Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы курсы бойынша мемлекеттік емтихан сұрақтары


Ақтөбе, Қостанай және Қызылорда округтеріндегі көтерілістер



бет39/107
Дата11.12.2021
өлшемі328,42 Kb.
#99094
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   107
Байланысты:
Тарих жауаптары
Тарих
Ақтөбе, Қостанай және Қызылорда округтеріндегі көтерілістер. Неғұрлым табанды әрі ұзаққа созылған көтеріліс Ақтөбе, Қостанай және Қызылорда округтарының көлемді аумағын қамтыды. Қысқа мерзім ішінде хан болып сайланған А. Қанаев, Ж. Бәйімбетов, М. Саматов, И. Сатыбалдин т. б. басқарған 6 көтерілісшілер отряды құрылды. Кетерілісшілердің негізгі күштері Қостанай округінің Жетіғара ауданының оңтүстігінде орналасты. Көтеріліс басталғаннан партизан соғысының сипатын алып, жазалаушылардың шешуші соққы жасауына мүмкіндік бермеді. Халық қозғалысын басу үшін бұл аймаққа 8-атты әскер дивизиясының бөлімдері, ОПТУ отрядтары, милиция, коммунистік отрядтар жіберілді. Кетерілісші сарбаздар барлық жерде ауылдық кеңестерді талқандап, құжаттарды жойды, астық дайындауға бөгет жасады, колхоздарды таратты. Әр түрлі аудандардың көтерілісшілері біртіндеп Ырғыз кентінің жанына шоғырлана бастады. Жазалаушылар оларды тоқтатпақ болғанымен, айтарлықтай табысқа жете алмады. Ірі шайқастар 14 және 15 наурыз күндері етіп, кетерілісшілер ыдырады. Алайда куғыннан қашып құтылып, қайтадан күш жинап біріге алды.

Қарақүмға Ө. Жангелдин бастаған үкімет комиссиясы келді. Сарбаздар жағынан келіссөздерді Ж. Бәйімбетов, Д. Қараев пен А. Әйменовтер жүргізді. Олар мынадай талаптар ұсынды: орташалардан заңсыз төркіленген малды қайтару; ұждан бостандығы, мешіттерді қайтару және дінге сенушілерді істеріне өкіметтің араласпауы; төркілеуге тыйым салатын декрет жариялау, оны өкімет орындарының мүлтіксіз орындауы; күштеп ұжымдастыруды тоқтату; ауылдағы «тап күресін» жасанды шиеленістіруді тоқтату; ауыл ішіндегі барлық мәселелерді «өкілетті өкілдер» емес, жалпы жиналыстың шешуі; салық мөлшерін малдың санына қарай белгілеу; малшылардан астық салығын алу ісін тоқтату; көтерілісші ауылдардан Қарақұмда ерекше әкімшілік аудан құру. Осы шарттар орындалған жағдайда көтерілісшілер қаруларын тастауға келісімін берді. 30 сәуірде сарбаздар қаруларын өткізе бастады. Өкімет орындары өз уәделерінде тұрмады. Барлық көтерілісшілер қаруларын тастаған соң, ОГПУ органдары көтерілістің жетекшілері мен белсенді қатысушыларын тұтқындай бастады. Ауылдар жаппай ұжымдастыру науқаны қызу жүріп жатқан бұрынғы орындарына қайтарылды.

Өкімет орындарының саясатына наразылық Шығыс Қазақстанда да қарулы көтеріліске ұласты. 1930 жылы 20 ақпанда Өскеменмен Алтай аудандарының бесселосының шаруалары көтерілді. Кетерілісішлер «Кеңес өкіметі жойылсын, ерікті еңбек жасасын!» деген ұран кетерді. Бірнеше күннің ішінде көтерілісшілерге көршілес селолар да қосылды. Екі күннен соң ОГПУ бөлімдері жіберіліп, шаруаларды ауылдан қуып шықты. Көтеріліс басшысы тұтқындалды, көтерілісшілердің қалған бөлігі тауға кетіп, Қытайға өтуге әрекеттенді. 1930 жылы көктемде «Кіші Қазан» саясаты мен ұжымдастыру саясатына қарсы бой көрсетулер Қаратал ауданында да орын алды. Мұнда көтеріліс басып- жаншылған соң қазақтар Қытайға жаппай қоныс аудара бастады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   107




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет