Қазақстанның дәрілік өсімдіктері Аңдатпа



бет3/4
Дата10.03.2022
өлшемі35,74 Kb.
#134903
1   2   3   4
Байланысты:
макала

Key words: structural analysis method, medicinal plants, pharmacological products, antibiotics and hormonal preparations,
scientific medicine

Халқымыз дәрулік шипасынан бөлек әулиелік қасиеті мол санаған шөптерінің бірі «адыраспан» деп аталады. Біздің ата-бабаларымыз сондықтан оны үйдің босағасына іліп қойып, осы арқылы отбасын алуан түрлі бәле-жәлелерден сақтауға тырысқан. Осы өсімдіктің түтінімен үйдің ішін түгел ыстап, сол жын-шайтандарды, жаман адамдардың лас ниеттері мен қарғыстарын шаңырақтан аластайтын болған.Атам қазақ өзі аса киелі деп білген бұл өсімдікті өсіп тұрған жерінен жұлып аларда да оның әдеп-ибасын қатаң сақтаған. Біріншіден, оны қауызы толып, тұқымы толық піскен кезде ғана жұлған. Екіншіден, ер адамның ғана жұлуына рұқсат етілген. Үшіншіден, сол жұлатын адамның жаны ғана емес, үсті-басы таза, дәреті бар екеніне мән берілген. Төртіншіден, жұлушы кісі міндетті түрде Аллаһқа құлшылық етіп, «Бисмиллаһи-ир-рахман-ир-рахим! Мен келдім әр нәрсеге, адыраспан, Атыңды қойған екен Омар, Оспан. Бисмиллаһи-ир-рахман-ир-рахим!» деп барып, өсімдіктің сағағына қолын тигізген. Бұл жердегі Омар мен Оспанның пайғамбарымыз Мұхаммед ғалаһауи-с-саламның әйгілі төрт сахабасының екеуі екенін мүмкін жұрт білетін шығар деп ойлаймыз.Біз бала жасымыздан осы адыраспанның арасында өстік десек те болады. Арал қаласында әкемнің қолымен тұрғызылған үйіміздің бақшалығы іші осы киелі шөпке толы еді. Құдды газон тәрізденіп тұтасып тұрған сол қалың қау шөптің арасымен жүргенде, олар аттап өтуге жол бере қоймайтын. Сонда әкем Сердалы сол әулиелі өсімдікті қызғыштай қорып: «Балаларым, бұл қастерлі шөпті жұлушы болмаңдар, киесі ұрады» дегенді жиі айтатын. Ал бақшамызда жайқалып өсіп тұрған адыраспанның нуын байқаған көрші-қолаң: «Сәке, есіктеріңіздің алды киелі өсімдікке толы сіздер қандай бақыттысыздар!» дегенді шын ынты-ықыласымен жеткізіп жататын. Сол кезде бала болсақ та, «адыраспан» атты қасиетті өсімдіктің бар екенін, оған тиюге болмайтынын бүкіл санамызбен түйсіндік.Адамзаттың тіршілік етуі барысында өсімдіктер әлемінің алатын орны ерекше зор. Қазіргі медицинада қолданыста жүрген дәрі-дәрмектердің 40 пайыздай бөлігі тап өсімдіктер дүниесінен жасалады екен. Қоршаған орта өскіндерінің адам ағзаларын жақсартуға осындай өлшеусіз көмегі барын біздің ата-бабаларымыз бағзы замандардан бері жақсы білген. Сонау алты ғасыр бұрын өмір сүрген халықтық емші Өтейбойдақ Тілеуқа­былұлының (1388-1478 жж.) «Шипагерлік баяны» соның бергі кезеңдердегі өнегесі ғана. Тарбағатай өңірінде 1787 жылы өмірге келіп,1850 жылы қайтыс болған атақты Ырғызбай Досқанұлы емші дәрілік өсімдіктерді жақсы білгендіктен, онымен жанды да, малды да емдеп, жаза алатын дәрежеге жеткен. Ол кезінде ұлы Абайдың әкесі Құнанбайды дәрілік шөптерімен ауыр дерттен жазып шығарған деген сөз бар. Емші шипалы өсімдік­тердің гүлінен, жапырағы мен тамырынан дәрі-дәрмек жасағанда, олардың қандай науқастарға ем болатынын табиғи түйсігімен дөп біліп, білігін одан ары дамытқан. Сол емшінің көп ауруға қолданатын дәрілік шөптерінің қатарында біз сөз етіп отырған адыраспан да болған.Адыраспанды емшілер дәрілік шикізат ретінде шілде айында гүлдеген кезінде жинап алады екен. Алғанда да, сол тұрған бойы бәрі ала бермейді, оның енді пісіп-жетілген бұтақшаларын, жапырағы мен гүлін бір қиқымын жерге түсірмей көлдей орамалға түйеді. Алғанда тамырдан жоғары жағынан ұқыпты кесіледі. Кептірер кезде темір шатыр астындағы көлеңкелі, ауа өтіп тұратын жерге қойылады. Осылайша ол екі жыл сақталуы керек. Ал тұқымын өскіннің қауашағы ашыла бастаған кезде теріп алады. Оны да төбесі жабық болғанымен, ауа өтіп тұратын бастырма астында кептіреді. Астына мата төсеп, сосын тұқымын шөбі мен қауызынан ажыратады.Жасыратыны жоқ, адыраспан — барынша улы өсімдік. Оның мұндай қасиеті барын аталмыш өскінді ыстау үшін отқа тигізген кезінде ұшатын ащы түтінінің өзі байқатады. 


Жалбыздың емдік қасиеті ертеден мәлім. Оны халық жүз бір ауруға ем дейді. «Жалбызды жерде жан қалады, ерменді жерде ер өлмейді» деген мәтел бұл өсімдіктің осындай қасиетіне байланысты айтылған болса керек. Жалбыздың түрлері көп. Қазақстанда оның екі иүрі кездеседі – қара жалбыз, ақ жалбыз. Ол ерінгүлдер тұқымдас, көпжылдық өсімдік. Өзен мен көл жағаларында, тау баурайында, шабындықтар мен бақшаларда кездеседі. Жалбыз өсімдігінің құрамында адам ағзасына пайдалы заттар мол. Соның екі қасығын аралыстырып күніне бір шай қасықтан үш рет екі ай ішсе, жүрек ауруының бәріне ем. Сондай-ақ оны бүйрек пен бүйрек түбекшесі, бауыр мен жолының қабынуына қарсы қолданады. Жалбыз ұнтағының осы мөлшерін бал орнына сары майға аралыстырып жоғарыдағыдай ретпен қабылдаса демікпе сырқатын жазып, өкпенің тыныс алу жолдарын тазартады. Булығып жөтелгенді тиып, қарлыққан дауысты ашады. Тершең адам жалбыздың кепкен жапырағын ыстық суға бұқтырып демдеп, жатар алдында жарты стаканын ішіп, ал аяғының шуашы барлар сол суға үш мезгіл аяғын жуып жүрсе, бұл жағымсыз иістен арылады. Полиартритпен ауыратын адам кепкен жалбыз шөбін суға қайнатып, күніне бір реттен жатар алдында ванна жасап булап жүрсе сырқатынан сауығады. Ал, соңғы кезде жалбыз тұнбасын іштің кебуін басатын, бойға күш-қуат беретін, несеп жүргізіп қуықтың қабынуын жазатын, етеккірді шамадан тыс келуінтоқтататын дәрі ретінде қолданып жүр. Сонымен қатар жалбызды басқа дәрілік шөптерге қосып өкпе туберкулезін де емдей бастады. Еті тілініп кеткен жарақатқа, іріңді шиқан сияқты шығулар мен қотырларға жалбыз тұнбасын таңып тастаса, тез жазылады.
Жалбыздың пайдасы
Жалбыз қосылған шәй жүрек ауруымен ауыратындарға,тамақтан уланғанда,асқазан -бауырауруы мен ауыргандарга, жүйке жүйесі бұзылғандарға өте пайдалы. Және бас ауырғанда,қатты ашуланғанда ішу керек. Жалбызды 1 стаканға 2-3 еуін салса жеткіліті. Жалбыз қосылған шәйді: қан қысымы жоғары адамдарға,6 жасқа дейін толмаған балаларға, ішуге болмайды. Жалбыз қосылған шәй адам ағзасын тазалайды.Тағы бұл өсімдіктің дәрі жане құрғатылған шөп дәрі ретінде де қалалардың кез келген дәріханаларнда қол жетімді бағада сатылады.
Қара сабынның жасалу жолы мен қасиеттері
Сақардың сабын жасаудан бөлек, өзіндік емдік істерге қолдануға тұрарлық қасиеттері де жетерлік. Соның бірі – әртүрлі ауруға шалдыққан малдарды емдеуге жарамдылығы. Әсіресе, бақана, аусылмен ауырған малдардың тілін, аша тұяғын осы сақармен емдеп, тұяқтарын сақарлы суға малып, жазып алатын бұрындары.
Біз сабынға қажетті ең негізгі қоспаны алуды үйрендік делік, енді сабынды қалай жасауға болатынын айталық. Ауыл - аймақта сабын жасау үрдісі үш - төрт ақ жаулықтыға ғана бұйыратыны бар. Өйткені, сабынды көрінген адам қайната алмайды. Мұнда халқымыздың түсінігінше, сабыны дұрыс қайнамаса, тасып - төгіліп кетсе, дұрыс жасалынбаса, сабын қайнатқан адамның жолы ауыр болады деп пайымдаған. Жақсылыққа жорымаған. Мұндай кезде сабын жасайтын адам қазан маңына бөгде кісіні жолатпаған. Көбінесе, оңаша, қалтарыс жерде қасындағы от жағып, ошақтың күлін төгіп, қолғабыс ететін адамнан басқаларға қазанға қарауға рұқсат бермейді. Бұл – ырым. Оны бұлжытпай орындау өте маңызды. Алдымен, ішіңізден «бісімілләны» айтып, Алладан игілікке істеуін сұрайсыз жасар жұмысыңызды. Әбден тазалап жуылған, майланған қазанға бір кесе сақар салсаңыз, оның үстіне дәл сол кесемен қойдың немесе басқа малдың екі кесе майын қосасыз. Бұл жерде қандай малдың немесе ненің майын қосуыңызға байланысты өзара теңшемелі бұл өлшем өзгеруі де мүмкін. Қазаныңыз үлкен болса, үш - төрт кесе сақар салып, соған сай май құясыз да, еппен қайната бастайсыз. Қазаныңыз қайнаған сайын оны арнайы ағаштан жасалған қалақшаңызбен үзбей араластырып отырыңыз. Бұл күймей, барлығы бір қалыпты қайнау үшін қажет шара. Қазан үш рет қайнайды, қайнаған сайын, бетіне суық су бүркіп, ожаумен аздап құйып отырасыз. Үшінші рет қазаныңыз тасыған соң барып, қазандағы араласпаңыз басын болды деуіңізге болады. Бір қазан сабынды ыстық күйінде сабынға бөлудің де өз жөні бар. Егер жасаған сабыныңыз көп болса, үлкен сабыннан екі - үшеуін домалақтап, арнайы матаға әдемілеп орау ләзім. Мұндай сабындар көбінесе кір - қоң жууға арналады. Жалпы, сабынды көптігіне қарай, үшке, беске, жетіге бөледі. Тақ санға бөлудің де өзіндік мән - маңызы бар екендігі анық. Кейде сабын әбден даяр болғанда оның ішіне жуылған, майдалап түтілген жүнді қосып жатады. Бұл жыл бойы істету үшін домалақтап жасаған сабыныңыз бөлініп кетпес үшін қолданатын амал.
Бұзаушық
Сабын жасаған күн отбасы үшін үлкен мереке сынды. Бұл өзі михнаты көп жұмыс болғандықтан әрі кім көрінген жасай бермейтіндіктен, ауыл жұртшылығы кім сабын жасаса соған сәлем айта келіп, сабын қалап - сұрайтыны бар. Қазандағы сабынды үлкен шүберектерге әртүрлі деңгейде ораған соң, қазанның түбінде қалған азырақ бөлігін кішкентай ғып, әдемілеп домалақтап, балаларға сақтайды. Мұны бұзаушық деп атайды. Бұзаушық баланы шомылдырғанда істетіледі. Мынау сенің бұзаушығың деп, қыз балаларға меншіктеп беретін де дәстүр болған. Кейде көрші - қолаңның келіндері қасына жас баласын ертіп келетіндіктен, баласына арнайы бұзаушық жасап та беретін болған. Ауыл - аймақ сабын сұрап келсе, өзінен артылғанын беру дағдылы іс. Бірақ үлкен сабынды ортасынан бөліп, жартысын беру дәстүрі жоқ. Ондай кезде сабыннан берекет, үйден құт кетеді деп ырымдайды.
Егеменді еліміз халқының денсаулығы ол Ұлттың негізін сақтаушы қазына — байлық десек қателеспеген болар едік. Ал ауытқыған денсаулықты емдеу де, тікелей дәрі-дәрмектің тигізер әсері байырғы кезден-ақ жалпыға мәлім. Дәрілердің жасалу табиғаты екі түрлі. Алғашқысы, яғни ерте кезден бері адам қоғамымен бірге жасалып келе жатқан жолы, табиғи өсімдіктердің әр түрлі шипалы әсеріне негізделген. Екіншісі, арнайы технологиямен даярланатын, табиғаты синтетикалық-химиялық препараттар.
Дәрілік өсімдіктер түрлерін интродукциялауда көңіл аударарлық басты кезеңнің бірі, ол оның үлкен тіршіліктік айналымындағы онтогенездік ерекшелігін зерттеу [1]. Сонымен өсімдікті тұқымынан өсіп қалыптасқан үлгі дарағының құрылымдық өзгерісін 3-4 жылдар аралығында ырғақты түрде бақылау қажет деп санайды.
Тұқымды жинау амалы сол өсімдіктің биологиялық ерекшелігіне байланысты. Өсімдіктер тұқымының пісіп жетілу мерзімі бойынша 2 топқа: 1-тұқымның пісіп-жетілуі бір мезгілде жүреді; 2-тұқымның пісіп-жетілуі созыңқы мерзімде өтеді. Тек, жиын-терімдік жетілу белгілерін анықтау үшін олардың пісуіне қарай бөлектеп жинау жүргізіледі [6].
Сондай-ақ вегетативтік көбею мүмкіндігі зерттеледі. Көпжылдық өсімдік-тердің вегетативтік көбею қабілеті, оған аналық өсімдіктің барлық қасиетін толық қайталап, тез көбейетін мүмкіндік береді. Өсімдіктің вегетативтік көбеюі, оның тұқымымен көбеюі қиындаған жағдайда ерекше маңызға ие болады. Бұл үшін тамыр атпаларын, вегетативтік өркендерді қалемшелеуді, партикуляциялау, аналық түпті бөлу және т.б. клондау амалы зерттеледі. Сонымен клондайтын өсімдіктің оңтайлы жасын және тиімді қасиеттерін анықтауға басты мән беріледі. Бұл көрсеткіштерді дұрыс анықтаған жағдайда бір вегетациялық маусымда 70-100 дейін отырғызылатын бірлік алуға мүмкіндік болады [7].
Мәдилендірілетін дәрілік өсімдіктердің шикізаттық негізін кеңейту бірқатар себептерге байланысты экономикалық тиімсіз, бұдан басқа табиғаттағы көптеген эндемдік өсімдіктер қоры қазіргі уақытта күрт қысқарып, азаюда. Сондықтан оңтайлы экологиялық аймақтарда дәрілік өсімдіктерді мәдени жағдайға енгізу негіздерін қалыптастыру және шаруашылықта бағалы өсімдіктер популяциясын сұрыптау-интродукцияның актуальды мақсаты. Дәрілік өсімдіктерді интродукциялаудағы зерттеу, үш кезеңді қамтиды [8].
Бірінші кезең — экспедициялық жолмен бастапқы далалық және отырғы-зылуға арналған материалдарды жинау. Табиғи дәрілік өсімдіктердің табиғат жағдайындағы биологиялық ерекшеліктерін зерттеу-сондай-ақ түрдің табиғи ареалын және оның құрылымын анықтау жұмыстарын орындау.
Екінші кезеңде — өсімдікпен атқарылатын жұмыстар тікелей интродук-циялық питомникте жүргізіледі.
Үшінші кезең — жаңа дәрілік дақылды эксперименттік база жағдайында өндірістік тәжірибелік тексерістен өткізуді және агротехникалық шараларын анықтауды, сонымен қатар тұқымдық материалды көбейтуді, ауру қоздырғыш зиянкестерден қорғауды және де дәрілік өсімдіктерді егудің экономикалық тиімділігін қамтиды. Мұндағы маңызды көрсеткіш биология-экономикалық бағалау болып табылады.
Биология — экономикалық бағалау деп, осы түсімділігі және сапалығы жоғарғы экономикалық жағынан тиімді өнім беруі, демек сол үшін өсірілген деп түсінген жөн. Демек, дәрілік өсімдікті мәденилендіргенде немесе интродукцияланғанда ол барынша ойдағыдай дамуы мүмкін де, бірақ соған қарамастан онда негізгі мақсатқа қажетті ББЗ болмауы немесе оның сапалығы біршама төмен болуы мүмкін [9]. Қазіргі кезге дейінгі өсімдіктерден алынған дәрілік препараттар қоры дүниежүзі халықтарының ұзақ тарихында күнделікті іс жүзінде пайдалану және ғалымдардың ізденіс жұмыстарының нәтижесінде жинақталған.
ХХ ғасырдың басында адамдардың дәрі ретінде қолданылатын заттарының 80% дәрілік өсімдіктерден алынған болса, оларды бірте - бірте синтетикалық әдіспен алынған заттар антибиотиктер және гормональды препараттар ығыстырды. Бірақ та ғылым мен техниканың орасан жетістіктеріне байланысты синтетикалық әдіспен көптеген дәрілер алынғанына қарамай, өсімдіктерден алынған табиғи дәрілік препараттардың ғылыми медицинада алатын орны ерекше [10].
Қазақстанда ресурстық және фитохимиялық зерттеу жұмыстары жоғары дәрежеде жүргізілгендіктен жалпы фармакопиялық түрлер санын толықтыруға болады. Осы уақытқа дейін Қазақстанда дәрілік өсімдіктердің жер асты мүшелері онтоморфогенездік тұрғыдан арнайы зерттелмеген. Тек қана кейбір өсімдіктер тамырлары туралы жазылған мақалаларда, кітаптарда кейбір дәрілік өсімдіктердің тамырларының морфологиясы туралы шамалы болса да мәліметтер кездеседі [14-27]. Күрделігүлділер тұқымдасының Қазақстан флорасында 148 туыстығы, 879 түрі өседі [28]. Күрделігүлділер өкілдерінің тамыры мен тамырсабағында ББЗ негізінен: инулин, эфир майлары, илік заттар және дәрумендер жиі жинақталатындығы айқын. Бұл келтірілген ББЗ ресми және халық медицинасында қазіргі таңда халық арасында барынша кең таралған ауруларға: несеп айдауға, сусамыр, әр түрлі қабынуға, қақырық түсіргіш, қатерсіз-қатерлі ісіктерді және басқа да ауруларды емдеуге кеңінен қолдалынады [29]. Десек те, Республика флорасында кездесетін күрделігүл-ділер тұқымдасы өсімдіктерінің дәрілік қасиеті бар 2,7% іс жүзінде емдеу саласында қолдалынады [30]. Демек, бұл Республикада қазіргідей дәрілік препараттар тапшылығы айқын жағдайда аталмыш тұқымдас түрлері биологиялық ерекшеліктерін жан-жақты зерттеуді қажет ететін өзекті мәселе екендігін көрсетеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет