Қазақстан Республикасының Заңы



бет22/31
Дата26.08.2017
өлшемі4,55 Mb.
#28652
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   31

1) 1-баптың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«3) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағалары - әлеуметтiк маңызы бар азық-түлiк тауарларына бөлшек сауда бағаларының шектi мәндерi артқан жағдайда сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган белгілейтін бөлшек сауда бағаларының деңгейі;»;

2) 7-баптың 16) тармақшасы алып тасталсын.

61. «Байланыс туралы» 2004 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 14, 81-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 15, 95-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; № 19, 148-құжат; 2008 ж., № 20, 89-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 15-16, 74-құжат; № 18, 84-құжат; № 24, 121-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 146, 150-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 3, 25-құжат; № 8, 63, 64-құжаттар; № 14, 92, 95-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 12, 57-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 44, 49-құжаттар; № 10, 52-құжат; № 14, 87-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат):

8-баптың 1-тармағының 8-3) тармақшасы алып тасталсын.

62. «Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы» 2004 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 15, 87-құжат; 2005 ж., № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; № 18, 143-құжат; № 19, 149-құжат; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; 2009 ж., № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 13, 91-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2014 ж., № 10, 52-құжат):



1) 9-бапта:

1-тармақтың 3) тармақшасындағы «нотариат куәландырған» деген сөздер алып тасталсын;

2-тармақтағы «бір ай» деген сөздер «күнтізбелік он бес күн» деген сөздермен ауыстырылсын;

2) 18-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:

«3-1) табиғи монополия субъектілері;».

63. «Ішкі су көлігі туралы» 2004 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 15, 88-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 23, 141-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 18, 143-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 14, 72, 75-құжаттар; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 10, 52-құжат; № 14, 84-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат):

9-баптың 1-тармағының 7) тармақшасы алып тасталсын.

64. «Электр энергетикасы туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 17, 102-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 7, 38-құжат; № 13, 87-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 19, 148-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 13-14, 62-құжат; № 15-16, 74-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 3, 21-құжат; № 12, 85-құжат; № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 4, 21-құжат; № 14, 75-құжат; № 15, 79-құжат; 2014 ж., № 10, 52-құжат; № 12, 82-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; 2014 жылғы 8 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 7 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):



1) тармақша 2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі

1) 4-бап мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:

«1-1) Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы заңнамасына сәйкес есебі бөлек жүргізілетін электр қуатының жүктемені көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсетуден түскен жүйелік оператор кірістерінің тек қана осы көрсетілетін қызметті ұсынуы кезінде шеккен өзінің шығыстарын өтеуге жетіспеуінің салдарынан жүйелік оператордың энергия өндіруші ұйымдар алдындағы электр қуатының әзірлігін ұстап тұру жөніндегі міндеттемелерін орындауы мүмкін болмаған жағдайда, оны мемлекеттік қаржылық қолдауды жүзеге асырады;»;

2) 5-бапта:



Екінші абзац 2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі

3), 4), 8) және 50) тармақшалар алып тасталсын;

51) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

2) тармақшаның төртінші абзацының қолданысы 2017 ж. 1 қаңтарға дейін тоқтатылды, тоқтатыла тұрған кезеңде осы абзац осы Заңының 3-бабының редакциясында қолданылады



«51) энергия өндіруші ұйымдардың осы Заңның 13-бабы 3-2-тармағының 3) тармақшасында көзделген талаптарды сақтауына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;»;

52) тармақша алып тасталсын;

53) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«53) орталықтандырылған сауда нарығының операторын айқындайды;»;

Сегізінші абзац 2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі

58) және 62) тармақшалар алып тасталсын;

Тоғызыншы абзацы 2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі

63) тармақша алып тасталсын;

мынадай мазмұндағы 70-1), 70-2), 70-3), 70-4), 70-5), 70-6) және 70-7) тармақшалармен толықтырылсын:

«70-1) электр энергиясына шекті тарифтерді бекітеді;

70-2) электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтерге шекті тарифтерді бекітеді;

70-3) электр энергиясын өткізетін энергия өндіруші ұйымдардың топтарын бекітеді;

70-4) электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша қызметтер көрсететін энергия өндіруші ұйымдардың топтарын бекітеді;

70-5) электр энергиясына шекті тарифті және электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке шекті тарифті бекіту тәртібін айқындайды;

70-6) жүйелік оператордың осы Заңның 15-2-бабының 2-тармағында көзделген талаптарды сақтауына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

Он жетінші абзац 2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі

70-7) энергия өндіруші ұйымдардың электр энергиясын өткізу (сату) тәртібін және электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтерді бұзғаны және анықталған бұзушылықтарды жою жөнінде қолданылған шаралар туралы ақпаратты өзінің интернет-ресурсында орналастырады;»;

3) 6-бапта:



10-тармақтың 3) тармақшасы және 10-1-тармақтың 4) тармақшасы алып тасталсын;

4) 12-баптың 5-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:



«5. Энергия өндiрушi ұйым келiсiмде көзделген инвестициялық мiндеттемелердi орындамаған жағдайда, энергия өндiрушi ұйым көтерме сауда нарығының субъектiлерiне инвестициялық мiндеттемелердi орындау үшін келiсiмде көзделген және оларды iске асыруға пайдаланылмаған, алынған қаражатты электр энергиясының келесi күнтiзбелiк жылға арналған босату бағасын төмендету арқылы, уәкілетті орган белгiлеген тәртiппен, осы ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдарында орналастыра отырып, қайтаруға мiндеттi.»;

5) 15-3-бап мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:



«5. Орталықтандырылған сауда нарығының операторы электр қуатының орталықтандырылған сауда-саттығын уәкілетті орган белгiлеген тәртiппен ұйымдастырады және өткiзедi.

Орталықтандырылған сауда нарығының операторы электр қуатының орталықтандырылған сауда-саттығының қорытындыларын өтеусiз тiркеудi жүзеге асырады.

Орталықтандырылған сауда нарығының операторы жүйелiк операторға және нарық субъектiлерiне электр қуатының орталықтандырылған сауда-саттығын ұйымдастыру мен өткiзу бойынша шарттық негiзде қызметтер көрсетедi.».

65. «Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2004 ж., № 18, 107-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 7-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 21, 161-құжат; 2012 ж., № 3, 27-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 12, 57-құжат; № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 10, 52-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат):



1) 9-баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 32) тармақшасы алып тасталсын;

2) 10-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:



«10-тарау. Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы бақылау және қадағалау»;

3) 51-бап мынадай редакцияда жазылсын:



«51-бап. Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттiк бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар

1. Ведомство басшысы лауазымы бойынша бiр мезгiлде Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегi бас мемлекеттiк инспекторы болып табылады.

2. Ведомстволар басшыларының жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы реттеу, бақылау және қадағалау мәселелерiмен айналысатын орынбасарлары лауазымы бойынша бiр мезгiлде Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегi бас мемлекеттiк инспекторының орынбасарлары болып табылады.

3. Ведомствоның аумақтық бөлімшесінің басшысы лауазымы бойынша бiр мезгiлде тиiстi облыстың (бассейннің) жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегi бас мемлекеттiк инспекторы болып табылады.

4. Аумақтық бөлімше басшысының жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы реттеу, бақылау және қадағалау мәселелерiмен айналысатын орынбасарлары лауазымы бойынша бiр мезгiлде тиiстi облыстың (бассейннің) жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегi бас мемлекеттiк инспекторының орынбасарлары болып табылады.

5. Ведомстволардың құрылымдық бөлiмшелерiнiң жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы реттеу, бақылау және қадағалау мәселелерiмен айналысатын басшылары лауазымы бойынша бiр мезгiлде Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегi аға мемлекеттiк инспекторлары, ал ведомстволардың жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы реттеу, бақылау және қадағалау мәселелерiмен айналысатын мамандары Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлары болып табылады.

6. Ведомстволардың аумақтық бөлімшелері құрылымдық бөлiмшелерiнiң жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы реттеу, бақылау және қадағалау мәселелерiмен айналысатын басшылары лауазымы бойынша бiр мезгiлде тиiстi облыстың (бассейннің) жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегi аға мемлекеттiк инспекторлары, ал жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы реттеу, бақылау және қадағалау мәселелерiмен айналысатын мамандары тиiстi облыстың (бассейннің) жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлары болып табылады.».

66. «Техникалық реттеу туралы» 2004 жылғы 9 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 21, 124-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 15, 92-құжат; № 24, 148-құжат; 2008 ж., № 15-16, 60-құжат; 2009 ж., № 17, 80-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 26-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 5, 41-құжат; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 4, 21-құжат; № 14, 75-құжат; № 15, 81-құжат; № 21-22, 114-құжат; 2014 ж., № 10, 52-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат):



1) 1-бап мынадай мазмұндағы 48-1) тармақшамен толықтырылсын:

«48-1) техникалық хатшылық - көлік құралының типін мақұлдауды, шасси типін мақұлдауды ресімдеудің дұрыстығын және негізділігін тексеру жөніндегі қызметті жүзеге асыруға уәкілетті орган айқындайтын ұйым;»;

2) 6-баптың 13) тармақшасы алып тасталсын;

3) 7-бапта:

бірінші бөлікте:

мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:

«3-1) көлік құралының типін мақұлдауларды, шасси типін мақұлдауларды бекіту және тіркеу жөніндегі қағидаларды әзірлейді және бекітеді;»;

22) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«22) тауардың шығарылған елін айқындау, тауардың шығарылуы туралы сертификат беру және оның күшін жою жөнiндегi қағидаларды әзірлейді және бекiтедi;»;

екінші бөліктің 8) тармақшасы алып тасталсын;

үшінші бөлікте:

3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«3) сәйкестiк сертификатының, сәйкестiк туралы декларацияның нысандарын белгiлейдi және оларды дайындауды ұйымдастырады;»;

мынадай мазмұндағы 3-2) және 9) тармақшалармен толықтырылсын:

«3-2) тауардың шығарылған елін айқындау жөніндегі сертификаттың нысандарын белгілейді;»;

«9) көлік құралының типін мақұлдауларды, шасси типін мақұлдауларды ресімдеудің дұрыстығын және негізділігін тексеру жөніндегі қағидаларды әзірлейді және бекітеді.»;

4) 13-бап мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:



«5. Зертханалар халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органға сынақ жұмыстарын жүргізу, үшінші елдердің аккредиттеу субъектілері жүргізген сынақ жұмыстарының нәтижелерін тану үшін жүгінген өтініш берушілер, сынақтардың нәтижелері туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етуге міндетті.»;

5) мынадай мазмұндағы жаңа 27-1 және 27-2-баптармен толықтырылсын:



«27-1-бап. Көлік құралының типін мақұлдауды, шасси типін мақұлдауды ресімдеудің дұрыстығын және негізділігін тексеру

1. Көлік құралының типін мақұлдауды, шасси типін мақұлдауды ресімдеудің дұрыстығын және негізділігін тексеру көлік құралының типін мақұлдауды, шасси типін мақұлдауды бекіту және тіркеу мақсатында жүзеге асырылады.

2. Сәйкестікті растау жөніндегі орган көлік құралының типін мақұлдауды, шасси типін мақұлдауды ресімдеудің дұрыстығын және негізділігін тексеру жөніндегі қағидаларда көрсетілген құжаттар тізбесін техникалық хатшылыққа ұсынады.

3. Техникалық хатшылық құжаттарды қарауды техникалық хатшылыққа келіп түскен күнінен бастап есептелетін отыз жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.

4. Ұсынылған құжаттар толық болмаған және (немесе) олар көлік құралының типін мақұлдауды, шасси типін мақұлдауды ресімдеудің дұрыстығын және негізділігін тексеру жөніндегі қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда, техникалық хатшылық күнтізбелік он бес күн ішінде жазбаша түрде уәжді бас тартуды қоса бере отырып, ұсынылған құжаттарды сәйкестікті растау жөніндегі органға қайтарады.

5. Оң шешім шығарылған жағдайда техникалық хатшылық көлік құралының типін мақұлдауды, шасси типін мақұлдауды уәкілетті органға жібереді.

27-2-бап. Көлік құралының типін мақұлдауларды, шасси типін мақұлдауларды бекіту және тіркеу

1. Көлік құралының типін мақұлдауларды, шасси типін мақұлдауларды бекіту және тіркеу көлік құралының типін мақұлдауларды, шасси типін мақұлдауларды бекіту және тіркеу жөніндегі қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.

2. Техникалық хатшылық бекіту және тіркеу үшін көлік құралының типін мақұлдауларды, шасси типін мақұлдауларды уәкілетті органға ұсынады.

3. Уәкілетті орган көлік құралының типін мақұлдауларды, шасси типін мақұлдауларды бекітуді және тіркеуді уәкілетті органға келіп түскен күнінен бастап есептелетін күнтізбелік он күн ішінде жүзеге асырады.»;

6) 40-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:



«5-1) тауар туралы деректері анық емес, тауардың шығарылған елін, Кеден одағы тауарының және (немесе) шетелдік тауардың мәртебесін айқындау, тауардың шығарылуы туралы сертификатты, ішкі айналыс үшін тауардың шығарылуы туралы сертификатты, Кеден одағы тауарының және (немесе) шетелдік тауардың нысандарының қорытындысын беру тәртібін бұзушылықтарды жою туралы нұсқама беруге;».

67. «Қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру туралы» 2005 жылғы 7 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж., № 3-4, 2-құжат; 2007 ж., № 8, 52-құжат; 2009 ж., № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2012 ж., № 13, 91-құжат; 2014 ж., № 19-I, 19-II, 96-құжат):

8-баптың 2-тармағының 1-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«1-1) сақтанушы қызметін жүзеге асыруды бастаған айдан кейінгі айдың бірінші онкүндігі ішінде сақтандырушымен қызметкерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шартын жасасуға;».

68. «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» 2005 жылғы 13 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж., № 7-8, 18-құжат; 2006 ж., № 15, 92-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 20, 152-құжат; № 24, 178-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; № 24, 122-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 75-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат):



1) 7-баптың 1-тармағының 1-1) тармақшасы алып тасталсын;

2) 31-баптың 2) тармақшасындағы «бизнестi» деген сөз «кәсіпкерлікті» деген сөзбен ауыстырылсын.

69. «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» 2005 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж., № 11, 38-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 13-14, 63-құжат; 2010 ж., № 15, 71-құжат; 2012 ж., № 1, 6-құжат; № 13, 91-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2014 ж., № 10, 52-құжат; 2014 жылғы 8 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 7 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):

10-баптың бірінші бөлігінің 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

 «2) тiгілген және қолтаңбамен (жеке және заңды тұлғалар үшін) және заңды тұлғалар үшін мөрмен (ол болған кезде) куәландырылған валюталық шарттың көшiрмесi;».

70. «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж., № 13, 52-құжат; 2007 ж., № 5-6, 42-құжат; № 18, 145-құжат; 2008 ж., № 23, 124-құжат; 2009 ж., № 17, 82-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 7-құжаттар; № 2, 26-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 2, 16-құжат; № 14, 94-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; 2014 ж., № 2, 10-құжат; № 19-I, № 19-II, 96-құжат; 2014 жылғы 3 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 28 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):


Каталог: files
files -> Бастауыш білім беру деңгейінің ОҚу пәндері бойынша үлгілік тақырыптық жоспарлары
files -> Астрономия Мазмұны
files -> 1 фантастика жанрыныњ типологиясы
files -> Қазақстан тарихы 5 сынып. 2013-2014 оқу жылы
files -> Расул гамзатов
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> «№ мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі Күнтізбелік- тақырыптық жоспар
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   31




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет