«Қазіргі қазақ әдебиеті» пәнінен мен не үйрендім? Бұл пән маған не үшін керек?



Дата24.12.2023
өлшемі8,44 Kb.
#198920
түріСабақ
Байланысты:
Эссе Жанна


«Қазіргі қазақ әдебиеті» пәнінен мен не үйрендім? Бұл пән маған не үшін керек?


Қазіргі қазақ әдебиеті пәні мен үшін ерекше пәндердің бірі болды. Бұл пәнді Балтабаева Гаухар апайдың өткізгені біз үшін бір бақыт. Әрбір сабақ қызықты талдауларға толы болды. Тіпті, лекцияда біз тек тыңдап қана отырмайтынбыз, бәріміз бірге шығармаларды талдап, білімімізді шыңдадық. Ең таңдаулы деген шығармаларды оқытып, талдатып, өмірмен байланыстыруды үйретті. Бұл пәннен мен не үйрендім сұраққа келетін болсам, бір семестр ішінде жүзден аса шығарма оқыдық. Сонымен қатар тек оқып қана қоймай, теориялық талдаулар жасадық. Шыны керек, бұл пәнді оқымай тұрған кезге дейін мен мүлдем оқыған шығармама талдау жасамайтынмын. Әрине апайдың қаталдығынығ арқасында қазіргі таңда осындай дәрежеге жетіп отырмын десем де болады. Осы пәнді оқу арқылы шығармадағы әр детальға назар аудару керек екендігін ұқтым. Астарында не жатқанын ойланатын болдым. Автордың орнына өзімді қоя білетін болдым. Әрбір кейіпкердің шынайы болмыс екендігіне көзім жетті. Көз алдыма елестетіп, кино көргендей оқуды шығардым. Ең қызықты деген әңгімелерді бергенінің арқасында ішіне кіріп кетіп, бас шығара алмай, әрі қарай не болады екен деп отыратынды шығардым. Ойымды жинақтай келе, бұл пәннің маған бергені көп болғанын түсіндім.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет