Назарбаев «Мемлекетіміз бен қоғамымызды құрудың дұрыс стратегиясын таңдап алудың өміршең мәні бар. Екшеле талданып жасалған стратегиялық жоспар назарды жинақтайды, тәртіпке жұмылдырады және жәрдемдеседі» [1], – деп атап көрсеткен болатын.
Ибраимов Қайрат БТЖ-11
Болашаққа бағдар “Рухани жаңғыру” бағдарламасы
Рухани жаңғыру» бағдарламасы Елбасының 2017 жылы 12 сәуірде жарық көрген осы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласының негізінде жасалған. Онда ұлтымыздың жаңа тарихи даму кезеңінің негізгі мақсаттары көрсетілген, атап айтқанда: рухани және мәдени құндылықтарымызды сақтау және ұлғайту, әлемдегі дамыған 30 елдің қатарына ену. Осы мақсаттарға жету жолына бағытталған жобалар бағдарламада толық көрсетілген.
Қазақ тілінің латын әліпбиіне біртіндеп, кезең-кезеңмен көшуі туралы жобасы тіліміздің дамуына жаңа импульс беріп, оны әлемдік кеңістікке шығаруға, сөйтіп халықты тілімізді толық меңгеруге ынталандыруға арналған. Ал 2025 жылдан бастап латын әліпбиіне толық көшетін боламыз: осы уақыттан бастап барлық жазбаша дүниелер – БАҚ беттеріндегі жарияланымдардан бастап, кеңселік іс қағаздарын толтыруға дейін тек қана латын тілінде жүргізілетін болады. Оған дейін ақырын үйреніп, кириллицадан латынға біртіндеп өтетін боламыз.
«Қазақ тілінде 100 жаңа оқулық» жобасы жастарға дүние жүзіндегі таңдаулы үлгілердің негізінде білім алуға мүмкіндік беруге, білім сапасын арттыруға және ұлттың өзіндік сана-сезімі мен оның тілін дамытуға бағытталған. Нұрсұлтан Назарбаевтың сөзімен айтқанда, «біздің әлеуметтік және гуманитарлық біліміміз ұзақ жылдар бойы бір ғана ілімнің аясында шектеліп, дүниеге бір ғана көзқараспен қарауға мәжбүр болдық». Міне, осы шектіліктен арылу үшін, тарих, саясаттану, әлеуметтану, философия, психология, мәдениеттану және филология саласы бойынша әлемнің ең үздік 100 оқулығын қазақ тіліне аудару ұсынылып отыр. Бұл бағдарламаның нәтижесі 5-6 жылдан кейін – кітаптар студенттердің қолына тигеннен кейін өз жемісін бере бастайды, сол кезде отандық жоғары оқу орындарының түлектері халықаралық еңбек нарығында бәсекеге төтеп бере алатын болады деп күтілуде
Ибраимов Қайрат БТЖ -11.
Халықаралық қатынастар жүйесіндегі Қазақстан
Қазақстан-Ресей қатынастары
• «Мәңгілік достық пен ынтымақтастық туралы» Декларация қабылданған уақыт: 1998 жыл 6
шілде
• «Мәңгілік достық пен ынтымақтастық туралы» Декларация қабылданған қала: Мәскеу
• «Мәңгілік достық пен ынтымақтастық туралы» Декларацияны қабылдауға қол қойған елдер:
Ресей мен Қазақстан
• Ресей мен Қазақстан арасындағы 7591 шақырымды қамтитын мемлекеттік шегара белгіленген
құжатқа қол қойылған уақыт: 2005 жылы
ҚР мен ҚХР арасындағы дипломатиялық қатынастар орныға бастаған уақыт:
1992 жылдан
бастап
• Бейжің қаласында Абайдың 150 жылдығын тойлау іс-шарасы өткен уақыт: 1995 жыл
• «Тату көршілік, достық және ынтымақтастық туралы келісімшарт» қабылданған уақыт: 2002
жылы желтоқсан
• «Стратегиялық әріптестік орнату және оны дамыту туралы бірлескен декларацияға» қол
қойылған уақыт: 2005 жыл шілде
• «ХХІ ғасырдағы ынтымақтастық стратегиясы және экономикалық ынтымақтастықты дамыту
тұжырымдамасына» қол қойылған уақыт: 2006 жылдың желтоқсаны
Ибраимов Қайрат БТЖ-11

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет