ҚазақТЫҢ этикасы мен эстетикасы астана



Pdf көрінісі
бет137/145
Дата04.11.2023
өлшемі2,51 Mb.
#189323
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   ...   145
Байланысты:
etika-i-estetika-kazahov
20201028, Я против наркотиков, тапсырма 9 - психология
Сүлейменов О.
Писатель и время. М., 1983. С. 269. 
2
Сүлейменов О.
Язык письма. Алматы – Рим, 1998. С. 40. 


408 
Көркемдік әлемінде метафоралар және рәміздер ерекше рөл 
атқарады. Қалай І. Ерғалиев дұрыс атап өтетіндей, «Рәміз бен 
метафораны танымның төменгі сатысы деп менсінбеу ақиқат емес. 
Рәміз, ол мағыналық өлшемде тұратын, мәдени феномендердің 
формаларын туындата беретін, мағына тудыратын акт. Рәміз адам 
шығармашылық қуатының өшіп бара жатқан актісі емес. Рәміз әзірше 
бар болғанда, құпия да бар, құпия бар жерде, ізденіс те бар»
1

Адамның 
рухани 
шығармашылығы 
мәдениеттің 
тылсым 
өлшемділігімен бірге, оны адам өзінің бүкіл өмір бойында 
іздестіретін, көпмағыналы және шексіз құпияға жақындауына 
мүмкіндік береді. Әмбебап мағыналар, рәміздер әр ретте құндылық 
бағдарларынан, әлеуметтік, ментальдық типтерден шыға отырып
жаңаша шешіледі. Жалпы метафоралық бейнелілік қазақ көркем 
мәдениетінің ерекшелігіне жатады. Әлемді көркем игерудегі 
фольклорлық, эпикалық, мифтік сәттердің өзара қарым-қатынасын 
диахроникалық қатарда да қарастыруға болады: өткеннің көркем 
бейнелері сонда рационалды және эстетикалық қайта өнделетін, жаңа 
мәдени кең мәтінге ендірілу ретінде алға шығады .
Мүлдем басқа әлеуметтік-мәдени ортаға енгізілген көркем 
құбылыстар көбінесе өз қасиеттерін түбегейлі өзгертеді. Бұл жағдайда 
бейне көптеген қырларынан айырылады, көркем абстракцияға, рәмізге 
айналады. Ол мәдени-тарихи кеңістікте еркін қозғала алады. Солай, 
қазақ 
жазушылары 
аңыз-ертегілерді 
өздерінің 
әдеби 
шығармашылығында жан-жақты пайдаланды. С. Мұқанов үшін олар 
тарих және этнографиямен танысу құралына айналды. М. Әуезов 
аңыздардың көмегімен Абай туралы роман-эпопеяның тарихи 
көкжиегін кеңейтті. Ә. Нұрпейісов мифтік Көкбөріні зұлымдықтың 
рәмізіне айналдырды. Ә. Кекілбаев, жаулап алушы соғыстардың 
қатігездігін суреттей келе, мәңгүрт туралы аңызды пайдаланады. Ш. 
Айтматов бұл аңызда тарихи жадыдан айырылудың қауіптілігін 
ескерте 
отырып, 
философиялық 
миф 
ретінде 
оны 
реконструкциялайды. 
Ақпараттық 
қоғам 
жағдайында 
мәдениет 
тек 
тікелей 
шығармашылық шеңберіне ғана емес, сонымен бірге өндіріс, тұрмыс, 
адам болмысының өзіне ене бастайды. Қазіргі жағдайда әлеуметтік 
стереотиптердің (кодтардың) дәстүрлі моральдық қылық негіздері 
жеткіліксіз болып шығады және адамгершілік пен ар-ұятқа сүйене 
отырып, әр жағдайда жаңа моральдық таңдауды қажет етеді. Оның 
үстіне, бұл жағдаят бұрынғы Кеңес Одағы кеңістігінде жүріп жатқан 
бір құндылық парадигмасының басқасымен ауысуы процесімен ғана 
1
Ергалиев И.Е.
Духовность как проблема философии культуры //Культура и искусства в стратегии 
Казахстана. Алматы, 1998. С. 53. 


409 
емес 
(тоталитарлықтың 
либералдықпен), 
бірақ 
жаһандану 
нәтижесіндегі Батыс өркениетінің бұрмаланған құндылықтарының 
экспансиясымен де анықталады. 
Қазіргі 
көркем 
мәдениет 
өкілдері 
бүгінгі 
өркениеттің 
тығырықтарынан шығу жолдарын іздеуді өздеріне мақсат етіп қояды. 
Өзінің «Төрт Ана» деген өлеңінде М.Шаханов, онда отанына, туған 
тіліне, өз халқының дәстүрі мен тарихына деген сөнбейтін махаббат 
алаулаған, тұлға мұратын эстетикалық құндылық ретінде ұсынады. 
Өйткені тек өзінің ұлттық мәдениетін сүйетін және білетін тұлға ғана, 
өзімен қалай жеке ұлттық болсын, солай дүниежүзілік мәдениет 
болсын, гүлденуді әкелетін, мәдениетттер сұхбатының құндылығын 
түсінуге қабілетті. Соңғы бес ғасырларда қазақ жерінде, ол өзінің 
адамгершілік мұраттары мен абыройын қорғаудың, тәуелсіздік үшін 
күрестің, «Төрт Ананы» құтқарудың соңғы жаңғырығы болған, үш 
жүзден артық ұлт-азаттық соғыстар болды. 
Бұқаралық 
қоғамның 
көркем 
мәдениеті 
үш 
деңгейге 
ажыратылады: «ақсүйектік» немесе таңдаулы, «орташа» немесе 
стандартталған, «тұрпайы» немесе төмен. Бұл бөлінудің түбінде 
жоғарыда 
аталған 
қоғамдағы 
жіктелу, 
ымырасыздық 
пен 
келіспеушіліктің артуы жатуы әбден ықтимал
1
. Қазір Қазақстанда да 
нышан беріп келе жатқан «жоғары» мәдениеттің феномендеріне, 
қайтадан ренессанстық кейіпке еніп келе жатқан көркемөнер 
туындылары (театр, роман, мюзклдер, детектив, теледидар т.т.), 
философиялық, діни, ғылыми еңбектер, этикет, сәулет, комъпютерлік 
ойындар т.б. жатады. Орташа мәдениетте шығармашыық элементтер 
аз кездеседі, ол репродукциялық сипатта, жалпы тұтынушыға 
ұсынылған 
формаларда 
болады. 
“Жоғары” 
және “орташа” 
мәдениеттердің 
және 
«төменгі» 
мәдениеттің 
арасындағы 
айырмашылық 
шартты 
болып 
келеді. 
Мысалы, 
романдар 
философиялық толғамдарға толы, жоғары эстетикалық деңгейде 
немесе адамның тек нәпсіқұмарлығын қоздыратын сипатта бола 
алады. Төменгі мәдениетке тек өнер туындылары ғана емес, сонымен 
бірге бокс, бәйге сияқты көңіл көтеру формалары да жата алады. 
Басты критерийге адам болмысына енудегі тереңдік пен нәзіктік емес, 
ал тұрпайы гедонистік сезімдер осындай «бұқаралық» мәдениетте 
алға шығады. 
Төмендетілген мәдениет жеке тұтыну мотивтерінің таза 
еліктеушілік табиғатына сүйенеді. Кез келген зат, темекі 
маркаларынан бастап қымбат автокөліктерге дейін, жеке адамның 
1


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   ...   145




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет