Қазақтың ұлттық ойындары



бет3/6
Дата28.05.2020
өлшемі490,32 Kb.
#71488
түріСабақ
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Амантаев Қасымхан

Тымақ ұру

Тымақ ұру ойыны көгалды алаңда өткізіледі. Ойнаушылырдың санына шек қойылмайды. Ойынға әркім өз атымен қатысады. Күні бұрын көмбе белгіленіп 20 метр жерге биіктігі ат бойындай қазық қағылады да, тымақ кигізіледі. Ойынға көз байлайтын орамал керек. Ойыншылар бір сызықтың бойына қаз-қатар тұрады.


ОЙЫН ЕРЕЖЕСІ

Басқарушы кезекте тұрған, яғни қатардан өз жағындағы ең шеткі ойыншыны ортаға шақырады. Оның көзін орамалмен байлап, атына мінгізіп, қолына қамшы береді. Осы көзі орамалмен байланған салт атты жігіт қолындағы қамшысымен тымақты дәл ұрып түсіруі керек. Ойын ережесі бойынша тымақты үш рет ұруға еркі бар. Айталық, бір рет ұрғанда тимесе, онда одан ары тымақты іздеп ұруына болады. Онда таба алмаса, тымақты одан ары іздеп тағы ұрады. Осылайша, барлық ойыншылар бір реттен айналып шыққанда, тымақты кім көп ұрса, сол ойыншы жеңімпаз аталады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет