Қазіргі жағдайдағы білім берудің басымдылық рөлі Қолданылған әдебиеттер: Дүйсенбаев А. Педагогика. 2018 2



Pdf көрінісі
бет3/20
Дата31.07.2023
өлшемі338,5 Kb.
#179669
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
Байланысты:
Педагогика 1-тақырып конспект

«Білім туралы» Заңында
: «Білім беру жүйесінің басты 
міндеті – ұлттық және жалпы азаматтық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері 
негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шындауға бағытталған білім алу үшін 
қажетті жағдайлар; оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, 
халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» - деп білім беру жүйесін одан 
әрі дамыту міндеттерін көздейді. 
Бұл міндеттерді шешу үшін, мектеп ұжымдарының, әр мұғалімнің күнделікті ізденісі 
арқылы, барлық жаңалықтар мен қайта құру, өзгерістерге батыл жол ашарлық жаңа 
практикаға, жаңа қарым – қатынасқа өту қажеттігі туындайды. 
Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде мұғалімдердің инновациялық 
іс - әрекетінің ғылыми – педагогикалық негіздерін меңгеру маңызды мәселелердің бірі. 
Оқу процесіндегі инновациялық модельдің құрылымын былай көрсетуге болады: 

жалпы инноватикадағы инновациялық процесс идеялары; 

педагогикалық 
инноватиканың 
пайда 
болуы, 
таралуы, 
педагогикалық 
жаңалықтарды меңгеру;

оқу процесі кезінде теориялық талдау жасау немесе іс - әрекет ретінде. 
 
Білім берудің жалпы сипаттамасы 
Білім беру философиясы ғылым ретінде ХХ ғасырдың ІІ жартысында пайда болды. 
Ол көптеген философиялық ағымдар мен білім беру жүйесінің өзара әсерлесуі 
нәтижесінде ғылым саласының бірі ретінде қалыптасты. Білім беру философиясының 
ғылым ретінде қалыптасуына ғалымдардың көзқарастары әр түрлі. Ғалымдардың бір тобы 


білім беру философиясын жеке ғылым ретінде мойындаса, екінші бір тобы оны жеке 
ғылым ретінде қарастырудың маңыздылығы жоқ десе, үшінші бір ғалымдар тобы білім 
беру философиясын педагогика мен философия ғылымдарының тоғысында, қолданбалы 
ғылым саласы ретінде қарастыруды жөн деп санайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет