Қазіргі қазақстандағЫ Әйелдер мен ерлерге қатысты саясат



Pdf көрінісі
бет52/56
Дата13.10.2023
өлшемі1,9 Mb.
#185333
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   56
Байланысты:
Жай мектеп Алгебра 4 kz, ZAEEPIQFYNBQ21112023062036
 
 
ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ӘЙЕЛДЕР МЕН ЕРЛЕРГЕ ҚАТЫСТЫ САЯСАТ 
42
ұғыну мен оларды білдіруге қатысты 
сұрақтардың респонденттер үшін оңайға 
соқпағанын көрсетеді.

«Қазақстан 
Республикасында 
2006-2016 
жылдарға арналған гендерлік теңдікке қол 
жеткізу 
стратегиясын» 
жүзеге 
асыру 
мәселесіне келсек, аталмыш бағдарламалық 
құжат – теңсіздік пен бақылаудың қарым-
қатынасын тудыра отырып, «біз» және «олар»
арасындағы шекараны айқын бөлетін ресми 
дискурстың құралы. Ерлер де, әйелдер де 
ресми стратегиялар мен бағдарламалар, 
сарапшылар 
пікірі 
тарапынан 
ерекше 
қысымға ұшырайды, олардың алдына әртүрлі 
«мемлекеттік міндеттер» қойылады. Бұл жайт, 
әсіресе, азаматша ретінде, әйел ретінде, жар 
ретінде және ана ретінде «жан-жақты 
жүктемеге» ұшырайтын әйелдерге қатысты 
байқалады. Ресми дискурс ресми құжаттарда 
белгілі бір «нормативтік» әйелдер мен 
ерлердің, «нормативтік» отбасыларынң бар 
екенін сездіріп, қалыптасқан әлеуметтік-
экономикалық шарттарға бейімделудің өзіндік 
стратегиялары мен жолдары бар түрлі 
әлеуметтік-демографиялық 
топтардың, 
гендерлердің, 
жастардың, 
этникалық 
топтардың ерекшеліктеріне, өзіндік қыр-
сырларына 
қатысты 
сұрақтарды 
талқыламайды. Ресми дискурс үшін басты
тақырып 
әлеуметтік-демографиялық 
топ 
қандай да бір статусқа, әлеуметтік жеңілдікке, 
әлеуметтік жәрдемақыға үміт арта алатын 
шарттар болып табылады. Алайда ерлер мен
әйелдердің айырмашылықтарына көп назар 
аударылмайды. 
Отбасының 
жоғарғы 
әлеуметтік құндылықтардың бірі ретіндегі 
абсолюттік болмысы мен осы әлеуметтік 
институтты ресми деңгейде де, күнделікті 
деңгейде де дәріптеушілік сақталуда. Отбасы 
моральдық абсолют мәртебесіне ие болады: 
отбасынан шыққан дүниенің бәрі де позитивті 
сипатта болып саналады. Бұл тұрғыдан 
алғанда 
әлеуметтік 
институт 
ретіндегі 
отбасындағы дағдарыс (туу көрсеткішінің 
төмендеуі мен ресми некелер санының 
азаюы, ажырасудың көбеюі, толық емес 
отбасылары 
мен 
некесіз 
бірге 
тұру 
формаларының өсуі) қоғам дағдарысы болып 
саналады. 
Сол 
себептен 
отбасылық 
құндылықтарға, отбасылық салтқа, отбасылық 
тәрбиеге, отбасылық өндіріске қайтып келу 
өтпелі қоғамның проблемасын шешудің 
негізгі жолы ретінде қарастырылады. Ресми 
дискурс отбасын репродуктивтік функцияға, 
балаларды дүниеге әкеліп, әлеуметтендіру 
міндетіне алып келеді. Ерлі-зайыптылардың 
қарым-қатынасы 
олардың 
ата-аналық 
функциясынан туындайтын қарым-қатынас 
ретінде қарастырылады, демографтар баласыз 
отбасын тіпті отбасы деп танымайды да. 
Кеңінен таралған ұғым бойынша аз балалы 
(әсіресе, бір балалы) отбасы негативті 
құбылыс ретінде бағаланады. Ресми дискурс 
отбасының тек бір түрін ғана әлеуметтік идеал 
ретінде атап көрсетеді, ол ата-ананың екеуі де 
және кем дегенде екі-үш баласы бар отбасы. 
Ол отбасының некенің альтернативті түрлерін 
мүлде жоққа шығарады. Ресми дискурстың 
бөлінбейтін тұтастық ретінде отбасының 
ұжымдық 
мүдделерімен 
анықталатын 
отбасылық саясатқа қатысты көзқарасы үлгілі 
болып табылады. Соған сай сексуалдық және 
репродуктивтік құқықтар мәселесіне деген 
көзқарас немқұрайлылық пен дұшпандық
сипат арасында. Отбасы түрлері мен 
үлгілерінің әртүрлілігі және отбасы ішінде
қарама-қайшы мүдделердің болуы жоққа 
шығарылады. Әрине, бұл дискурсқа пікірлер 
мен пайымдамалардың тұтас бірлігі тән емес. 
Олардың төтенше формалары бар, мысалы, 
көп әйел алушылыққа рұқсат беру, жасанды 
түсікке тыйым салу, бала тууды күшпен реттеу. 
Біртоға 
өкілдер 
отбасын 
тұлғаның 
әлеуметтенуін қамтамасыз ететін маңызды 
институт ретінде қарастырады. Отбасына 
гендерлік рөлдердің дәстүрлі бөлісін сақтау 
ұсынылады. Акторлардың репродуктивтік 
және 
отбасылық-некелік 
іс-әрекеттер 
барысындағы күнделікті стратегиялары мен 
тактикаларына келсек, мынадай тұжырым 
жасауға 
болады: 
«сенің 
жағдайың» 
белгіленген ресми шеңберден тысқары болуы 
мүмкін болғандықтан акторлар басынан 
бастап ресми органдарға (АХАТ, әлеуметтік 
қызметтер, поликлиникалар, репродуктивтік 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   56




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет