Қазақстанның жаңа және қазіргі заман тарихының кезеңдері



Дата27.01.2022
өлшемі53,74 Kb.
#129948
Байланысты:
кесте
332211

Қазақстанның жаңа және қазіргі заман тарихының кезеңдері.

Бұл ХҮІІ-ХІХ ғасырлар. Бұл аралықта қазақ халқының жауынгерлік рухы ауыр сынға тап болды. Біздің жерімізге басып кірген жоңғарлармен соғыс басталды. 1723-1727 жылдардағы "ақтабан шүбырындыдан" қазақ халқы қайта еңсе көтерді. Ұлтты қорғаушылар қатарына Бөгенбай батыр, Қабанбай батыр, Наурызбай батыр және солар сияқты үлттың жауынгерлік рухын көтерген жарқын түлғалы ерлер келіп қосылды.Халықтың ерік-жігерінің тастүйін бірлігі Абылай хан түсында ерекше бейнеленді. Батырларымен тізе қосып, қаһар-мандықтың тамаша үлгілерін көрсеткен, сөйтіп халықтың үйтқысы болған Абылай ханның ерліктері сонау қатал заманда қазақ рухын қайта түлетудің бір алтын діңгегіне айналды.Бейбітшіл сипаты бар рухани жұмыс та жалғасын тауып жатты. Оның үйтқысы үлттың рухани кесемдері — Теле, Қазыбек, Әйтеке билер болды. Олар сыртқы және ішкі алауыздықтарға қарамастан Абылай ханмен бірлесіп, ұлтты біріктіру жолында еңбек етті.

Келесі, кезең - XX ғасыр. ХҮІІІ-ХІХ ғасырларда Қазақ хандығы құлағаннан кейін қазақтардың арыңды рухы бұрқ етіп сыртқа шығудың әртүрлі жолдарын қарастырды. Төрелер мен қожалардың билігі қожырады, олардың үңірейіп бос түрған орындарына ешкім отырған жоқ. Ресей патшалығы да әлсіреді. Сол кезде қазақтарда оз мемлекетін қүру үміті тағы да ояна бастайды. Алашорданың көсемдері Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов және басқалар болды. Қалай болғанда да, Алашорданың игілікті ісі өте қайғылы аяқталды. Қазақтың оқыған жас өкілдерінің осынау ыстық жігері, ұлттық рухы сол кезде қалыптасқан жағдайлардың себебінен өмірде іс жүзіне аса алмады.Сөйтіп, 1917 жылдан 1920 жылға қазақтың ұлттық рухы ауыр езгінің астына түсті. Қазақстан -КСРО-ның құрамына кірді.

2.Қазақстан тарихының тарихнамасы (XYIII – XIX ғ.басы). XVIII-ХІХ ғасырдағы дәстүрлі институттар тарихын тануда Ш.Ш.Уәлиханов, С.Бабажанов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев еңбектерінің орны ерекше. Ш.Уәлиханов арғын Малайсарының ХVІІІ ғасырда Жоңғар билеушілерінің тарапынан тархандық алғандығын және оның берілуінің себебін тұтқындағы Абылай сұлтанды босату мақсатындағы елшілік келіссөздердің нәтижесімен байланыстырады.

ХVІІІ-ХІХ ғасырлардағы қазақ-орыс қатынастары, қазақ қоғамының қоғамдық-саяси құрылымы, әлеуметтік жүйесі, шаруашылық жайы Н.Г.Аполлова, С.Е.Толыбеков, С.З.Зиманов, В.Я.Басин, Т.Ж.Шойынбаев, А.Н.Нүсіпбеков, Г.И.Семенюк, Н.Е.Бекмаханова, А.Сабырханов, Р.Б.Сүлейменов, В.А.Моисеев еңбектерінде көрініс тапты. Н.Г.Аполлова XVIII ғасырдағы қазақ тархандары Шақшақ Жәнібек пен Тама Есеттің қоғамдық ортадағы беделдері ханнан кем болған жоқ деген баға бере отырып, олардың қазақ-орыс қатынастарына байланысты қоғамдық-саяси қызметтерінен мол мәліметтер береді. Мәселен, В.Я.Басин зерттеуінде «протектор», «бодан» тарихи терминдеріне Қазақстанның Ресейге қосылуына байланысты мысалында талдау жасап, Ресейге қосылған жылдардан бастап «бодан» болды деген саяси ұстанымның қате пікір екендігін дәлелдесе, С.З.Зиманов қазақ қоғамындағы әлеуметтік жүйені зерделеп, өз пікірлерін ашық білдірді. Н.Е.Бекмаханова 1773-1775 жылдардағы Е.Пугачев бастаған орыс шаруаларының соғысына қатысқан Дәуітбай тархан бастаған қазақ жасақтарының соғыс қимылдары және атығай Құлсары тархан жөнінде деректік мәліметтер келтіреді. Ал Р.Б.Сүлейменов, В.А.Моисеев зерттеулері арғын Малайсарының жоңғарлар тарапынан тархандық алғанын сұлтан Абылайдың тұтқында болған кезіндегі қалмақ бағытындағы елшілік қатынастар нәтижесінде берілгенін қуаттайды.Қазақ тархандарының ата-бабаларына қатысты шежірелік деректер Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы, С.Е.Толыбеков, Х.Маданов, Х.Б.Табылдиев, А.Қалмұратов т.б. шежірелік еңбектерінде бар. Мәселен, Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы шежірелік нұсқасында Арғын руының аталық шежірелерін тарата келе Жәнібек тарханға қатысты деректерді келтіреді. С.Е.Толыбеков, Х.Маданов шежірелерінде Жәнібек және Есет тархандардың ата тегіне, олардан тараған ұрпақтарына қатысты қызықты тарихи шежірелік деректер кездеседі. Дегенмен, шежірелік деректерді мұқият пайдаланған жөн. Мәселен, Х.Б.Табылдиев, А.Қалмұратов шежіресінде «...1743 жылы 28 мамырда патша әмірімен Есет батырға, оның үрім-бұтағына мұра болып қалатын тархан атағын берді», – деген.Қазақстан Республикасы тәуелсіздігін алған жылдардан бастап жарық көрген тарихи еңбектер зерттеп отырған мәселеге жаңа қырынан келді. Нақ осы кезеңде өткен тарихымыз ұлттық мүдде тұрғысынан зерттеле бастады. Қазақстан тарихының XYIII – XIX ғғ. кезеңіне байланысты М.Қ.Қозыбаев, К.Л.Есмағамбетов, Ж.Қ.Қасымбаев, С.М.Мәшімбаев, М.Ж.Абдиров, Ж.О.Артықбаев, И.В.Ерофеевалардың ғылыми еңбектері көпшілікке жетті.

Аталған тарихшы ғалымдар еңбектері тарихи тұлғаларға қатысты маңызды мұрағаттық мол деректермен қатар, XVIII-ХІХ ғасырлардағы қазақ қоғамындағы дәстүрлі билік институты тарихына қатысты мәліметтерді жинақтап, қорытынды ой-пікірлер түйіндеумен ерекшеленді. Бұл арада К.Есмағамбетовтың қазақ тарихына қатысты шетелдіктердің көзқарастарын, Ж.Қасымбаевтың батырлар мен қазақ хандары, сұлтандары арасындағы байланыстарды талдауы маңызды.

Қазақстан тарихының XYIII – XIX ғ.басындағы қазақ деректері. А.Байтұрсынұлы тарих ғылымының пәніне; Тарихты қазақша ұлы дерек деуге, әуезе табына жатқанмен, айғақша әуезе деуге болады. Сөздің ең ұлысы, ең сипаттысы- тарих, - деп анықтама береді. Тарихтың атқарар қызметі мен алға қояр міндеті хақында ол; Тарихтың қызметі- бүтін адам баласының, бүтін бір жұрттың, иә бір топтың өткен өмірін болған күйінде айнытпай айту.

«Тарихшылырдың мақсаты,-дейді Ахаң,-уақиғаның уақытын ғана көрсету, яки не түрде болған тысқы сиқын ғана көрсету емес, ол уақиғаның болуына нендей нәрселер, нендей уақиғалар себеп болғанын көрсетіп, ішкі мәнісімен де таныстыру». А.Байтұрсынұлы әуезелерді алты тарауға бөледі 1) шежіре, 2) заман хат, 3) өмірбаян, 4) мінездеме, 5) тарих, 6) тарихи әңгіме.А.Байтұрсынұлының берген анықтамасы бойынша, бірінші, Шежіре. Шежіре — өткеннен дерек беретін сөздің бір түрі. Шежіреде уақиғадан гөрі өткендердің түс, туысы көп айтылады. Сондықтан шежіре уақиға сарынымен емес, уақыт, туыс сарынымен айтылатын әуезе табына жатады. Шежіре болған уақиға жайынан сөйлесе, себебін, мәнісін айтпай, тек болғанын айтады да қояды.А.Байтұрсынұлының пікірінше, қазақта жазу болмаған себепті бұрыннан жазылып келген шежіре, түрлі әңгіме жоқ. Бірақ басқа жұрттардың шежірелерінде айтылатын сөздер сияқты әңгімелер қазақта да бар. Орақ - Мамай, Едіге, Кеңесарының Садығы турасындағы ауызда айтылатын тарихи әңгімелердің көбі-ақ өтірік-шыны аралас шежіренің сөздері сияқты.Сондықтан мұндай деректерге сын көзбен қарау қажеттігін алға тартады.

Екінші, Заман хат. Біреудің заманында болған тарихи уақиғадан, яки өз ішінде болған істерден дерек беруі заман хат деп аталады. Мәдени жұрттың адамында заманында болған көзге түсерлік уақиғаларды, яки өз өмірінде ұшыраған зор істерді жазып, әңгіме ретінде тіркеп отыратын әдет болады. Заман хат шежіредей емес, тәртіпті, жүйелі келеді. Шежірені тек хат білетін адамдар құр тіркей беруге болады. Заман хатты оқымысты адамдар жазады. Сондықтан мұнда құр халық аузыңда әуезе болып жүрген дәлелсіз сөздер жазылмайды. Заман хатта уақиға уақыт сарынымен жазылмайды, іс сарынымен жазылады. Заман хаттағыдеректік негіздей алғанда ескеретін бір кемшіліктігін көрсетеді:

Уақиғаны болған күйінше жазбай, жазушы өз көңілінің күйіне бояп, реңкін өзгертуге ықтимал екендігі. Олай ету уақиғаның дұрыстығына кемшілік келтіреді. Заман хат шынға жақын болу үшін жазушы өз көңілінің күйіне түспейтін, яғни достыққа да, қастыққа да қарамайтын адам боларға тиіс. Ондай адам табиғаттан тысқары адам болмақ. Адам табиғаттан тысқары бола алмағандықтан, заман хаттары көңіл күйінің әсерінен аман бола алмайды. Сонда да тарихқа беретін деректігінің молдығынан заман хат өте кұнды тарихи деректік сөздер есебіне қосылатынын көрсетеді.

Үшінші, Өмірбаян. Біреудің туғаннан бастап, өлгенге шейінгі өмірін жазу иә айту өмірбаян болады. Өмірбаян жазудағы мақсат белгілі болған адамның өмірі қалай басталып, қандай күйде өткенін көрсету.А.Байтұрсынұлы еңбектерінде жеке тарихи тақырыптармен қатар, сол негізгі тақырып желісіне байланысты тарихнамалық, жалпы методологиялық, оның ішінде қазақ халқы тарихын дәуірлеу, зерттеу принціптері мен әдістерінің өзіндік ерекшелік қырлары, тарих ғылымының қалыптасып даму барысы туралы өзекті мәселелер қозғады.

Өмірбаян дерегін белгілі адам турасындағы сипат тарихи құжаттық мәні бар қағаздардан алатынын білетін адамдардың ауызша айтуынан алады. Жазушы өз білетінін жазады. Өмір дерек ылғи сипатты мағлұматтардан құралған сөз болғандықтан, нағыз рас әңгіме болып шығады.Олай болса, өмірбаян шындыққа жақын тарихи дерек болмақ.

Төртінші, Мінездеме. Адамның, елдің, жұрттың, таптың, ұлттың сырын, мінезін танып көрсету мінездеме болады. Мінездеме өмірбаянның да, заман хатының да, тарихтың да ішіне бөлім есебінде кіреді. Мінездеме заманның, дәуірдің халін де мінездеп көрсетеді. Адамды мінездегенде, өмірбаянның бөлімі болып кіреді. Жұртты, ұлтты, заманды мінездегенде, тарихтың бөлімі болып кіреді Сондай-ақ тарихи зерттеу принциптері мен әдістерінің ішкі байланыстылығы, құжаттар мен тарихнамалық ортақ арна- жалпы методологиялық жүйе арасындағы байланыстылық тарихи деректтерді ғылыми негіздер мен принциптер, зерттеудің ақиқаттығы мен құндылық өлшемі туралы қалыптасқан ғылыми қағидалар мен болжамдарды орынды пайдалану қажеттіліктерін тұжырымдаған.

Бесінші, Тарих. А.Байтұрсынұлы тарихшының дүниетанымына, азаматтық ар ожданына,әділдігіне, ғылыми- зерттеушілік мүмкіншілігіне биік талап қойған. Өйткені, Ахаңның ойынша, тарих халықтікі, халық үшін жазылады. Сонымен бірге А.Байтұрсынұлы тарих пен тарихшыларға қандай деректерді және оларды қалайша пайдалану әдісін көрсете келе зерттеушілердің алдына қойылатын талаптарды жаңа қырынан да көрсеткен



Шежіре жазушылар естіген-білгенін сол қалпында, шикі түрінде тізеді.Ал, тарихшылар міндеті хақында А.Байтұрсынұлы: тарихшылар кұр істегенімен қанағаттанбай, рас, өтірігін тексеріп, расын ғана алады.Тарих пәнін Ахаң былайша жіктейді. Тарих беретін дерегінің түріне қарай бірнеше түрге бөлінеді. Бүкіл адам баласы дүниеде қандай өмір шеккенін сөйлейтін тарих «Жалпы тарих» деп аталады. Адам баласының мәдениет жүзінде жүрген жолдарын баяндайтын тарих «Мәдениет тарихы» деп аталады. Мәдениеттің түрлі тараулары «Тарих тармақтары» деп аталады. Мәселен, шаруа тарихы, өнер тарихы, дін тарихы, даналық тарихы, ғылым тарихы, әдебиет тарихы, тағысын тағы сондай тарихтар.Одан әрі Ахаң ұлттардың тарихын, жалқы тарихтар — түрік-монғол тарихы, қытай тарихы, жапон тарихы және сондай бөлек-бөлек жұрттардың, ұлттардың тарихы деп бөлген.

Алтыншы, Тарихи әңгіме. Тарих жүзінде белгілі адамдар, нәрселер, уақиғалар турасында сөйлейтін әуезелер тарихи әңгіме деп аталады. Тарихи әңгімені А.Байтұрсынұлы материалистік ұғым мен идеалистік ұғымды коммунистік идеология өкілдері сияқты бір-бірімен қарама-қайшылықта қарамаған және материалистік көз қарастың марксистік-лениндік бірыңғай үстемдігін қабылдамаған. Ол табиғат заңдылығы мен әлеуметтік қоғам заңдылығының байланыстылығы негізінде адам қауымдастығы үшін әлеуметтік жасампаздықтың реттік сәйкестіктегі екі бірдей теңдігі бар, табиғат орталығындағы адам еңбегінің материалдық байлығы мен рухани қазынасы дейді. Бұл тұрғыда А.Байтұрсынұлының рухани болмысты қаншалықты жоғары бағалағанын білеміз. Осы арнада сәйкестік байланыстылықта табиғат пен қоғамдық тіршілік пайымдалып, халық тағдыры ғылыми тарихи жүйеде талданып, ұлт-азаттық күрес жолының сабақтастығы дәлелденген. Егер сұрыптай айтатын болсақ, А.Байтұрсынұлының методологиялық жүйесіне табиғаттағы, қоғамдық тіршіліктегі прогрестік даму, сәйкестік, салыстырмалы талдау, жүйелі тұжырымдау, ғылыми ақиқаттық принциптері тән. Сол себептен де Ахаң тарихты халықтың тағдыр тарихы және ол халық үшін түсінікті де ақиқат болуы шарт деген А. Байтұрсынұлы мұрасынаның, оның ғылыми -зерттеу бағдарламасынан өзіміздің ұлттық төл тарихымыз арнасындағы ізденістерде басты ұстанар қағидамыз оның марксизім-ленинизім теориясының арқауы болған пролитарлық интернационализм принципі және одан өрбіп, оны нығайта түсетін коммунистік партиялық зерттеу шарттары мен әдістері тұрғысындағы сын талдаулары болмақШыныңда да, Ахаң ескерткенде, өмірдің өзі дәлелдегендей, марксистік-лениндік пролитарлық интернационализм қазақ халқын ұлттық әлеуметтік, рухани желіден ағытып, қарама-қарсы екі тапқа бөлді, оның ең зиялы да жасампаз ұлт жанды бөлігін таптық идеологиямен санасы уланған екінші таптың табанымен таптады, көзін жойды. Ағайынды, бауырды өзара қантөгіске итермелеген пролетарлық интернационализм қазақ халқының ұлт-азаттық күресіне зор жастандық жасады, ұлттық рухани дүниеге кінәттар түсірді, қазақ жастарының санасына мәңгүрттік уын құйды. Сөйтіп, ұлтжандылықты ұлтшылдық деп, ұлттық мемлекеттік тәуелсіздікті сепаратизм деп ұлттық тарихи сананы тәлкекке салды. Ал мұндай принципті басшылықа алғанда ұлттың ғылыми төл тарихымызды жазудың ауылы алыс болмақ. Тарихи шындық орнамаған жерде, оның ішінде ғылыми салада да, тарихи зерттеу принципін де, тарихи-салыстырмалық зерттеу әдісін де қолдануға жол жоқ. Өйткені басшылыққа коммунистік паритиялық принципті ұстанған ортада әлеуметтік өмір желісі де, нақты тарихи оқиғалар да, демектемелік қорлар мен басқа мұрағият мәліметтері де партиялық тұрғыда, партиялық нұсқада, сол идеологиялық негізде жазылуы да, қабылдануы да шарт. Бұл коммунистік партиялық принциптің басшылық рөлі міндетін атқаруы, ғылыми ақиқаттың дәлелденуі, социалистік қоғамның мақсатына еңбек етудің үлгісі дәлелі болмақ. Ал партиялық шеңберге сыймаған, оның мақсатына алшақтығы сезілген қандай да болмасын ой-толғау, ұсыныс, тіпті нақтылығы деректемелік, мұрағияттық материалдар ғылыми айналымға жіберілмеді, шеттетілді. Әрқашан таза партиялық, бірыңғай саясаттанған тапсырмалар орындалып отыр.

А.Байтұрсынұлының рухани мұрасында ұлттық төл тарихымыздың ең күрделі мәселелері, оның ішінде ұлт-азаттық күресінің бастауы, мән-мағынасы, түпкі мақсаты, өрлеу кезеңдері халықтың тарихи арнасында жан-жақты зерделенген, сонымен бірге, қазақ халқының отандық атамекенінің қалыптасуы, осы жер шебінің бұзылмауы үшін жан пида күресі қазақ мемлекеттігінің іргетасының қалануы, құрылымдық нығаю барысы, ішкі және сыртқы саясат өрісі, қазақ қауымының әлеуметтік құрылымы, жер, шаруашылық, рухани болмыс салалары ғылыми негізде ауқымды да терең қаралған. Жоғарыда ықшамдай тұжырымдаған және біз бұл жылы сөз етпеген Ақан еңбектеріне арқау болған тақырыптар, сөз, жоқ ұлттық төл тарихымыздың да күрделі мәселелері.Ахаңның: «Тән көмілер, көмілмес еткен ісім, Ойлайтындар мен емес бір күнгісін, Жұрт ұқпаса-ұқпасын, жабықпаймын, Ел бүгіншілік, менікі, ертеңгі үшін»,-деген зор сеніміне, асқақ арманынан, қазақ елінің тәуелсіздігіне бүгінгі ұрпақ біз жетіп отырмыз. Ендеше алдағы мақсат-ұлы бабамыздың асыл мұрасын зерттеуге, зерделеуге жасампаздықпен жұмылу болмақ.



3.Орыс және шетелдік тарихнама XYIII – XIX ғ. басы. Қазақ қоғамын басқарудың дәстүрлі институттары тарихы қай кезеңде де зерттеушілердің назарын өзіне аударған. Дегенмен, олар тиянақты зерттелді, бар материалдар жинақталды деу қиын. XVIII-ХІХ ғасырлардағы қазақ тарихына қатысты деректер қазақ даласының тарихына көңіл аударған алғашқы зерттеушілердің назарына түскен. Бұған П.И.Рычков, И.И.Неплюев, И.Г.Андреев, Е.К.Мейендорф, А.И.Левшин, В.В.Вельяминов-Зернов, И.Ф.Бларамберг еңбектері куә .

1771 жылы Жоңғарияға қарай қашқан Еділ қалмақтарын қуған арнайы жасақталған әскери қосынының офицері П.И.Рычковтың күнделігінде алғашқы қазақ тархандары арғын Жәнібек пен тама Есет туралы, олардың қазақ-орыс қатынастарындағы елшілік қызметтері туралы мәліметтер келтірілсе, И.Г.Андреевтің еңбегінде патша үкіметінің бекініс маңындағы халықтарды өз саясаттарын қолдауға тарту үшін жылына 1000 рубль қаржы бөлгендігі, соның ішінде Құлсары тархан мен Құлеке батырларға 100 рубльден ақшалай сыйақы беріп тұрғандығы туралы деректер бар.Зерттеуші Е.К.Мейендорфтың Орынбордан Бұхарға барған сапарында жинаған материалдарының жазбасы Кіші жүз өңіріндегі қазақ тархандары Жүсіп Сырымұлы, Жоламан Тіленшіұлы, Жәнібек тарханның немересі Мұса Дәуітбайұлы т.б. тархандар қызметі туралы біраз деректер қалдыруымен құнды. Әскери санақшы И.Ф.Бларамберг Тіленшіұлы Жоламан тархан туралы деректер қалдырған.Қазақ тарихын зерттеген орыс зерттеушілерінің арасында В.В.Вельяминов-Зернов тархандық институт мәселелерін арнайы зерттеуімен ерекшеленеді. Ол XVIII ғасырдағы башқұрт қоғамындағы тархандық институт тарихына қатысты зерттеу жүргізді.ХІХ ғасырдың екінші жартысында патша үкіметі шенеуніктері мен әскерилеріне арнайы тапсырмамен отарланушы аймақ тарихын жаздыра бастады. Ондай еңбектер қатарына Л.Мейер, И.И.Крафт, В.Н.Витевский, А.И.Добросмыслов зерттеулерін қосуға боладыҚазақ тарихына қатысты жаңа зерттеулер легі кеңестік биліктің орнауы кезеңінде дүниеге келді. Бастапқы кезеңде жазылған Х.Досмұхамедұлы, Г.Галузо, Т.Шонанұлы, К.Кемеңгерұлы еңбектері біраз мәселені жаңартты. Х.Досмұхамедұлы еңбегінде тарихи тұлғалардың арғы аталарына байланысты деректер сараланса, К.Кемеңгерұлы, Т.Шонанұлы еңбектерінде патша үкіметінің қазақ даласындағы отаршылдық саясатындағы қазақ жеріне қатысты мәселесі тыңғылықты талданады. Қазақ тархандарына патша үкіметінің жер мен жайылым, тоғайларды пайдаланғаны үшін алым-салық төлемейтін құқықтық пәрменділік берулеріндегі саяси ұстанымдарын талдауға қажетті мәліметтермен құнды.Кеңестік үкімет билігі орныққаннан кейінгі 1920-1940 жылдар аралығында қазақ тарихына XVIII ғасыр мен ХІХ ғасырдың 60 жылдарына дейін өмір сүрген қазақ батыр билерінің саяси-қоғамдық қызметтері туралы жаңа деректер айналысқа түсе бастады. Бұл бағытта А.Ф.Рязанов, А.П.Чулошников, М.Тынышбаев, С.Асфендияров еңбектерін атап өтемі. А.Ф.Рязанов еңбегінде Сырым Датұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалысын зерттеуде тарихи тұлғалар қызметіне қатысты мәліметтерді мұрағат деректерімен толықтырды. Дегенмен, автор А.И.Добросмыслов, А.И.Левшин пікірлерін қайталап, Сырым батырды қазақтың дәстүрлі хандық басқару институтына қарсы хандық билікті жоюдағы реформатор етіп көрсетпекші болды. Ал, А.П.Чулошников қазақ-башқұрт қатынастары тарихын зерттеп, 1755-1756 жылдардағы башқұрттардың ұлт-азаттық қозғалысы кезеңіндегі патша үкіметінің отаршылдық саясатын сынға алды. Ол И.И.Неплюевтің башқұрт-қазақтарды раздастыруының құйтырқы айлаларына назар аударып, зерттеуде тама Есет тархан қазасына қатысты 1757 жылғы бұйрық туралы деректі алға тартады. С.Асфендияров қазақ-башқұрт сынды бауырлас халықтардың патша үкіметінің отаршылдық саясатына қарсы көтерілу себептерінің ахуалын ашып көрсетті. Сонымен қатар, оның башқұрт тархандарының қазақ жеріндегі Есет тархандар бастаған жетірудың батырларымен біріккен жасақтар құрған келісімдері туралы тарихи деректері біз үшін ерекше маңызды.Кеңестік кезеңде Е.Б.Бекмаханов, М.П.Вяткин зерттеулері де жарық көрді Тіленші Бөкенбайұлы тархан қатысқан ұлт-азаттық қозғалыс туралы бастап қалам тартқанымен, кейіннен ол туралы зерттеулер көп уақыт бойы іркіліп қалды. Еңбекте қазақ қоғамындағы сұлтандар институты жүйесінің түпкілікті өзгеріске ұшырағандығының себеп-салдары көрсетілді. Е.Б.Бекмаханов патша үкіметінің қазақ билік жүйесін жою барысындағы саясатын, ішкі қарым-қатынасты шиеленістірудің айла-амалдарын дәл анықтады.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет