Қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие, құқықтық тәрбие



Дата20.03.2023
өлшемі15,37 Mb.
#172891
Байланысты:
Қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие, құқықтық
Оқушылар үні» жобасы

Қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие, құқықтық тәрбие. 

Тәрбие сағаты


Орындаған: Нурмамбетова М.
Тәрбие жұмысының мақсаты:
  • Өмірдің ағымдағы мәселелерін шешуге қабілетті сынып ұжымын ұйымдастыру;
  • Өмірді зерделеу және қажет болған жағдайда оқушылардың тәрбиесін түзету;
  • Жас ұрпақты демократиялық қоғамда өмір сүруге үйрету, азаматтық белсенділігін құзыреттілігін қалыптастыру;
  • Сыни ойлау, жалпы және құқықтық мәдениет қалыптастыруға ықпал ету, азамат-патриоттың еремен тұлғасын қалыптастыру, ұлттық-тәрбие, білім беру жүйелері жағдайында тұлғаны этникаландыру.
  • Мектеп ережесін түсіндіру, тәрбиенің алғашқы қағидаларын таныстыру;
  • Кластағы тәрбие жұмысын жан-жақты ұйымдастыру;

  • Болашақ қоғам мүддесі үшін еңбектене білетін, рухани ойлау дәрежесі биік, Отанын сүйгіш, еңбекқор, қабілетті тұлға даярлауға бағыттау

1.Қазақстандық патриотизм және азаматтық, құқықтық тәрбие.
Мектепте тәрбие жұмысының барлық басым бағыттарындағы әр бағыттың мақсаттарын басшылыққа ала отырып, мектеп оқушыларын азаматтық, құқықтық тәрбиеге бағыттау арқылы Мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, балалар мен жасөспірімдер ортасындағы қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа қарсы тұру даярлығын қалыптастыру мақсатында түрлі тақырыптарда тәрбие сағаттары, ашық есік күндері өткізіліп, мектеп психологі әр түрлі тренингтер өткізіп, сауалнамалар алады
2. Рухани – адамгершілік тәрбие Рухани-адамгершілік тәрбиесі арқылы өзінің мінез-құлқын жетілдіруге,өз ата-аннаны,Отан, қоғам аллодындағы парызына адамгершілік сезімін кеңейту арқылы жүзеге асырылады. Сынып жетекшілер ата- анналармен тәрбиелік рөлін күшейту туралы кеңестер өткізіліп келеді.
3.Ұлттық тәрбие

Ұлттық тәрбие арқылы өз ұлтымыздың ұлттық құндылықтарын дәріптей білуге, мемлекеттік тіл анна тілімізді меңгеруге байланысты байқаулар, өлкетану жұмыстары арқылы саяхат жасау және өз халқының мәдени мұраларын білуге дағдыланыру мақсатында әр түрлі тақырыпта сөз жұмбақтар,ойындар ұйымдастырылды.
4.Еңбек, экологиялық тәрбие
Еңбек, экологиялық тәрбие арқылы сенбі сайын мектеп аула сына тазалық жұмысын жүргізу, қоршаған ортаны қорғау мақсатында әр түрлі қызыметтер жасауға бағыттауда, экологиялық қауіпсіздік тәртібінің нормаларын сақтауға уйрету жұмыстары жүргізілуде.
5. Отбасы тәрбиесі Отбасы тәрбиесіне орай ата-анналармен ата-анналар жиналысы, «Өз балаңа үлгі бол» тақырыптарында ата- анналармен конференция өткізіп түрлі тақырыптарда баяндама,анкеталық сұрақтар алып, сыр- сұхбаттар өткізіліп, әр түрлі тақырыпта сайыстар өткізілді.
6.Зияткерлік, ақпараттық тәрбие Зияткерлік, ақпараттық тәрбиеде оқушылардың көшбасшылық қасиеттерін және дарындылығын дамытуда мектепішілік олимпиада өткізіліп,тест жұмыстары алынып әр түрлі білім сайыстары өткізілді.
7.Көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие Көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбиеде оқушылармен «алтын күз» қарттаржәне мұғалімдер күніне орай оқушылармен мәдени шаралар жүргізілді.
8. Дене тәрбиесі,салауатты өмір салты тәрбиесі Дене тәрбиесі,салауатты өмір салты тәрбиесіне орай мектепте спорттық сайыстар, денсаулыққа зиян келтіретін зиянды әрекеттер туралы кеңестер беріліп, «Көңілді спорт» «Тоғызқұмалақ» сайысы өткізілді.
Сабақтың тақырыбы:
Менің құқықтарым
Сабақ негізделген оқу мақсаты:
Сабақ барысында оқушылардың заңдық жауапкершіліктің құқықтары мен түрлері, құқықтық қатынастардың түрлері мен белгілері, кәмелеттік жасқа толмағандардың заңдық жауапкершіліктерінің ерекшеліктері, ойлау, талдау, салыстырып, қорытынды жасау және қабілеттерін қалыптастыру
Тілдік мақсат. Негізгі сөздер мен тіркестер:
Заңдық жауапкершіліктің құқықтары, кәмелеттік жасқа толмағандар, құқық бұзушылық Сыныптағы диалог үшін пайдалы тілдік бірліктер
Талқылауға арналған сұрақтар:
Құқықбұзушылықтың қандай түрі орын алды? Жасөспірімдердің қарым-қатынасы қандай? Қандай ортақ шешім туындады?
Жетістік критерийлері:
Тақырыпты түсіну, негізгі идеяны білу, рефлексия жасау
Құндылықтарға баулу: Кең ауқымдағы дағдылармен бірлікте жеке қасиеттердің дамуы «ынтымақтастық», «еңбек пен шығармашылық», «өмір бойы білім алу» сияқты білім берудің басты құндылықтарды оқушыларға

Жоспар

Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар ескертпелерді жазыңыз
  • Жаңа тақырыпқа ену
  • Топтық жұмыс, сұрақтарға жауап беру
  • Жұптық жұмыс, тапсырмалар орындау
  • Жеке жұмыс (сауалнама толтыру)
  • Рефлексия



Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет