Қазақстан тарихы 1-нұсқа «Окс өркениеті»



бет1/30
Дата19.12.2022
өлшемі0,62 Mb.
#163281
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30
Байланысты:
ҰБТ Қаз тарих 50-ннн — копия
PDF West compressed, 11-сабақ. Нәруыз денатурациясы және ренатурациясы, 50 нуска

ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ
1-нұсқа
1. «Окс өркениеті» деп аталған мәдениет таралған аймақ:
А) Ферғана
В) Шаш
С) Сырдария аймағы
D) Маргуш
Е) Соғды
2. «Қасым ханның қасқа жолын» ары қарай жетілдірген қазақ ханы:
A) Хақназар
B) Тәуекел
C) Есім
D) Жәңгір
E) Тәуке
3. Византия императоры Юстинианға Түркі қағаны жіберген елшілік хат әкелген жыл:
A) 542 жылы
B) 545 жылы
C) 552 жылы
D) 561 жылы
E) 568 жылы
4. Мәдени, спорт саласында табыстарға қол жеткізген Өзбекстаннан елге оралған қандастар:
А) Б.Сәрсекбаев, М.Өзтүрік
В) Қ.Сартқожаұлы, Х.Алтай
С) Ж.Мәлібеков, Б.Сәрсекбаев
D) М.Мұхаммедқызы, Н.Мұхаммедханұлы
Е) Ж.Мәлібеков, М.Өзтүрік
5. Б.з.б. ХХ-ХVІІІ ғасырларға жататын ең алғашқы екі доңғалақты әскери арба табылды:
А) Андрон қонысынан
В) Пазырық қорғанынан
С) Арқайым қаласынан
D) Қамысты қонысынан
Е) Сынтасты қорымынан
6. Ұлы Отан соғысында Ленинград шайқасына қатысып ерлік көрсеткендердің арасынан қатесін табыңыз:
А) М. Мәметова
В) С.Баймағамбетов
С) Ә.Молдағұлова
D) Т.Тоқтаров
Е) Ж.Қойбағаров
7. Батпақты шайқасынан кейін Моғол ханы қоршауға алып, ұзақ уақыт қарсылыққа ұшырап басып ала алмаған қала:
А) Ташкент
В) Бұхара
С) Алмалық
D) Самарқан
Е) Үргеніш
8. Қазақстанда ұлттық идеяның бес қағидаты ұсынылды:
A) 1999 жылы
B) 2001 жылы
C) 2003 жылы
D) 2004 жылы
E) 2005 жылы
9. 1960 жылдардың аяғы- 1970 жылдардың басында мал шаруашылығын дамыту мақсатында іске асырылған шаралардың бірі:
А) астық өндіретін аудандар санын қысқарту
В) техникалық дақылдар өндіретін аудан санын қысқарты
С) қысы қатты аудандарда мал санын арттыру
D) ылғал аз түсетін аудандарда астық жоспары арттырылды
Е) мал шаруашылығы саласына жастардың қызығушылығын арттыру
10. Қырғыз-қайсақ экспедициясын құрушы, «Қырғыз-қайсақ және қарақалпақ ордалары туралы» атты еңбектың авторы:
A) Г.Н.Потанин
B) И.К.Кириллов
C) М.В.Ломоносов
D) П.С.Паллас
E) И.Г.Георги
11. Қоқан хандығына қарсы күресте Кенесары ханға көмекке келген батыр:
А) Есет
В) Исатай
С) Жоламан
D) Жанқожа
Е) Сыздық
12. Жеті атаны білу- туыс адамдардың үйленуіне салынған тыйымды ........сақтау қажет.
А) эндогамия
В) этносты
С) патронимия
D) экзогамияны
Е) генелогияны
13. Өзінің зардабы жағынан жоңғарлардың «Ақтабан шұбырындыдан» кем түспейтін шабуылы болды:
А) 1730-1731 жылдары
В) 1737-1738 жылдары
С) 1741-1742 жылдары
D) 1743-1744 жылдары
Е) 1748-1749 жылдары
14. Қазақстан Балон декаларациясына қосылып, отандық білім беруді халықаралық стандарттарға жақындатуға мүмкіндік алған жыл:
A) 2004 жыл
B) 2006 жыл
C) 2008 жыл
D) 2010 жыл
E) 2012 жыл
15. Байқоңыр - Қызылорда облысы Қармақшы ауданының аумағында орналасқан ғарыш алаңы. Іргесі 1955 ж. қаланған..... Байқоңыр әлемдегі ең ірі жер беті ғылыми ғарыш полигоны болып табылады, оның басты және көмекші нысандарының жалпы ауданы 6717 шаршы шақырым. айқоңырдан 1961 ж. 12 сәуірде адамзат тарихында тұңғыш рет Юрий Алексеевич Гагарин "Восток" ғарыш кемесімен ғарышқа аттанды. Байқоңыр одан кейін де ғарыш кеңістігін игеруде көптеген жаңашыл бастамалардың старттық орнына айналды. Байқоңырдан КүнніңАйдыңШолпанның алғашқы жасанды серіктері, "Восток", "Восход", "Союз", "Прогресс" ғарыш кемелері, "Салют", "Мир" орбиталық станциялары, жұмыстар жүргізуге арналған "Протон", "Зонд", "Прогноз", байланыс мақсаты үшін пайдаланылатын және метеорологиялық бақылаулар жүргізуге арналған "Молния", "Экран", "Горизонт", "Радуга", "Метеор", т.б. ЖЖС-тері ұшырылды. Байқоңыр ғарыш алаңын салуға әр жылдары түрлі мамандықтағы көптеген қазақстандықтар қатысты»
Мәтінде сипатталған ғарыш айлағын салу үшін Байқоңырды таңдап алу себептерінің ішінен қате жауапты анықтаңыз:
А) Экватор жазықтығына жақындығы
В) Байқоңырдың елді мекендерден қашық болуы
С) Ғарыш айлағынан ұшырылған ракеталардың қауіпсіздігі
D) Ғарыш кемелерінің қайтып оралуына қолайлы болуы
Е) Жергілікті аймақтың экологиялық мәселесін шешуі

2-нұсқа
1. Шығыс Қазақстан мен Оңтүстік Сібір далаларында темірді игерген алғашқы мәдениет өкілдері:
А) Андрондықтар
В) Көнешұңқырлықтар
С) Қарасұқтықтар
D) Афанасьевтіктер
Е) Тағарлықтар
2. ІХ ғ. басында оғыздар қарлұқтармен және қимақтармен одақтасып, талқандады:
А) қыпшақтарды
В) печенегтерді
С) селжұқтарды
D) бұлғарларды
Е) ұйғырларды
3. ХІХ ғасырдың 60-90 жылдарындағы реформа бойынша қабылданған шешім:
А) хандық билік сотын қолдады
В) түтін салық мөлшері азайды
С) дәстүрлі билер сотына шектеу қойылды
D) ірі қалалардағы приставтықтар жабылды
Е) қоныс аудару басқармалары жабылды
4. Хақназар хан тұсында хандықтың солтүстіктегі шекарасы өтті:
А) Балқаш арғы жағымен
В) Есіл бойымен
С) Оңтүстік Сібір далаларымен
D) Ертіске дейін
Е) Ұлытау аймағымен
5. Ұжымдстыру жылдары республика аумағындағы толқулар мен көтерілістер саны:
A) 372
B) 387
C) 385
D) 272
E) 300
6. Ұйғырлар мен дүнгендерді Қазақстан мен Орта Азияға қоныстандыру арқылы патша өкіметінің көздеген мақсаты:
A) қазақтардың демографиялық жағдайын әлсірету үшін B) Жетісуды аграрлы өлкеге айналдыру үшін
C) қазақтардың ұлт-азаттық көтерілісін әлсірету үшін
D) Қазақстанды көп ұлтты өлкеге айналдыру үшін
E) болашақта қытайға қарсы экономикалық және әскери күш ретінде пайдалану
7. Серпін жалпы ұлттық жобасы қабылданды:
A) 2014 жылы
B) 2015 жылы
C) 2016 жылы
D) 2017 жылы
E) 2018 жылы
8. Сақтардың әліпбиі болғандығынан мәлмет беретін тостағандағы жазу табылған қорым:
A) Бесшатыр
B) Берел
C) Пазырық
D) Есік
E) Аралтөбе
9. Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген ақын, Орал, Ақтөбе, Ор қалалары маңында мұғалімдік қызмет атқарды. 1905 жылы Қазан қаласында өлеңдері басылып шаққан ақын:
А) Мұрат Мөңкеұлы
В) Шортанбай Қанайұлы
С) Сүйінбай Аронұлы
D) Әбубәкір Кердері
Е) Дулат Бабатайұлы
10. Қазақтардың петициялық қозғалыстарының жағымды жақтарына жатады:
A) қазақ тілінің мәртебесі көтерілді
B) қазақ жерлері қайтарыла бастады
C) мұсылман медресселері көптеп ашыла бастады
D) қазақтар Мемлекеттік Думаға қатыса алды
E) билер сотының құзіреті артты
11. 2001 жылы Алматыда ашылған жоғарғы оқу орны:
A) Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университеті
B) Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті
C) Қазақ-Британ техникалық университеті
D)Қазақ педагогикалық институты
E) Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университеті
12. 1911 жылы Доссор кәсіпшілігінде өндіру басталған шикзат:
A) газ
B) түсті металл
C) алтын
D) мұнай
E) қорғасын
13. Бөкей Ордасында хандық билік сақталды:
А) 1822 жылға дейін.
В) 1824 жылға дейін.
С) 1835 жылға дейін.
D) 1840 жылға дейін.
Е) 1845 жылға дейін.
14. Оқиғаларды хронологиялық реттілікпен орналастырыңыз:
1. Түркістан автономиясының құрылуы 2. Алашорданың «Қазақ» газетінің жабылуы 3. Алаш партиясының құрылуы 4. Перовскде Кеңес өкіметінің құрылуы
A) 4.1.3.2.
B) 3.4.1.2.
C) 2.4.1.3..
D) 4.2.3.1.
E) 3.1.4.2.
15. . «Момышұлы жолдас құрылған күнінен бастап 8-гвардиялық дивизия қатарында.Ол дивизиямен бірге даңқты жаынгерлік жолдан өтті Кеңестік Отанымыз жолындадағы ұрыстарда Момышұлы жолдас өзін Ленин партиясының ұлы ісіне адал берілген ерекше ержүрек әрі батыл командир ретінде көрсетті.
Момышұлы жолдастығ тактикалық даярлығы жақсы,өзінің әскери білімін немісфашист басқыншыларына қарсы кескілескен шайқайтарда,іс жүзінде командирлік жұмыста арттырған және ол білімін ұрыста шебер қолданды.
1941 жылғы шілде-қыркүйек айларындағы кезеңде атқыштар батальонының командирі болған капитан (қазіргі майор) Момышұлы жауынгерлер мен омандирлерді өз Отанына шексіз берілгендік рухында тәрбиелеп өз батальонының жауынгерлік құрамының спалы әскери даярлығана қол жеткізді».
Б. Момышұлына Кеңес Одағының Батыры атағы берілген мерзім:
А) 1992 ж.
В) 1998 ж.
С) 1991 ж.
D) 1990 ж.
Е) 1988 ж.


3-нұсқа
1. Бұл мәдениетке шамамен 200 қоныс пен 40 қорым жатады:
А) Сарғарылық мәдениет
В) Беғазы-Дәндібай мәдениеті
С) Федоров мәдениеті
D) Алакөл мәдениеті
Е) Петров мәдениеті
2.Дулу мен нушебилер арасында өзара соғыс болып, ол қағандықтың ыдырауына әкелді:
А) Түргеш көсемі Үшеліктің билігі орнаған соң
В) Соғдылықтардың қоныс аударуымен
С) Араб шапқыншылығынан
D) Тон жабғудың өлімінен кейін
Е) Елтерістің әкімшілік реформасының нәтижесінен
3. Тәуелсіз Қазақстанның алғашқы ұлттық ақшасы басылған мемлекет:
A) Түркия
B) Германия
C) Франция
D) Италия
E) Ұлыбритания
4. Қазақ халқының тәуелсіздік үшін күресі «Ерлік дәуірі» аталған ғасыр:
A) XIV ғасыр
B) XV ғасыр
C) XVIII ғасыр
D) XVII ғасыр
E)XVI ғасыр
5. Шығыс Қазақстанда, Алтай мен Тянь-Шань тауларында, Жетісудың таулы аймақтарында дамыған:
А) теселі егіншілік
В) дәнді-дақылдар өсіру
С) жартылай көшпелі мал шаруашылығы
D) бақташылық мал шаруашылығы
Е) бау-бақша өнімдерін өсіру
6. Қуғын-сүргінге ұшырап, Солтүстік Қазақстандағы Есіл өзені жағасында орналасқан шағын ауылда өскен белгілі неміс жазушысы:
A) А.Фитц
B) А.Шнайдер
C) Д. Снегин
D)Н.Сац
E)Г. Бельгер
7. Русь пен Алтын Орданың арасындағы қатынастарды дипломатия арнасына бұрған князь:
А) Дмитрий Донской
В) VІІІ Михаил Палелог
С) Александр Невский
D) Иван Калита
Е) Иван Грозный
8.Медреселерді орналасқан жерлерімен сәйкестердіріңіз:

1. «Хусания»

А. Семей

2. «Ахмет Риза»

Б. Жетісу

3. «Мамания

В. Орынбаор

4. «Ғалия»

Д. Уфа

А) 1-Б,2-А,3-В,4-Д
В) 1-В,2-А,3-Б,4-Д
С) 1-А,2-Д,3-В,4-Б
D) 1-А,2-В,3-Д,4-Б
Е) 1-В,2-Б,3-Д,4-А
9. Ата жаумен шайқасып, «Ақтабан шұбырынды» оқиғасын басынан өткерген жалынды жырау:
A) Қазтуған
B) Ақтамбердi
C) Шортанбай
D) Жиембет
E) Марғасқа
10.Қазақстан халқы Ассамблеясының Парламент мәжілісіндегі өкілдерінің саны:
A) 5
B) 7
C) 9
D) 11
E) 13
11. ЮНЕСКО шешімі бойынша Ұлы Жібек жолын қайта жаңғырту жобасы қабылданды:
A) 1983 жылы
B) 1985 жылы
C) 1987 жылы
D) 1992 жылы
E) 1995 жылы
12. Сақтар заманы туралы ең алғашқы дереккөз:
А) ежелгі грек жазбалары
В) көнеқытайлық жылнамалар
С) ежелгі парсы жазбалары
D) ежелгі римдік деректер
Е) руналық таңбалар
13. Қазақ хандығының жетістіктері мен күшеюі осы ханның ұрпақтарының есімдерімен байланысты:
А) Қасым хан
В) Тәуекел хан
С) Тәуке хан
D) Абылай хан
Е) Шығай хан
14. Тәуелсіздіктің алғашқы жылынан бастап ауыр дағдарыстарға байланысты Қазақстан басшылығы таңдаған жол:
A) «Алдымен-ауыр өнеркәсіпті дамыту, содан соң-нарықтық экономика»
B) «Алдымен – экономика, содан соң – саясат»
C) «Алдымен – жекешендіру, содан соң – инвестиция тарту»
D) «Алдымен –бизнесті дамыту , содан соң – саясат»
Е) «Алдымен – саясат, содан соң – экономика»
15. «...Қырғыздар (қазақтар) ....бұрынғы тәртіпті қолдарына қару алып, ақырына дейін қорғауға әзір екенін мәлімдеп тұрып алды. Халықтың толқуы күн өткен сайын күшейіп, кеңінен етек жайды. Қырғыздар енді сөзден іске көше бастады: бұзақылардың қара құрым қалың тобы құрылды. Орал облысында мұндай топтар барлық жерде, ал Торғай облысында ....Елек пен Қобда өзендерінің бойында жиі кездесті..»:
Мәтіндегі сипатталған тарихи оқиғаны анықтаңыз:
А) 1856-1857 жж. көтеріліс
В) 1822-1824 жж. реформалар
С) 1869-1870 жж. көтеріліс
D)1868-1869 жж. көтеріліс
Е) 1886-1891 жж. реформалар


4-нұсқа
1.Қазақстандағы археологиялық қазба жұмыстары бастау алды:
А) В.В.Радловтың Алтайдағы мұздықтарға айналған қорғандарға қазба жұмыстарын жүргізумен
В) В.В.Бартольдтің Шу, Талас және Іле алқаптарындағы ескерткіштерді зерттеумен
С) К.Ақышев жетекшілігімен Іле археологиялық экспедициясы өз жұмысын бастаумен
D) Н.Н.Пантусовтың Жетісудағы үш қорғанға қазба жұмысын жүргізумен
Е) М.Қадырбаевтың ортағасырлық қалаларға қазба жұмыстарын жүргізумен
2. Кейбір ғалымдар оларды қыпшақтарға туыстас түркі тілдес халық деп есептейді:
А) оғыздарды
В) түргештерді
С) қимақтарды
D) қарлұқтарды
Е) ұйғырларды
3. «Сібір қырғыздары туралы жарғыны» енгізуге қарсы Орта жүз қазақтарының көтерілісін басқарды:
А) Кенесары хан
В) Жоламан батыр
С) Ғұбайдулла сұлтан
D) Арынғазы хан
Е) Саржан сұлтан
4. 1905 жылы Успен кенішінде өткен ереуілге басшылық еткен ұйым:
А) «Азат қырғыздар»
В) «Большевиктер одағы»
С) «Капиталға қарсы орыс-қырғыз одағы»
D) «Қызыл коммуналар»
Е) «Жас жұмысшылар одағы»
5. 1883 жылдан шыға бастаған бірінші түркітілдес газет атауы:
А) «Терджиман»
В) «Дала уәлаяты»
С) «Туркестанские ведомости»
D) «Туркестан уәлаяты»
Е) «Улфат»
6. Ташкент үшін Қазақ хандығы мен Бұқара әмірлігі арасында тартыс басталды:
А) ХІV ғасырда
В)ХVІІ ғасырда
С)ХV ғасырда
D) ХVІ ғасырда
Е) ХІІІ ғасырда
7. 1991 жылы желтоқсанда Алматы кездесуінде қолжеткізілген маңызды мәселелердің бірі:
A) Қарабах мәселесі
B) Әлемдік лаңкестікпен күрес
C) Ядролық қаруға байланысты
D) Мемлекеттік шекараны межелеу және анықтау
E) Өзара кеден одағын құру
8.Моңғол империясының ұлыстары тәуелсіздіктерін жариялады:
А) Алтын Ордадағы аласапыран кезінде
В) Қарақорым құрылтайында
С) Құбылай ханның астананы Қарақорымнан Ханбалыққа көшіргеннен кейін
D) Шағатай ұлысы ыдырағанда
Е) Талас құрылтайында
9. 1995 жылы Н.Ә.Назарбаевтың Президенттік қызметі 2000 жылға дейін ұзартылды:
А) Мәжіліс пен Сенат шешімімен
В) Жоғарғы Кеңестің шешімімен
С) Сайлау арқылы
D) Референдум нәтижесі бойынша
Е) Премьер министрдің шешімімен
10. Сақтардың мәдениеттерін орналасу аймағымен сәйкестендіріңіз:



1. Тағар мәдениеті

А. Солтүстік Қазақстан және Орталық Қазақстан аумағы

2. Пазырық мәдениеті

Б. Тува, Шығыс Алтай және Солтүстік-Батыс Моңғолия аумағында

3. Ұйық мәдениеті

С.Оңтүстік Сібір даласы

4. Тасмола мәдениеті

Д. Таулы Алтай мен Шығыс Қазақстанда

А) 1-Д,2-С,3-Б,4-А


В) 1-С,2-А,3-Д,4-Б
С) 1-Б,2-С,3-А,4-Д
D) 1-С,2-Д,3-Б,4-А
Е) 1-Д,2-А,3-Б,4-С
11. ХХ ғ. 60-жылдары кабель, конденсатор зауыттары салынған қалалар:
А) Семей, Өскемен
В) Ақмола, Кентау
С) Текелі, Теміртау
D) Қостанай, Талдықорған
Е) Павлодар, Көкшетау
12. Тәуке хан билігінің соңына қарай Қазақ және Жоңғар хандықтарының арасындағы шекара болып белгіленген өзен:
А) Іле
В) Сырдария
С) Шу
D) Талас
Е) Балқаш
13. КСРО-да одақтас республикалардың құқықтарын кеңейту мәселелері қарастырылған жылдар:
А) 1940 жылдардың екінші жартысы
В) 1950 жылдардың ортасы
С) 1930 жылдардың соңы
D) 1930 жылдардың ортасы
Е) 1940 жылдардың басы
14. 1924 жылы республика мәдени өміріндегі жаңалық:
А) Алматыда алғашқы жоғарғы оқу орны ашылды
В) Ә.Қашаубаев Парижде өткен Дүниежүзілік көрмеде ән шырқады
С) «Сауатсыздық жойылсын» қоғамының қазақстандық бөлімшесі ашылды
D) Қазақтың алғашқы кәсіби театры ашылды
Е) Қазақ жазуын араб әрпінен латын әрпіне көшіру қаулысы шықты
15. . «.... Мен қазақ ішіне кеттім. Түркістанда Есім қасында үш ай тұрдым.Ол уақытта қазақтың ханы Тұрсын хан еді,ол Ташкентте тұратын еді,Түркістанға келді.Есім хан оларды көре барды,мені есік алдына қойып, ..... қайтып келіп, менің қолымнан жетектеп алып барды. Тұрсын ханға: «Бұл-Йадгар хан ұлы .... , еш уақытта бізге бұл жамағаттан кісі келіп,қонақ болған жоқ еді,бізден барғандар көп болар,бұл сіздің болсын» өзімен бірге Ташкентке алып кетті.Ташкентте Тұрсын хан қасында екі жыл тұрдым. Екі жылдан соң Есім хан,Тұрсын ханды өлтірді. Есім ханға : «Сізге екі ханнан пайда тиеме деп келіп едім, ісіңіз мұндай болды, енді рұқсат болса Имамқұлы хан қасына кетейін»,-деп едім.
«Жақсы айтасың солай қыл»,- деді ...».
Мәтінде сипатталған еңбектің авторын анықтаңыз:
А) Әбілғазы Бахадүр
В) Өтеміс қажы
С) Мұхаммед ХайдарДулати
D) Шах-Махмуд Шорас
Е) Қадырғали Қосымұлы Жалайыри
5-нұсқа
1.Еуразия даласында б.з.б. ІІ мыңжылдықтың соңында:
А) дөңгелекті көлік пайда болды
В) малшаруашылығында жайылымда бағу ене бастады
С) Ботай мәдениеті өз ерекшелігін жоғалтты
D) неолиттік төңкеріс орын алды
Е) жиналмалы киіз түрі пайда болды
2. Қарахан мемлекеті шығыс және батыс қағанат болып екіге бөлінді:
А)ХІ ғ. 20-жылдарында
В) ХІ ғ. 30-жылдарында
С) ХІІ ғ. 20-жылдарында
D) Х ғ. 60-жылдарында
Е) ХІІ ғ. 30-жылдарында
3. В.Томсен ежелгі түркі қолжазбаларының құпиясын ашты:
А) 1900 жылы
В) 1890 жылы
С) 1893 жылы
D) 1902 жылы
Е) 1878 жылы
4. 5 мыңдай адам қатысқан 30-жылдардың басындағы ірі көтерілістердің бірі өткен аудан:
А) Созақ
В) Қостанай
С) Маңғыстау
D) Ақсу
Е) Балқаш
5. 1986 жылы елдің экономикалық өмірінде пайда болған жаңалық:
А) мемлекеттік кәсіпорындар өзін-өзі қаржыландыруға, шаруашылық есепке көшірілді
В) әлеуметтік-экономикалық дамытуды жеделдету бағыты қабылданды
С) шаруашылықтың арендалық, мердігерлік жүйесі енгізілді
D) мемлекеттік қабылдаудың енгізілуі
Е) нарықтық экономикаға өту
6. VІ-ІХ ғасырларда керуен жолдарының бойында көші-қон бағытында су тапшылығы болмауы үшін салынған ғимарат:
А) дың
В) терракота
С) сардоба
D) балбал
Е) мүсінтас
7. ХХ ғ. 40 жылдардың соңында 1 млн-астам еңбекшілерді біріктірген Қазақстандық қоғамдық ұйым:
А) «Білім» ұйымы
В) Комсомол
С) Халық депутаттар Кеңесі
D) Кәсіподақтар
Е) Еңбек ресурстары қоғамы
8. Саяси партиялардың құрылған уақыттарымен орналастырыңыз:
1. « Ақ жол» демократиялық партиясы; 2. « Отан» 3. «Ауыл» соцал-демократиялық партиясы; 4. «Қазақстанның Коммунистік партиясы»
А) 3.2.1.4
В) 1.2.3.4
С) 2.4.3.1
D) 4.3.1.2
Е) 4.2.3.1
9. ХVІІІ ғасырда Абылайдың өмірін, қызметін сипаттап, Қанжығалы Бөгембайға жоқтау айтып естірткен жырау:
А) Үмбетей жырау
В) Шал ақын
С) Тәтіқара жырау
D) Ақтамберді жырау
Е) Көтеш ақын
10. Жошы ұлысының жері Оң және Сол қанатқа бөлінгенде үлкен ұлы Орда Ежен сол қанатты басқарып билік жүргізді:
А) Дешті Қыпшақтың солтүстігінде
В) Еуропаға дейінгі басып алған жерлерде
С) Батыс Сібір ойпатына дейінгі жерлерде
D) Дешті Қыпшақтың шығыс бөлігінде
Е) Еділ мен Жайық аралығында
11. «Едіге батыр» жырына алғы сөз жазғаны үшін «ұлтшыл» атанып, саяси қуғынға ұшырады:
А) М.Әуезов
В) Қ.Сәтбаев
С) Ә.Марғұлан
D) Е.Бекмаханов
Е) Б.Сүлейменов
12. Уақытша Үкімет органдары жүргізген қызметінің жағымсыз жақтары:
А) ақшалай өтемақы енгізілді
В) тыл жұмысына алынғандарды еліне қайтарды
С) отарлық басқару аппараты сақталды
D) монархия жойылды
Е) 1916 жылғы оқиғаға қатысушыларға кешірім жарияланды
13. Көшпелілер тарихындағы алғашқы империя және Ұлы Даладағы екінші үлгідегі көшпелілердің алғашқы мемлекетін құрушылар:
А) түріктер
В) үйсіндер
С) сақтар
D) ғұндар
Е) қаңлылар
14. Қазақстанда құрылыс индустриясының жедел қарқынмен дамыған уақыты:
А) Тоқырау жылдарында
В) Бірінші бесжылдық жылдарында
С) Қайта құру кезеңінде
D) Жаңа экономикалық саясат жылдарында
Е) Ұлы Отан соғысынан кейінгі онжылдықтарда
15. 2008 жылы АҚШ конгресмені Дана Рорабахер : «Қазақстан қазіргі таңда тек Азия орталығы емес, әлем орталығына айналды»,- деп жоғары баға берді:
А) Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылуына орай
В) Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуіне
С) Еуроодақпен ресми дипломатиялық қатынастар құруына байланысты
D) әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съездерін өткізуге байланысты
Е) Қазақстанның Ислам Конференциясы Ұйымындағы төрағалығына

6-нұсқа
1. Қола дәуірінің Арқайым қонысы жататын мәдениет:
A) Сынтасты
B) Петров
C) Алакөл
D) Федеров
E) Беғазы-Дәндібай
2.Мемлекет басшысы күнбиден кейінгі лауазымды тұлға:
А) жабғу
В) түменбасы
С) тәңірқұты
D) тулы
Е) бек
3.Батыс Қазақстан аумағындағы Жәнібек, Сайхын, Шунгай стансыларына әуе шабуылдары жасалды:
А) Сталинград шайқасында
В) Волгоград майданында
С) Мәскеу шайқасында
D) Кавказ майданында
Е) Ленинград қорғанысында
4.Өз тарихи отанында тұрып жатқан, алайда ол аумақ түрлі себептермен өзге ел құрамына еніп, сонда қалып қойған этникалық топ:
А) диаспора
В) репатриант
С) иммиграция
D) ирредента
Е) депортация
5. ХVІ ғасырдың соңында бұл екі хан бірігіп, Қазақ хандығына қарсы әрекет етті:
А) Имамкули мен Тұрсын
В) ІІ Абдалах пен Көшім
С)Бабыр мен Шайбани
D) Баба сұлтан мен Көшім
Е) Исмайыл мен ІІ Абдаллах
6.Қазақтардың тарихында бірінші рет өз артиллериясы мен жаяу әскері болды:
А) Абылай хан билігі тұсында
В) Алашорда автономиясы кезінде
С) С.Датұлы көтерілісінде
D) Тәуке хан билігі тұсында
Е) Кенесары хандығы кезінде
7. ІV Иннокентий папаның Алтын Ордаға елшілік жіберу себебі:
А)Византия империясын қалпына келтіруде одақтас болуға
В) Оңтүстік кавказ үшін моңғолдық мемлекеттердің өзара соғысуына мүдделі болды
С) Орыс жеріне екі жақтан шабуыл жасауға келсімге келуге
D) Мысырдағы мамлюктер мемлекетіне қарсы одақтас жасауға
Е) Басып алған елдерінде католик шіркеуін қолдауға
8. Солтүстік Қазақстанның бірнеше облысынан Тың өлкесін құру жобасына қарсы болды:
А) Ж.Тәшенев
В) Д.Қонаев
С) Ж.Шаяхметов
D) Қ.Сәтпаев
Е) Н.Назарбаев
9. 1996 жылдың 9 желтоқсанында еліміздің ең жоғарғы наградасы «Халық Қаһарманы» атағы берілді:
А)Қ.Қайсеновке
В) Р.Қошқарбаевқа
С) Қ.Рысқұлбековке
D) Х.Доспановаға
Е) Б.Момышұлына
10.Өркениет ошақтары мен қалаларды сәйкестендіріңіз:
І. Гонур, Мерв. ІІ. Топыраққала. ІІІ. Мараканд. ІV.Фараб.
А. Хорезм. Б. Шаш. С. Маргуш. Д. Хорезм.
A) І-Б, ІІ-Д, ІІІ-А, IV-С
B) І-С, ІІ-А, ІІІ-Д,IV-Б
C) І-Д, ІІ-С, ІІІ-А,IV-Б
D) І-С, ІІ-Д, ІІІ-А,IV-Б
E) І-А, ІІ-Д, ІІІ-Б, IV-С
11. 1947 жылы КСРО Министрлер Кеңесі қабылданды:
А) «Қазақ КСР-інің экономикасын жедел дамыту»
В) «Қазақ КСР Ғылым Академиясын құру»
С) «Қазақ КСР-інде жоғары және орта білім беруді одан әрі дамыту шаралары»
D) «Қазақ КСР-інің мал шаруашылығын жедел дамыту»
Е) «Қазақ КСР-інің мәдени дамуын жедел дамыту»
12. 1980 жылдардың соңында экономикалық және саяси талаптар қойған ереуіл:
А) Теміртаудағы жастар толқуы
В) Целиноградтағы жастардың наразылығы
С) Кузбасстағы жұмысшылар ереуілі
D) Оралдағы казактар қозғалысы
Е) Қарағанды шахтерлерінің ереуілі
13. Қазақстанда табиғи байлықтарды зерттеу басталды:
А) қайта құру кезінде
В) индустрияландыру кезінде
С) әскери коммунизм кезінде
D) жаңа экономикалық саясат тұсында
Е) ұжымдастыру тұсында
14. 1917 жылға қарай Қазақстанда қазақтардан тартып алынған жердің көлемі:
А) 17 миллионнан астам десятина
В) 45 миллионнан астам десятина
С) 10 миллионнан астам десятина
D) 4 миллионнан астам десятина
Е) 30 миллионға жуық десятина
15.Араб географы әл-Макдиси: «Жеті қабырғамен қоршалған үлкен қала, оның рабады бар, мешіт ішкі қалада орналасқан».
Сипатталған қаланы анықтаңыз:
А) Түркістан
В) Отырар
С) Сығанақ
D) Тараз
Е) Сауран


7-нұсқа
1. Ресей империясы кезінде «Түркістан өлкесіне» енгізілмеген Физикалық-географиялық әкімшілік бөлініс:
A) Дала өлкесі
B) Ферғана өлкесі
C) Жетісу өлкесі
D) Шаш өлкесі
E) Самарқант өлкесі
2. «Қазақтар елінің жарғысы» атты құжат жобасын әзірледі:
А) Ә.Бөкейхан
В) А.Байтұрсынұлы
С) М.Сералин
D) Б.Сыртанов
Е) М.Шоқай
3. «Скифтер өздерін және аттарын берік сауытпен мұқият қорғаған» деп суреттеп жазған тарихшы:
А) Страбон
В) Диадор
С) Помпей Трог
D) Арриан
E) Плиний
4. 1991 жылы қыркүйектің 7-інде болған Қазақстан Компартиясының төтенше сьезі қабылдаған шешім:
А) ТМД-ны құру
В) Қазақстанның егеменді ел болуы
С) КСРО-ның ыдырауы
D) Қазақстан компартиясын тарату
Е) БҰҰ мүше болу
5.Мәскеу билеушісі Иван Грозныймен
елшілік қарым қатынас орнатқан қазақ
ханы:
А) Тәуекел
В) Шығай
С) Тәуке
D) Хақназар
Е) Есім
6. XIV ғасырдың басындағы қыпшақ тілінде жазылған қолжазба
A) Тоныкөк
B) Оғызнама
C) Күлтегін
D) Кодекс куманикус
E) Талас ескерткіштері
7. Қазақстан экономикасының маңызды объектілерін іске қосылу ретімен орналастырыңыз::
1) Теміртау металлургия комбинаты 2) Өскемен қорғасын-мырыш зауыты 3) Өзен
мұнай кен орны 4) Түркістан -Сібір теміржолы
А)1,4,3,2
B) 2,3,1,4
C) 4,2,1,3
D) 1,2,3,4
E) 3,4,2,1
8. 1918-1920 жылдарындағы Азамат соғысы жылдарына тән белгі:
А) Азық-түлік салғырты мен еңбек міндеткерлігі
В) Бай шаруашылықтарын кәмпескелеу,МТС-ның құрылуы
С) Азық-түлік салғығы, жаңа экономикалық саясат
D) Қазревком-ның құрылуы, сауатсыздықты жою
Е) Бірыңғай еңбек мектептерінің жарғысы, отырықшылыққа көшу
9. Е.Бекмахановтың «ХІХ ғасырдың 20-40 жылдарындағы Қазақстан» атты еңбегінде қарастырылған негізгі мәселе:
А) Ислам діні
В) Егін шаруашылығы
С) Кеңестік Қазақстан
D) Ақын-жыраулар шығармашылығы
Е) Ұлт-азаттық күрес
10. «...Қалмақтар Жайық өзеніне таяп қалғанда Орынбор губернаторы Неплюев Нұралы
ханға, қалмақтар сендерді, қазақтарды шатқалы келе жатыр деп хабар берді. Сондықтан да
ол үкіметтің атынан қалмақтарға қарсы соққы беруді ұсынды»
А) Қалмақтардың Қытай шебіне көшіп кету әрекеті
B) 1643 жылы Батыр қонтайшының қазақ жеріне басып кіруі
C) 1726 жылғы қазақтар мен қалмақтар арасындағы шайқас
D) 1723 жылғы Ақтабан шұбырынды шайқасы
E) Бұланты шайқасы қарсаңындағы оқиға
Нұсқау: Сізге контекст негізіндегі ұсынылған бес жауаптан бір дұрыс жауапты таңдауға арналған тест тапсырмалары беріледі. Контексті мұқият оқып, берілген тапсырмаларға дұрыс жауап беріңіз.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет