Қазақстанның мемлекеттік тілі қазақ тілі



Дата27.01.2022
өлшемі242,66 Kb.
#129995
Байланысты:
Ана тілің
Doc6

Ана тілің – арың бұл

Мақсаты: Балаларға өз ана тілінің қадір - қасиетін біліп, өз ана тілінің көркемдігін сезініп, сөз құдіретін түсініп, оның адам өміріндегі маңызын ұғынуға үйрету.
Тіл әуезділігін, көркемдігін, байлығын, шешендігін көрсететін нақыл сөздер, мақал - мәтелдер арқылы дүниетанымын, ой өрісін дамыту. Тіл тазалығын сақтау, мәдениетті сөйлеу, шешендік өнерді бойына сіңіре отыра, ана тіліне сүйіспеншілігін қалыптастыру, мемлекеттік тіл мәртебесін көтеруге атсалысуға шақыру.

Қазақ халқы сөзге шешен, ойы ұшқыр, мақалдап сөйлейтін халық. Кез келген дауды атақты билеріміз бір ауыз сөзбен шеше білген. Тіл ұлттың жаны, тіл ұлттың асыл қазынасы. Бұл қазынаны жоғалтуға болмайды.

Қазақстанның мемлекеттік тілі – қазақ тілі. Қазақстан – көп ұлт өкілдері мекендейтін мемлекет. Мұндай мемлекет үшін мемлекеттік тіл қажет. Тұңғыш президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев өз жолдауында «Ұлттық тіл – қазақ ұлтының рухани, мәдени байлығын ұрпақтан ұрпаққа жеткізуші қасиетті құрал» деп көрсеткен болатын.

Қазақ тілінің мәртебесін өсіру үшін және мемлекеттік тілімізді қастерлеуге, құрметтеуге тәрбиелеу үшін елімізде көптеген іс – шаралар жүргізіліп келеді. 22 қыркүйек – Қазақстан Республикасы халықтарының тілдер мерекесі. Ең алдымен, бұл барша елге ортақ жалпы халықтық мереке, барлық ұлт өкілдеріне көрсетілген құрмет.
Қазақстанда 100 – ден астам ұлт өкілдері тұрады, әрбір ұлттың ең үлкен, ең негізгі анасы туған тілі болып саналады. Ана тілі – әрбір ұлттың, ұлыстың мақтанышы, көзінің қарашығындай көретін қазынасы, асыл мұрасы.
Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін 1997 жылы 11 – шілдеде Қазақстан Республикасының Парламенті «Тіл туралы» жаңа Заңын қабылдады. 2007 жыл «Мемлекеттік тіл жылы» деп жарияланды.
Сондай - ақ бұл шара қыркүйек айында атап өтілген Тіл мерекесіне орайластырып отырмыз.

Ана тіліне деген құрметін, қазақ тілін меңгеруін байқап, тіліне деген патриоттық сезімін арттыру мақсатында, балаларымыз Нұрай, Асанәлі, Диана мәнерлеп оқу сайысына қатысып мақтау қағазымен марапатталды,.





Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет