Ќазаќстан республикасыныњ


тақырып: Психокоррекция туралы түсінік



бет15/36
Дата06.02.2022
өлшемі317 Kb.
#58706
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   36
13 тақырып: Психокоррекция туралы түсінік.
1. Психокоррекцияға кіріспе
2. Психокоррециялық әсер етудің негізгі түрлері.

«Психокоррекция» деген сөз «түзету» деген мағынаны білдіреді. Психокоррекция дегеніміз-арнаулы психологиялық әсер ету құралының көмегімен адамның мінез-құлқындағы немесе психикасындағы кемшіліктерді мақсат қоя отырып түзету.


Психотерапия- психологиялық әсер ету жолымен емдейді, ал психокоррекция қалыптасқан кемшіліктерді түзетеді. Психотерапевтің көмегін қажет ететін адамды – пациент, ал психокорректордың көмегін қажет ететін адамды- клиент деп атайды.
Клиент- бұл психикалық жағынан және дене дамуы жағынан қалыпты, денсаулығы дұрыс адам. Тек өмір барысында мәселе туындауынан және оны өздігінен шешуге қабілетсіз адам.
Психокоррециялық әсер етудің негізгі түрлері:

  • сендіру;

  • иландыру;

  • еліктеу;

  • нығайту.

Сендіру- бұл адамның психикасындағы және мінез-құлқындағы кемшіліктерді жете түсініп, ұғынып және еркімен түзетуге көзделген психокоррекциялық әсер етудің жолы. Сендіру адамға өзінде пайда болған қиыншылықтың себебін түсінуге көмектеседі, осы кемшіліктерден құтылуға деген тілегін нығайтады.
Сендіру әртүрлі болады:

  1. Адамға өзінің кемшіліктерін жете түсінуге және одан өзінің құтылуға күші бар екендігіне көмектесу.

  2. Осы кемшіліктерден құтылуға болатын тәсілдерді көрсету.

Иландыру- бұл клиенттің тарапынан болып жатқан кемшіліктерді жете түсінуді қажет етпейтін клиентке әсер етудің жолы. Клиент өзіне психикалық әсер ету болған жағдайдан күңгірт түсіне алады, бірақ соңына дейін не болып жатқанын түсіне алмайды. Иландыру кезінде адам саналы, санасыз күйде болуы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   36




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет