ҚазақТЫҢ этикасы мен эстетикасы астана


 б.  2 Лотман Ю. Мәдениеттер типологиясы // Әлем: Альманах, 1991



Pdf көрінісі
бет85/145
Дата04.11.2023
өлшемі2,51 Mb.
#189323
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   145
Байланысты:
etika-i-estetika-kazahov
20201028, Я против наркотиков, тапсырма 9 - психология
 
278 б. 
2
Лотман Ю.
Мәдениеттер типологиясы // Әлем: Альманах, 1991.
 
177-178 бб. 


279 
Асан қайғыдан: 
“Ел жағалай қонбаған көл” – кесір; 
“Жазда жайлайтын, қыста қыстайтын Еділ мен Жайық” – киелі; 
“Өлетұғын тай үшін, көшетұғын сай үшін ұрысу” – кесір; 
Қазтуғаннан: 
“Салуалы менің ордам қонған жер” – киелі; 
Ақтамдердіден: 
“Түйе мойын тұз кесер, 
Жігіт мойнын қыз кесер… 
Жомарт қолын жоқ кесер”. 
Өртеніп кеткен жар, 
Қайырсыз болған бай (кесір )” 
Үмбетей жырау, “кие” мен “кесір” түсініктерін тікелей кісілік 
қасиеттермен теңестіреді: 
“Кісіні көрсең есікке, 
Жүгіре шық, кешікпе, 
Қарсы алмасаң мейманды 
Кесір болар несіпке”
1
[9, 64 б.].
Немесе: 
“Елімді иесіз деймісің, 
Ерімді киесіз деймісің, 
Алты арасқа білдірмей, 
Басып жеймін деймісің?!”
2
.
Бұқар жыраудан: 
“Жұмсасаң бала тіл алмай, 
Қатының қарсы шауып ұялмай… 
Ел қонбайтын шөл…“ 
Көтеш ақыннан: 
“Ай қараңғы, күн бұлыт, түн демеңіз, 
Біреу жарлы, біреу бай, күндемеңіз, 
Ата тілін алмаған арам ұлды, 
Аузы түкті кәпірден кем демеңіз”
3

Сонымен, “киелі” және “кесірлі” түсініктерін не христиандық 
“священный” және “не угодный богу”, не мұсылмандық “қасиетті” 
және “мәкрұх” ұғымдарымен теңестіру дұрыс емес. Қазақы 
дүниетанымда бұл ұғымдар көшпелілік өмір салтынан туындаған 
және адам мен дүниенің арақатынасын айқындай түседі. 
Қазақ әдебіндегі жиі қолдыланатын кісілік құндылықтың бірі – 
тектілік. Бұл ұғым ортағасырлық түркі философиясында да жан-
1
ХV-ХVIII ғасырлардағы қазақ поэзиясы /редактор Ә. Дербісалиев. - Алматы: Ғылым, 1982.
 
64 б. 
2
Сонда
, 65 б. 
3
Сонда
, 108 б. 


280 
жақты қарастырылған (әл-Фараби, Жүсіп Баласағұн және т.б.). 
Дәстүрлі қазақ мәдениетінде тектілік рулық және генетикалық 
қатынастардың басым мүдделілігін білдіреді. Тектіліктің нақтылы 
тарихи формасына жеті аталық үрдіс жатады. Қазақтың “жеті 
атасының атын білген бала, жеті рулы елдің қамын жейді” деген 
нақыл сөзі бар. Жеті аталық үрдісті әдебиетте инцестке тыйым 
салудың дәйекті түрі десе, көптеген зерттеушілер жеті аталық үрдісті 
“туысқандық қоғамның” айқын көрінісі деп қарастырады
1

Ақын-жыраулар 
шығармашылығында 
тектілік 
мәселесі 
балажанды қазақ үшін текті әйел алумен байланысты қойылады. 
Белгілі жазушы-ғалым А. Сейдімбектің атап өткеніндей, миф, 
әфсаналардан бастап ортағасырлық жырауларға дейін әйел 
тектілігінің маңызы туралы талай ғибрат сөздер айтылған: “Шығыс 
халықтарының ішінде қазақ сияқты санаулы ғана халықтың әйелдері 
бетіне паранжы салмай, дидарын ашық ұстап, қымсынбай еркін жүруі 
де көшпелілер өмірінде әйел баласы ер адаммен бірдей, тең дәрежеде 
болғандығынан шығар. Әйел-ананы құрметтеуге, қастер тұтуға деген 
дархан этиканың қалыптасуына не себеп?! Себеп біреу-ақ, ол – 
көшпелі өмір салтынан туындайтын әлеуметтік қажеттілік демекпіз. 
Талдаңқырап айтқанда, көшпелі өмір салтында әйел-ана еш уақытта 
еңбектен қол үзіп ажыраған емес. Яғни отбасы бақыты, ру амандығы, 
ел тағдырына қатысты қазақ әйелдерінің қоғамдық жауапкершілігі 
ерлерден еш кем болмаған”
2

Тектілік кісілік құндылық ретінде қазақ халқының күнделікті 
тіршілігіне етене еніп кеткен. Оның нақтылы көріністеріне 
жататындары: ата-баба әруағын ардақтау, ата-ана алдындағы 
перзенттік борышын ақтау, ағаны арқа тұту, “құданы құдайдай 
сыйлау”, күйеу баласын туған ұлындай көру, қыз баланы ерекше 
құрметтеп, әпке – екінші ана, “келіннің аяғынан, қойшының 
таяғынан”, “келін келді – құт-береке келді”, “балалы үй базар”, “бала 
бауыр етің”, “бір үйде қанша болсаң, бір-біріңе қонақсың”, “жақсы 
жеңге – анадай абзал”, “әкең өлсе де, әкеңді көрген өлмесін”, “төрт 
аяқтыда бота тату, екі аяқтыда бөле тату”, “інім де, інім дегенше – 
күнім де”, “ағасы бардың жағасы бар” және т.б. 
Ақын-жыраулардың осы құндылықтар жөніндегі суреттемелеріне 
назар аударайық. Олардағы бұл түсініктің қалыптасуына мынадай бір 
қисын бар: тектілік дәстүр жалғастығымен айқындалады және өмір 
сүріп отырған әлеуметпен үйлесімдікті талап етеді: 
“Өз басыңды зорайтып, 
1


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   145




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет