1.4. ҮІ-ХІІ ғғ. Түркі халықтарының мәдениеті.
Түркі дәуіріндегі Қазақстанды мекендеген халықтар туралы жазба, археологиялық және этнографиялық деректер. Феодалдық қатынастардың қалыптасуы, дамуы. Қоныстар мен қалалардың өсуі. Оңтүстік Қазақстан мен Жетісудағы қала мәдениеті дамыған аймақтар: Сыр бойы, Шу және Талас өңірі, Жетісудың солтүстік-шығысы. Қала мәдениетінің дамуындағы түркі-соғдылық синтез. Б.з.б. ІІ ғ. қалыптасқан Ұлы Жібек жолының сауданың күре тамыры ретіндегі қызметі. Ұлы Жібек жолының қазақ жеріндегі тармақтары. Қалалар - саяси өмір, сауда, қолөнер және мәдениет орталығы. Қалаларға сипаттама. Материалдық мәдениеті.
ҮІ-ХІІІ ғ. басы аралығындағы түркі халықтарының рухани мәдениеті. Наным-сенімдері, әдет-ғұрыптары. Тәңірге сену, оның көріністері. Түркілердің басты құдайы. Түркілердің отбасы, бала қамқоршысы және әйелдік бастау құдайы.
Түркі жазуының пайда болуы және оның маңызы. Түркі жазуының ескерткіштері, оның таралу аймағы, зерттелуі. Түрік әдеби "Күлтегін" ескерткішінің авторы. Түркі сына жазбасының оқылуы және жарыққа шығуы. Ежелгі түркі алфавитінің белгілері. Көпшілікке танымал түркі жазба ескерткіштерінің орналасқан жері. Тоныкөк, Күлтегін және Білге қаған құрметіне қойылған құлпытастар, оларға сипаттама.
Ислам дінінің түркі халықтарының өміріне ене басталуы. Түркі елдерінің араб халифатымен байланысының артуы. Ислам мәдениеті және оның негізі болған Құран Кәрім мен Хадистердің түркі халықтарының өміріне тигізген ықпалы.
ІХ-ХІІ ғғ түркістандық ғалымдар мен ойшылдар: Аристотельден кейінгі Шығыстағы екінші ұстаз Әл-Фарабидің өмір сүрген жылдары.
Орта ғасырлық ақын және исламды таратушы, Яссауидың ұстазы. Қожа Ахмет Яссауи, Сүлейман Бақырғали және т.б. олардың қалдырған мұралараның маңызы мен ортағасырлық мәдениетте алар орны.
Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік» еңбегі, Махмұд Қашғаридің «Диуани лұғат ат-түрік» еңбегі, Өтміс қажының «Шыңғыс-намэ» еңбегі. «Кодекс Куманикус», «Ақсақ құлан». «Тоныкөк», «Күлтегін» ескерткіштеріне сипаттама. XIII ғ. Кетбұға, XIY-XY ғғ. Сыпыра жыраулар.
Достарыңызбен бөлісу: |