«Қазақстанның дамуы мен көркеюіне менің үлесім»



Дата01.02.2023
өлшемі24,55 Kb.
#167035
Байланысты:
«Қазақстанның дамуы мен көркеюіне менің үлесім» эссе
Сож-5 (3), Сож-5 (3), әлеу, ТЕСТЫ В2 1курс осенний семестр(1), 1 картотека кыс, ҚАЗ.ТАРИХ 500 СҰРАҚ (қазан айы), Рентгендік сәулелер. Есептер шығару

Шахмардан Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті коммерциялық емес акционерлік қоғамы

БӨЖ №5



Эссе
Тақырыбы:  «Қазақстанның дамуы мен көркеюіне менің үлесім»
Орындаған: Сартаева Марал Ист-20-1
Тексерген: Әбидин Әбубәкір

Актау
2022



«Мен мемлекетімнің гүлденуі үшін не істей аламын?» деп өз ішімнен жүз ойланып мың толғандым. Себебі бұл сауал жастар арасында өте күрделі және ауқымды. Бір-екі сөйлеммен жаза салатын сұрақ емес. Сондықтан бар ойымды жинақтап, сарапқа салып, «бақ шаба ма, бап шаба ма» деп, бастаған ісімді орта жолдан тоқтатқым келмей шығармамды жазуға кірістім.
Көптің талқылауына түскен бұл сауалдың жауабын тапқандай болып, өз алдыма қойған мақсаттарыммен, армандаған армандарым жайлы ойлай бастаған едім, ойыма ой қосылып қаламыма қанат бітті.
Әрбіріміз бұл дүниеге шырылдап келген мезеттен бастап, мына өмірдің ауасымен тыныстай бастаймыз. Ата-бабаларымыздың кейбір қасиетін сүйегімізге дейін сіңіре өмірге аяқ басамыз. Ең бастысы әрқайсымыздың тұтастай келбетіміз, ішкі сыртқы мазмұнымыз, әртүрлі ойларымыз мен армандарымыз болады, бірақ түбі бәрі бір өзіндік сипатқа ие. Осыған байланысты әрбіріміздің атқарар міндетіміз бар.
«Әсемпаз болма әрнеге,
Өнерпаз болсаң, арқалан.
Сен де-бір кірпіш дүниеге,
Кетігін тап та бар қалан», — деп қара өлеңнің патшасы ұлы ақын Абай атамыз айтып кеткендей, кез келген адам «Өмір» атты дүниенің босағасын аттағаннан кейін өз орнын, кірпіш секілді өз кетігін табуға ұмтылады, яғни биіктейді, өнеді, өседі. Алдына қойған қағидасын берік ұстанып, таңдаған мамандықтарының қызығын көруге ұмтылады. Бұл ретте «Елім үшін не істей аламын» деген заңды сұраққа: «Сіз өзіңіз қалаған кәсібіңіздің маманы болу арқылы еліңізге өз үлесіңізді қосасыз. Ал сол қалауыңыздағы мамандық арқылы сіз ел дамуына пайда әкелесіз»-деп жауап беруге болатын секілді. Бірақ бұл мақсатқа жету жолында тек сөзге қарағанда нақты, айқын қадамдарға бару маңызды. Елін сүйетін әр адам мемлекетінің гүлденуі үшін үлес қосуы керек. Алайда өз үлесін қосуда міндетті түрде ұлы істер атқару шарт емес. Әркім өз мүмкіндігіне қарай қызмет атқарса сол да жеткілікті. Кейбірі мәдениет жағынан, кейбірі экономика, саясат жағынан, ал кейбірі техника, экология, спорт жағынан мемлекетімізге өз үлесін қосып жатыр.
Бүгінгі Қазақстан Астанасын бас қала етіп, дамыған мәдениет пен экономиканың, білім мен ғылымның орталығына айналдырып, елінің тұрақтылығы мен бірлігін сақтап, дүниежүзіне танытуға күш салуда. Бұған мемлекетіміздің Біріккен ұлттар ұйымына, Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымы сияқты халықаралық қауымдастықтарға мүше болып дүние жүзі елдерімен тығыз байланыс орнатуы және осы жолда атқарып жатқан қыруар істері дәлел бола алады. Кемеңгер Елбасымыздың «Қазақстан -2050» бағдарламасы өз бағытымен жүзеге асса, келешекте Қазақстан мемлекеті дүние жүзіндегі ірі мемлекеттер қатарына қосылады деген сенімдемін.
Өзім жайлы айтсам мен студентпін. Ақтау қаласының Шахмардан Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг Университетінің «Тарих» мамандығы бойынша білім алудамын. Қазіргі таңда 2 курс студентімін. Болашақта осы мамандықтың арқасында үлкен жетістіктерге жетіп, елім үшін бәрін істеуге дайынмын. Менің мемлекетті гүлдендіруге қосар үлесім қандай болмақ? Менің қосар үлесім, оқуымды жақсы оқу, болашақ мамандығымның қыр-сырына теориялық тұрғыдан қанығып, жан-жақты танып, қоғамдық жұмыстарға белсене араласа жүріп шыңдалу. Бәрі шыңдалу дегеннен шығады. Кез келген мамандық өзіңдік, басқаға ұқсамайтын терең ізденісті талап етеді. Ізденген адам дамиды, өзге адамдардан көш ілгері болады. Өзіміздің дамуымыз арқылы өзгенің де білімін жетілдіруге жол саламыз. Тәуелсіз даму кезеңінде ұлтаралық келісімді сақтау мен нығайтудың өз елімізге ғана тән үлгісі қалыптасты. Осыған орай Қазақстан халқы Ассамблеясының ерекше ролі туралы айтпай кетуге болмайды. Ол шын мәнінде 16 жылдық уақыттан бері өзінің басты міндеті, ұлтаралық қатынастарды үйлестіру үшін барлық этностық топтардың мүддесін сәйкестендіретін қызметті жүзеге асырып келе жатқан құрылым болып табылады. Қазақстан Халқы Ассамблеясының беделі айтарлықтай жоғарылап, конституциялық ұйымға айналды. Парламентке өз өкілін жіберуге мүмкіндік алды. Сондықтан ұлтаралық келісімнің қазақстандық үлгісі халықаралық қоғамдастықтың тарапынан жоғары бағаланатынына ешкімді де таң қалдырмасы анық. 2010—жылы Қазақстанның ЕҚЫҰ—на табысты төрағалық етуіне жәрдемі тиген негізгі деректермен, дәйектердің арасында еліміздің ұлтаралық және дінаралық келісім тәжірбиесі болғаны құпия емес. Халқымыздың толеранттылығы мен даналығына негізделген салмақты мемлекеттік саясаттың нәтижесінде бізге өткен жылдар бедеріндегі қандай да бір қиындықтарға қарамастан, елімізде ұлтаралық келісімді сақтауға мүмкіндік берді және бұл сөз жоқ, біздің маңызды стратегиялық ресурсымыз. Тек бірлік пен тұрақтылық жағдайында ғана келешек дамуымызға қатысты кең ауқымды міндеттер қоя аламыз.
Болашақта еліміз әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 мемлекеттердің қатарынан орын алатынына барлық қазақстандықтар күмәнсіз сенеді. Осындай секіріс жасау үшін барлық қоғамдық ресурстарды топтастыру мен жұмылдыруға тура келеді. Бай да бақуатты Қазақстан идеясы ел кеңістігіндегі ішкі ұлттық ынтымақтастықпен тиімді біртұтас рухани, мәдени, экономикалық және саяси жүйенің желісін айқындап, олардың қалыптасуына оң ықпалын тигізеді.
Қазақстан Республикасы ТМД мемлекеттері арасында бірінші болып ұзақ мерзімге арналған стратегиялық дамуы жоспарын таңдап алған елдің бірі болды. 1997 жылдың 11 қазанда «Қазақстан—2030» атты ұзақ мерзімді дамуы стратегиялық бағдарламасын қабылдады.
Мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ең алдымен көршілес шет елдермен екі арадағы шекараны дәйектілікпен бекітті. «Қазақстан—Қытай мемлекеттік шекара сызығын демаркациялау туралы хаттаманы бекіту» заңына сәйкес 1999 жылы мемлекет басшылары шекаралық мәселелерді толық реттеп, құжатқа қол қойды. Бұл келісім—шарттың тарихи маңызы ерекше зор еді. Себебі Қытай 15 мемлекетпен шектеседі. Олардың бізден басқа бір де біреуімен Қытайдың толық шекаралық келісімі әлі жоқ. Ғасырдан ғасырға созылған шекаралық дауға соңғы нүкте қойылды. Енді 1782 шақырымдық шекара сызығындағы белдеу халықаралық деңгейде мойындалған заңмен қорғалады.
Ал 2005 жылы 18 қаңтарда әлемдегі ең ұзын шекаралық белдеу болған Қазақстан—Ресей шекарасы анықталып, БҰҰ тарапынан мойындалды. Қазақстан—Ресей шекаралары құрлықтағы ең ұзын шекара болып табылады. Оның ұзындығы — 7591 шақырымды құрайды. Қазақстан мен Ресей арасындағы шекараны межелеу сияқты саяси салмаға ауыр мәселе әлемдік халықаралық құқықтық тәжірибеде өте сирек кездеседі, соған қарамастан қысқа уақыт аралығында шекара сызығының барлық нүктелері келістірілді.
Қорыта айтқанда, патриот, тәрбиелі, білімді ұрпақтың қалыптасуына кепіл бола алатын университетімізде жарқын болашақ үшін көп жұмыстар қолға алынуда. Еліміздің бүгінгі жастары жаңа жағдайда заманауи мемлекеттің жасап жатқан сындарлы саясатының арқасында алысқа қол сермеп, әлемдік деңгейдегі ұстанымды игеріп, келешектің кілтін өз қолдарына алуда. Сондықтан келешекте Қазақстан әлемдегі ең дамыған, ең қуатты елдердің қатарына еніп гүлденуіне бүгінгі студенттер қалтқысыз үлестерін қосады, яки қосу үшін аянып қалмайды деген сенімдемін.



Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет