Қазақстанда нарықтық экономикаға көшудің алғашқы кезде үш кезеңі белгіленді



бет19/36
Дата13.12.2021
өлшемі110,59 Kb.
#100053
түріБағдарламасы
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   36
Байланысты:
каз тар

Әске­ри ком­му­низм са­яса­ты 

Әске­ри ком­му­низм са­яса­ты — 1918–1921 жылдары азамат соғысы кезіндегі Кеңес одағының ішкі саясатының аты.

Аза­мат соғысы жыл­да­рын­дағы қалып­тасқан қиын­дықтар­мен бай­ла­ныс­ты Кеңес өкіметі 1918 жыл­дың ор­та кезінде ел­дегі бар­лық ма­тери­ал­дық ре­сурс­тар­мен, адам күштерін ба­рын­ша жұмыл­ды­ру, қала­лар­ды, өнеркәсіп жұмыс­шы­ларын, Қызыл Ар­ми­яны азық-түлікпен қам­та­масыз ету, ел­де қатал еңбек тәртібін ор­на­ту мақса­тын­да «әске­ри ком­му­низм» са­яса­тын енгізді. Бұл төтен­ше са­ясат эко­номи­калық күй­зеліс, Кеңес мем­ле­кетін ше­тел ин­тервент­тері мен ішкі жа­улар­дан қорғаудың қажеттілігінен туған еді. «Әске­ри ком­му­низм» са­яса­ты негізінде азақ-түлік мәсе­лесін ше­шу үшін төтен­ше ша­ра азық-түлік са­лғырты енгізілді. Ол бойын­ша ел­дегі бай­лар мен ку­лак­тардың қолын­дағы та­уар­лы ас­тықтың көп бөлігі ешқан­дай қай­та­рым­сыз алын­ды, бұқара ха­лықты азық-түлікпен бір ор­та­лықтан қам­та­масыз ету көзделді, ауыл ша­ру­ашы­лық өнімдерін өз еркімен са­туға ти­ым са­лын­ды.

«Әске­ри ком­му­низм» са­яса­ты бойын­ша ел­де жап­пай еңбек ету міндеттілігі та­лап етілді. Қазақстан­да «әске­ри ком­му­низм» са­яса­ты негізінде өнеркәсіпті кеңес ор­ганда­рының қолы­на шоғыр­ланды­ру, оны Қызыл Ар­ми­яны қару-жа­рақ және жаб­дықтар­мен қам­та­масыз ету­ге жұмыл­ды­ру ша­рала­ры жүргізілді. Бүкілре­сейлік Атқару Ко­митетінің 1918 жылғы ма­мыр­дағы жар­лығымен әскер­ге өз еркімен ба­ру ісі жал­пыға бірдей міндетті әске­ри бо­рыш­ты орын­да­умен ал­масты­рыл­ды. 1918 жыл­дың жа­зын­да өлке­де Қызыл Ар­ми­яның құра­мын­да ұлттық әске­ри бөлімдер құры­ла бас­та­ды.

2 дүниежүзілік соғыс жылдарындағы қазақстан

Соғыс басталған кезде Брест қаласында 30 ұлттың өкілінен құралған 7-8 мыңдай әскер болған. Ал олардың ішіндегі қазақстандық жауынгерлердің нақты санын анықтауда тарихшылар әлі күнге дейін бір пікірге тоқтай алмай отыр. Олар ұсынған Брест қамалын қорғаған қазақстандықтардың ұзын саны 400 бен 4000 адам аралығында. Совет өкіметі кезінде бар-жоғы 29 жауынгер ғана Брест қамалын қорғаушы ретінде мойындалыпты. Тарих ғылымдарының докторы, профессор Лейла Ахметова қаланы жаудан қорғауға бұдан бөлек тағы 432 қазақстандықтың қатысқанын айтады. Ресми мәліметтер бойынша Орта Азия елдерінен соғысқа 3 миллион жауынгер қатысса, соның 1 миллион 366 мыңы қазақстандық екен. Ал соғысқа аттанған қазақстандық жауынгердің әрбір екіншісі, яғни тең жартысы майдан даласында қаза болған. 1941 жылдың қараша, желтоқсан айларында Мәскеу түбіндегі шайқаста қазақ жастарының жауынгерлік даңқы шықты. Одақтың жүрегі Мәскеу қаласына жеткізетін өзекті жолдардың бірі Волокаламск тас жолын қорғауда соғыстың даңқты жауынгері Бауыржан Момышұлы басқарған 1073-ші атқыштар полкі жау шабуылына тойтарыс берді. Соғыстың басынан аяғына дейін әскери бөлімдер ретінде шайқасқан 12 қазақстандық дивизияға құрметті атақтар берілді. Олардың бесеуі – бір орденмен, төртеуі – екі орденмен, екеуі үш орденмен марапатталды. 5 дивизия (олардың ішінде Совет Одағының Батыры И. В. Панфилов атындағы 8-гвардиялық дивизия да бар) гвардиялық дивизияларға айналды. Әскери ерліктері үшін жүздеген мың қазақстандық ордендер мен медальдармен марапатталды, 497 қазақстандық Совет Одағының Батыры атанды. Бұл атақты 97 қазақ иеленді, олардың ішінде қазақ қыздары — Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Мәметова бар. Төрт қазақстандық ұшқыш — Талғат Бигелдинов, Леонид Беда, Иван Павлов, Сергей Луганский Совет Одағының Батыры атағына екі рет ие болды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   36




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет